Қытай халық республикасының сыртқы саясаты және әлемдік экономикадағы рөлі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Қытай халық республикасының сыртқы саясаты және әлемдік экономикадағы рөлі

Кіріспе

1. Қытай халық республикасы сыртқы саясатының ерекшеліктері

1. 1 ҚХР сыртқы саясатының теориялық концептуалды негіздерінің стратегемдік ерекшеліктері

1. 2 Қытайдың сыртқы саясаты тұжырымдамасы оның мақсаттары және орындалу механизмдері

1. 3 Сыртқы саясаттың ішкі реформалар міндеттерімен байланысы

2. Әлемдік саясаттағы Қытайдың алатын орны мен оған көрсетілетін әсері

2. 1 Көпжақты жаһандық процесстерге қытайлық көзқарас

2. 2 Қытайдың Халықаралық ұйымдарға қатысуы және өңірлік ынтымақтастық

2. 3 Қытайдың Экономикалық саладағы әлеммен өзара қарым-қатынасы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қытайдың соңғы онжылдықтағы даму қарқыны, әлемдік экономикаға белсенді араласуы, жаһандану үрдісіне үлес қосуы әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын, сонымен қатар алаңданушылығын тудыратыны анық. ХХІ ғасырдың басындағы әлемдік тәртіп, жаһандық мәселелерді шешу қадамдары, халықаралық қауыіпсіздікті орнату жолдары Қытай үшін аса маңызды болып есептеледі. Өйткені кейінгі халықаралық қатынастар жүйесі осыдан негіз алады. Қытай әлемдік саяси-экономикалық үрдіске белссенді араласуды көздейді. Оған бүгінгі қарқынды экономикалық дамуы, әскери күш-қуатын арттыруы, мәдени байланыстар аясын кеңейтуі, яғни әлемдік держава болуға деген талпынысын айтамыз. Қытай Үкіметі мұның барлығы елдің ішкі мәселесі және экономикасын модернизациялауға арналған қадамдар екенін ескереді, осылайша халықаралық қауымдастықта, әсіресе көрші мемлекеттерде қалыптасқан «Қытай экспансиясы» ұғымын сейілтуді көздейді. «Қытай бейбіт сыртқы қатынас жүргізіп келеді, аймақтық ынтымақтастықты және көпполярлы әлемдік тәртіпті қолдайды, әділетті және рационалды халықаралық саяси-экономикалық байланыс орнатуды мақсат етеді» деп айтқанның өзінде бұл ұстанымдардың қаншалықты тұрақты болып қалатыны зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. Өйткені, Қытайдың қарқынды дамуына байланысты экономикалық, демографиялық, экологиялық, энергетикалық, саяси-әлеуметтік ахуалы күрделеніп келеді, ал Бейжің ұстанымдарының күшеюіне қарай, халықаралық қатынастардың өзге субъектілеріне қысым жасау арқылы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етуге деген қызығушылығы артады [2] . Осы мәселе тақырыптың өзектілігін ашып береді.

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Дж. Хей «Әлем Қытайға сүйенеді, Қытайды әлеуметтік, саяси, экономикалық, діни көзқарас тұрғысынан түсіне білгендер ғана алдағы бес ғасырда әлемді басқара алады» деп ескерткен [3] . Бүкіл әлемнің ғалымдары, саясаткерлері, қоғам қайраткерлері, тіпті қарапайым адамдар қуаты тұрақты артып келе жатқан держава өмірінің барлық саласын зерттеуге көңіл бөлетіні рас. Өйткені ұлттық-тарихи дәстүрлерді, егемендік пен қауіпсіздікті қорғау қажеттілігі, экономикалық жаһандану және тағы басқа мемлекеттердің жақын келешектегі сыртқы саясатының реттелуін талап ететін болады. Сондықтан, елдің аумақтық, демографиялық, экономикалық ауқымын ескерсек, ҚХР болашақтағы сыртқы саяси бағыты және оның айналадағы елдерге әсері өзекті мәселеге айналып, оны сараптау және бағалау зерттеушілер үшін аса маңызды тақырып болады.

Қазіргі уақытта көптеген елдер Қытаймен қарым-қатынас жүргізу жолдарын қайта қарастыруда. Олар Қытайдың ХХІ ғасырда жетекші державаға айналатындығын болжай отырып, тығыз байланыс орнатуға талпынуда. Осы уақытқа дейінгі Қытайдың сыртқы саясатына назар аудара отырып, оның түбегейлі өзгерістерге ұшырамағанын байқауға болады. Зерттеушілердің басым көпшілігі Қытай үкіметі ғасырлар бойы қалыптасқан сыртқы саясат қағидаттарынан тайынбайды деп болжайды. Алайда, Қытайдағы төртінші және бесінші буын басшыларының келуімен мемлекеттің сыртқы саясаты 2001 жылы 11 қыркүйек оқиғасы, 2009 жылғы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс және тағы басқа халықаралық қатынастар «архитектурасының» өзгеруіне байланысты сатылы түрде модернизацияланып отырғанын жоққа шығара алмаймыз.

Бүгінде Қытай модернизациясы бойынша жан-жақты зерттеулер қытайлық ұстаным тұрғысынан, сыни көзқарас негізінде, жеке ой-пікірге сай жүргізіледі, алайда жалпыға ортақ көзқарас қалыптаспаған. Модернизацияның қытайлық тәжірибесіне қызығушылық жоғары, бірақ еуропоцентристік көзқарастың орнына қытайлық даму жолын әлемдік қауымдастық қабылдауға дайын еместігі байқалады [4] . Қытай қай бағытта дамып келе жатыр? 2021 жылғы және 2049 жылғы мақсаттарға жету үшін Қытайдың сыртқы саясатында қандай өзгерістер болады? Сыртқы байланысында ескі принциптерге сүйене ме, әлде «бақылаушыдан» «белсенді қатысушыға» ауыса ма? Осындай өзекті сұрақтар саяси және ғылыми орталарда күн тәртібінен түспей келеді.

Қытайдың сыртқы және ішкі саясатының беталысын нақты елестету мен оның келешектегі бағытын болжау үшін ең алдымен бастапқы ұстанымдардың сарапталуы және дамуына жүгіну қажет, яғни қытайлық әлеуметтің әлемді түсіну қағидаларына шолу жасау қажет. Бұл орайда, мәдени-тарихи және психологиялық ерекшеліктерден туындайтын қытай этносының сыртқы саясат саласына әсерін тигізетін саясат және билік, ойлау ерекшеліктері және әлемді қабылдауы, бүгінгі уақытқа көзқарасы және адамгершілік құндылықтар бағдарларының жүйесін ескеруге тиіспіз [5] . Мәселен, өткен шақ призмасы арқылы болашаққа қарайтын қытайлық ақыл-парасаттың арнайы бір қыры бүгінге дейін өмір сүріп келген өркениеттердің бірі бола тұрып, тереңде жатқан ежелгі дәуірді қазіргі заман шындығымен байланыстырады және өткен ғасырлар келбетін болашақ ұрпақ үшін сақтап келеді.

«Чжунго» - ежелгі дәуірден келе жатқан Қытай мемлекетінің атауы еді. Әлемдік өркениетте бұндай ұғымды сақтап қалған өзге халықты мысалға келтіру қиын [6] . «Чжунго» классикалық патшалығы көптеген өрлеу және құлдырау кезеңдерінен өтіп, бүгінге дейін осы атауын өзгертпей келеді. Тарихқа жүгінсек, Қытай билеушісі - император ғаламдық деңгейдегі тұлға, «Аспан ұлы», ал мемлекет «Тянься» - «Аспан асты елі» аталды. Орта ғасырда алыс-жақын «варвар-мемлекеттер» Қытай жердің ортасы екендігін мойындап, «коутоу» дәстүрін орындап, императорға деген адалдығын көрсетуі қажет болды [7] . Шет ел өкілінің әкелген сыйлығы патша сарайы тарапынан тарту таралғы ретінде қабылданатын еді. Өзінің этникалық тұтастығын адамзат өркениетінің жалғыз орталығы деп санайтын Қытайдың дәстүрлі мәдениетімен қалыптасқан түсініктер кез-келген басқа халықтың құндылықтарын тек қана өзіндік моральдік-этикалық көрсеткіштері арқылы көруге бейімдеді.

