МЕДИАКРАТИЯ ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДАҒЫ БАҚ ЖӘНЕ БИЛІК


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қожамжарова Самал,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

журналистика факультетінің 1-курс магистранты

МЕДИАКРАТИЯ: ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДАҒЫ БАҚ ЖӘНЕ БИЛІК

Аңдатпа

Күрделі динамикалық жүйенің бөлігі ретінде заманауи қоғам өмірінің салалары бір-бірімен тығыз байланысты. Билік - бұл саяси салада, ал бұқаралық ақпарат құралдары - рухани салада пайда болған әлеуметтік институт. Бұл мақалада осы аталған екі әлеуметтік институттардың байланыс нүктелері қарастырылған.

БАҚ адамдардың әлеуметтік және жеке өмірінде маңызды рөл ойнайды. Бір жағынан сол арқылы адамдардың көзқарасын, түсінігін қалыптастырады, жеке шекараны бұзып, ақпаратты бұрмалауға қабілетті. БАҚ-тың осы мүмкіндігін билік өз мүддесіне пайдалануы немесе екі өрістің арасында келіспеушілік туындауы мүмкін. БАҚ биліктің қолшоқпары бола ма әлде өзін қорғай ала ма?

Мақалада биік пен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы қарым-қатынасты анықтау мақсатында зерттеу жұмысы жүргізілді. Оған қоса мақалада бұқаралық ақпарат құралдары мен биліктің өзара ықпал ету мүмкіндіктері талданды және екі жақты ықпалға мысал келтірілді.

Кілт сөздер: билік, саясат, бұқаралық ақпарат құралдары, инфосфера, әлеуметтік институт, бұқаралық сана, қоғамдық пікір, коммуникация процестері, халық, қоғам, конфликт.

Аннотация

В рамках сложной динамической системы сферы современного общества тесно переплетены. Власть - это социальный институт, возникший в политической сфере, а СМИ - это социальный институт, возникший в духовной сфере. В этой статье обсуждаются точки соприкосновения этих двух социальных институтов.

СМИ играют важную роль в социальной и личной жизни людей. С одной стороны, он формирует отношение и восприятие людей, способен нарушать личные границы и искажать информацию. Власти могут воспользоваться этой возможностью для СМИ или не согласиться между двумя областями. Станут ли СМИ перчаткой для власти или смогут защитить себя?

В статье проведено исследование с целью определения взаимоотношений верхушки и СМИ. Кроме того, в статье анализируется возможность взаимодействия СМИ и власти и приводится пример двустороннего влияния.

Ключевые слова: власть, политика, СМИ, инфосфера, социальный институт, массовое сознание, общественное мнение, коммуникативные процессы, люди, общество, конфликт.

Abstract

Within the framework of a complex dynamic system, the spheres of modern society are closely intertwined. Power is a social institution that has arisen in the political sphere, and the media is a social institution that has arisen in the spiritual sphere. This article discusses the points of contact between these two social institutions.

The media play an important role in the social and personal life of people. On the one hand, it shapes people's attitudes and perceptions, is capable of violating personal boundaries and distorting information. The authorities can take advantage of this media opportunity or disagree between the two areas. Will the media become a glove for the authorities or can they defend themselves?

The article conducted a study to determine the relationship between the top and the media. In addition, the article analyzes the possibility of interaction between the media and the government and provides an example of bilateral influence.

Key words: power, politics, mass media, infosphere, social institution, mass consciousness, public opinions, communication processes, people, society, conflicts.

Кіріспе

Қазіргі заманда дөңгелеп бара жатқан уақыт деген дөңгелектің арынына ілесе жүріп, қоршаған орта мен қоғамның болмысы да, адамдардың санасы мен көзқарасы да үзіксіз өзгеріп жатыр. Күніне көлдей жаңалық ашылып жатқан ХХІ ғасырда ақпараттың құндылығы артып, қоғамның қай саласында болмасын ақпаратқа көп көңіл бөлініп келеді. Оның үстіне қазіргі ақпараттық қоғам «инфосфераны» тудырды. Ондағы медиа-коммуникация мақсатты түрде жұмыс жасау, хабар тарату және ақпарат алмасу процесіне айналып отыр [1] .

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - көпшілік қауымға, қалың жұртшылыққа қандай да бір істің барысы, әртүрлі оқиғалар желісі мен қоғамдық және т. б. құбылыстар, жаңалықтар туралы жалпылама мәлімет, хабар тарататын нысандардың (радио, теледидар, газет, журнал, әлеуметтік сайттар т. б. ) жиынтығы. Бұл қоғамның сан саласынан ақпарат жинауды, оны өңдеуді және таратуды қамтамсыз ететін, көпшілік қауымға ұсынатын әлеуметтік мекеме [2] .

Қоғам мен қара халық үшін БАҚ-тың рөлі қашанда ерекше болғаны белгілі, өйткені бүкіләлемдік қоғамның, барша әлеуметтің пікір қалыптастырып, ойын өзгертуінің негізгі көзі осы бұқаралық ақпарат құралдары екені ақиқат.

Қазіргі кездегі әлеумет пен қоғам үшін бұқаралық ақпарат құралдары маңызды әлеуметтік институттардың біріне айналған, оның себебі - олар күнделікті өмірдегі саясат, билік, денсаулық сақтау, дін, білім беру сияқты қоғамның барлық саласына әсер етеді. БАҚ-тың қоғамдық сананың қалыптасып, ілгері қызмет етуінде және келешек эволюциясында атқаратын рөлі өте маңызды. Сол үшін оларды бұқаралық мәдениеттің негізі деп айтуға болады. Басқаша айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы ақиқат пен когнетивті құрылымның арасында делдал қызметін атқарады [3, 56б] . Бұл нәрселерді қос тарапты да қанағаттандыратын ауқымы үлкен құрал ретінде қарастыруға әбден болады.

Талай жыл бойы бұқаралық ақпарат саласында сан түрлі зертеу жүргізген америкалық политолог, қоғамтанушы ғалым Г. Лассуэлдің пайымдауы бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары қоғам өмірінде маңызды төрт функияны орындайды:

- әлемді бақылайды, яғни дүниежүзінде болып жатқан өзгерістер мен түрлі жаңалықтар төңірегінде ауқымды түрде ақпарат жинап, оны қалың көпшілікке таратады;

- жиналған ақпараттарды халықтың ыңғайына қарай өңдейді, талдайды және түсіндіреді;

- қоғамның барлық саласы мен мүшесіне ортақ пікірді қалыптастыруға үлесін қосады;

- мәдениетті таратады; [4, 117б]

БАҚ-тың қызметі мұнымен шектеліп қалмайды. Біршама уақыттан бері бұқаралық ақпарат құралдары саяси үдерістің құралдарының біріне айнала отырып, саяси салаға көбірек назар аударып, саясатқа араласып жатыр. Сондықтан олардың тағы бір маңызды функциясы ретінде қоғамды саясаттандыру және қарапайым халықтың саяси тәрбиесін қалыптастыруды атап өтуге болады. Осы орайда «БАҚ-тың саяси салаға қандай әсері бар?» деген сұрақ тууы мүмкін.

Біріншіден, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы саяси институттардың, мысалы биліктегі партиялардың жалпылама ұйымдық құрылымының бұзылуына, ыдырауына ықпал ете алады. Олар белгілі бір партияның әлеуметтік базасын «тоздырып», абырой-беделін түсіріп, партияның сайлаушылар, яғни халықтың алдындағы ықпалын әлсірете алады. [5, 219б]

Дүниежүзі тарихына көз жүгіртер болсақ, БАҚ-тың мұндай қабілетіне көз жеткізіп, оның қоғамдағы саяси ықпалына дәлелдер келтіруге болады. Мәселен 1960 жылы АҚШ-та өткен президент сайлауында сенатор Джон Кеннеди елдің сол кездегі вице-президенті Ричард Никсонды жеңген еді. Осы жылдары, яғни ХХ ғасырдың 50-жылдардың соңғы мен 60-жылдардың басында БАҚ-тың ауқымды бөлігі ретінде теледидар саяси аренада «алғашқы қадамдарын» жасап, көпшілікке бейтаныс сенатордың жеңісін пайдаға асырды. Одан кейінгі жылдары да сайланушы үміткерлер арасындағы пікірсайыстарды тікелей эфирден көрсету арқылы саясаттың ажырамас серігіне айналды.

Сонымен қатар БАҚ биліктің жанында кедергі тудыратын маңызды оргндар мен ірі кәсіподақтар болмаған кезде саяси жүйенің шындығын әшкерелеп, оппозиционер ретінде әрекет етті. Мұны өткен ғасырдағы әлем елдеріндегі тоталитарлық жүйенің күйреген кездерінде байқауға болады. Біздің еліміз тәуелсіздік алмай тұрып коммунистік типтегі тоталитарлық жүйе - КСРО-ның құрамында болғаны белгілі. Жиырмасыншы ғасырдың 1950-70 жылдары сол КСРО үкіметінің тоталитарлық жүйесі үлкен дағдарысқа ұшырады. Осы үдерісте, тарихи маңызы бар оқиғада БАҚ-тың атқарған рөлі мол болды.

1953 жылға дейін мемлекетте өзінің қатал билігін жүргізіп келген И. В. Сталин қайтыс болып, биліктің тізгінін Н. С. Хрущев өз қолына алғаннан кейін елде саяси-экономикалық және әлеуметтік салаларға айтарлықтай әсер еткен жүйелік дағдарыс орнады. Идеология тоталитарлық жүйенің негізін қалайтын болғандықтан, сондай жүйені қолданып отырған мемлекеттерде «көсемнің» жетістіктері идеологияны негізге ала отырып үнемі бұқараға жария етіледі, жеке тұлғаның жеке басына табынушылық сияқты жағымсыз әрекеттер орын алады. Билікке келген Н. С. Хрущев халыққа социализмнің мұндай жаһандық міндеттерді шешуге әлі дайын болмауына байланысты экономикалық дамуда капиталистік елдерден (АҚШ пен Еуропадан) озу мүмкін емес екенін түсіндіріп бақты. БАҚ құралдары басшының айтқанын жарыса жазып, одан соң халықтың көкейінде коммунистік тиімділігіне деген күмән туды.

Онымен қоймай мемлекет басшысы екінші рет қателікке ұрынды. Ол саясатқа қатысты біраз нәрсенің байыбын түсінбейтін халықтың алдында бұрынғы басшыны сынады (Сталиннің жеке басына табынушылықты жоққа шығарды, былайша айтқанда, оның жүргізген саясатының көлеңке тұстарын әшкереледі) . Сол оқиғадан кейін бірқатар айыптауладың салдарынан мемлекетте орнаған тоталитарлық жүйеге деген халық сенімі, басшының халық алдындағы абыройы мен беделі түбегейлі жойылды. КСРО-ның билігін қоршап тұрған қамал барған сайын әлсіз, уақыт өткен сайын жіңішкеріп, аласа бола бастады. Ақыры БАҚ дегеніне жетіп, 1980 жылы «қайта құру» басталды да, пікірлер плюрализмі, сөз бостандығы, сын еркіндігі пайда болды. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет пен халықтың арасындағы көпірге айналды және билік басындағылар қара халықтан ештеңе жасыра алмайтын болды.

Осындай оқиғалардан кейін 1988 жылы партияның он тоғызыншы конференциясы өтіп, сол конференцияда алғаш рет мемлекеттің одан әрі дамуына қатысты мәселелер талқыланып, әртүрлі көзқарастар ұсынылып, сан алуан пікірлер айтылды. Бұл конференцияның соңында мемлекеттегі саяси жүйені түбегейлі реформалау туралы шешім қабылданды. Осы шешімнің ақыры «қайта құру» партиялық номенклатурасының құдіретін түпкілікті жоюға, одан кейін тоталитарлық режимнің күйреуіне және соңынла КСРО-ның біржола ыдырап, үкіметтің құлауына әкеліп соқты. Осылайша бұқаралық ақпарат құралдары осы жүйенің саяси тұрғыда жеңіліс табуына ықпал еткен күштердің бастаушысы, ұйымдастырушысы және қуатты стимуляторы рөлін атқарды.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары өз жазбаларында, мақалалары мен түрлі жобаларында, баяндамаларында биліктің былығын күллі жұртқа жария ете алады. Мысал ретінде «Washington Post» газетінің Уолтергейт жанжалын бүкпесіз әшкерелеп, кейін сол іс қайта қаралып, Конгресстеге сот отырысынан тікелей эфир таратқанын айтуға болады. Бұл оқиғаның соңы АҚШ-тың сол кездегі президенті Р. Никсонның билігін тоқтатып, қызметін босатуына әкелді [5] .

Оған қоса тарихта бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысына қарсы қоғамдық пікірді қалыптастырып, биліктің беделін түсіріп, халықты билікке қарсы жұмылдырғаны туралы деректер бар. Сол арқылы БАҚ мемлекет президенттері Л. Джонсон мен Р. Никсонның саяси аренадан аластатылып, орындарын босатуына ықпал еткен болатын. Жалпы осы батыс елдерінде демократияның іс жүзінде орнағанын БАҚ-тың әл-ахуалынан байқауға болады.

Дамыған елдерде саяси салаға араласып, түрлі жанжалдар мен алаяқтық, құпия қылмыстар мен басқа да үкіметтің көлеңкелі тұстарын зерттеп, ашып көрсететін БАҚ жеткілікті. Оларға деген халықтың ықыласы да жоғары деңгейде. Мысалы Германиядағы «Шпигель» және «Штерн» газеттері, АҚШ-тағы Washington Post, Los Angeles Times және тағы да басқа осындай басылымдар. Бұқаралық ақпарат құралдары билеуші топтардың нақты әрекеттерін шектеу, олардың тарапынан заң бұзушылықтарды әшкерелеу тұрғысынан билікке ықпал ете алады. Бұқаралық ақпарат құралдарында бұны «зерттеу журналистикасы» деп атайды. «Бірқатар басылымдар« тергеу рухына »толығымен еніп, олардың оқырмандар үшін маңызы дәл осы құпияларды ашуға, ашуға бағытталған» [6] .

Қорытынды

Бұдан шығатын қорытынды - бұқаралық ақпарат құралдары билікке оппозиция ретінде қарсы әрекет ете алады және оны өзгертуге құзіретті. Сонымен қатар тарихта түрлі жағдайларға байланысты БАҚ-тың үндеу жариялап, билікті әшкерелеп, тіпті мемлекетте төңкеріс ұйымдастырғаны туралы деректер кездеседі. Бірақ бұл саяси салаға араласқан БАҚ өкілдерінің бәрі жетістікке жетеді деген сөз емес. Себебі билік төңірегінде қалам тербеген талай журналист қызметтен аластатылып, талай жобаның қанаты қиылғаны белгілі. Осындай билік пен БАҚ-тың бейқалыпты байланысынан медиакратия ұғымы туындайды.

Медиакратия - саяси тенденциялардың шешімін табу барысында саяси коммуникация аясына БАҚ-тың тигізер ықпалы. Медиакратия әуелгі пікірталас туындаған саяси ортада емес, медиа кеңістігінде оның мүддесін көздеп қана қоймай, билігін, әсерін көрсетеді. Бірақ медиакратия мен «төртінші билік» деген терминнің арасында едәуір айырмашылық бар екенін атап өткен жөн.

Төртінші билік ұғымын журналистиканың қоғамдағы кез келген салаға ықпал етіп, ғылымның шеңберінде билігін жүзеге асырар бастамасы деп қарастырсақ, медиакратияның мәні бөлек. Дарынды биолграф, тәжірбиелі репортер Томас Мейердің айтуы бойынша, «медиакратия - бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси пікірталастың алаңы, яғни ол саясатпен арадағы бұлжымас шекараны белгілейді» [8] . Ал «Mass media және телекоммуникация терминдерінің қазақша-орысша-ағылшынша анықтамалық сөздігінде» медиакратия ұғымын «төртінші билік» сөзінің ауыспалы мағынасы деп түсіндіреді. Unwords. com сайтында 2012 жылы жарияланған мақалада осы териннің мәнін «демократияның бұрмалануының нәтижесінде танымал бұқаралық ақпарат құралдарының билікті өз қолына алуы, билікте отырған саясаткерлер күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді бір шетке ысырып тастап, тек бұқаралық ақпарат құралдарына мән беретін жүйе» деп түсіндірген. Осы ұғым туралы 2002 жылы жарық көрген «Бұқаралық ақпарат құралдарының энциклопедиялық сөздігі» атты кітапта «медиакратия - бұл утопиялық термин, себебі мұнда экономика, әлеумет, білім беруден бастап саясат пен халықаралық қатынастарға дейінгі барлық сала медианың бақылауында болады, сонымен қоймай коммуникацияның концептуалды аппаратына енгізілген бұқаралық ақпарат құралдарының фетишизациясын және шындық пен болашақ туралы ойдан шығарған идеяларды бір негізде құруға бағытталған манипуляция әрекеттерін одан әрі ынталандыратын тұжырымдама» деген анықтама берілген. Демек медиакратия қоғамның барлық саласын түгел қамтитын, билік пен БАҚ-тың арасын жалғайтын қысқа көпір. [9]

Заманауи қоғамда Қазақстанда да, көршілес мемлекеттер мен батыстағы елдерде де кейбір саясаттанушылар, саяси саланың өкілдері журналистика мен саясаттың өзара байланысын жағымсыз тұрғыдан сиапаттап, журналистиканы постмодернистік қоғамда билікті тарату үдерісіндегі жүйе ретінде қарастырады. Бұрындары жақсы жағынан бағаланатын демократиялық процестегі медиа жүйесінің рөлі әлеуметтік саладағы постиндустриалды тенденциялардың дамуының салдарынан негативті күйге ауысты. Қазір елімізде БАҚ биліктің ыңғайына жұмыс істейді.

Қазақстанда таралып жатқан ақпараттың екі ғана иесі бар. Бірі - мемлекет, екіншісі - олигархиялық топтар. Оппозициялық басылымдарды үшінші топқа жатқызуға болады. Олар халыққа, оқырманға жақын. Бірақ ондай БАҚ-тың ғұмыры ұзаққа бармайды не болмаса мемлекет тарапынан қысым көріп жатажы. Мысалы демократиясы балаң Қазақстанның алғашқы оппозициялық басылымы 1998 жылы «Дат» деген атпен өмірге келген. Десе де басылымның атауы содан бері 12 рет ауысып, бас редакторы қызметінен аластатылып, үнемі қудалаумен жүрген. Одан бұрын жарияланып, кейін кәсіподақтың ықпалында кеткен «Бірлесу» газеті де сөзіме дәлел.

Қазақстандағы медиакратияның ақсап тұрғаны туралы Н. Бердалы: «Толыққанды демократия болмаған кезде, адамдардың айтары тұсауланады, яғни қоғамдағы цензура баққа барынша әсер етеді. Бүгінгі күні «төртінші билік» деген ұғымға сәйкес БАҚ жоқ» [10] - дейді. Расында, елімізде қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан БАҚ-тың санының көптігіне қарамастан, олардың ақиқат ақпарат тарататын мүмкіндіктері шектеулі. Үкімет тарапынан ақпарат мазмұнын өңдеуге ұмтылушылық жоғарғы деңгейде болып отыр.

Заманауи қоғамда БАҚ биліктің ырқына көніп, халықтың емес, үкітеттің хабар таратушысына айналып бара жатыр. Олардың белсенділігі тек сайлау науқанында пайдаланылып жүр. Өткен ғасырмен салыстыратын болсақ, БАҚ-тың беделі төмендеп кеткенін байқауға болады. ХХ ғасырдың ортасында баспасөздің әлеуметтік жауапкершілігі, қоғамдағы орны түпкілікті қалыптасып, теориялық еңбектерде нақты бекітіліп отырған еді. Әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан демократияның «төртінші тірегі», яғни «төртінші билік» ұғымы, тәуелсіз «алтыншы билік» деген сияқты басқа да ұғымдар осы кезде қалыптасты. Содан бері бұқаралық ақпарат құралдарының саяси салаға әсерін бағалау саясаттың медитациялануын, яғни делдал болуын (саясат пен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттесуі немесе бұқаралық ақпарат құралдарының саясатқа әсері) тұрақты және өтпелі кезеңдегі демократиялық жүйедегі саясатқа баға беру ретінде қарастырылып келеді.

