Тау жасалу және қатпарлықтар кезеңінің таралу аймақтарына талдау жасау және сипаттама беру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық Университеті

Жаратылыстану және география инстуты

Геология геоморфология негіздерімен

https://i.ytimg.com/vi/y5J6FzwNPn0/maxresdefault.jpg

Тақырып: Тау жасалу және қатпарлықтар кезеңінің таралу аймақтарына талдау жасау және сипаттама беру

Орындаған:Тоғайбай Зейін. Қ 6B01515 1-курс студенті

Тексерген:Боранкулова Дина. М . Геология геоморфология негіздерімен пәнінің оқытушысы

2020 ж

Жердің геологиялық даму кезеңі

Жер қыртысының алғаш қалыптаса бастау сәтінен қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Осы аралықта жер кыртысында әр түрлі тау жыныстары түзіледі. Жер қыртысы ғаламшарымыздың ішкі күштері әсерінен сан рет күшті қозғалыстарға ұшырап отырған. Бұл қозғалыстар жер қыртысының өзгеруіне ықпал еткен. Екінші жағынан, тау жыныстары сыртқы күштер әсерінен ұдайы үгіліп отырған. Үгілген борпылдақ жыныстар бір орыннан екінші орынға тасымалдануы нәтижесінде шөгінді жыныстарының жаңа қабаттары қалыптасқан. Жердің ішкі қабатында өте жоғарғы температурада пайда болған лавалар жер бетінің жарықтары аркылы көтеріліп жанартаулар пайда болған. Оның сыртқа тегілген лава жыныстары біршама жерге таралған. Мұны эффузиялық тау жыныстары дейді. Магманың жер бетіне шықпай қалған бөліктері жер астында бірте-бірте пайда болған мөлшеріне қарай суынып қатайған, сөйтіп олардың есебінен магмалық интрузиялык тау жыныстары қалыптасқан. Осылайша, Жер қыртысының қүрамы біртіндеп күрделене түседі. Бүл құбылыстар мезгіл-мезгіл түрақты түрде байқалады. Материктердегі ойыстар мен теңіз табанындағы шөгінді қабаттарында әр түрлі өсімдіктер мен жәндіктердің тасқа айналған қалдықтары ұшырасады. Бұл әрбір геологиялық дәуірдің тек өздеріне ғана тән тіршілік дүниесі болғандығын дәлелдейді

Тау жыныстарының жасын анықтау

Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік есептеу (геохронология) әдістерін пайдаланады.

Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын кұрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл заңдылық, бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырак болады. Бұл заңдылык дәлелдеуді қажет етпейді, егер астыңғы қабат болмаса, онда оны жауып жатқан үстіңгі қабат та түзіле алмайтыны түсінікті.

Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау үшін ежелгі геологиялық дәуірлерде тіршілік еткен жәндіктер мен өсімдіктер дүниесінің таска айналған калдықтарын зерттеудің маңызы зор. Тіршілік дүниесі жердің даму тарихында ең карапайым түрлерден басталып, ең күрделі түрлерге дейін дамып жетілген. Сөйтіп, ғалымдар Жер бетінде өмір сүрген тіршілік дүниесінің казба қалдықтарын және жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының құрамы мен құрылысын зерттеу негізінде Жердің даму тарихын бір жүйеге келтірді. Соның нәтижесінде геохронологиялық кесте жасалды. Ол 1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілді. Бұл кесте ғылымның дамуымен ұдайы жетілдіріліп отырылады.

Жер қыртысының даму тарихындағы эралар үзақ кезеңдерге топтастырылған. Жер тарихы бес эраға бөлінеді. Ең алғашқы тіршілік бастамасы - Жердің көне тарихына байланысты. Бұл уақыт архей (гр. ἀρχαῖος «археос» - көне тіршілік деген мағынада) деп аталады. Одан кейінгі уакыттар:

· протерозой (гр. πρότερος «протерос» - алғашқы),

· палеозой (гр. πᾰλαιός «палеос» - кене),

· мезозой (гр. μέσος «мезос» - орта),

· кайнозой (гр. καινός «кайнос» - жаңа) болып бөлінеді.

