Авторлық құқықтың түсінігі туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Бұл мәселеге , яғни , авторлық құқықтарды халықаралық қорғау жалпы авторлық құқыққа қарасты тұрғыдан мән берер болсақ ол тіпті әлемдік деңгейде әлі күнге дейін , өз шешімін таппай отырған үлкен бір өзекті проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық болар еді . Авторлық құқықтарды халықаралық қорғаудың өзектілігін , сондай - ақ мына мән жайлардан - ақ байқап көруге болар еді . ХХІ ғасырдың басында ғылыми - техникалық прогресстің өте қарқынды ілгерілеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектілері мен субъектілерін өмірге алып келуде , соның бір мысалы ретінде тек интернет жүйесін алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әліде өз шешімін таппаған Қыруар мәселелердің барына көз жеткізу мүлдем қиын емес деп ойлаймын . Бүгінде біздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда авторлық құқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіріу қажеттілігін аңғару қиын емес деп білемін . Авторлық құқықтарды халықаралық қорғау жағдайын теориялық тұрғыдан талдау жасауға және авторлық құқықтың түсінігін , объектілері мен субъектілері қарастыра келіп авторлық құқықтарды халықаралық қорғау реттейтін халықаралық құжаттарға және сонымен бірге шетелдердегі авторлық құқықтарды қорғау мәселелеріне талдау жасап кеткі келеді.
Авторлық құқықтың түсінігі. Авторлық құқық - азаматтық құқықтың бір институты . Авторлық құқық реттейтін мүліктік және мүліктік емес қатынастар әдебиет , ғылым және өнер туындыларын шығару және қолданумен байланысты . Авторлық құқық жеке институт ретінде белгілі бір мәселелерді реттейді , оған мүліктік , мүліктік емес құқықтар және автордың заңды мүдделерін толықтай қорғау , ғылыми және көркем туынды шығару үшін құқықтық әдістерді пайдаланып жағдай жасау , туындының қоғамда кең қолданылуы жатады . Объективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым , өнер , әдебиет туындыларын шығару және қолдануға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы . Субъективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым, өнер , әдебиет туындысын шығарған адамның мүліктік және мүліктік емес қатынастары .
Авторлық құқық принциптері. Қазақстандағы авторлық құқыққа жалпыға бірдей принциптер тән . Еркін шығармашылық принципі автор қызығушылық танытатын тақырыпқа болашақ туындының формасын , шығару әдісін , өз туындысын рұқсат етілген әдістермен қолдануға ерік береді . Конституциялық заң шығармашылық ҒЫЛЫМ , өнер және әдебиетті дамытуға негізделген ғылыми - техникалық және көркем шығармашылық еркіндігіне кепіл береді . Автордың жеке мүдделері бүкіл қоғамның мүдделерімен үйлесу принципі Азаматтық кодекстің 983 - баптың 1-2 тармақтарында баяндалған . Бұл баптар бойынша жеке қажеттілікті қанағаттандыру үшін автор туындыларын қолдануға болады . Азаматтық кодекстің 983 баптың 2 - тармағы бойынша автор туындысын автордың келісімінсіз пайдалану және оған жаңа жеке Шығармашылық туынды шығару үшін , оған дейін шығарған туындысына сыйақы беруге болады . Автордың туындыны шығару және қолдануға моральдік және материалдық қызығушылық принципі Тәжірибеде моральді мадақтаудың жеке формалары кездеседі мысалы құрметті атақ беру ( еңбек сіңірген әртіс және т.б. ) немесе халық қолдауына ие болған туындыларды қайта басып шығару . Ғылым , өнер және әдебиет туындыларының авторларына моральді және материалды мадақтауға әртүрлі мемлекеттік және атаулы атақ беру жатады . Белгілі бір туындыға ұтыс тігу де материалды мадақтаудың бір түрі болып табылады . Автордың заңды мүдделерін және негізгі құқықтарын қорғау принципі тек авторлық құқықтық қатынастарға түсетін адамдардың міндеттері мен құқықтары реттелген , субъективті құқықтардың іске асу кепілін бекітетін мемлекеттік органдардың құзырын анықтайтын нормаларда ғана көрсетілген жоқ .
Сонымен қатар , бұзылған авторлық құқықтарды қорғау нормаларында да бейнеленген . Ғылым және көркем шығармашылық саласындағы қатынастар әртүрлі нормативті актілермен реттеледі , осы актілердің жиынтығы авторлық құқық заңдарын құрайды.
Авторлық құқықтың қолданылу аясы Осы Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңына сәйкес авторлық құқық
1 ) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған , бірақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерінің азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективті нысанда болатын туындыларға қолданылады ;
2 ) Қазақстан Респу асынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған , бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары авторлары және олардың құқықтық мұрагерлері деп танылады ;
3 ) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған , бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың ( олардың құқықтық мұрагерлерінің ) -- шетелдіктердің , азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады . Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған күннен кейінгі отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жарияланса , ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарттың ережелері бойынша айқындалатын туындының шыққан елінде авторлық құқықтың осы елде белгіленген Қолданылу мерзімінің бітуінің салдарынан қоғам игілігіне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзімінің бітуінің салдарынан Қазақстан Республикасында қоғамның игілігіне айналмаса , туындыға қорғау беріледі.
Авторлық құқықтың субъектілері мен объектілері. Авторлық құқық субъектілері : Авторлық құқық субъектілері шығармашылық еңбекпен әдебиет , ғылым және өнер туындыларын шығарған тұлғалар болып табылады . Субъективтік авторлық құқық азаматтың жасына , денаулығына , мүліктік жағдайына , шығарманы жарыққа шығарудың орнына байланысты болмайды . Егер шетел азаматының туындысы бірінші рет Қазақстанда шықса немесе белгілі бір объективті формада Қазақстан территориясында болса шетел азаматы Қазақстандық авторлық құқық субъектісі болып табылады . Авторлармен қатар , авторлық құқық субъектілерінің қатарына әдебиет , ғылым және өнер туындысын шығару процесіне қатыспаған тұлғаларды да жатқызуға болады . Оларды мирасқорлар деп атайды . Мирасқорларға туындыны пайдаланудың белгілі бір құқықтары өтеді . Заң мұрагер мен автор арасында жасалған шарт белгілі бір құқық шеңберінің мирасқорға өтуінің негізі болып табылады . Автормен оның туындыларын пайдалану туралы шартқа отырған мұрагерлер , мемлекет немесе мекемелер ( баспалар , театрлар және т . б . ) мирасқорлар болып саналады . Жоғарыда аталған тұлғалардың құқықтары автор құқықтарымен салыстырғанда шектеулі болады . Мұрагер мен автор құқықтары көлемі жағынан ғана емес , пайдалану мерзімі жағынан да әртүрлі . Мұрагердің авторлық құқығы автор өлгеннен кейін 25 жыл ғана күшiнде болады . Белгілі бір жағдайларда ғана мемлекет авторлық құқық субъектісі болып табылады . Мысалы : авторлық құқықты еріксіз саттырғанда , туындыны халық игілігі деп жариялағанда , авторлық құқыққа ие болған заңды тұлғаның жойылуы кезінде . Азаматтық заң негіздері бойынша : энциклопедиялар , газеттер , журналдар , ғылыми еңбек жинақтарын және т . б . жарыққа шығаратын баспалар өздері шығарған өнімді ( кітаптар , журналдар , жинақтар , газеттер және т . б . ) пайдалануға құқықтары бар . Сол сияқты кино - телестудиялар фильмді пайдалануға құқықтары бар . Бірақ заң бұл құқықтарды авторлық құқықтар қатарына жатқызбайды . Осыған байланысты заң бойынша авторлық құқыққа шығармашылық коллектив мүшелері , композитор , суретші , Қоюшы режиссер , оператор және басқа да шығармашылық жұмысшылар ие болады.
Автор құқығы , оның мазмұны және іске асуы : Париж Конвенциясында авторлық құқық 1955 жылы 16 құркүйекте күшіне енді . Бұл конвенция ашық Сипатқа ие . Оған қосылу үшін ЮНЕСКО - НЫҢ Бас директорынан сәйкес құжатты алу жолымен жүзеге асырылады . Париж Конвенциясында қайта қарау бойынша 1971 жылы жаңа мәтінде пайда болды Бүкіләлемдік КонвенциСЫНЫҢ ерекшелігі - ол заңды тұлғалармен қатар , халықаралық ұйыдардың вторлық құқықтарын қорғайды . Туындыны қорғаудың ең төменгі мөлшері конвенция бойынша автордың өмір бойы 25 жыл ол қайтыс болғаннан кейін , яғни Берн Кнвенциясынан 2 есе төмен Әдебиет , ғылым , өнер туындыларының авторы келесі құқықтарға ие : Авторлық құқық , тақырып таңдау құқығы , туыНДЫНЫ жариялау және пайдалану , шығармаға қол сұқпаушылық және т.б. Ғылым немесе көркем шығармашылық пен айналысатын тұлғаның ең негізгі құқығы автор құқығы . Автор құқығы бойынша автор оның туындысын пайдаланған жағдайда авторға сілтеу жасауды талап етуі де мүмкін . Автор құқығы туындының формасына немесе туындының мақсатына байланыссыз сақталады . Туынды басылса да , басылмаса да автор құқығы сақталады . Авторлық құқық болып туындыға қатысты авторлық құқықтар жататын тұлғалар табылады . Қазақстандық заңнамаға сәйкес авторлық құқықтар қазақстандық азаматтар , шетел азаматтары , азаматтығы жоқ тұлғалар , олардың мұрагерлері мен құқықмирасқорлары иеленеді . Әр санаттары үшін туындыға құқық әртүрлі заңды фактілерге байланысты - туындыны тудырумен , мұра бойынша авторлық құқықтардың өтуімен , т.б. туындайды . Авторлық құқықтың негізгі субъектілері болып туындының авторы табылады . Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады . Сонымен қатар , заң осыған қатысты ешқандай шектеулерді авторлық құқықтың субъектілеріне қоя алмайды . Ғылым , әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқық оны тудыру фактісіне орай туындайды . Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеудің , өзге рәсімдеудің немесе шарттылықтың сақталудың қажеттілігі міндетті емес . ( " Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы " ҚР Заңының 9 - бабы ) . Авторлық құқық субъектілерін жіктеудің келесідей топтамалары : - " Субъектілер алғашқы және туынды болып бөлінеді " .
- Сонымен қатар , алғашқы субъект ретінде " автор деп - Шығармашылық еңбегімен туған туындының жеке тұлғасы " танылады . Мәні бойынша субъектілерді " алғашқы және туынды " деп бөлу дұрыс деп саналады . Заңда кездесетін " туыНДЫ Шығармалар " терминінің бар болуына байланысты кейбір термиНОЛОГИЯЛЫҚ келіспеушіліктер болуы да мүмкін . ( " Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы " ҚР Заңның 12 бабында ) . Авторлық құқық субъектілері жөніндегі мәселе жалпы цивилистикалық әдебиеттерде , сондай - ақ авторлық құқыққа арнайы арналған еңбектерде орын тапқан . Революциялық кезеңге дейін әдебиеттерде осы мәселеге С.А.Муромцевтің , В.В.Спасовичтің , И.Г. Табашниковтың , К.П.Победоносцевтің және басқаларының еңбектері арналған . И.Г.Табашников әдеби меншіктің субъектісін зерттей отырып , мынандай қорытындыға келді . авторлық құқықтың субъектісі болып ең алдымен туынды өзінің пайда болуына міндетті болатын тұлға табылады . Қалған барлық тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып " одан мирасқорлыққа байланысты ғана күшіне еніп табылады . Заңды байланыстың күшіне қарай үшінші тұлғалар авторлық құқықтың субъектілері болып әртүрлі жағдайларда және шарттық қатынастарда пайда болатын заңда тікелей көрсету түрінде болады . К.П.Победоносцевтің " Азаматтық құқық курсында " , " Құқық иеленуші " - " иеленуші " мағынада " осы құқыққа иеленуші табылады . " Авторлық құқық белгілі тұлғаға беріледі , яғни сол тұлғамен байланысты : бұл туынды авторы , тудырушы . Бірақ кей кезде бір туындының бірнеше тудырушылары болуы мүмкін , және осындай жағдайда тудырушылардың өзара қатынастары мен туындыға қатысу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін . Бұл жерде назарды автор мен туынды арасындағы үзіліссіз байланысқа бөлу қажет . Әрекет етуші заңның терминологиясы бойынша " өндіруші - сабақтас құқықтардың ғана субъектісі " .
Г.Ф.Шершеневич авторлық құқықтың субъектілері мен объектілерінің мәселелерін құқыққа сәйкес әдеби туындыларға ; мерзімді басылымдарға , көркем әдебиеттерге , музыкалық туындыларға орай жеке қарастырады . Әдеби туындыларға авторлық құқықтың субъектісі болып " әдеби туындыны тудырған автор мен оның мұрагерлері , құқықмирасқорлары және өзінің құқығын басқаға берген тұлғалар да " табылады . Көркем туындыларға құқықтың субъектісі - " туынды өзінің бар болуына міндетті жағдай ретіндегі ой мен өнердің суретшісі , мүсіншісі , сәулетшісі немесе гравері " . Біздің заң бұл жағдайда да заңды тұлғалар үшін көркемдік құқықтың субъектілері болып табылу мүмкіндігін таниды . Сонымен , музыкалық туындының субъектісі - " музыкалық ой мен оның сыртқы нысанын айқындаған сазгер " . Бұл жерде мынандай сұрақ туындайды бұл музыкалық туындыны орындаушы бөтеннің туындысын орындады ма ? Біздің көзқарасымыз бойынша бұл жерде орындау кезіндегі шығарма , яғни импровизация туралы сөз болып отыр . А.А.Пиленконың пікірінше , авторлық құқықтың субъектісі болып тек қана жеке тұлға табылады , ал заңды тұлғалардың авторлық құқығы , яғни әртүрлі қоғамдар шарт немесе қызметтік жағдай бойынша заңды тұлғаларға автордың құқықтары өтуіне негізделеді . Осындай тұжырымды мемлекеттік ұйымдарға қатысты айуға да болады . Олар қызметшілерге жалақы төлей отырып , олардың әртүрлі ережелер , жарғылар , нұсқаулықтар құрастыруы бойынша еңбектерімен өздерінің меншікке қатысты авторлық құқықтарын жоғалтпай - ақ пайдалануға құқылы . Г.Ф.Шершеневич пікірі бойынша , " авторлық құқықтың субъектісі болып өзінің бар болуына рухани шығармашылық еңбегі нәтижесінде тәуелді болатын шығарманың тұлғасы саналады . Бұндай тұлға ретінде , тек қана ойлай алатын және тудыра алатын тұлға бола алады " . Заңда авторлық құқықтың заңды тұлғаларға қатысты орнықтырылуы , Г.Ф.Шершеневичтің айтуы бойынша өзінің құқықтарын осы фиктивті субъектіге беру шын мәніндегі авторлардың мүмкін болатын еріктерімен түсіндіріледі . Авторлық құқықтың субъектілерінің бір түрі осылай туындайды , яғни " шығармашылықтың рухани байланысымен құрастыруда тікелей әрекет етпейтін " . Олар - тудырушы , продюсерлер , әдеби агенттер және т.б. Сондай - ақ авторлық құқықтың субъектілері ретінде әдебиет , ғылым және өнер туындыларын шығармашылық еңбекпен тудырған тұлғалар танылады ( авторлар ) . Субъективтік авторлық құқықтардың азаматта пайда болуы оның жасына , денсаулық жағдайына , мүліктік жағдайына , туындыны шығару жері мен жарыққа шығарумен және т.б. байланысты емес . Шетел азаматы қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болуы мүмкін , егер оның туындысы алғаш рет шет елге жарияланса немесе сол жерде белгілі бір объективтік нысанда болса , онда ол ҚР - ның бекіткен келісімдерінің күшінде және онымен бекітілген шектерді ғана қазақстандық авторлық құқықтың субъектісі болып табылады . Авторда субъективтік авторлық құқықтар туындыны тудыру фактісінің Нәтижесінде пайда болады . Оның құқықтарын заң әдебиеттерінде алғашқы деп тану қабылданған Авторлық құқық нақты сол алғашқы субъектi мүдделері жөнінде ерекшеқорғалуды көздеп отыр , яғни туындыны жасаушының , автордың өзінің авторлық құқығы оның өмірінің барлық сәтіне дейін танылады . Мұрагер - мирасқорға қатысты заңмен көзделетін авторлық - құқықтық қорғау уақытына байланысты шектеулі сипатқа ие ( автордың қайтыс болғанынан кейін 50 жыл ) . Авторлармен қатар авторлық құқықтың субъектілерімен қоса әдебиет , ғылым және өнер туындыларын жасауға қатыспайтын тұлғалар ( азаматтар мен ұйымдар ) танылады . Оларды құқықмирасқорлар дейді . Құқықмирасқорларға автордың туындысын пайдалану бойынша авторлық құқықтардың белгілі бір шеңбері өтеді Құқықмирасқорлар болып мұрагерлер , мемлекет , автордың туындысын пайдалану бойынша шарттық қатынастарды орнатқан ұйымдар ( баспалар , театрлар және т.б. ) саналады . Көрсетілген тұлғалардың құқықтарының шегі авторға қарағанда , сипаты бойынша туынды болып келеді , өйткені олар автордан өтеді . Авторлық құқықтың субъектілері ретінде мұрагерлер заң күшіне немесе өсиеттік нұсқауларға сай құқықты иеленеді . Заң мен өсиет бойынша мұрагерге туындыны жариялау , қайта жаңғырту және тарату құқығы , сыйақы алу құқығы тиесілі . Мұрагер шығарылған туындыларды пайдалану жөнінде мәселені шешуге , сондай - ақ әлі жарыққа шықпаған туындыларға да қатысты құқықтарды жүзеге асыруға құқылы . Мұрагер мен шын мәніндегі автордың құқықтарының айырмашылықтары олардың көлемінде ғана емес , сондай - ақ әрекет ету мерзімінде де айқындалады . Мұрагерлердің авторлық құқықтары автор қайтыс болғаннан кейін 25 жыл мерзім ішінде әрекет етеді . ҚР АК - нің 497 - бабына сай, туындыны шығару , көпшілік алдында орындау және өзге пайдалануға авторлық құқық мемлекетпен сатып алынуы мүмкін . Әр жағдайда туындының пайдалану тәртібі мен талаптарын анықтайтын Үкіметтің қаулысы қабылдануы тиіс . Мемлекет авторлық құқықтардың барлығын иеленуші болып табылмайды , ал тек қана жеке құқықтарға ие болады . Авторлық құқықтың субъектісі ретінде мемлекетті танудың өзге негізі болып туындыны мемлекет игілігі ретінде жариялау табылады . Бұл жерде заң авторлық құқықтың мерзімі өтіп кеткен туындыларға қатысты келтіріп отыр . ( АК - тің 496 бабы ) . Бұл жағдайда да мемлекет игілігі деп танылған туындыларды пайдаланудың тәртібі мен шарттарын анықтайтын Үкімет қаулысы қабылданады . Әрекет етуші заңнама авторлық құқықты заңды тұлғаларда арнайы бекітілген заңнама шегінде және жағдайында таниды . Азаматтық Кодекс энциклопедия , газеттер , журналдар , ғылыми еңбектердің жинақтары мен өзге де мерзімді басылымдарды шығарушы баспалар үшін туындыны ( кітаптар , журналдар , жинақтар , газеттер ) пайдалануға құқығын ( 479 - бап ) ; Кино - телестудиялар үшін - тұтасымен фильмді пайдалану құқығын 480 - бап ) ; эфирлік хабар тарату ұйымдары үшін - олардың бағдарламаларын басқа ұйымдарға тарату , жазу және қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын , сондай - ақ телебағдарламаларды көпшілік алдында қайта жаңғыртуға рұқсат беру құқығын ( 480 - бап ) танып отыр . Бірақ , бұл құқықтар заңмен авторлық деп аталмайды . Осындай ұстаным заңда авторлық құқықтарды шығармашылық ұжымның мүшелеріне - сценарий авторын біріктіретін , сазгер , суретші , режиссер - қоюшы , оператор және өзге Шығармашылық қызметкерлеріне бекітуге негіз бола алады . Өйткені , қатаң түрде алып қарайтын болсақ , кез келген жағдайда туынды нақты азаматтардың шығармашылық еңбегімен туындайды , ал заңды тұлғалар авторлар ( тудырушылар ) ретінде емес , олардың туындыларды пайдалану барысында тек авторлық құқықтық қатынастардың субъектілері ғана болуы мүмкін . " Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы " ҚР Заңы авторлық құқықтың субъектілерінің келесідей түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді :
1 ) автор (4 - бап ) ;
2 ) аудиовизуалдық туындылардың авторлары ( 13 - бап ) ;
3 ) жұмысберуші ( 14 - бап ) ;
4 ) мұрагерлер ( 29 - бап ) ;
5 ) авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар ( 43 - бап ) ;
6 ) өзге тұлғалар
Жекелеген авторлық құқықтардың субъектілері болып сабақтас құқықтардың субъектілері табылуы мүмкін - орындаушылар , фонограмма жасаушылар , эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдары ( " Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы " ҚР Заңның 36 - бабының 1 - бөлігі ) . Сонымен , авторлық құқық субъектісі пайда бола алмайтын фактілік құрамға үш элемент кіреді : 1 туындыны тудыру барысындағы автордың шығармашылық еңбегі ; 2.туындыны тудыратын нақты автордың немесе бірнеше тең авторлардың , немесе авторлық құқықта шартты түрде " заңды тұлға " түсінігіне біріктірілетін авторлардың тобының бар болуы ; 3.бекітілген талаптарға жауап беретін субъектіде авторлық құқықтардызаңмен танудың бар болуы . Осы үш жағдайлардың барлығының сәйкес келуі ғана авторлық құқықтың субъектісінің пайда болуына әкеліп соғады . Авторлық заңнама мен азаматтық кодекстің ережелерінен шыға отырып , " авторлық құқықтың субъектісі " түсінігі " автор " түсінігінен кең екенін көруге болады . Өйткені , авторлық құқықтарды ( туындыны пайдалану үшін айрықша құқықтар ) автордан басқа өзге тұлғалар да иелене алады ( мысалы , еңбек шарты бойынша автордың өз міндеттерін орындау тәртібінде туындыны тудыру жағдайында жұмысберуші нақты құқықтық қатынастарға байланысты қатысушысы болып табылатын автор ) . Авторлық құқықтың объектілері мен субъектілері . Кез - келген субъективті құқықтар сияқты авторлық құқықтың объектісі болып оның қатысушылырының құқықтары мен міндеттері неге байланысты пайда болып қайда бағытталса сол авторлық құқықтың объектіс болып табылады . Авторлық құқықтың объектілері : Азаматтық кодекстің 971 бабына сәйкес авторлық құқық әдебиет , ғылым және өнер туындыларына таралады . Шығармашылық әрекетінің басқа нәтижелерінен ерекшеленетін , белгілі бір нышаны бар туындылар ғана құқықпен қорғалады . Бұл нысандар заңның өзінде белгіленген . Ең алдымен туынды шығармашылық қызмет нәтижесі болу керек . Содан кейін оның көшірмесін қамтамасыз ететін объективті нысанда болу керек . Авторлық құқықтың объектісі болып табылатын туынды шығармашылық қызметтің нәтижесінде пайда болады , бірақ тек әдебиет ғылым және өнер саласына жататын туындылар ғана авторлық құқық объектілері болып саналады Заң әдебиеттерінде жаңа шығарма жасауға бағытталған жеке әрекеттер жатады . В. И. Серебровский бойынша шығармашылық бұл белгілі бір нәтижеге жету мақсаты бар саналы , көп жағдайда көп еңбек сіңіруді қажет ететін процесс . Шығармашылыққа саналы жұмыс және шығарған туындының жаңалығы тән болу керек Шығармашылық адамның саналы , жеке әрекеті туындыны шығарғанша оның санасында қалыптасады . Туындының болашақ үлгісі түпкі ой өз дамуында бірнеше кезеңнен өтеді . Түпкі ой - арман , түпкі ой жоспар , болашақ туындының үлгісі , түпкі ойды іске асыру , туындыны шығару . Бір кезеңнен екінші кезеңге өту шығармашылық процесті құрайды . Әрбір кезеңнің өз ерекшелігі бар . Олар авторға ақиқат болмысты түсініп , оны эмоциялық қабылдаумен салыстыруға көмектеседі . Сонымен қатар , шығармашылық әдістері мен стилі бойынша әртүрлі болады . Жаңалық тек туындыға ғана емес шығармашылық қызметке де тән болады . Автор бірегей туынды шығарған кезде және белгілі бір туындыға негізделіп жаңа туындыны шығарған кезде жаңалық байқалады . В. И. Серебровский бойынша шығармашылықтың элементі жаңалық - жаңа мазмұн , туындының жаңа формасы , жаңа идея , жаңа ғылыми концепция түрінде көрінеді . Шығармашылық әрекеттің жаңалығынан басқа объективті көрініс тапқан туынды жаңалығы болады . Ол заңмен бекітілген міндетті және жеке белгісі бар ғылыми немесе техникалық шығармашылық нәтижелері . Авторлық құқық объектілеріне байланысты заң жаңалық белгілерін анықтамаған . Заң әдебиеттерінде туындының жаңалығын оның тақырыбы , идеясы , мазмұны және формасымен байланыстырады . Туындының басқа белгісі объективті көрініс . Түпкі ой іске аспағанша қорғау объектісі де болмайды . Оның әдебиет , ғылым , енер туындыларына белгілі бір құқықтық реттеуді талап етеді . Әрбір шығарма белгілі бір көріну формасын иеленеді . Ол жазбаша , ауызша , қолжазба түрінде , сызу және т . б . Туындыны авторлық құқықтың объектісі ретінде тану үшін заң туындының аяқталуын талап етпейді . Туынды аяқталмаған болса да заңмен қорғалады . Авторлық құқық объектілеріне туындыны шығарған кезде автор пайдаланған эскиздер , жоспарлар және т.б. материалдар жатады . Туынды , оны авторсыз кешіруге болатындай объективті формада болу керек . Егер туындыны авторсыз көшіру мүмкін емес болған жағдайда , туынды авторлық құқықтың объектісі болып танылмайды . Авторлық құқық объектілерінің негізгі түрлері Авторлық құқық объектілерінің басым бөлігін әдеби шығармалар құрайды . Ой , сезім , идея және образ сөз арқылы берілгендіктен , бұл шығармалар ерекше болып келеді . Әдебиет шығармаларымен қатар өнер тундыларын да бөліп көрсетуге болады . Олар : музыкалық , хореографиялық , бейнелеу өнерінің шығармалары , кинофильм , телефильм және т . б . Музыкалық шығармалар ырғақпен байланысқан әуенді құрайтын дыбыстар арқылы көрініс табады . Олар оратория , симфония , соната , квартет және т . б.форма түрінде болады . Музыкалық шығармалармен қатар музыкалық - драмалық шығармалар да бар . Олар әдеби - драмалық негізге ( либретто ) сүйеніп , сахнада опера , балет және опера түрінде көрініс табады . Композитор музыкалық шығармаларды ерекше белгілермен жазады . Пантомима және хореографиялық шығармалар адам денесінің икемді қимылдары арқылы жасалады Музыкамен бірге хореография музыкалық - сахналық туындыны құрайды . Бейнелеу өнері туындыларының қатарында кескіндеме , мүсін өнері , графика , қолданбалы сәндік өнер , сурет және т.б. Авторлық құқықтың объектілеріне жататын архитектуралық туындылар инженерлік өнердің , бионика , кескіндеме , мүсін , ғылым , архитектура синтезі болып табылады . Бұл туындыларда ғылым , техника , өнер біріктірілген . Заң әдебиетттерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық субъектілері, түрлері
Авторлық құқық негiзгi жағдайлары
Автордың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары
Шығармашылық қызметпен байланысты қатынастарда азаматтық-құқықтық реттеу
Авторлық құқықтың объектілері
Авторлық құқық субъектілері
Авторлық құқық субъектілерінің түсінігі
Авторлық құқық жайлы
Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
Авторлық шартты рәсімдеу
Пәндер