ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ТАБЫСТЫЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

«ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ТАБЫСТЫЛЫҚ» ҰҒЫМЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы

Қазақ гуманитарлық инновациялық-заң университетінің 2-курс магистранты

Ғылыми жетекші: Кулмышева Назым Армысовна

Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

«Оқу-танымдық іс-әрекетіндегі табыстылық» ұғымының мағынасын түсіну үшін оны келесідей категорияларға бөліп қарастыруға болады. Олар: «табыстылық», «іс-әрекет табыстылығы», «оқу әрекетінің табыстылығы», «танымдық әрекет табыстылығы». «Табыстылық» ұғымын түсіну үшін «табыс» ұғымына тоқталған жөн. Қазіргі таңда ғылыми әдебиеттерде «табыс» ұғымын әртүрлі аспектілерде қарастырады:

психологиялық аспектіде: «табыс» дегеніміз қуаныш жағдайын сезіну, жеке басының күткен үмітпен, үміттерге (талап деңгейіне) сәйкес келетін нәтиже немесе оның асып түскен нәтижесінен қанағаттану;

әлеуметтік-психологиялық аспектіде: «табыс» басқалардың үміттері, тұлға және іс-әрекет нәтижесі арасындағы оңтайлы ара қатынасы ретінде қарастырылады (егер адамның үміттері басқа адамдар күтуіне сәйкес келетін болса, адам үшін ең маңыздысы, табысқа жету туралы айтуға болады) ;

педагогикалық аспектіде: «табыс» білім беру мен оқыту процесінде табысқа қол жеткізген адамға тән қасиет деп қарастырылады. Бұл баланың мектептегі жетістігі және мұғалімнің оқушыларды тәрбиелеудегі жетістіктері және ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі табысы болуы мүмкін.

Осылайша, «табыс» ұғымы тар және кең мағынада қарастырылуы мүмкін. Тар мағынасы адам үшін маңызы бар іс-әрекеттің нақты нәтижесін бағалауы болса, ал кең мағынада, табысқа жету адам өміріндегі жетістікке жетіп, өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға ұмтылу арқылы жетістікке жетуі.

С. И. Ожегов сөздігінде «табыс» ұғымына келесідей анықтамалар берілген: 1) қандайда бәр жетістікке жетуге сәттілік; 2) қоғамның мойындауы; 3) қоғамдық мәнділік, жұмыстағы, оқу-танымдық іс-әрекеттегі жақсы нәтижелер және т. б [1] .

В. И. Дальдің сөздігінде «табыс» - қандайда бір іс-әрекеттегі бәсекелестік, сәттілік, сәтті қатынас, қажеттілікке жету, - деген анықтама береді[2] .

Студенттердің танымдық іс-әрекеті оқу үрдісіне негізделе отырып дамиды. Яғни бұл іс-әрекеттер қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Олардың ішінде ең маңыздысы - оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Яғни студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы оқытушының оқытуына да байланысты болып келеді екен. Дидактар бұны педагогикалық жағдай, оқу-тәрбие үрдісі жағынан қарастырған. Студенттік кезде алған білімдерін табысты пайдала білудің орны айрықша.

Отандық ғалым Н. Кулмышева өз зерттеулерінде: «Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің ақыл-ой белсенділігі және оның өздігімен ізденіп оқуға мүмкіндік беретін әрекеті», - деп қарастырған[3] .

М. Қ. Бапаева өзінің «Студенттердің психологиялық білім мен дағдыларды игеруі және танымдық іс-әрекет» атты мақаласында, «Оқу іс-әрекетінің табыстылығы - студенттердің білімі мен дағдылары, негізінен танымдық іс-әрекеттері арқылы қалыптасады. Оқыту әрекетінде студенттердің қызығушылығы, қабілеттері, мотивтері (ниеттері), темпераменті мен мінезі тағы басқа да психикалық қырларынан көрінеді. Сондықтан оқытушылар негізгі мақсатқа жету - қандай психикалық процестер, жағдайлар мен қасиеттерге байланысты екенін ажырата білуі керек. Оқу материалдарын қалай ұтымды пайдалану, теориялық және практикалық даярлығы бар болашақ мамандарды жан-жақты дамытуға қажетті оқыту жағдайларын да білуі қажет», - деп атап көрсетеді[4] .

Г. Асқарова «Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру» атты мақаласында «Танымдық іс-әрекет - оқу үрдісінің құрамына кіретін, арнаулы оқу орындарында қалыптасатын күрделі психологиялық білім», - деген түсініктеме береді[5] .

Ресейде «Мұғалімнің кәсіби табыстылығын» ХХ ғасырдың соңында жаңашыл педагогтар Ш. А. Амонашвили, Т. И. Гончарова, Е. Н. Ильин, В. А. Караковский және т. б. қарастырған. Олар мұғалімнің кәсіби табыстылығы - оқушы мен мұғалім арасындағы жағымды бірлескен іс-әрекет нәтижесі деп көрсетеді. Табыстылық және сәтсіздік мәселерін П. И. Пидкасистый, Л. М. Фридман зерттеді.

Табысқа жету тәжірибесіне А. Бандура, К. В. Солоед, Л. И. Дементий назар аударған. Олар табысқа жету арқылы жемісті еңбек нәтижесін көрсетуге болады деп көрсетеді. Ф. Н. Гоноболин, Н. В. Кузьмина, В. А. Крутецский пікірі бойынша педагогикалық іс-әрекет табыстылығы - ол педагогикалық қабілеттерді дамыту. Ал, А. К. Маркова педагогикалық іс-әрекет табыстылығын дамытуды психологиялық тұрғыдан қарастыра отырып, ол өзіндік бағалауды жоғарлата отырып, позитивті ойлауды жүзеге асырып, өзіне деген сенімділікті, өз кәсібіне ынтызарлықпен қарау деп түсіндіреді.

Л. М. Митина мұғалімнің іс-әрекет табыстылығы «Мен-концепциясы» және өзіндік сананы дамыту деп қарастырады. Сонымен қатар, ол іс-әрекет табыстылығын дамытудың негізгі факторларын тұлғаның ішкі әлемі, оның белсенділігі мен өзін-өзі реттеуге қабілеттілігі деп біледі. Е. В. Ерофеева мұғалімнің кәсіби табыстылығын «оң педагогикалық нәтижеге сүйене отырып, кәсіби қызмет атқарудың тәсілі» ретінде анықтайды. С. А. Дружилованың пікірі бойынша, мұғалімнің педагогикалық табыстылықты оның кәсіби құзыреттілігін жетілдіру деп қарастырады. Л. Р. Симсон оқу-танымдық іс-әрекет табыстылығын дамыту үшін креативтілік қабілеттілікті жетілдіру деп қарастырады[6] .

Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты екені бәрімізге мәлім. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Сондықтан оқу және таным әрекеттері бір-бірімен тығыз байланысты, сол үшін оларды бірге қарастырып, келесідей контент-талдау жүргізгенді жөн көрдік (Кесте 1) .

Кесте 1. «Оқу-танымдық іс-әрекетіндегі табыстылық» ұғымына контент-талдау

Танымдық іс-әрекет - оқу үрдісінің құрамына кіретін, арнаулы оқу орындарында қалыптасатын күрделі психологиялық білім.

Г. Асқарова

2

Студенттердің танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажеттілігін, белсенділігі мен іздемпаздылығын көрсететін танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістер мен мотивтері тұтастығы нәтижесінде студенттердің интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктілігін дамытатын, оқу материалдарының мазмұны мен көлемін меігеруге бағытталған оқу іс-әрекеті.

Г. К. Ордабаева

3

Оқу-танымдық іс-әрекет - бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану.

Е. Ж. Рысбаев

4

Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің ақыл-ой белсенділігі және оның өздігінен ізденіп оқуына мүмкіндік беретін әрекеті.

М. И. Махмутов

5

Оқу-танымдық әрекет - студенттердің негізгі әрекеті болып есептелетін күрделі мәселе. Ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік іс-әрекеттермен және т. б. сипатталады.

Г. М. Мадиярова

6

Табыстылық - жеке тұлғаның әлеуметтік өлшемі, адамның әлеуметтік мәртебесінің ерекше көрсеткіші, жауапкершілікті сезіну, мақсатқа жетуді сезіну немесе қоғам алдындағы жетістіктерге жету қажеттілігі.

А. Усенова

7

Іс-әрекет табыстылығы - тиімді оқыту мен тәрбиенің маңызды ішкі өлшемі.

А. Қ. Рысбаева

8

Іс-әрекет табыстылығы - студенттің белсенділігінің дамуына ынталандырушы әсер ететін педагогиканың категориясы

А. К. Ершина, А. Д. Кожабекова

9

Студенттердің оқу-кәсіби іс-әрекетінің табыстылығы - адамның білім деңгейіне және кәсіптік даярлық деңгейіне қанағаттануының психологиялық жай-күйін білдіреді, ол шағымдар мен өзін-өзі бағалаудың тұрақтылығынан көрінеді, сондай-ақ студенттің білім беру және кәсіптік өсуі мен академиялық белсенділігінің жағымды перспективасын сақтайды.

М. В. Францева

Н. А. Кибальченко «оқу әрекетінің табыстылығы нәтижемен, яғни үлгеріммен анықталады», - деп есептейді [7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға арналған әдістерді қарастыру
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер
Кәсіби біліктілік терминінің анықтамасы
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУ
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Педагогикалық технологиялар жүйесі арқылы оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттау және қызығушылығын қалыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz