ДІНШІЛДІК ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ДІНШІЛДІК ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Мемлекеттің саяси-қоғамдық өмірінде діннің рөлін атқаратын факторлар - қоғамдағы идеологиялық жағдайлардың өзгеруі, әлеуметтік-мәдени дамудың жаңа шарттарын қалыптастыру, рухани бағыттаушылардың алмасуы, өз-өзін танудың соншалықты дамуы болып табылады. Әлеуметтану ғылымы діни танымды әлеуметтік шындық ретінде іс жүзінде қолданылатын дүниетану, жеке тұлға мен топтардың қоғамдық жүріс-тұрысын реттеуші жүйелердің бірі ретінде зерттеледі.

Сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстан халқының арасында соңғы жылдары басымдылық көрсеткен діншілдікке бетбұрыстың өсуі өткінші кезеңдегі жаппай танымдық негізде ұқсастық межелерінен шайыну арқылы таза болу ниетін білдіру әрекеттерімен байланыстырады. Діннің адамзат тарихының ең маңызды факторларының бірі екендігіне ешкімнің дауы жоқ екендігіне еш күмән жоқ. Дінді күрделі де көп деңгейлі әлеуметтік құрылыс, қоғамның қасиеттілікке мұқтаждығымен анықталатын тіршіліктің мәні мен құдіреті ретінде сипаттауға болады. Әлеуметтанудағы функционализмнің негізін салушы Э. Дюркгейм діннің басты қызметі қоғамның бірігуін нығайтумен, қоғамдастықтың барлық мүшелерінің салт-ережелерді бірге орындауының арқасында оның барлық мүшелерінің ынтымағын дамытумен және бекітумен байланысты деп есептейді. Дәстүрлі іс-әрекеттердің орындалуы барысында жеке адамдар киелілікті бірыңғай ұғынуға негізделген жақындық пен бірлік түйсігін кешеді.

Дін қоғамдық құбылыс ретінде қоғамдастықтың мүшелері - бөлек жеке тұлғалардың сенімдерімен жанға тыныштық беретіндігі баршаға мәлім. Сенім мен діншілдіктің бір-бірімен байланысы қандай? Сенім - діншілдікпен тепе-тең синоним емес. Сенім - бұл жеке адамның қандай да бір мағлұматты оның анық шындығының ешбір дәлелінсіз қабылдау қасиеті. Діни сенім, сәйкесінше, мысалы конфессиялық догматика секілді діни мазмұнды аксиомалы ақиқат дерек түрінде қабылдау қасиеті.

Бұның барлығы діни сала - жалпы түрде қоғам мен рухани саланың өте маңызды бөлігі екендігін білдіреді. Сондықтан қоғамның діни өмірін, әсіресе жалпы түрдегі қоғамның діншілдік дәрежесі мен мазмұнын үйрену маңызды мәселе болып табылады. Мәліметтердің көрсеткішінің күйі туралы деректер қоғамның бүкіл мәдени салаларын ұғынудың кілті және бұндай құбылысты идеология ретінде зерттеу мен оқып білудің қажетті шарты болып табылады.

Мүмкін, сіздің көзқарасыңыз бойынша адам дінсіз адам болмас еді, мүмкін онсыз да адам бұдан да артық кемелге ие бола алар екендігін табандылықпен дәлелдеуге болатын еді. Дін - адамзат өмірінің ақиқаты, тек осылай ғана қабылдауға тура келеді. Дін қоғамның рухани дағдарысының күшеюі тұсында тарихи арнаға шықты, діни ренессанс діни руханилылыққа өзіндік қайтып оралуға себепкер болды. А. Г. Здравомыслов жеткілікті түрде әділ айтқан: « . . . шеттетілген және жартылай тыйым салынған мешіттер қысқа мерзімде рухани тартылыстың қуатты орталығына айналды. Сенім білдірушілердің саны түбегейлі ұлғайды: мұсылмандық мерекелер қайтадан халық өмірінің уақиғасына айналды; бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттің лауазымды адамдарының діни мейрамдарға қатысқандығының көрнекілігін жеткізді, «исламға табынушы қызметкер» лауазымы қоғамдық пікірі бойынша зор мәртебелілердің бірі болды»[1] . Жастар арасындағы дін туралы жастардың діни құндылықтар мен жүйелерге қатысу деңгейін анықтайтын әлеуметтануының орталық ұғымы «жастардың діншілдігі» атауымен түсіндіріледі.

Зерттеулердің көрсетуі бойынша саяси институттарға қарағанда респонденттердің көпшілігі діни институттарға сенім артады екен. Бұның барлығы діни сала - жалпы түрде қоғам мен рухани саланың өте маңызды бөлігі екендігін білдіреді. Сондықтан қоғамның діни өмірін, әсіресе жалпы түрдегі қоғамның діншілдік дәрежесі мен мазмұнын үйрену маңызды мәселе болып табылады. Мәліметтердің көрсеткішінің күйі туралы деректер қоғамның бүкіл мәдени салаларын ұғынудың кілті және бұндай құбылысты идеология ретінде зерттеу мен оқып білудің қажетті шарты болып табылады.

Бүгінгі студенттер - бұл қоғамның ертеңгі негізі. Дегенмен бүгін де студенттер - күмәнсіз оқып үйренуді талап ететін қоғамның белсенді тобы. Студенттердің зерттеу объектісі ретінде ерекшелігі біріншіден, студенттердің мәдени және саяси дүниетанымдық ұстанымдары қалыптасып біткен не кейбірінің қалыптасу кезеңдері аяқталмаған, екіншіден, студенттер қоғамның мәдени және саяси өміріне белсенді түрде ықпал етуге әлі де қабілетті емес. Жастарға адамгершілік шикілік тән, психиканың қалыпты түрде функция атқармауы, өздерінің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шеше алмауы, жеке тұлға болып орнықпауы және т. б. оларды іс жүзінде болып жатқан қарама-қайшылықтарды түбегейлі шешуді жорамалдайтын көзқарастарды игеруге арандатушылық жасайды.

Дін бір жағынан адамды қисынсыз үміттер мен елестер әлеміне әкетеді, ерік-жігерін әлсіретіп, кереметке сенімін арттырады және т. б., алайда, екінші жағынан адам бойында адамгершілік сезімдерін, жауапкершілікті, қайырымдылық әрекеттер жасауына ерік-жігерін оятады. Р. Яновскийдің пікірі бойынша, көрсетілген жақтардың ешқайсысын да даралап бөлуге болмайды, жеке әлеуметтік топтарға руханилылықтың тууы бірден дінмен байланысты деп таңудың қажеті жоқ. Дінсіз адамның өзі де жоғары адамгершілік санатында бола алады (бұл дінге байланысты деп жауап бергендердің үлес саны 52, 3%, ал, қалған 44, 4% - мәдениет пен тәрбиеге байланысты деп жауап берген), ал сыртқа жария етіп жүрген діншілдік міндетті түрде адамгершілік кемелділікті куәландыра алмайды. Идеологиялық вакуум шартында рухани күйзеліс қарым-қатынастың үзілуі ретінде, сенім мен наным дағдарысы ретінде бақыланады. Бұл құбылысты Дюркгейм аномия ұғымымен сипаттаған. Дәстүр бойынша руханилылық дәстүрлі мағынадағы дінмен теңестіріледі, алайда, бүгінгі әлеуметтану мен әлеуметтік философияда руханилылықтың «әулиелік» нұсқасы қоғамның іргесі деп аталады. Қоғамның руханилылығының деңгейі мен күйіне көптеген факторлар әсер етеді. Руханилылық - жанның материалдық қызығушылықтан бөлек интеллектуалды, адамгершілік, рухани қызығушылыққа ие болуын құрайтын қасиеті.

Жауап алынғандардың көпшілігі - 50, 25% - руханилылық - бұл адамгершіліктік түсінік деп айқындаса, тек қана 30, 3% - діншілдік теп таныған. Діншілдік адамның ішкі әлемімен, ішкі күйзелістерімен байланысты. Зерттеулер нәтижесінде студенттік жастардың діннің қоғамдағы рөлін жоғары бағалағаны анықталған; 54 % - діннің қоғамға әсері өсуде және бұл өте жақсы көрсеткіш деп санаған. Осы кезде жауап алынғандардың 59% өздерін діни сенушілер ретінде таныған, 29% осы сұрақтың жауабын анықтай алмады. Олардың ішінде діни кітаптарды (Құран, Библия және басқа да діни кітаптар) оқымағандар саны 61% көп болды. Сенім артушылардың, мешітке тұрақты қатынап, салттарын сақтап жүргендердің үлесі - 25, %. Сенім артпайтын, бірақ діни дәстүрлерді ұстанып жүргендердің саны - 8, 7%. Қазақстандық жастардың діни теңдестірілуі «үстіртін» болғанымен, сенушілердің басым көпшілігі керенаулық сенушілер (56, 2% ) болып шықты, олар діни қауым өміріне қатыспайды екен.

«Бос уақытыңызда немен айналысқанды дұрыс санайсыз?» - деген сұраққа 9, 15% адам «діни кітаптарды оқимын» деп жауап берген.

Жастардың дінге тартылуының бір себебі - жақсылыққа үміт арту болып табылады, психологиялық қолдау алу - 67%, өзін-өзі жетілдіру - 17, 1% . Жауап алынғандардың көп бөлігі «конфессия аралық толеранттылық» терминін өз және басқа да діншілдік көзқарасқа құрмет карау деп анықтап берді.

Қазіргі таңдағы әртүрлі зерттеулердің мәліметтері тіпті діншілдік туралы жастардың жалпы түсінігін бере алмады. Шаралардың біріне микроәлеуметтік факторларды жатқызады. Әлеуметтік зерттеулердің деректері діни айнала деп аталатын бірінші дәрежелі мағынасын куәландырды. Бәрінен бұрын, жақын туысқандарының арасындағы діншілдік. Ең бірінші отбасылық діншілдік ұйым (50, 2% ) және онымен байланысты діни дәстүрлер жастардың дінге араласуының негізгі себебі болып табылады. Мұнымен бірге, біріншілік діни білімдерді алуға әсер ету жағынан екінші кезекте жауап берушілер мектеп пен қатарластарын атаған - 23, 7% . Және сонымен қатар жауап бергендердің 56, 8% өздерінің сенім артпаушылығын діни тәрбие мен діни отбасылық дәстүрлердің жоқтығымен түсіндіреді, ал, 38, 7% - ғылыми білімінің дінге сәйкессіздігімен түсіндіреді.

Қазақстан қоғамындағы толеранттылықтың дамуы жастардың діншілдік төзімділігінің қалыптасуымен байланысты. Бұл елдің бастапқы қоры болып табылады, сондықтан бозбалалар мен бойжеткендерді діни секталарға тарту ауыр салдарларымен лаң туғызды. Сауалдама нәтижесі дау-жанжалдарды арандатушылар - біздің қоғамымызға жат жаңа діни ағымды таратушы діни миссионерлер деп санайды - 56, 5%.

Қазақстандағы діни толеранттылықты анықтау мақсатымен келесідей сауал қойылды: «Сіздің пікіріңіз бойынша, Қазақстандағы әртүрлі діндерді жақтаушы және этникалық топтарды дау-жанжалсыз бірге өмір сүру себебі неде деп санайсыз?». Сауалдама мынадай нәтижені көрсетті: 31, 5 пайызы (қалалық) және 28, 7 пайызы (ауылдық) өзін-өзі іске асырудың Конституцияда көрсетілген құқықтары мен мүмкіндіктерінде десе, 27, 9 пайызы (қаладан) және 30, 8 пайызы (ауылдық) қазақ халқының өзге ұлттар халқымен достық қарым-қатынас жасай білуінде деген, сонымен бірге 13, 1 пайызы (қалалық) және 15, 8 пайызы (ауылдық) біздің қоғамымызда шиеленіскен ерекше менталитетте деп жауап берген. Және тек қана 9 пайызы (қалалық) және 6, 5 пайызы (ауылдық) талқыға салынған мемлекеттің ұлтаралық және конфессияаралық саясатында деп санайды. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі жауап бергендердің басым көпшілігі «конфессияаралық толеранттылық» терминін өз және өзге де діни көзқарастарға құрмет көрсетушілік ретінде түсіндірді (63 пайызы) . Қазақстандық жастардың өздерінің этникалық топтары мен конфессияларынан басқа топтарға сенім білдіру деңгейі өте жоғары - 79, 1 пайыз.

Діншілдіктің белгілі бір деңгейі бар жастардан күйзелістердің реңі (уайым, қуаныш, таңдану, ыза және т. б. ) мен жоғары сезімталдылық байқалмады. Бұл адамдар оқудағы қиындықтарды оңай жеңе біледі, әртүрлі ассоциациялық компанияларға қызығушылық білдірмейді, моральдық төзімділік таныту арқылы әртүрлі кері іс-әрекеттерді сирек жасайды.

Дін және сенім жастарда маңызды орын алады. Дінді психологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, дін адамның психологиялық қорғауын, өзіне сенім арту қабілетін арттырады. «Идентификация» сөзі психикалық анализ теориясының авторы З. Фрейдпен енгізілді. Идентификацияны түсіндіре кетсек, бұл өз тобына бағыныштылық пен онымен байланыс орнатуы, яғни теңдестіру жеке адаммен бірінші кезекте туысқан болып саналатын ортада: отбасында, әрі қарай этноста, кейін қарым-қатынас жасау дәрежесінің өсуімен байланысты өркениет деңгейіне дейін көтеріледі. Этникалық тепетеңдік - бұл жеке адамның өз этносымен ынтымақтастығы, діни тепе-теңдік - бұл сенім, дінге табыну және діни ұйым ретіндегі ынтымақтастығы.

Рухани өмірдегі әлемдік дінмен бекітілген маңызды принципі - бұл діни құтқару. Ол жеке тұлғалардың өмірлік жүріс-тұрыстары мен мінез-құлықтарына ықпал етті. Құтқару әрекеті адамның өзін зұлымдықтан құтқару секлді тілеген шекті күйі болып табылады. Студенттер өз пікірлерінде, яғни 21, 4 пайызы «сенім ақыреттік өмірде құтқарады» деп айтқан. Әлеуметтік-демографиялық топ ретінде жастар қоғамның негізіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастарға тәуелді болып келеді деп тұжырымдауға болады. Қазақстан үшін дәстүрлі емес болып саналатын тоталитарлық секталардың жастардың өзіне деген сенімдеріне агрессияшыл саясат жүргізетін іс-әрекеттеріне аса зор назар аудару керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері
Православ діни философы
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғысынан діннің рөлін зерделеу
Діннің қоғамдағы маңызы
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы
Діннің әлеуметтік мәні
Діни психология
Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz