АВТОКӨЛІКТЕРДЕН ШЫҒАТЫН ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
МАДИЯРОВ М.Н., КАЛЕЛОВА Г.Ж., МҰҚИЯТҚЫЗЫ К.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Өскемен қ.
АВТОКӨЛІКТЕРДЕН ШЫҒАТЫН ЗИЯНДЫ ЗАТТАР
ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ
Аңдатпа: Қазіргі заманды көліксіз елестету мүмкін емес. Біз қандай жұмыс істесекте оған тәуелдіміз. Бізге оның тек пайдалы жағын ғана ескереміз, ал зияны қандай оны ешкім ойламайды. Біз ескермесекте, ойламасақта оның зияны бізге әсер етуде.

Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс пен өнеркәсіп өндірісі қарқынмен дамыған жағдайда қоршаған ортаны қорғау басты мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаның негізгі проблемасының бірі - атмосфералық ауаның ластануы. Оған өнеркәсіптермен қоса біз қолданып жүрген автокөліктердің шығарындыларыда үлес қосуда.
Ауаның ластануының негізгі себебі жанармайдың толық және біркелкі жанбауында. Оның 15%-і ғана автомобиль қозғалысына шығындалады, ал 85%-і ауаға ұшып шығады. Сонымен қатар автомобиль двигателінің жану камерасы - бұл улы заттарды синтездеп және оны атмосфераға шығаратын өзінше бір химиялық реактор. Тіпті атмосферадағы азот жану камерасына түсіп улы азот қышқылына айналып шығады.Ішкі жану двигателінен шыққан газ 170 - тен аса зиянды компоненттерден тұрады, оның ішінде 160 - қа жуығы двигательдегі жанармайдың толық жанбауына басты себепкер болатын көмірсутек туындылары. Шыққан газда зиянды заттардың болуы ақыр соңында жанармайдың түрі мен жағдайына негізделеді.Шыққан газ автомобильдің механикалық бөліктерінен шыққан өнім, ал жол бетін антропогендік түзілістегі атмосфера шығындыларының жартысы құрайды. Автомобиль двигателі мен картер шығындылары көбірек зерттелген. Бұл шығындының құрамына азот, оттегі, көмірқышқыл газы және судан басқа көміртек оксиді, көмірсутегі, азот және күкірт қышқылдары, қатты бөлшектер сияқты зиянды компоненттер кіреді.Жанып шыққан газдың құрамы қолданылған жанармайдың түріне, майға, двигательдің жұмыс режиміне, оның техникалық күйіне және т.б байланысты.
Карбюрательдік двигательден бөлініп шыққан газдың уытттылығы көміртек оксидімен азот қышқылынан, ал дизельдік двигательден азот қышқылы мен қаракүйеден тұратынымен негізделеді. Зиянды компоненттердің құрамына беттік қабатында циклдік көмірсутегі адсорбцияланатын (олардың бірқатары концерогендік қасиетке ие) қорғасын мен қаракүйеден тұратын қатты шығарындылар жатады. Қатты шығындылардың атмосферада таралу заңдылығы газ тәрізді өнімдердің таралу заңдылығынанерекше.Ірі бөлшектік топ(диаметрі 1мм жоғары)топырақ пен өсімдіктің беткі қабатында эмиссия орталығына жақын орналаса отырып,ақыр аяғында топырақтың беттік қабатында ұлғая бастайды.Кіші бөлшектік топ (диаметрі 1мм кіші) ауа тозаңын түзіпауа массасымен үлкен қашықтықтарға таралады.
300 - 350 адам қаншалықты оттегін көмірқышқыл газына айналдырса, 80-90кмсағ жылдамдықпен қозғалған автомобиль дәл сондай мөлшерде айналдырады.Бірақ,бір мәселе тек көмірқышқылында ғана емес. Бар автомобильдің жылдық шығарған газы - бұл 800 кг көміртек оксиді,40 кг азот оксиді мен 200кг аса әрүрлі көмірсутегінен тұрады. Бұл жинақта өте қауіптісі көміртек оксиді.Өте жоғары уыттылығуна байланысты ауа атмосферасында оның рұқсат етілген мөлшері-1мгм текше кубынан-аспауы керек. Есігі жабық гаражда автомобиль двигателі қосылып қарған жағдайда адамдардың қаза болған жағдайлары белгілі. Бір орындық гаражда көміртегі оксидінің өлімге алып келетін мөлшері стартерді қосқаннан кейін 2-3 минут ішінде-ақ пайда болады.Жылдың суық мезгілдерінде жол шетіне түнеу үшін тәжірбиесі жоқ жүргізушілер кейде машинаны жылыту үшін двигатель қосады. Көміртек оксиді кабинаға кіріп кетуінен мұнай түнеу соңғы болуы мүмкін. Азот қышқылы адам үшін улы, сонымен қатар ол тітіркенгіштік әсер етеді.
Шыққан газдың құрамындағы өте қауіптісі концерогенді көмірсітегі,олар көбінесе бағдаршам қиылысында байқалады (6,4 мкг м текше кубқа дейін ол квартал ортасымен салыстырғанда 3 есе көп.) Этилденген бензинді қолданған кезде автомобиль двигателі қорғасын қосындысын шығарады. Қорғасын сыртқы ортада қалай жинақталсы,адам организімінде солай жинақталатындығымен қауіпті. Магистраль мен магистраль аумағын көгалдыру деңгейі автомобиль қозғалысы қарқындылығына, көше ені мен рельефіне, жел жылдамдығына, автобус пен жүк транспорттарының үлесі және т.б. факторларға байланысты. Сағатына 500 транспорттық бірлік қозғалыс қарқындылығы кезңінде автомагистральдан 30-40м қашықтықта ашық аймақта көміртегі оксиді мөлшері 3 есе төмендейді және нормаға жетеді. Тар көшелерде автомобиль шығындыларының таралуы өте қиын. Нәтижесінде қаланың барлық тұрғындары ауаның ластануынан зиянды әсерленге ұшырайды. Автомобильдің қатты шығарындыларының құрамына металл қосылысы ішінен біраз зерттелгені қорғасын қосылысы болып табылады. Бұл қорғасын қосылысы адам ағзасына және жануарлардың ағзасына сумен, ауамен, тағаммен бірге ене отырып зиянды әсер етуімен негізделеді. 50%-дейін қоғасынның күндізгі енуі, елеулі мөлшерде автомобильден шыққан газ құрайтын ауа арқылы енеді. Көмірсутегінің ауа атмосферасына тек автомобильмен жұмыс кезінде ғана емес, сонымен қатар бензин құйғанда болады.
Америкалық зерттеушілер мәліметі бойынша Лос-Анджелесте тәулігіне 350 тонна бензин ауаға ұшып кетеді. Бұған кінәлі тек автомобиль емес, адамның өзі. Бензин құйып жатқан кезде цистернаға аздап төгіп алады, тасымалдау кезінде қақпағын тығыз жабуды ұмытып кетеді. Жанармай бекетінде жерге бензин шашырайды соның нәтижесінде ауаға әр түрлі көмірсутек ұшып шығады. Әрбір жүргізуші барлық жанармайды толығымен бакқа құю мүмкін емес екенін, оның қандай да бір бөлігі міндетті түрде жерге таматынын біледі. Бірақ бүгінгі күні бізде қаншама автомобиль бар. Күннен күнге олардың саны артуымен қатар, атмосфераға ұшып шығатын зиянды заттар да артып келеді. Автомобильге құю кезінде төгілген 300г жанармайдың өзі 200 м текше куб ауаны ластайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Смог (түтінді тұман)
Лондон қаласындағы смог мәселесі
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
Смог
Өндірістік экология
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
Автомобильден шыққан газбен ауаның ластануы
Зерттеулердің әдістері мен көлемі
Рекреациялық және экскурсиялық объектілерге шолу. Алматы қаласының экологиялық жағдайын зерттеу және оның ластану көздерін анықтау
Атмосфералық ауаны ластаушы заттар
Пәндер