Дегенмен Қытай бүгінгі сыртқы саясатында осы принциптерге қатаң сүйеніп отыр деп айта алмаймыз. Халықаралық қатынастар жүйесінің бүгінгі талаптарына байланысты Қытай төртінші және бесінші буын басшылары сыртқы әлем туралы мемлекеттің қабылдауына өзгерістер енгізіп келеді. Қытайдың қазіргі сыртқы саяси ұстанымдарының трансформациясы да мемлекет сыртқы саясатының түбегейлі өзгеріске ұшырап, мүлдем жаңа бағытқа көшкенін білдірмейді. Мыңжылдық қытай тарихының барлық кезеңдерінде оның мәдениеті, яғни дәстүрлі қытайлық түсінігіндегі өмір құрылысының бәрін сыйдыра алатын күштің сипаты өзгермейді, тек белгілі кезеңге сәйкес модернизацияланып отырады, өзінің бұрынғы құрамдас бөліктерін сыртқа итеріп тастамайды, тек жаңа талаптарға сай тиімді қолданып отырады. Оған Қытайдың төртінші және бесінші буын басшыларының сыртқы саясаты, халықаралық мамандардың пікірі дәлел болады.

Мәселен, 2009 жылы қытай дипломаттарымен кездесуде ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао маңызды сөз сөйлеп, жаңа бетбұрысты мәселелерге мән берді. Оның айтуынша, XXI ғасырдың алғашқы 20 жылы Қытай үшін «стратегиялық мүмкіндіктер кезеңі» болып саналады. Бұл орайда негізгі ұстанымдар өзгерген жоқ. Дегенмен, оның пайымдауынша, қаржылық дағдарыс және тағы басқа тектоникалық сипаттағы өзгерістерден кейін күн тәртібінде «ши» («жұмсақ күш») түсінігі қайта көтеріле бастады. Қазіргі уақыттағы «күрделі және терең өзгерістерден» кейін «бізге ашылған мүмкіндіктер жаңаша сипат алады. Келешектегі мүмкіндіктер «маңызды», үнқатулар «салмақты» болады» дедіҚытай төрағасы [8] .

Белгілі дипломат, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Г. Киссинджер «Қытай туралы» атты еңбегінде: «2012 жылы жас қытай азаматтары және ҚКП, ҚХАА қатарынан өсіп келе жатқан элита ішінен билікке - XIX ғасырдан бері Қытайда соғыссыз, бірегей саяси қалыпта және «мәдени төңкеріске» ұшырамаған, экономикалық тұрғыда әлемнің көптеген елдерін басып озған елде өскен буын келеді [6, 427 б. ] . Қытай басшыларының бесінші буыны Қытай Халық Республикасы құрылған уақыттан бастап, алдыңғы басшылар сияқты, бүкіл әлемге өздерінің тәжірибесі мен ұлттық өрлеуіне деген көзқарасын танытатын болады.

Расында қазіргі Қытай көлемді және терең өзгерістерді бастан кешуде. 30 жылдан астам сыртқы әлемге ашылу және реформалар жылдарында Қытай «таптық күрес» бағытынан социалистік модернизацияны іске асырудың басты кілті ретінде экономикалық құрылысты қолға алды. Жоспарлы экономикадан социалистік рыноктық экономикалық жүйе құрылысының барлық бағыттары бойынша реформалар жасалды. Қытай саяси тұйықталу және біржақты өз күшіне сүйенуден сыртқы әлемге ашылу және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға көшті [9] .

Зepттey жұмысының мақсаты. Қазіргі тaңдa жaһaндану үрдісінің әлемде кең етек жаюына байланысты ҚХР-ның сыртқы саяси принциптері мен стратегияларын кешенді түрде талдау. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер алға қойылады:

  • Қытай Халық Республикасы сыртқы саяси ұстанымдарының ерекшеліктері мен елдің сыртқы саясатының теориялық концептуалды негіздеріне терең талдау жасау;
  1. ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІҚХР сыртқы саясатының теориялық концептуалды негіздерінің стратагемдік ерекшеліктері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Экономика пәнінен дәрістер
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі
Халықаралық сауданың теориялары
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
Индустриалды-инновациялық даму
ҚР сыртқы сауда саясаты
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарына қызығушылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz