Кәсіпорындағы баға белгілеу әдістері


Кәсіпорындағы баға белгілеу әдістері
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі - баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес. Жалпы баға - күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.
Өмірде баға белгілеудің мынадай мақсаттары қойылады:
- Нарықта қалуды қамтамасыз ету;
- Пайданы мейлінше молайту;
- Нарық үлесін жаулап алу;
- Тауар сапасы бойынша берілген нарықта жетекші орынды алу.
Көтерме саудамен айналысатын ірі саудагерлерді, фирманың өндірістік мүмкіндіктерін пайдалану, тауар имиджін жасауда баға белгілеудің мақсаттары болуы мүмкін.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға өткен бастапқы кезеңінде көптеген фирмалардың баға белгілеудегі басты мақсаты - нарықта сақталып қалуды қамтамасыз ету болса, қазіргі жағдайда күнделікті ағымдағы пайданы мейлінше молайту мен нарық үлесін жаулап алу алға шықты.
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайы жақсарса, баға белгілеудің де мақсаттары өзгереді. Ағымдағы пайданы молайту жаңа, беделді, стандартты емес тауарлар өткізілген кезде ғана баға белгілеудің мақсаты бола алады.
Егер нарықта бәсеке деңгейі едәуір жоғары болса, көбіне баға белгілеудің мақсаты - нарық үлесін жаулап алу деп қабылданады. Мұндай жағдайда бәсекелестік бағаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ, нарық жағдайларына үнемі бейімделіп отыру баға дифференциясының болмауына әкеледі.
Фирма белгілі бір көрсеткіштері бойынша нарық лидері болғысы келеді, бұл оның шығындарын азайтып, пайда алуға көмектеседі. Өнім сапасын жоғарылату көптеген шығындарды талап етеді, әйтсе де бұл шығынның орны тұтынушы сапалы, озық тауарды жоғары бағамен сатып алуға әзір болғандықтан, тез толады. Фирма басшылары бағаны есептеудің әдістерін таңдап, ең жоғары және төмен бағаның ықтималды деңгейін бекітеді. Бағалық стратегия шығынға, сұранысқа, бәсекеге, тауардың өмірлік цикл кезеңіне негізделіп, айқындалуы мүмкін.
Нарық түрін бағалау фирма стратегиясын жасаудағы нақты бір әдісті таңдауының маңызды шарты болып табылады. Нағыз бәсеке нарығы (полиполия) белгілі бір өнімді сатып алатын және сататын көптеген сатып алушылар мен сатушылардан тұрады. Мұндай нарықта ешбір сатушы, не болмаса сатып алушы күнделікті ағымдағы бағалар деңгейіне көп әсер ете алмайды. Сатушы нарықтық бағадан жоғары баға қоя алмайды, өйткені сатып алушы бұл тауарды төмендеу бағамен басқа бір сатушыдан сатып алуы мүмкін. Мұндай нарықта бәсекелестік баға белгілеу стратегиясын қолданған дұрыс болады.
Қазіргі экономикалық теорияда қарастырылатын бағаның формуласы жетілген бәсеке жағдайында бір жағынан шекті пайдалылық, екінші жағынан шекті шығындарға сәйкес келіп, сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінде орналасады.
Олигополиялық нарық бір-біріне өте сезімтал бірнеше сатушылардан тұрады. Тауарлар ұқсас немесе біртектес болуы мүмкін. Мұндай нарыққа жаңа сатушылардың енуі қиын. Олигополист өз бағасын түсірсе де, оны осы деңгейде ұстап қала алатынына сенімсіз болады. Алайда бағаның өсуі бәсекелестерге әсер етпеуі мүмкін, тек мұндай жағдайда фирма тұтынушылары бәсекелестерге кетіп қалуы мүмкін. Мұндай нарықта көбіне бағалық жетекшіге қарап, баға белгілейтін бейімделу стратегиясы қолданылады.
Монополистік бәсеке нарығы тауардың әр түрлі нұсқаларын ұсынуға байланысты кең диапазонды бағалар туралы мәмілелер жасайтын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Мұнда дияяеренциалды және бәсекелестік баға белгілеу стратегиясын қолдануға болады.
Нағыз монополия жағдайында нарықта тек бір сатушы ғана болады. Ол өз саясатын нарықты кеңірек жаулап алу мақсатымен жүзеге асырады. Мұндай нарықтағы баға монополист бағасына байланысты болады. Егер монополист әлеуметтік және қайырымдылық мәселелерін шешіп жатса, баға шығындар деңгейінен төмен де болуы мүмкін. Егер ол пайданың өсуін көздесе, баға шығындардан артып, көп жоғарылайды. Әрине, монополистер пайданы ең көп шамаға ұлғайтуға ұмтылады, бірақ оған бағаны монополияға қарсы реттеу тосқауыл бола алады. Баға стратегиясын жасаған кезде микро және макро ортаны талдап, ондағы факторлар өзгерістерінің тенденциясын анықтау керек.
Жалпыға баға үш тәсіл арқылы анықталады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz