Менің кәсібім - менің мақтанышым



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
№65 Жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Асқат Шарапат Есенбайқызы
Менің кәсібім-менің мақтанышым атты эссе байқауы

Менің кәсібім-менің мақтанышым
Әсемпаз болма,әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та,бар қалан- деп ұлы Абай жырлағандай шыр етіп дүниеге келген соң жұмыр адамзат баласы алдына мақсат қойып, бір нәрсеге қол жеткізгісі келіп армандайды. Адам баласының алға қойған мақсатының ішіндегі маңыздысы, мәндісі- оның мамандығы. Иә, мамандығы, дәлірек айтсақ кәсібі. Бала кезден үлкен адам болуды армандадым. Қарқаралыда туғаннан да шығар, тауды, биіктікті, шыңды жақсы көрдім. Қандай мамандық болса да соның биігінде болсам дедім.
Пайданы көрсең, бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден
Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға (Дәл маған айтылғандай ... ... Мен дананың әрбір сөзін өзіме арналғандай қабылдаймын да бұлжытпай орындаймын. Дана Абай сөзі мен үшін тапстырмас тәрбиенің көзі, жол сілтеуші, жігерлендіруші, және тәубеме түсіруші) Ал менің балалық санамды есті адамша қалыптастырып, жүрегіме иман берген, мінезімді көркемдікке баулып, тіліме тұздық болар сөз үйретіп, бойыма қуат дарытып, қабілетімді ашып, осы бір салаға келуге септігін тигізген, ЕҢБЕК ЖІГЕР ЖЕҢІС ӨНЕР деген асыл ұғымдарды (Өнердің ең асылы-сөз өнері екенін) танытқан, көкейге Ұстаз болсам деген ойды туғызған адам, бүгінде тірі Абай-Сарсен мұғалім
Менің бала көңілімде, сәби жүрегімде өзінің парасатты болмысымен сақталып қалған құрметті адам болса, ол -ұстаз еді.
Қазіргі уақыттағы мамандығым мұғалім. Иә, менің кәсібім-менің мақтанышым!Алла тағаланың құдіреті шексіз ғой! Мектеп өміріндегі биіктігімді бағындырдым. Сонымен алғашқы еңбек жолымды білім беруге, оқушыларымды әдебиетті сүюге, өнерді қадірлеуге үйретудемін. Ыбырайдай педагог болыпты деген атақ алмаймын,бірақ шығармашылығын ұстаздық жолмен бастаған деген сөз маған бәрінен биік! Мен де мұғалім болғам деген сөз мен үшін қымбат! Бойыма педагогтік тұлға мен тәжірбие қалыптастырған сүйікті № 65 мектебіме, аяулы әріптестеріме мың алғыс!
Мұғалімнің негізгі міндеті-жеке тұлғаны дамытып,оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету,білімге деген сенімін нығайту,іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру,оқуға деген қызығушылығын оятып,ынтасын арттыру болып табылады.Белгілі ағартушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін, Ұстаз- шәкірттерге сабақ берумен, білім үйретумен шектелген маман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандығым - мақтанышым туралы
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Психология менің өмірімдегі және болашақ кәсібімдегі рөлі
Психология адам өмірінің ажырамас бөлігі
Кәсіби маман дайындауда саясаттану ғылымының орны
ЕЛТАНЫМ ҚАЗАҚ ТІЛІ
БИЗНЕС ЖОСПАР Тез әрі жылдам дайындалатын жеңіл тағам түрлерін дайындау
Менің таңдауым - педагог мамандығы
Мемлекеттік нышандар – Ту, Ел таңба, Әнұран
Мамандығым мақтанышым
Пәндер