Геохронологиялық кестедегі кезеңдердің атаулары шегінді жыныстардың алғашқы табылған орындарына қарай, жергілікті жер атауларына (кембрий, девон, пермь, юра) немесе халыктардың атына (ордовик, силур), жыныстардың құрамына (тас көмір, бор) байланысты аталады. Хронологиялық кестенің жүйелерін ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған. Геологиялық карталарда индекстері (белгілері), оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді (мысалы, архей - AR), кезеңдердің индекстері оның латынша атының бірінші әріптерімен белгіленеді (мысалы, пермь - Р) .

Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау ісі ғалымдар XX ғасырдың басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын анщаннан кейін басталды. Әр элемент әр түрлі, бірақ қашан да тұракты жылдамдыкпен ыдырайтынын ғалымдар тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Мысалы, уран (торий) ыдыраған кезде қорғасын атомдары түзіледі. Уранның ыдырау жылдамдығын пайдалану арқылы тау жынысының жасын анықтауға болады, 100 грамм ураннан 74 млн жылда 1 грамм қорғасын бөлінеді.

Радиологиялық әдістерді қолдану нәтижесінде жер кабаттарын құрайтын көптеген тау жыныстарының жасын анықтауға мүмкіндік туды.

Яғни жердің жасын анықтауда салыстырмалы және абсолюттік әдістердің негізінде геохронологиялық кестені құрастыруға мүмкіндік алған, Геологиялық уақыт аралығында жер қыртысы жиі өзгерістерге ұшырап, ұдайы дамып отырады. Оған, ең алдымен, Жердің ішкі энергиясы мен қысым әсерінен жүретін түрліше козғалыстар әсер етеді. Жер қыртысындағы құрылымдарды қалыптастыратын бұл ішкі күштерді тектоникалық қозғалыстар деп те атайды.

Тектоника - жер қыртысының дамуын және оның ішкі күштер мен әртүрлі дәрежедегі иіліп-майысулар өсерінен өзгеруін зерттейтін геологияның бір саласы.

Тектоникалық қозғалыстардың ең маңыздыларының бірі - материктердегі тау құрылу процестері. Олар қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жерсілкінулері, тау жыныстарының құрамы мен құрылымының күрделі езгерістерімен қатар жүреді. Жер қыртысының геологиялық даму тарихында бірнеше рет күшті тау құрылу кезеңдері болған, оларды тау қатпарлықтары деп те атайды.

Жер қыртысының архей мен протерозой эраларында қалыптасқан неғұрлым тұрақты құрылымдарын платформа деп атайды.

Тектоникалық деректер бойынша, жер қыртысы дамуындағы ең ежелгі тау қатпарлығы ретінде байкал қатпарлыгын атайды. Бұл қатпарлық протерозойда басталып, палеозойдың басында аяқталды.

Байкал қатпарлығының құрылымдары мен олардың ерекшеліктері алғаш рет Байкал көлінің маңындағы тауларда анықталған, қатпарлық аты осымен байланысты қойылған. Сонымен қатар байкал қатпарлығының іздерін Шығыс Саян, Таймыр, Кореяжәне Арабия түбектерінен кездестіруге болады. Бұл кұрылымдар кейінгі тау жасалу қозғалыстары әсерінен өзгерістерге ұшыраған.

Палеозойдың силур, девон дәуірлерінде каледон қатпарлығы жүрді. Бұл таулар кейінгі герцин қатпарлығында көтерілген таулармен жымдасып, біртұтас тау жүйелерін түзді. Палеозойлық құрылымдардың басым көпшілігі кейінгі тектоникалық қозғалыстарәсерінен майысуларға ұшырап, ұзақ уақыт теңіз табанына айналды.

Теңіздік шөгінділерің қарқынды жиналуы жүрген бұл құрылымдар қазіргі кезде мұнай мен газға бай аудандар қатарына жатады. Палеозойлық іргетас мезозой және кайнозой жыныстарымен жабылған, салыстырмалы түрде тұрақты, жер бедері тегіс, жазық болып келетін мұндай құрылымдар жас платформалар немесе эпигерциндік (герциннен кейінгі) плиталар деп аталады. Олардың ең ірілеріне: Еуразияда Батыс Сібір, Тұран, Батыс Еуропа; Солтүстік Америкада Мексика шығанағы жағалауы жатады. Палеозойлық құрылымдар құрлықтың оқшау жатқан ежелгі бөліктерін біріктірген. Олар қазіргі материктердің негізін құрайды. Құрлыктың континенттік шөгінділер қалың жиналған бөліктерінде қазіргі ірі көмір алаптары қалыптаса бастады.

Мезозой эрасында бірнеше тау түзілу кезеңдерін біріктірген, жалпы атпен мезозой қатпарлығымеп аталған тау жасалу процесі қарқынды жүрді. Солтүстік жарты шар материктерінде бұл қатпарлық өте үлкен аумақты қамтып, ірі тауm жүйелерінің түзілуіне себепші болды. Мұндай құрылымдарға Кордильера, Солтүстік-Шығыс Сібір мен Сихотэ-Алинь таулары, Тибет жатады. Осы кезенде оңтүстік жарты шар материктерінде салыстырмалы түрде тыныштық жағдай орнады.

Палеогеннің соңы мен неогенде жүрген қарқынды тау жасалу қозғалыстары альпі қатпарлығы деп аталады. Бұл қатпарлықта Еуразиядағы аса ірі Альпі-Гималай геосинклинальдық белдеуінде орналасқан тау жүйелері көтерілді. Алыпі қатпарлығында тектоникалық әрекеттердің аса қаркынды жүруі бұл белдеуге көршілес орналасқан ежелгі тау құрылымдарының қайта жаңғыруына, көтерілуіне себепші болды.

Бұл күштер неотектоникалық қозғалыстар деп аталады, себебі бұл қозғалыстар әсерінен терең тектоникалық жарықтар пайда болып, салыстырмалы түрде ежелгі құрылымдар қозғалмалы (сейсмикалық) аудандарға айналды. Неотектоникалық қозғалыстар Тянь-Шань, Алтай, Саян, Байкал тау жүйелерін қамтыды, олардың әсерінен бұл аймақтарда тауаралық ірі қазаншұңқырлар қалыптасты.

Кейбір аудандарда терең жарьщтар жердің терең кыртысы аркылы мантияға дейін жетіп, рифтілер қалыптасты. Мүндай рифтілер катарына Байкал көлі мен Өлі теңіз табанындағы жөне Шығыс Африкадағы Үлы жарьщтар жатады. Терең тектоникалық жарьщтар бойында көл казаншүңкырлары орналасады. Дүниежүзілік мұхит табанында рифтілердің ең ірі жүйесі таралған, олар суасты орта жоталарына сәйкес келеді.

Материктердің Тынық мұхитпен жалғас бөліктері қазіргі кездегі тау жасалудың ең қарқынды жүріп жатқан аудандары болып табылады, бұл аймақ Тынық мұхиттық жанартаулық белдеу деп аталады. Бұл белдеуде қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жерсілкінулер тоқтаусыз жүріп жатыр. Жанартаулық белдеу бойымен материктік литосфералық тақталардың аумағы біртіндеп ұлғаюда.

Қазіргі кезде құрлық пен мұхит табандарында 800-ден астам сөнбеген жанартау орналасқан. Олардан жылына 6 млрд тоннадан астам эффузивті жыныстар лава түрінде жайылып, жер қыртысын қалындатады

.

Стратиграфия - геологияның бөлімі, тарихи геологияның негізі. Стратиграфия тау жыныстарының жатыс формаларын, олардың бір-біріне қатынасы мен горизонтальды және вертикальды бағыттарда ауысуларын зерттеп, жастарын анықтайды.

Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрлымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі ұңғыма үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өзен кен орнының мұнайгаздылығы юра және кейде бор шөгінділеріне байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор-газды, XIII-XVIII горизонттар - жоғарғы және орта юра - кен орнының негізгі мұнай - газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XIX - XXIV горизонттары мұнайгазды.

Пермь - триас (РТ) шөгінділері Өзен кен орнының ең көне жыныстары болып табылады.

Пермь - триас жүйесі (РТ)

Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикті құмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі триас (Т) шөгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті құмтастармен орын алады. Бұл шөгінділердің оңтүстік Маңғыстаудағы қалындығы 440 метрге жетеді, жабынында шайылудың ізі бар.

Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды туфтар қабатшалары бар қара және қарасұр аргиллиттер, әктастар, алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бұл шөгінділерің жалпы қалыңдығы 1500 - 1600 м болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау тобына бөлінген.

Юра жүйесі (J)

Юра жүйесі шөгінділерінде барлық үш бөлім де кездеседі: төменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300 м.

Төменгі бөлім (J1)

Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар, алевролиттер мен саздың араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және ақшыл сұр, көбіне ұсақ және орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса кездеседі. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды құмтастарға ауысады. Құмтастар мен алевролиттер цементі сазды немесе сазды - кремнийлі. Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде қоңыр. Олар әдетте аргиллитке ұқсас және көмір тектес затпен байытылған. Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы негізінен қиғаш қабатталады. Төменгі юраның жабынында сазды бүйрек тәрізді құрлымы дамыған, оның қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт өзгерістерге ұшыраған. Төменгі юра шөгінділерінің қалыңдығы 120 - 130 м. Төменгі юра қимасында XXIV-XXV екі өнімді горизонт айқындалған. Ортаңғы бөлім (J2) Оңтүстік Маңғыстаудың орта юра шөгінділері мұнайгаздылығы жағынан ең ірісі. Сондықтан орта юраны бөлшектеп стратиграфиялық мүшелеу өнімді горизонттарда олардың корреляциясын айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада жалпы қалыңдылығы 700 м аален, байос және бат яру стары айқындалады.

Аален ярусы (J2а)

Аален ярусы негізінен мортсынғыш, құмды - галькалы жыныстардан құралған және орта юра қимасының базальді қабаты ретінде қарастырылуы мүмкін. Ярустың қимасында сұр және коңыр әртүрлі түйіршікті құмтастар басым, олардың арасында орта және ірі түйіршіктілері кең жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады. Аален құмтастары мен гравелиттерінің цементі негізінен сазды, кейде карбонатты және байланысқыш түрлі болады. Біршама көп жұқа қабаттар түрінде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ галькалы конгломераттар да кездеседі. Саздар әдетте, сұр, қарасұр, кейде қоңыр түсті, тығыз, аргиллитке ұқсас. Ярустың жалпы қалыңдығы 330 м. Аален мен байос ярустары арасындағы шекара XXII горизонттың табанымен өтеді.

Байос ярусы (J2 b)

Байос шөгінділері ең көп және барлық жерде тараған. Байос ярусының шөгінділері негізінен арасында көмір қабатшалары бар алевролиттер мен саздардан құралған континентальды фациялармен белгіленді. Байос ярусы қимасының төменгі бөлігінде сазды және алевролитті жыныстар жоғарғы бөлігінде құмтасты жыныстар басым. Олардың қалыңдығы 500 - ден 520 м-ге дейін өзгереді. Зерттеулер кешені бойынша байос ярусының шөгінділері екі подярусқа бөлінеді.

Төменгі байос (J2 b1)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасына физикалық-географиялық сипаттама
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
Жетісу алатауының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктері
Жетісу алатауының солтүстік бөлігінің физикалық-географиялық орны
Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері
Мұғалжар тауына физикалық – географиялық сипаттама
Жер қыртысы
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Тасмола археологиялық мәдениетінің әскери қару-жарақтары және ат әбзелдері
Ұлы көлдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz