СӨЗДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

СӨЗДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Аңдатпа.

Кілт сөздер.

Аннотация.

Ключевые слова.

Annotation.

Key words.

Сөз - тіл біліміндегі дәстүрлі лингвистикалық деңгейлердің (грамматика, лексика, фонетика, сөзжасам) ең басты және ең негізгі зерттеу объектісі. Тіл біліміндегі аса күрделі элемент өзінің мағыналық және дыбыстық жағының өзара байланысы нәтижесінде қалыптасады. Сөздің дыбысталу жағы мен мағыналық жағының үйлесімі оның материалдық және идеялық негізін құрайды. Бұл бөлшектер - бір-бірінен ажырамайтын сөздің құраушылары. 1979 жылы жарық көрген Ә. Болғанбаевтың оқулығында: “Сөз дыбысталу мен мағына бірлігінен тұрады. Әрбір сөз - белгілі бір құбылыстың аты”, - деп анықтама береді [ Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. А., Мектеп. 1979, 17 б. ] .

Сөздер - бізді қоршаған әлемдегі заттар мен құьылыстардың атауы, сәйкесінше, әрбір сөздің өзіне телінген нақты әрі дербес мағынасы бар. Сөз мағынасының қарастырылу шекарасы тіл білімі саласымен ғана шектелмейді, себебі ол - логика, философия, психология сынды өзге де ғылымдарда қарастырылатын күрделі, қиын мәселе. Сөз мағынасына қатысты ғылыми тұжырымдалған ой-пікірлер 20-ғасырда лексикологияда қалыптаса бастады. Осы кезеңнен бастап, сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналары ажыратылды.

Жоғарыда атап өткеніміздей, сөздердің семантикасы - мағына мен дыбыстардың бірлігінде. Дегенмен де, көп ғылыми әдебиеттерде ұсынатын осы сипаттама сөздің табиғатын толыққанды айқындап бере алмайды. Өйткені бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әр-түрлі сөз арқылы беріледі. Сондай-ақ бұл анықтама сөздердің көп мағыналық қасиеті мен синоним, антоним сияқты тілдік құбылыстардың басын ашып бере алмады. Сондықтан І. Кеңесбаев: “Сөз - дыбыстар мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жиынтық бейнесі”, - деп сөздің мағынасын сәл күрделендірген [ 1. 14, Кеңесбаев I. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. А. : Ғылым, 1987, 14б. ] .

Бүгінгі мақаламызда сөздердің лексикалық мағынасы ұғымына тоқталып, оның ішінде ауыспалы мағынаны оқытудың әдістемесі қарастырылатын болады.

Ең алдымен, сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не? Қазақ тілінің энциклопедиясында «лексикалық мағына» заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттердің санада бейнеленіп, тұрақталған ұғымының мазмұны ретінде айқындалады. Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. Семантикалық тұрғыда лексикалық мағына екі аспектіде қарастырылады: сигнификативті және денотатты [ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3] .

Сөздің лексикалық мағынасы лингвистикадағы парадигмалық, синтагмалық және деривациялық қатынастардың барлығына да тән құбылыс. Бүгінгі тіл білімінде сөздің лексикалық мағынасы тұрғысындағы көзқарастар нақты тұрақталмаған. Бір ғалымдар тобы лексикалық мағынаны тек атауыш сөздерден табамыз деген пікірге қосылса, екінші топ ғалымдары тілдегі сөздердің барлығынан, оның ішінде, одағайлар, көмекші сөздер, есімдіктерден лексикалық мағынаны көреді [ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі - Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9 ] . Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша, сөздің лексикалық мағынасы тек нақты заттарда ғана болады деу - қате, өйткені лексикалық мағына барлық құбылыстартар, оқиғалар, іс-әркеттер мен жер бетіндегі барша тіршілік иелерінің барлығында бар қасиет болып табылады. Ғалымдардың алғашқы зерттеулерінде сөздің лексикалық мағынасын лексикологияның «семантика» тұрғысынан қарастырған. Әуелгі кезде дәстүрлі лексикологияда сөздің лексикалық мағынасы атауыш мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына түрлеріне бөлініп қарастырылған [ В. В. Виноградое Основные типы лексических значений слова «Вопросы. языкознания» 1963, № 5]

Лексикалық мағынаны бірнеше типке бөліп қарастыруға болады:

  1. Шындық болмысқа қатысты атауыш (тура) мағына, ауыс мағына;
  2. Сөздердің шығу тегіне байланысты түпкі мағына, туынды мағына;
  3. Сөздердің тіркесімділігіне байланысты еркін мағына, шартты мағына, фразеологиялық байлаулы мағына;
  4. Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты бейтарап мағына, бейнелі мағына, терминдік мағына, поэтикалық мағына.

Сөздің ауыспалы мағынасы -сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған [ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3 ] .

Сөздің мағынасы жан-жақты лингвистикалық өзгерістерге ұшырап отырады. Оның бір себебін сөздік құрамда жаңа сөздер мен жаңа мағыналардың пайда болуымен түсіндіруге болады. Жаңа сөздер мен мағыналар бұрыннан бар сөз мағыналарымен қарым-қатынас жасап, олардың арасында синонимдік байланыс пайда болады. Жаңа сөздер мен байырғы сөздердің, жаңа мағына мен бұрынғы тұрақталған мағыналардың өзара әсер ету үдерістері бірнеше амал-тәсіл арқылы жүзеге асады. Қазақ тіл білімінде сөздің ауыс мағыналары үш түрлі тәсіл арқылы қалыптасады:

  • Метафоралық тәсіл
  • Метанимиялық тәсіл
  • Синекдохалық тәсіл

Метафоралық тәсілде сөздер өмірдегі заттар мен құбылыстардың, ішкі-сыртқы ұқсас белгілеріне мен қасиеттеріне байланысты мағыналары ауысып қолданылады. Тіл білімінде мұндай заңдылықты «ұқсату заңдылығы» деп те аталады. Метафоралар тілде қолданылуына байланысты үш түрге топтастырылады:

  1. Тілдік метафоралар
  2. Тұрақты метафоралар
  3. Жеке қолданыстағы метафоралар

Сөздің семантикалық тұрғыдан кеңеюі және оның мағыналық жағының

үздіксіз дамып отыруы, көп жағдайда, осы тілдік метафоралық тәсілге тән құбылыс болып табылады.

Метонимиялық тәсіл арқылы іргелес екі зат немесе шектескен екі түрлі құбылыс бір сөзге телініп, олардың контекстте бір-біріне алмастыруы арқылы сөздердің ауыспалы мағыналары жасалады.

Мәселен,

  • Бір Абай емес, биылғы жылы отырған бар ағайын, көпауылтегіс қаралы (М. Әуезов) .
  • Көпей жеңгемнің қолын сағынып жүрмін (Ғ. Мүсірепов) дегенде қол - дәм, ас орнына;
  • Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті (Ғ. Мұстафин) дегенде казан -тамақ, ет орнына,
  • Ділдә шырақ жағып, шымылдықты түріп қойып, конақтарга көрпе салды (М. Әуезов) дегенде шырақ- шам орнына ауысып айтылып тұр.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі сөз мағынасының даму ерекшеліктері
Лексиканы оқытудың принциптері
Тура және ауыспалы мағыналы сөздер
Сөздің лексика-семантикалық тобын дамыта оқу оқыту технологиясының дидактикалық тұғыры
Қазақ тілі сабағын оқыту
Тіл мәдениеті және лексикалық норма
Оқушылар арасында тіл дамыту жұмыстары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Көнерген сөздер мен жаңа сөздер
Лексиканы оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz