Мектеп оқушыларының модельдеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бақтығалиева Гүлнұр,

Қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығының1-курс

магистранты

Мектеп оқушыларының модельдеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Бүгінгідей жаһандану заманында ХХΙ ғасыр ұрпағының бітім болмысында қандай білік, дағды қалыптасуы керек деген екілді сауалдар басты мәселеге айналып отыр. Ал ол дағдыларды қалыптастыратын қалыптастыруға жаңапты негізгі адам - ұстаз. Осыдан-ақ педгогтер көтеретін жүктің жеңіл емес екені аңғарылады. Себебі оқушыға білім беріп, оның болмысына түрлі дағдыларды қалыптастыра алу оңай дүние емес. Осы тұрғыда жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының өзіндік міндеттерін жете түсініп, меңгерген жас мұғалімдер бәсекеге қабілетті, дұрыс жүйеге бағдарланған тұлғаны қалыптастырады деген пікірдемін.

Мектеп оқушыларының модельдеу дағдысын қалыптастыру - бүгінгі білім саласындағы басты мәселелердің алды. Модельдеу дағдысы қалыптасқан баланың бойында пәнді терең түсіну, кесте құра білу, кестеге сай ойлана алу дағдысы қалыптасады. Нақтырақ айтар болсақ, бала бойында төмендегідей дағдылар пайда болады:

  • Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
  • Ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу;
  • Проблеманы шеше білу;
  • Пікірталасты жүргізе білуге қабілетті;
  • Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы;
  • Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу;
  • Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
  • Топтық тұжырымдарға келе білу;
  • Топ алдында өз тұжырымын айта білу.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген. Мұның өзі с. Білім саласының дамуы сауатты ұрпақ тірбиелеудің қаншалықты маңызды екенінен хабар береді.

«Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатымен жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастаған болатын. Қащіргі уақытта еліміздің барлық мектептерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны бірінші сыныптан бастап енгізіл-ді. Осы ретте ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңартылған мазмұн 30 қанат қақты мектепте сынақтан табысты өткенін мәлім етті.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ -ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми - педогогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі дамыған қоғам деңгейінде еліміздің ертеңі үшін мектеп қабырғасынан шығармашылық қабілеті дамыған, әлеуметтік белсенділігі жоғары тұлғаларды тәрбиелеп шығару қажеттілік деп санасақ, оның негізі осы қазақ тіліі пәнін оқытуда жатыр.

Қазақ тілі - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі. Әсіресе, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы зор.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құнды-лықтары да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», -деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Сондықтан да әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ -ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушы-лардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптас-тырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдал-анылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс -тәсілдермен оқытып, ой -өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.

Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Осы негізгі төрт дағдыны қалыптастыру қажет. Бұл әр дағдының ерекше түсінігі бар. Бағдар-лама «Біз пəн бойынша не білеміз жəне білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Пəн бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары əр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді. Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі - оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуни-кативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады. Белсенді оқыту оқушылардың белсенді қызметпен айналы-суы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Мысалы:Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуында меңгерту шеберлігі тек белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, оқушы тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсеткен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика пәнінен оқушылардың эксперименттік зерттеу дағдыларын қалыптастыру
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту
Өзін - өзі тану пәні барысында оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz