Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Иманғазиева Алтынай,

Қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығының1-курс

магистранты

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

Бүгінде оқушыларға сабақ оқытудың, соның ішінде қазақ тілі пәнін үйретудің жайы жылдан жылға жақсарып, мұғалімдердің ғылыми-теориялық даярлықтары мен методикалық шеберліктері артып келе жатқаны бәрімізге белгілі. Десе де оқыту үдерісінде шешімін таппаған толғандырар жайлар да, көзге түсер кемшіліктер де жоқ емес. Таяқтың бір ұшы оқушылардың шығармашылық жазба жұмыстарын ұйымдастырудағы олқылықта, нақты әдіс-тәсілдердің қолданылмауында болса, екінші ұшы педагогтің өзіне келіп тіреледі. Ал бұл кемшілікті жою мұғалім міндеті.

Жалпы оқушылардың шығармашылық жазба жұмыстарын ұйымдастырудағы мақсат - олардың сабақ барысында тврочестволық ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету арқылы жаңа білімді меңгеруге жағдай жасау. Осы мақсатты іске асыру педагогтер тарапынан білімділікті, шеберлікті, зор ыждағаттылықты талап ететіндігі анық. Дей келе, жиі қолданылатын тәжірибелік әдістердің арасындағы оқушының грамматикалық сауатын арттыратын әдіс «жаттығу» әдісі екенін атап өту керек. Бұл тәсіл - өзге әдістерге қарағанда жетекші рөл атқарады. Оқу үдерісі кезінде теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Ауызша жаттығулар баланың материалды еш щиындықсыз ауызекі үсіндіруге үйретуді көздейді. Балалар ауызша қаншалықты сауатты сөйлей алса, дәл сол іспеттес сауатты жаза да білуі қажет. Демек, сөйлеумен қатар сөздік қорын да жазбаша түрде дамытқаны жөн. Осы орайда жазбаша және ауызша баяндау арасындағы айырмашылыққа тоқталсақ. Белгілі бір мәтіннің түсінігін айту кезінде оны қысқартуға әбден болады, ал жазбаша жеткізгенде мұндай мүмкіндіктер кездеспейді. Қайта, сөздік қорыңмен дамытып, жеткізе білу керек. Мұғалім өз оқушысының қазақ тілінде сөйлемді дұрыс байланыстыра алуын қаласа, баланың дұрыс әрі қатесіз жазуына ерекше мән берсін. Қазақ тілі сабағында құрғақ сөздерді жаттай бергеннің орнына, сөздерді қолдана отырып жазба жұмысын орындаған оқушының есте сақтау қабілетін дамытады.

Тегінде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту айтылым және жазылым негізінде 2 бағыттажүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жұмыстары басымырақ болып келеді. Ал қазір тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсе жұмыстарында, өндіріс пен шаруашылықта, ғылымның барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану өрісі кеңейіп, іс қағаздары қазақша жүргізіліп жатқан уақытта, мемлекет тілде тек ауызекі сөйлеумен шектелудің жеткіліксіз екені айқын байқалуда. Сондықтан ауызекі сөйлеумен қатар, сауатты жаза білуге дағдыландырудың маңызы күннен-күнге арта түсуде, өйткені адам өз ойын жазбаша, сауатты, әдеби-көркем тілде жеткізе білгенде ғана, тілді толық меңгерген болып саналады. Бұл нәтижеге жетуде көптеген жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері жүргізілуі қажет.

Оқушылардың тілін дамытуда қазақ тілі сабақтарында келесі жұмыстар жүргізіледі:

  1. сөйлеудің дыбыстық жағынан жұмыс;
  2. сөздің мағыналық бөліктері бойынша жұмыс;
  3. сөз және фразеологизмдермен жұмыс;
  4. сөздің морфологиялық формасы бойынша жұмыс;
  5. сөз тіркестерімен жұмыс;
  6. тіл мәдениеті бойынша жұмыс;
  7. сөйлем бойынша жұмыс;
  8. стилистика бойынша жұмыс;
  9. ауызекі сөйлеу бойынша жұмыс.

Зерттеуші Н. М. Соколов өзінің «Оқушылардың жазба және ауызша сөзі» еңбегінде оқушылардың әдебиет теориясының элементтерін меңгере отырып, оны жазба жұмыстарында пайдаланудың қажеттілігін ұсынады. Сондай-ақ шығарма жазу барысында шәкірттердің көргендері мен бақылау нтижелері бойыеша ой түйіндеу мәселесіне ерекше көңіл бөледі.

Ал қазақ тілі мен әдебиетінің майталман маманы Құсайын Айтқалиевтің жазба жұмыстарын жүргізу тәжірибесі төмендегідей бағыттарда орындалады:

1. Қазақ тілінде ауызша тіл мен жазбаша тілде кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейтінін оқушылардың есіне түсіру.

2. Үндестік заңын ескерту.

Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең шумақтарын қолдануға болады.

Оқушылардың тілін ұстартуға арналған жазбаша жұмыстардың түрлері өте көп. Жазбаша жұмыстар сауаттылық үшін де, алған білімдерін тексеруде де қолайлы болып келеді. Жазбаша жұмыстар оқушыларды ойлау еңбегін дағдыландырады, қосымша материалдарды пайдалану машықтарын жетілдіреді. Себебі, балалардың жазбаша жұмыстарды орындау кезінде асықпай ойлауға, ойланып жазуға, мүмкіндігі көп болады, ауызекі сөйлеуде ондай жағдайлар бола бермейді. Ауызша сөйлегенге қарағанда балалар жазба жұмыстарында да небір айшықты, шешен сөздерді пайдалана алады, тіл кестесінің бедері үшін ізденеді, жазғандарын мұқият оқып, қайта түзетуге мүмкіндік алады.

Жазба жұмыстарының түрлері мұғалімнің оқу-тәрбие мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Егер де мұғалім көркем туындының бас кейіпкеріне ерекше назар аударса, онда «Үсен Асанды қалай еліне жеткізеді» немесе «Үсеннің тапқырлығы» деген тақырыптарда кейіпкер іс-әрекетін баяндайтын мінездемеге жақын түрлерін жаздырады. Ал оқушылар әңгіме мазмұнын қалай меңгергені білгісі келсе, мәтінге жуық оқиғаларды толық қамтыған мазмұндаманы алып қалады. Тақырыптың ең негізгі дәні, түйіндерін жаздырғысы келсе, «Еңбек бәрінде жеңбек» деген тақырыпты алып, сол бойынша тұжырымды да қысқа жазба жұмысын жаздыруда аса тиімді. Себебі бала ең негізгісін, ең керегін бөліп ала білуге дағдыланады, бұның өзі оқушының білімдерін тиянақтайды, ойын ұғынықты етіп жазуға жетектейді.

Шығармашылық бағыттағы жазба жұмыстарды 1-4 сыныптарда жүргізуде тиімді. Әсіресе, шешендік қақтығыстар, Сырым мен Қазыбек би жыраулар мұраларына байланысты жазба жұмыстары оқушыларды шешендікке, көркем сөйлеуге баулиды. Осы тақырыптарға жаздыратын жұмыстар күрделі болып келеді, себебі олардан шешендік сөздердің дәнін сақтау, сұлбасын нақты беру талап етіледі. Бала жұмыстарын жеңілдету мақсатымен, әрі шешендік оралымдардың ұтымды, тапқыр сөздердің оқушы жадында жақсы қалуы үшін, мұғалім үлестірме көмектерде таратады. Бұл үлестірме көмектерде жазба жұмысына міндетті түрде пайдаланатын шешендік оралымдар, жекелеген образды сөздер беріледі.

Жазба жұмысын бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, шеберлігіне назар аударылады. Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыруы талап етеді. Атап айтқанда, оқушы жазған жазба мәтініне мынандай талап қойылуы тиіс:

1. Оқушының өз ойы болуы;

2. Өз жанына қосымша оқиға қосуы;

3. Өздігінен қорытынды жасау;

4. Мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, 1 жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;

5. Қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;

6. Кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз (цитата) және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;
7. Берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау;
Жазба жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаш сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда жазба жұмыстарының мынандай түрлерін жүргізуге болады:

1. Дайын мәтін бойынша;

2. Сурет бойынша;

3. Аяқталмаған мәтін бойынша.

Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың жазылуы мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.

Оқушылар жазу жұмыстарын орындау кезінде оларға оқытушы үнемі басшылық етіп отырады. Жазба жұмысын жүргізудің, оған төселдірудің алғашқы сатысында, текстің жоспарын жасап барып жаздырған мақұл. Оқушылар әбден төселіп, дағдыланып жаттықты-ау деген кезде жоспар тізбей де жаздырып байқауға, машықтандыруға болады. Оған кейде бір, кейде екі сағатта беріліп жүр. Дұрысы - екі сағат. Өйткені оқушылар бір сағатта жазып үлгере алмайды. Бұл айтылғандардың бәрі оқытушының билігіндегі нәрсе. Өйткені оқушыларының құрамы, білімі жөнінен қандай екені сол сыныпта, сабақ беріп жүрген қазақ тілі пәні мұғалімдеріне ғана айқын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
Тіл мәдениетінің мәселелері.
Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстары
Тілді жоғары мектепте оқытудың ғылыми негізі
Әріптерден сөз жасау
Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы
Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту әдістемесі
Негізгі мектепте тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz