Қуыршақ театры



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Педагогика жоғары мектебі

РЕФЕРАТ
Пән: Ойын әрекетін ұйымдастыру.
Тақырыбы: Драматизациялық-сахналық ойындарды ұйымдастыру.

Орындаған: Зейнулова Г.Е
Топ: МДТО-21

2022 жыл
МАЗМҰНЫ

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
4
1.2. Сахналық ойындар арқылы баланың ой -өрісін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
7
1.3. Режиссерлік ойында ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12

КІРІСПЕ

Бала үлкейген сайын ойыншықтардың сырт пішінінің сәйкестігіне талаптары күшейе түседі. Алайда, бұл сәйкестіктер талаптар күшейе түседі. Бұл сәйкестіктер оның түсі мен формасы тура табиғи түрдегідей берілмеуі керек. 3 жастан бастап балалар қуыршақтармен ойнау кезінде кейбір құрал - жабдықтарды қолдана бастайды: жиһаз , ыдыс-аяқ және т.б. Кіші мектеп және ересек мектеп жасына дейінгі балалар қозғалысқа түсетін ойыншықтарды қалайды: микроэлектромоторлы шаңсорғыш, кір машинасы, жарықтандырылған тоңазытқыш, жанатын лампа және т.б. Ұсақ ойыншықтармен ойында мектеп жасына дейінгі ересек және кіші мектеп жасындағылар кейбір декорацияларды қажет етеді. Тұрғын үйді бейнелейтін ойыншықтар қажет ( әр түрлі бөлмелер, қақпалар, ағаштар, аула құрылыстары), мектеп (парталар, санағыштар және мектеп тақтасы) және т.б.

Балалардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектесетін ойыншықтар. Баланы үлкендер еңбегімен таныстырады, сол еңбектің құрал - жабдықтарымен таныстырады, балаларды күш - қуатты қажет ететін, еңбекке баулиды, ұжымдық сезімді тәрбиелейді. Көптеген ойыншықтар кәсіптік және тұрмыстық еңбек процесін көрсетеді. Мысалы , Кішкентай аспаз жинағы , ұнмен жұмыс жасауға арналған заттардан тұрады. Осындай жинақты пайдалана отырып 5 жасар бала ермексазды оқтаумен жаяды, әр түрлі пішінді ойыншық тоқаштар жасайды. 2 - 4 жасар бала құммен осындай әрекеттер жасайды.

1.1.Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны.

Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.
Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
а)шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;
б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.
Балаларды сөйлеуге үйрету.
Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.

Балалардың тілдерін жетілдіруде, сөздік қорларын дамытуда драмалық ойындардың маңызы зор. Драмалық ойындар - мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын орнықтырудың басты құралдарының бірі ретінде эстетикалық тәрбие қайнарларының негізгілерінің бірі болып саналады. Келешекте көркемдік талғамдарының биік сатыға көтеріліп, саналы да мәдениетті болып өсулеріне игілікті әсер етеді. Адам бойындағы ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Драмалық ойындарды екі бағытта жүогізуге болады:
Сазды-сахналық (музыкалық) қойылымдар.
Қуыршақ театры.
Жалпы драмалық ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығармалық сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған рөлдерді толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аударылуы керек. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс-әрекет қимылдарын көрсетіп, жетілдіру керек. Кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күйі, сезімін, мінез-қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындыру. Нәтижесінде драмалық ойындар барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізуге болады. Тәрбиешілер балалардың өздеріне тән жеке қасиеттерін анықтай түсу мақсатымен театрландырылған қойылымдар өткізуге болады. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайды, ал ұялшақ, ұяң балаларға жай рөлдер беруге болады. Оларға қуыршақтарды қалай ұстау керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйрету керек. Театрландырылған ойындардың мазмұны адамгершілік, достық, кішіпейілділік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты қасиеттерді уағыздауға бағытталады.
Театрландырылған драмалық ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Яғни топта театр бұрышы, саусақтар, қолғаптар т.б болуы керек.
Балаларға жануарлардың сыртқы кейпін салып келтіру мақсатында Тауық пен балапандар, Қоян мен көжектер, Аю мен қонжық, Түлкі мен қасқыр және т.б драмалық ойындар ұйымдастыруға болады.
Қозғалыс әрекеттерін жетілдіру мақсатында мына әдістерді қолдануға болады:
1.Қимылды көрсету;
2.Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.
Драмалық ойындарды көп ойнап, сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда балалардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артады.
Драмалық ойындарды ұйымдастырмас бұрын балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізу керек:
1.Тәрбиеші балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аудару.
2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлу.
3.Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалау.
4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.
Драматизациялық ойында бала - артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын - драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
Драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады:
-Саусақтар ойын драматизациясы.
Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
- Қуыршақ бибабомен ойын - драматизациясы.
Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабаоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.
Драмалық ойындарда әртіс ретінде бала рөлдерді орындайды, ауызша және ауызша емес мәнерлілік құралдар кешенінің көмегімен өзбетімен бейнелерді жасай алады. Жануарлардың, адамдардың, әдеби кейіпкерлердің бейнесіне ұқсатып қайталап салатын-ойындар; мәтін негізіндегі рөлдік диалогтар; шығармаларды сахналау; бір немесе бірнеше шығарма бойынша
қойылымдар; алдын ала дайындықсыз мазмұнды ойнайтын (немесе бірнеше
мазмұнды) сол бойда ойдан шығаратын - ойындар драмалаудың түрлеріне
жатады.

1.2. Сахналық ойындар арқылы баланың ой -өрісін дамыту.

Сахна әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес-деген болатын.
Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде.
Сахналық қойылым әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытады. Кезіндегі орыстың ұлы ақыны сахнаны сиқырлы өлке деп атаған. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна \театр\ ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар желілі рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар ойын- қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БӨЛІМ ҚАЗАҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Мектепте қуыршақтар театрын жандандыру
Жалпы театр өнері мен қазақ театры
Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні»
Балалар театрының түрлері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні пайдалану әдіс тәсілдер
Театр арқылы балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту
ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ШЫҒЫСТЫҚ ҮЛГІЛЕРІ
ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯ
Пәндер