Тек билік қана емес, ақпарат саласында қызмет етіп жүрген журналистердің арасында да «біздің елімізде демократия, сөз бостандығы, қолымызда қалам, халықтың көзқарасы бізге, біздіңжазғандарымызға байланысты» деп көрінгенді қорқытып, сан түрлі оғаш қылықтарға баратын, тіпті кейде арандатушылық жасайтындары бар. Ондай мамандар бірте-бірте журналистиканың деңгейі мен беделін түсіріп, билік пен БАҚ-тың кикілжіңіне себеп болады. Ал кейде, керісінше, мұздай қаруланған оққағар алақанымен камера бетін, кеудесімен журналистің жолын жауып жататын жағдайлар да кездеседі. Елімізде журналистті билігі мен біліміне емес, жазған мақаласының жағымды не жағымсызына, ұнап-ұнамағанына қарап бағалайтын, сәл сын айтса, жон арқасы күдірейіп, қорқытып, мақтаса, жымиып, жылы лебіз білдіретін шенеуніктер де бар. Қысқасы, заманауи қоғамда билік пен БАҚ бір ымыраға келе алмай, көбіне билік жеңіп тұр. Саяси күштердің осындай жағымсыз істері өз шегіне жетпесе, БАҚ-ты жұтып жібергісі келетіндер де табылатыны анық.

Қазақстанда қазіргі кезде саясат пен жалпы саяси ортаның медиатизациясын талдап, осы салада кәсіби түрде айналысатындардың арасында саяси медианың қоғамға әсерін, бұқаралық ақпарат құралдарының саясаттағы рөлін және БАҚ-тың сайлауға араласуын бақылап, бағдарлайтын, бағалайтын бірнеше ұйымдар бар. Алайда зерттеушілер мен жүргізілген зерттеулердің көптігіне қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси салада зерттеу нәтижелерін, БАҚ көрсеткіштерін қорытындылауға және саяси процестің медиатизациясының интегралды салыстырмалы зерттеулерін одан әрі жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай анықтамалық жүйе құру жоспары әлі күнге дейін орындалмай тұр. Соның салдарынан билік те, БАҚ-та өз қызметін жеткілікті түрде орындамай, бір-бірінің ізін аңдып, бір-бірімен алысумен жүргені жанға батады.

Жоғарыда БАҚ-тың билікке тигізетін ықпалы туралы көптеген оқиғаны мысал ретінде қарастырдық. Мысалдардың барлығын бір арнаға тоғыстыра біріктіріп, билік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы «қарама-қайшылық» немесе конфликт деп атауға болады. Мемлекеттік билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының осындай конфликті қоғамға тікелей әсер ететін, маңызы жоғары қақтығыстардан тұрады. Бұл оқиғалар бұқаралық ақпарат құралдарының саяси салаға қаншалықты ықпал ете алатындығын көрсету мақсатында ұсынылды.

Мұндай конфликттерді бақылап, тыңғылықты зерттеу жүргізе отырып, мемлекеттік билік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы текетіресті тудыратын бірқатар себепті атап өтуге болады. Олар:

1. Билік пен билік қақтығыстары. Бұл әртүрлі билік өкілдерінің бұқаралық ақпарат құралдарын араластырып, өз мақсаттарына пайдаланатын оқиғалар. Мұндай конфликттер мемлекеттің беделді БАҚ-тарының қатысуымен болады.

2. БАҚ және БАҚ. Бұл саяси ортадағы позициясына байланысты, билікті екі түрлі тұрғыдан қарастыруына байланысты болатын кикілжіңдер.

3. Билік пен бұқаралық ақпарат құралдары. Бұл беделін түсірмеу және өз мүддесін қорғау мақсатында биліктің бұқаралық ақпарат құралдарына қысым көрсетуі. Билік БАҚ-тан заңдылықтарды сақтауын талап етіп, кейін мұндай талап етулер үлкен қақтығысқа айналуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ РӨЛІ
Ақпараттық технологиялар ұғымы
Басты бет дизайны
Қырғызстандағы баспасөз журналистикасы
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Бұқаралық ақпарат құралдары
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Әлеуметтік медиа маркетинг және бұқаралық ақпарат құралдары
Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс
Қырғызстанның мемлекеттік және тәуелсіз басылымдарының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz