Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
№1. Тақырып: Кіріспе. Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері.
Жоспары:
1.Анатомия пәніне түсінік;
2.Анатомияның міндеттері мен зерттеу әдістері;
3. Анатомия ғылымының қысқаша тарихы.
4.Тіндер туралы түсінік;
5.Азалар, ағзалар жүйесі туралы түсінік. Организмнің тұтастығы.
6. Анатомиялық терминология. Жазықтықтар мен біліктер.
1. Адам тәнінің жалпы және мүше жүйелерінің құрылысын пішіні мен қызметіне, сондай-ақ қоршаған ортасын байланыстыра зерттейтін пәнді адам анатомиясы дейді.
Анатомия пәнінің медицина ілімінің ішінде алатын орны ерекше.Адам денесінің құрылысын білмейтін дәрігер науқасқа пайда емес- зиян әкеледідеп жазды орыс ғалымы Е.О.Мухин.Анатомия және физиология медицина ілімінің негізгі фундаментін құрайды.Анатомия пәнісіз терапияда, хирургияда болмайды - деп жазды акушер-гинеколог А.П.Губарев.
Тірі адам денесі құрылысының заңдылықтарын түсіну үшін анатомиялық зерттеу мәйітке жасалады.
Анатомия грек. Anatemпo - кесемін деген сөзінен алынған. Анатомия ғылымы адам денесін зерттейтін әдістеріне байланысты: жүйелік, топографиялық, мүсіндік, сипаттамалық,функционалдық, салыстырмалы, патологиялық, клиникалық, палеонтологиялық, жас ерекшелігі, рентгендік, микроскопиялық және динамикалық болып бөлінеді.
Жүйелік анатомия тірек-қимыл жүйесі мүшелерін, ішкі мүшелердің жүйесін, жүрек-тамыр, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді. Топографиялық анатомияда - адам денесіндегі мүшелер өзара орналасу тәртібін медициналық мақсатқа орай зерттейді.
Мүсіндік анатомия адам денесінің сыртқы құрылысымен оның мүшелерінің аралық қатынастарын оқып үйретеді.
Сипаттамалы анатомия ағзаның құрылысы мен пішінін сипаттайды. Функциональдық анатомия мүшелері пішін, еңбек, тұрмыс және сыртқы орта жағдайларына байланысты кәсіптік өзгерісті зерттейді.
Динамикалық анатомия адам денесін, қозғалмалы жүйелі мүшелердің құрылысын зерттеп, дене тәрбиесі және спорт мәселелерін қарастырады.
Рентгендік анатомия. Микроскопиялық анатомия.
Анатомия адамның құрылысын зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге тарихи даму барысында адам организмі қалай қалыптасқанын да зерттейді. Осы мақсатпен: 1. Жануарлар эволюциясының дамуына сәйкес адамзаттың өсіп жетілуі- филогенезі (phylon- туыс, genesis-даму) зерттеледі. 2. Қоғамның дамуымен байланысты адамзаттың қалыптасуы және даму үрдісі- антропогенез (anthropos-адамзат) зерттеледі.
3. Индивидтің жеке даму үрдісі-онтогенез (onthos-особь) оның бүкіл өмірі бойы: жатырдағы(эмбриогенез) және жатырдан тыс, яғни туғаннан өлгенге дейінгі кезеңдер қарастырылады.
Антропология - адамның шығу тегіндегі мүшелер ерекшелігін, ал салыстырмалы анатомия адамдар мен жануарлар арасындағы ұқсастықтар мен сапалық айырмашылықтарды салыстыра зерттейді. Анатомия - биологиялық пәндердің негізі. Онсыз палеонтологияны, антропологияны, физиологияны, гистологияны, эмбриологияны, эволюциялық ілімді және педагогиканы түсіну мүмкін емес.
Анатомияны оқып үйрену арқылы болашақ маман, адам мен жануарлар арасындағы ұқсастықтарды және сапалық айырмашылықтарды дұрыс бағалап, адамның табиғатындағы орнын айқындай отырып, өзінің дүниеге деген табиғи көзқарасын қалыптастырады. Анатомияның негізгі міндеті - адамның табиғи дамуының заңдылықтарын зерттеп білу арқылы олардың қалыпты жағдайын анықтау.
2. Зерттеу тәсілдері.
Анатомияның ертеден келе жатқан негізгі зерттеу тәсілі - алып-кесу әдісі.
Инъекция әдісі - қан мен лимфа тамырларының ішіне тез қататын бояулы зат құю арқылы зерттейді.
Коррозия әдісі - құрылысы нәзік әрі күрделі мүшелерді зерттеуде қолданылады.
Мацерация - борсыту, шіріту әдісі - сүйекті тазарту үшін қолданылады.
Ағарту әдісі - қаңқа сүйектерін арнайы сұйықтықпен ағартуға пайдалынады.
Микроскопиялық әдіс - адам денесінің көзге көрінбейтін ұсақ құрылысын зерттейді.
Тірі адамды зерттеу:
Рентгеноскопиялық әдіс - мүшелер бейнесін рентген сәулесі арқылы экраннан көру.
Рентгенография - мүше бейнесі рентген сәулесі арқылы арнаулы пленкаға түсіру.
Ауторадиография әдісі (радиоактивті, изотоптармен) мүшелердің (тіс, қаңқа сүйектері т.б.) даму кезеңдері тексеріледі.
Антропометрия әдісі - дене мүшелерін бір-бірімен салыстырып пропорциясын зерттеу арқылы олардың қалыптасу барысындағы заңдылықты анықтау.
Сынама тәжірибе әдіс - қозғалу анатомияның әртүрлі сұрақтарына жауап беру үшін ағза мүшелерінің атқаратын қызметін зерттеуде қолданылады.
3. Анатомия ғылымының дамуын әр кезеңге бөліп қарастыруға болады. Ерте дүниедегі анатомия ғылымының дамуы ХІ - ХІІ ғасырларда Қытайда адамның ішкі мүшелері мен қан тамырларының құрылысы сипатталып жазылған Дәрігер каноны атты кітабы жазылды.
Египеттіктер өлген адам денесінің бұзылмай сақталу (бальзамдау) әдісін тапқан.
Гиппократ адам денесіндегі сұйықтықтарды қан, шырыш, өт, қара өт деп бөлді, осы сұйықтықтарға байланысты адамда төрт түрлі мінез тудыратын темперамент туралы ұғым берді. Адамның денесінде ми сауыты, омыртқа жотасы, қабырғалар, ішкі мүшелер және қан тамырлар жүйесі анықталды. Өзіне дейінгі ғалымдар еңбегін бір жүйеге келтірді, сондықтан оны медицина атасы деп атайды.
Гректің ұлы ғалымы Аристотель жүйке мен сіңірді ажыратты, жүректің қан айдайтын мүше екендігін анықтады.
Орта ғасырдағы анатомия ғылымы.
Әл-Фараби, Ибн Сина және басқа да ғалымдардың еңбектері Қазақстанда, Орта Азияда философияның, жаратылыстанудың және медицина ғылымының дамуына игі әсерін тигізді.
Әл-Фарабидің Адам денесіндегі мүшелер туралы, Ақыл туралы және басқа еңбектерінде тәнтану, тірліктану және жантану жөнінде медициналық пікірлер бар. Әбу Әли Ибн Синаның ең құнды еңбегі Дәрігерлік ғылым каноны. Бұл еңбегінде медицинаның жалпы теориясы, хирургия, ауруды анықтай білу - диагностика, ауруды емдеу тәсілдері туралы мәселелерге мән берілген.
Леонардо да Винчи адам мен жануар арасындағы ұқсастықты материалистік көзқараспен түсіндірді.
Вильям Гарвей адам денесіндегі үлкен және кіші қан айналым шеңберін анықтады.
Ресейде анатомия ғылымының дамуы.
Ресейде анатомия ғылымының дамуына І Петр үлкен жағдай жасады, оның нұсқауы бойынша Петербургте тұңғыш Ресей ғылым академиясы ашылды. Н.И.Пирогов топографиялық анатомия негізін қалады. П.И.Карузин мүсіндік анатомия негізін қаласа, В.Н.Воробьев макро-микроскопиялық зерттеудің жаңа әдістерін жасады.
В.Н.Тонков рентген әдісін қолдана отырып, адам денесінің қанмен қамтамасыз ету заңдылықтарын зерттеуде үлкен еңбек сіңірді. Жүйке теориясын дамытуда И.М.Сеченов және И.П.Павловтардың үлесі ерекше. Қазақстанда анатомия ғылымының дамуы.
Қазақстанда ең алғаш рет 1931 жылы Алматыда медицина институты ашылды.Оның анатомия кафедрасын П.О.Исаев басқарды.П.О.Исаевтың басшылығымен 150-ден астам ғылыми еңбектер жариялады.П.О.Исаевтан кейін кафедраны басқарғанХ.Н.Бөкейханов,С.Р.Қарынба ев,Ғ.М.Мұсағалиева, А.Р.Рақышев.
Халел Досмұхамедов - қазақтың аса көрнекті дәрігер ғалымы. Ол Жануартану, Адамның тән тірлігі атты оқулықтар жазды. Санжар Жағыпарұлы Аспендияров көрнекті зерттеуші ғалым. 1931 - 1933 жылдары Қазақ АССР денсаулық сақтау халық комиссары, Алматы медицина институтының ректоры қызметін атқаруда.
А.Р.Рақышев 1994 жылы жоғарғы медицина оқу орындары үшін 2 томдық Адам анатомиясы оқулығын қазақ тілінде шығарды.Ол Қазақстанда дәрігерлер дайындаумен қатар, анатомия ғылымының дамуына үлкен үлес қосты.
4. Жасуша - тірі ағзаның қарапайым бір бөлігі. Тірі ағзаның көбею, зат алмасу сияқты қасиеттері жасушалар арқылы жүзеге асырылады.
Жасуша - микроскопиялық құрылым, көлемі бірнеше микрометрден (лимфоцит жасушалары), 200 микрометрге дейін болады. Пішіні де әркелкі. Адам ағзасында дөңгелек, ұршық тәрізді, жазық, призма, цилиндр, жұлдызша тәрізді жасушалар кездеседі.
Жасуша сыртындағы цитолемма қабықшасы оны қоршаған ортадан бөліп тұрады. Цитолемма сыртқы, ортаңғы, ішкі жапырақшадан тұрады. Жасуша ішінде ядро орналасқан. (латынша - nucleus, греч. - Rarion), ол генетикалық ақпаратты сақтайды және ақуыз түзілуге қатысады. Ядроны қоршай цитоплазма орналасқан.
Тін
Тін - жасуша мен жасушааралық заттан тұратын, құрылысы мен қызметі бірдей күрделі құрылым.
4 түрлі тін бар.
І. Эпителий тіні. Адам ағзасының сыртын және қуысты мүшелердің ішкі бетін астарлайтын тін. Ағзаны сыртқы орта әсерінен қорғайды, ішкі және сыртқы секреция бездерін құрайды.
Эпителий тінінің 2 түрі бар:
1. Бір қабатты
2. Көпқабатты
Бірқабатты эпителий тіні жазық, цилиндр, куб тәрізді болып бөлінеді.
Көпқабатты эпителий тіні мүйізденетін, мүйізденбейтін және өтпелі болып бөлінеді.
Тері мүйізді көпқабатты эпителий тінімен жабылған, асқазан бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий тінімен астарланған, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителий тінімен астарланған. Зәр шығару мүшелерінің эпителий тіні өтпелі эпителий тінінен тұрады.
ІІ. Дәнекер тіні - жасуша және жасушааралық заттан тұрады. Жасушааралық зат коллагенді, эластикалық және ретикулярлы болып бөлінеді. Дәнекер тіні: нағыз дәнекер тіні, шеміршек және сүйек тіні болып бөлінеді.
Нағыз дәнекер тіні - болбыр және тығыз дәнекер тіні болып бөлінеді.
Болбыр дәнекер тінінде жасуша саны көп және негізгі затта талшықтар ретсіз орналасады. Бұл тін қан тамырларының жанында орналасады.
Тығыз талшықты дәнекер тінінде жасуша саны аз. Талшықтар реттілікпен тығыз орналасады. Бұл тінге буын байламдары және сіңір байламдары жатады.
Дәнекер тінінің қызметі:
- тірек,
oo қорғаныш,
oo трофикалық.
Шеміршек тіні - шеміршек жасушаларынан (хондроциттар) және негізгі заттан тұрады.
Түрлері: - гиалинді,
- коллаген талшықты,
- эластикалық.
Гиалинді шеміршек тіні буын беттерінде, қабырға ұшында орналасқан.
Коллаген талшықты шеміршек тіні өте мықты, омыртқааралық дискіде, шықшыт буынында және төс-бұғана буынында орналасқан.
Эластикалық тінде - эластикалық талшық өте көп, сондықтан серпімділік қасиеті бар.
Көмейдің мүйіз және ожау, бөбешік тәрізді шеміршегі, құлақ қалқаны, есту түтігінің шеміршекті бөлігі және сыртқы есту түтігінде орналасқан.
Сүйек тіні - сүйек жасушаларынан және жасушааралық заттан тұрады.
Жасушааралық зат оссеин (коллаген) талшығынан және бейорганикалық тұздан тұрады.
ІІІ. Бұлшық ет тіні - адам ағзасында қимыл қозғалысты қамтамасыз етеді. Бұлшық ет тіні ерекше жиырылу қасиеті бар құрылым- миофибрилладан тұрады.
Бұлшық ет тінінің 2 түрі бар: - бірыңғай салалы
- көлденең жолақты.
Бірыңғай салалы бұлшық ет тіні ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Қан тамырларының, қуысты мүшелердің (асқазан, ішек, зәр шығару, жатыр) бұлшық ет қабатын құрайды.
Бірыңғай салалы бұлшық ет тіні адам еркінен тыс жиырылады, бұл тоникалық жиырылу. Көлденең жолақты бұлшық ет тіні қаңқа бұлшық етін құрайды. Көлденең жолақты бұлшық ет көпядролы көлденең жолақты талшықтан тұрады. Жиырылуы адам еркіне байланысты - тетаникалық жиырылу.
