Сот сараптама


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Сот сараптама пәні бойынша
АЛЬБОМ
Орал 2020
Жалпы танатология. Өлім және өлікті сот медицина тұрғысынан зерттеу туралы ілім.
Танатология (грекше, іһапаіоз - өлім) - өлім туралы ғылым. Қазіргі кездегі танатология терминалды жағдайды, өлімнің қозғалысының үрдісін, өлімнің туындауына әкеліп соғатын ағзадағы патологиялық қызметті және анатомиялық ығысуларды оқытады.
Жеке танатология - осы мәселелерді әр түрлі аурулар кезінде, механикалық зақымдану және басқа жағдайларда қарастырады.
Жалпы танатология - өлімнің себебін анықтау үшін өлім басталуының диагностикасын және даму динамикасын, өліктегі өзгерістер және өлікті зерттеу ерекшеліктерін оқытады
Сот-медициналық танатология - зорлықтан және кенеттен болған өлім себебін зерттейді. Сот-медицина танатологиясының негізгі міндеті бірнеше арнайы сұрақтарды шешу үшін сот-тергеу органдарына көмектесу (өлімнің себебі, ұзақтығы және т. б. ) . . .
Өлімнің сот-медициналық жіктелінуі. Сот медицинасында өлімді екі санатқа бөлу қалыптасқан - зорлықтан болған өлім және зорлықсыз болған өлім. Зорлықтан болған өлімге - сыртқы орта әсерінен болған өлім жатады. Зорлықпен өлген адамдардың өліктері міндетті түрде сот-медициналық сараптамаға жіберіледі.
Зорлықсыз өлім - ауру әсерінен болған өлім (патологиялық өлім), кәріліктен болған өлім немесе физикалық не физиологиялық жетіспеушіліктен болған өлім (физиологиялық өлім) . Зорлықсыз өлім - адамды өлімге әкелген себеп арқылы анықталады. Бұл жағдайлардың көбісі, зорлықтан өлді деп күмән тудырғаннан басқалары, патологоанатомиялық тексеруге жатады (жедел өлім, жаңа туылған бала өлімі)
Зорлықпен болған өлім- біреудің әсерінен болған өлім (кісі өлтіру), өзін-өзі өлтіру немесе оқыс жағдайдан болған өлім деп бөледі. Одан басқа сот медицинасында өлімнің басқа да түрін ажырату қалыптасқан (мысалы, механикалық зақымданудан, жоғары немесе төменгі температура әсерінен) .
Зорлықсыз өлім - бұл аурудан дененің физиологиялық қартаюдан болатын өлім.
Кенеттен келген өлім - жасырын ауру салдарынан болған өлім. Бұндай өлім зорлықпен өлген өлімге күдік тудырады, сот - медецина сарапатамасының міндеті кенеттен өлім және зорлықпен өлімді ажырату болып табылады.
Мәйітті сот-медициналық сараптама келесі әрекеттерден тұрады:
- Сарапшы қорытындысын рәсімдеу
- Қорытындыларды негіздеу және нақтылау
- Диагноз құру
- Барлық зерттеу қорытындыларына анализ және синтез
- Жеке лабораторлы және инструменталды зерттеу жүргізу
- Қосымша зерттеу нәтижелерін түсіну
- Биологиялық обьектілерді алу және жарақат әкелуші затты, киімді қосымша зертеуге алу
- Мәйітті ішкі зерттеу
- Зерттеуге қажетті материалдарды және медициналық құжаттарды түсіну
- Сараптама жоспарын құру
- Қойылған сұрақтарға жауап беру және берілген мәліметтер толықтығына көз жеткізу және қосымша материалдар талап ету
- Тергеуші тағайындаған сараптама тағайындауларын түсіну және нақтылау
- Мәйіттің киімдерін қарау
- Мәйітті сыртқы зерттеу
- Агония алды жағдай, ткандік гипоксия мен ацидоз дамуына әкелетін қан айналысының және тыныс алудың айқын бұзылыстарымен сипаталатын жағдай. Бұл кезде адамда есінен тану, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы әлсіз, рефлекстері әлсіреген, тыныс алуы және жүрек соғысы әлсіз, жиі және беткей, артериалық қан қысымы төмендеген. Бұл кезде организм негізгі өмірлік функцияларды қалпына келтіру және бір қалыпта ұстап тұруға бағытталған компенсаторлық механизмдерін қосады агония алды жағдай бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
- Терминалды үзіліс сатысы -кенеттен тыныстың тоқтауы және жүрек қызметінің тежелуімен сипаталатын бірнеше секундтан 3-4 минутқа созылатын жағдай. Адам толықтай есінен танады, рефлекстер жойылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі ми қыртысының терең тежелуіне қарамастан, ондағы бульварлы орталықтар қызметінің сақталған, соның нәтижесінде организм дезорганизациялық сипатта болады.
- Агония (күресу) -организмнің өмір үшін күресуі. Агония қысқа уақытқа тыныстың тоқтауымен сипатталады, кейін жүрек қызметі баяулап, әртүрлі мүшелердің функциялық бұзылыстары пайда болады. Бұл кезде өлу клиникасы зат аалмасудың терең бұзылыстары мен ткандік гипоксияның дамуымен сипатталады. Қан айналсының және тыныстың төмендеуінің нәтижесінде дамыған гипоксия, орталық нерв жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеледі, адам есінен танады. Тоникалық құрысулар пайда болады. Сфинктерлер босап, рефлекстер жойылып, кқз қарашықтары ұлғайып, тыныс алу және жүрек қызметтері баяулайды. Артериялық қан қысымы төмендеп, толы, ымен жойылады. Жүрек қызметтері баяулауы өкпенің ісінуіне әкеледі. Өлім пайда болу кезінде алдымен тыныс, кейін қанайналу тоқтайды да адамның сыртқы келбеті өзгереді, яғни тері жамылғысының түсі бозарып, көз алмасы түседі, төменгі жақ (отвисает) . Агонияның ұзақтығы өлімнің түрі мен механизміне байланысты әртүрлі болады. Ұзақтығына байланысты агонияны төртке бөледі: а) дене тұтастығының тез бұзылуына байланысты агонияның болмауы; б) әртүрлі сипаттағы жедел өлім кезіндегі 4-5 минуттық өте қысқа агония; в) бірнеше сағатқа немесе күнге созылатын агония; г) реанимациямен ұзартылған агония.
- Клиникалық өлім -тыныс пен қан айналсының тоқтауынан кейін дамитын орташа есеппен 5-6 минутқа созылатын кезең. Клиникалық өлім кезінде организмде дамитын бұзылыстар толығымен қалпына келуі мүмкін. Жалпы медицина үшін клиникалық өлім кезіндегі процестердің қайтымды болуының маңызы зор, себебіол реаниматологияның дамуына әкелді.
- Биологиялық өлім -қайта қалпыны келмейтін жағдай, яғни бұл кезеңде адам организмінің маңызды функцияларын қайта қалына келтіру мүмкін емес. Ең алдымен қалпыны келмейтін бұзылыстар ми қыртысында пайда болады, бұл дегеніміз мидың өлімі болып табылады.
Өлім кезендері
Реанимация туралы түсінік
Екінші кезеңде зардап шегушінің ес-түсі бірде бар бірде жоқ, халі одан сайын нашарлайды, сұраққа жауап бермейді, терінің түсі және кілегей қабықтары көкшіл тартады, денесі сүп-суық, тамырлар жіңішкеріп қылдай болып кетеді және т. б.
Үшінші кезеңде - зардап шегуші ес-түссіз, денесі сұр тартады, ұйқы тамырының соғуы байқалмайды, демі жоқ, көздің қарашығы үлкейеді, жарыққа мүлдем өзгермейді. Бұл кезең орташа алғанда 5-6 минутқа созылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz