Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Интеллект (лат. іntellectus -- таным, ұғыну, аңдау) -- жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
* оқуға деген қабілеттілік;
* қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
* абстрактылы интеллект,
* ересектер зияты,
* нақты интеллект,
* кристалданғая интеллект,
* қарапайым интеллект,
* жануарлардың зияты,
* жасанды интеллект.
Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Интеллект - ақпаратты максатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қәбілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
1. оқуға деген қәбілеттілік;
2. қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық түжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
1. абстрактылы интеллект,
2. ересектер зияты,
3. нақты интеллект,
4. кристалданғая интеллект,
5. қарапайым интеллект,
6. жануарлардың зияты,
7. жасанды интеллект.
Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі.
Интеллектік сезімдердің дамуы баланың рухани қажеттерінің өсуі үшін аса қажет. Егер бала оқыған кітабынан, өз бетімен шығарған есебінен ләззат алып отырмаса, оның эмоциясы көрінбейтін болса, оқуға қызықпайтын жаман әдет қалыптасуы мүмкін. Мұғалім осы жайды әр кез есіне қатты ұстауы қажет. Сабақ үстінде, сабақтан тыс жерлерде оқушылардың эстетикалық сезімдер - тәрбиелеп отырудың да қаншама маңызды нәрсе екендігі белгілі. Оқу кітаптарының бетіндегі түрлі суреттер мен иллюстрациялар, мұражайларға, саяхатқа апару т.б. сынып оқушыларының эстетикалық сезімдерін тәрбиелеуде таптырмайтын әдістер. Бала эмоциялары мен сезімдерін тек құрғақ сөзбен жалаң үгіт арқылы тәрбиелеуге болмайды. Мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз басынан кешіруі тиіс. Сезімдерді тәрбиелеудегі басты жолдардың бірі - балаларды өз эмоцияларын басқара алуға, өзінің эффекттерін тежей білуге дағдыландыру. Олардың өмірінде іс-әрекетінде шынайы жақсы сезімдер орын тепсе, балаға да үлгі-өнеге болатын табиғи нәрсе. Бала еліктеуге жарарлық үлгі-өнеге көрмесе, оның сезімдері де дұрыс дамымайтын болады. Оқу - тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың есінде болуы қажет.
Ақыл немесе интеллект (лат. intellectus түсіну, ұғыну, танып білу, ақыл-ой) - жоғары дамыған және күрделі миы бар организмдердің психикалық қызметінің айрықша функциясы; ақпар алуға, оны сақтауға, өңдеуге және беруге, жаңа білімдер қорытып шығаруға, жеткілікті негізделген шешімдер қабылдауға, алға қойылатын мақсаттарды тұжырымдап, соларға жетуге бағытталған іс-әрекеттерді қадағалауға, қоршаған ортада болатын хал-ахуалдарды дұрыс бағалауға қабілеттілік.[1]
Ақыл-ой өңдейтін хабардың аса маңызды қайнар көзі және ол қорытып шығаратын білімдерді, шешімдер мен мақсаттарды қолданудың объектісі объективтік дүние.
Осы тұрғысында адамның ақыл-ой немесе интеллектілік қызметі объективті шындықты өзгертуге бағытталған қызметтің негізінде бейнелендіру болып табылады.
Еуропа философиясының дәстүрінде ақыл-ой қызметінің негізгі деңгейлері ретінде ақыл-парасат пен пайымдауды бір-бірінен ажыратып көрсетеді.
Пайымдау әлеуметтік-тарихи және мәдени даму үрдісінде және жеке адам қызметінің барысында қалыптасқан нормалар мен қалыптар шеңберінен шықпайтын ақыл-ой қызметі ретінде қарастырылса, ақыл-парасат ақылдың мүлдем жаңа білімдер қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілет ретін де қарастырылады.
Метафизика және жаратылыстану ғылым материализм ақылды мидың нейрофизиология қызметі деп қана түсіндіреді.
Диалект, материализм ақылды және бүкіл психикалық қызметті мидың функциясы деп біледі, бірақ оны бүтіндей нейтрофизиология үрдістерге жатқызуға болмайды, өйткені ол хабар беретін белгілерді қолданады және өзгермелі әлеуметтік-тарихи тәжірибенің негізінде, адамзаттың қоғамдық және мәдени даму үрдісінде қалыптасып дамиды.
Қазіргі уақытта компьютерлердің кеңінен қолданылуына және "жасанды интеллекттің", яғни ЭЕМ-де бірқатар ақыл-ой жұмыстары мен операцияларын (логикалық қорытынды жасауды, диагностикаға эксперттік баға беруді, математика есептеулерді, мәтінді оқуды, бейнелерді тануды, т.б.) орындай алатын күрделі бағдарламалар жүйесінің жасалуына байланысты ақыл-ой қабілеттерін зерттеудің маңызы ерекше артып отыр.
Ақыл-ой шабуылы бір проблема жайында мамандар мен жетекшілердің арнайы ұйымдастырылған пікірлесуі; жоба туралы толық, ашық, еркін әнгімелесу.
Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.
И. П. Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сырткы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталык жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін қызметтерді реттеуғе бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет жасайды.
Адамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, ойлау, сөз, еңбек ету кабілеті, қоғамдық өмірге бейімделуі жатады.
Адам кез келген жұмысты орындаудан бұрын ойға беріледі. Ойлау аркылы адам заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын толық күйінде есіне түсіреді. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер адамның бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Адамның ойлау кабілеті еңбек ету барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жагдайларды сөзбен бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.
Адам миының сол жақ сыңарының сөзбен қисынды ойлауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететіні анықталды. Ал мидың оң жақ сыңары көрнекі-бейнелі ойлауға қатысты ақпараттарды өңдеуге көбірек әсер етеді.
Арнайы жүргізілген ғылыми зерттеулер мыналарды көрсетті. Сана мидан бөлек болмайды, тек ми ғана сана органы болып табылады. Ал сана адам миының функциясы. Адамның миы биохимиялық, физиологиялық және жүйкелік үдерістер жүріп жататын күрделі материалдық құрылым. Бұл өз бетінше, сонымен қоса адамның тұтас ағзасының құрамындағы ішкі үдерістері мен ішкі қатынастарын реттеп отыратын жүйе.
Материяның өте нәзік құрылымы ми бұзылса, сананың да құрылымы бұзылады. Қалыпты мидың қызметінен тыс қалыпты психика болмайды. Сана әрқашанда мияда болып жатқан үдерістермен байланысты, одан тыс ерім сүрмейді. Бірақ олар сананың мәнін құрай алмайды.
Психика өзінің мазмұнына тепе-тең деп айтуға келмейтін психикалық құбылыстардың физиологиялық механизмдері субъективтік бейнелер формасында нағыздықтың бейнеленуі бола алады. Философия тарихында "адам өтінін бауырға қатынасы қандай болса, ой адамның миына да сондай қатынаста болады" дегенді айтатын философтар болды. Бұл тұжырымның жалғандығы психикалық құбылыстарды өзінен-өзі тудыратын, оның себебі және қайнар көзі деп есептейтін мидың жүйелік тұжырымдамасында. Мұндай тұжырым жағдайында сана сыртқы өсерлердің субъективтік бейнесі болмайды, ол тек материалдық ми үдерістерінің өзінен-өзі жүріп жатқан әлсіз жаңғырығы сияқты болады.
Заттардың бейнеленуі олардың мидағы қасиеттері мен қатынастарының көрінісі, әрине, олардың миға орын аударуын көрсетпейді немесе қоймалжыңда қалған бармактың ізі сияқты онда физикалық із қалдырмайды. Мен қарағашты көріп тұрғанда, менің миымда ол қарағаштың өзі де, оның физикалық қолтаңбасы да тұрған жоқ. Миға қатты, көк немесе суық заттар өсер еткенде, оның формасы өзгермейді, көгермейді, суып қалмайды. Мен көріп тұрған бейне заттың сыртқы бейнесі, ол субъективті идеалды. Ол менен тыста тұрған материалдық объектінің өзіне мидың ішінде жүріп жатқан және осы бейнені тудырып жатқан физиологиялық үдерістерге қосылып кетпейді. Расында, адамның миынан осы уақытқа дейін ешкім ешқандай сұр немесе ашық ойды тапқан жоқ: ой идеалды, ол сөздің физикалық және физиологиялық мәнінде өмір сүрмейді.
Сонымен қоса ой мен идея шынайы, олар бар, сондықтан идеяны "нағыздық емес" деп есептеуге болмайды. Оның нағыздығы, шынайылығы материалды емес, идеалды. Бұл біздің ішкі дүниеміз, жеке санамыз, сонымен қоса тұлғадан жоғары тұратын рухани мәдениеттің бүкіл дүниесі. Сондықтан ешқашанда материя мен сана екеуінің қайсысы шынайы деп айтуға болмайды. Бүл жерде сөз шынайылықтың белгілі бір тұрпаттары туралы ғана болуы мүмкін. Материя -- объективті, ал сана -- субъективті шынайылық. Сонымен, сана дегеніміз -- тек адамға ғана төн, оның тілімен байланысты, адам миының жоғары функциясы. Ол нағыздықтың бейнеленуінің жалпылама және мақсатты бағытталғандығынан, жоспарлы әрекеттің адамның тәртібінен, өзін-өзі ақылмен реттеуінен және бақылауынан көрініс табады. Өзінің мазмұнына қарай сана объективті нағыздықтың бейнесі ретінде көрінеді.
Сананың мазмұны -- сыртқы дүниені адамның мақсатты бағытталған бейнеленуі негізінде алынған ақпарат. Бұл -- сананы қарастырудың гносеологиялық аспектісі болып табылады. Сана және объективті -- дүние біртұтастықта, бірлікте болатын, практиканы адамдардан сезімдік заттың қызметінде ғана негізге алатын қарама-қарсылықтар. Тек сана нағыздықтың психикалық және сапалы бейнеленуінің қажеттілігін тудырады. Дүниені дұрыс бейнелейтін сананың қажеттілігі өмірдің езінің шарттары мен талаптарынан туындаған. Біз "сана" ұғымын қарастырған кезде оның сипаттамасында білімнің үлкен рөл атқаратындығын көреміз. Осыған байланысты сананың өмір сүру тәсілі және сана үшін өмір сүретін нәрсе -- білім.
Сондықтан сананың құрылымында адамның дүниеге қатынасының танымдық байланыстары ерекше қарастырылады. Олар білім алуға, қоршаған дүние ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллект ойлау қабілеті ретінде. Интеллекттің патологиясы
Сана - психика дамуының сапалы ерекше түрі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында, интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі
Эмоцияларды түсіну
Психика мен сананың өзара байланысы туралы түсініктер
Интеллект
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат
Интеллектті бағалау
Интеллект дамуы
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу
Пәндер