ІҮ. Жүйке тіні - жүйке жасушаларынан және нейроглин затынан тұрады.
Нейроглин қызметі: - тірек,
- трофикалық,
- қорғаныш қызметін атқарады.
Жүйке жасушалары мен нейроглин жүйке жүйесін құрайды. Жүйке жүйесінің морфофункциональдық бірлігі жүйке жасушалары ( нейроцит, нейрон). Нейронның денесі және 2 түрлі өсіндісі бар. Өсінді санына байланысты: - униполярлы - бір өсінді,
oo биполярлы - екі өсінді.
oo Мультиполярлы - бірнеше өсіндісі бар.
Ұзын өсінді аксон (нейрит) бұл өсінді жүйке импульсын жүйке жасушасының денесінен жұмысшы мүшеге өткізеді.
Қысқа тарамдалған өсінділері дендриттер деп аталалады. Бұл өсінділердің ұштары жүйке қозуын қабылдап оны жасуша денесіне өткізеді.
5. Ағзалар, ағзалар жүйесі туралы түсінік.Организмнің біртұтастығы,
құрылымдық ұйымдасуы туралы түсінік.
Тіндер жиынтығы мүшені құрайды. Мүше - өзіне тән пішіні, құрылысы бар, ағзада белгілі орны бар және өзіне сәйкес қызмет атқаратын дененің бір бөлігі.
Мүше құрамына бірнеше тін кіреді, бірақ бір тін негізгі қызметін атқаратын тін болып табылады.
Ми үшін негізгі тін жүйке тіні, бұлшық ет үшін - бұлшық ет тіні. Мүшедегі қалған тіндер көмекші тіндер болып табылады. Эпителий тіні асқорыту, тыныс алу, зәр шығару мүшелерінің ішкі бетін астарлайды, дәнекер тіні тірек, трофикалық қызмет атқарып, мүшенің негізін құрайды, ал бұлшық ет тіні қуысты мүшелердің қабырғасын құрайды. Жалпы бірге дамып, бір қызмет атқаруға бағытталған мүшелер - мүшелер жүйесін құрайды.
oo Асқорыту жүйесі.
oo Тыныс алу жүйесі
oo Зәр шығару
oo Жыныс
oo Қан тамырлар жүйесі т.б.
Асқорыту жүйесі түтікше тәрізді, алғашқы ішектен дамиды, барлығы жиылып бір қызмет атқарады
Бауыр, ұйқы безі, сілекей бездері, асқорыту түтігінің эпителий
қабатының өсінділері болып табылады.
Мүшелер аппаратына тірек-қимыл, зәр шығару, жыныс мүшелері, эндокринді аппарат жатады. Аппаратта мүшелер бір қызмет атқаруға бағытталған, бірақ дамуында, құрылысында айырмашылықтары болады.

Адам денесінің кеңістікте орналасуын және оның бөліктерінің бір-бірімен салыстырмалы орналасуын анықтау үшін жазықтықтар және остер деген түсініктер қолданылады. Дененің бастапқы жағдайы деп адам тік тұрып екі аяғы бірге, алақаны алдына қарай тұрған жағдайды айтады.. Адам денесі екі жақты (билатеральды) симметриялы, тең екі бөлікке бөлінеді. - оң және сол.
Оң және сол бөліктің шекарасы ортаңғы (медиана) жазықтық, бұл жазықтық вертикальды тік орналасқандықтан сагитальды деп те аталады.
Сагитальды жазықтық дененің оң бөлігін (dexter) сол бөлігінен (sinister) бөліп тұрады. Сагитальды жазықтыққа перпендикулярлы орналасып, денені алдыңғы (anferior) артқы (posferior) бөлетін жазықтықты фронтальды (frons - маңдай) деп атайды.
Горизонтальды жазықтық алдыңғы екі жазықтыққа перпендикулярлы орналасып, денені төменгі (inferior) жоғарғы - superior бөлікке бөледі. Мүшелердің орналасуын анықтау үшін жазықтықтар мен қатар осьтер қолданылады.
Вертикальды ось денеде ұзына бойы бағытталған. Бұл ось бойында омыртқа жотасы және оны бойлай жатқан кеуде және құрсақ аортасы, өңеш орналасады.
Вертикальды осьпен қатар ұзына бойы орналасатын ось жатады. Бұл ось денеде ұзына бойы жатады,дененің кеңістіктегі жағдайына байланысты емес (қол-аяқта не мүшеде ұзына бойы )орналасады.
Фронтальды ось - фронтальды жазықтықта жатады, бұл оңнан солға, солдан оңға бағытталады.
Сагитальды ось - сагитальды жазықтықпен қатар жатады.
Мүшелердің және дене бөліктерінің орналасу реттілігін анықтау үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz