Ағылшын революциясының тарихи маңызы


№ 1 тақырып «Еуропа және Америка елдерінің тарихы» пәніне кіріспе.
1. «Еуропа және Америка елдерінің тарихы» пәні, мақсат, міндеттері
2. Хронологиялық шеңбері және кезеңдеріне сипаттама
3. Мәселені зерттеудің жаңа тұрғысы және курсқа тарихнамалық шолу.
Дәріс тезисі:
Жаңа заман 1640-1918 жылға дейінгі аралықты қамтып, капитализмнің еркін бәсекелестік және монополистік капитализм сатыларына бөлінді. Алғашқы кезеңінде Ұлы географиялық ашулардың салдары, «алғашқы қорлану», жаңа сауда жолдарын экстенсивті түрде пайдалану, Батыс пен Шығыс арасындағы дәстүрлі сауданы дамыту, буржуазия табының қалыптасуы және олардың билік үшін талас-тартыстағы рөлі, жалдамалы еңбек күшіне сұраныстың артуы, жер-жерлерде буржуазиялық революциялар орын алуы, ел өмірлеріне капиталистік қатынастар етене енуі қарастырылса, екінші кезеңінде қоғамдық-саяси және мәдени дамудың ерекшеліктері айқын көрініс тапты.
№ 2 тақырып
1640-1815 жж. Еуропа мен Солтүстік Америка
Еуропа және Америка елдерінің жаңа заиан тарихы 1640-жылғы Ағылшын буржуазиялық революциясы оқиғасымен мөлшерленеді. Осының өзінде бұл мезгіл, біршама мөлшерлеуден соң ғана келісіммен алынып отыр. ХҮІІ ғасырдың ортасындағы Ағылшын революциясының маңыздылығы, бәрінен де оның еуропалық ауқымдығы модернизация процессінің қарыштауына негіз болумен сипатталады.
18ғ. Англиядағы ескі мемлекеттік билік жаңа мазмұнмен толыға түсті. 1701-жылы парламент екі заң қабылдайды. Онда Стюарттар династиясының мұрагерлігіне шектеу қойылған болатын. Бірінші документ -Тақты бекіту Биллі болып саналды.
Тақ Гонноверлер династиясының өкілдеріне берілу жайында еді. Екінші документ- «Корольдіктің стакусы» және парламентаризм енгізілді. Парламент министірлер алды жауапты болуы тиісті болған. Королева Анна (1665-1714жж. ) тұсында парламенттік биліктің күшеюі жүрген еді. Тіпті Георг ІІ(1638-1760жж. ) кезінде вето құқығынан айрылады. Парламен отырысына қатынасу құқығынан да айрылған болатын.
Парламент екі палатадан тұрды. Лордтар және общинадан. Парламент пен король арсындағы күресте 17ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан тюри және виги партиялары өте көп күш салады. 1714жылдан бастап Англияны король емес виги партиясынан шыққан буржуазия мүддесін қорғайтын министірлер басқарды. 1760-жылдан бастап Георг ІІІ(1738-1820жж. ) кезінен үкімет басына абсалютизмнің жақтаушылары тори партиясы билікке келген еді.
Мануфактура қоғамның дамуына байланысты өздігінен қалыптаса бастады. Феодалдық қатынастың сақталуымен қатар мануфактуралардың көбеюі қоғамда алаңдаушылықтар тудыра бастады. 18ғ. Англияда мануфактура ұлттық деңгейде дами түсті, себебі, өндірістің дамуы ішкі нарықтың сұранысына сәйкес келе бастаған болатын. Осыған байланысты Англияда өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары қалыптаса бастады. Негізгі төңкеріс тоқыма өндірісінде етек алды. Дж. Кей (1704-1764жж. ) тоқыма самалеті, Дж. Харгривстің тоқыма машинасы және т. б. осындай техникасының арқасында Англияда бұл салада үлен өзгерістер болды. Бұл қол өндірісінің техника өндірісіне бәсекелес бола алмауына әкеліп соқтырды. Джейммс Уатт (1736-1819жж. ) ойлап тапқан бу машинасы да көптеген қол күшін қысқартқан еді. Бұрынғы ағаштың орнына Англияда енді көмір қолданысқа ене бастады. Бұндай жағдайлар жол қатынастары мен темір жолдың ұзаруына жол ашты.
Англия жол мәселесі жөнінен Франция мен Италиядан біршама артта қалған болатын.
18-ғ. Англиядағы жөнделген жолдардың ұзындығы 1600 мильге жеткен еді.
Сауда қатынастары болса Англияда жақсы дамыды. Негізгі бәсекелесі болып Франция саналды. Британ тауарлары Нидерландыда, Германияда үлкен сұранысқа ие болды. Қалай дегенмен де сыртқы саудада Франция Англияға үлкен бәсекелес болды. Францияның халқы да, портты қалалары да Англидан екі есеге артық болды. Кеме саудасы да Англиядан қарағанда жақсы жолға қойылған еді.
№ 3 тақырып XVII ғ. Англия. Ағылшын буржуазиялық революциясы
- Революция ќарсањындаѓы Англия тарихына шолу.
- Ұзақ парламент және оның ќызметі.
- Пресветериандар, индепенденттер, левеллерлер және дигерлер.
- Республика жєне протекторат.
- Стюарттар династиясы.
Дәріс тезисі: ХҮІІ ғ. Бірінші жартысндағы Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктері. Карл І ішкі және сырқы саясаты. Буржуазиялық революцияның алғы шарттары, пресветериандық партияның құрылуы. Ұзақ парламент, құрамы, саясаты, заң жобаларын талқылаудығы қызметтері. Азамат соғысы. Индепендеттік республиканың ішкі және сыртқы саясаты. Кромвельдің протектораты, оның мәні. Рестабрациялау. Виги және тори партиялары. 1688 жылғы төңкеріліс. Конституциялық монархияның орнауы.
ГЛОССАРИЙ:
Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.
Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.
Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.
Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т. б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.
Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.
Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.
Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.
Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.
Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.
Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.
Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.
Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.
Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.
Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т. б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.
Инновация-жаңалық енгізу
Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.
Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.
Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі
Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.
Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.
Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі
Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.
Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.
Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.
Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.
Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.
Саясаттану -қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым
Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-
деологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.
Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері
Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы
Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым
Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.
Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М. Вебер.
Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.
Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.
Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері
Саяси- әлеуметтік қауымдастық - ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.
Саяси нормалар - адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.
Саяси прогресс - қоғамдық дамудың бағыты.
Саяси -әлеуметтік төңкеріс - қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.
Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т. б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.
Саяси- әлеуметтік институттар - біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.
Саяси- әлеуметтік коммуникация - тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.
Саяси- әлеуметтік конвергенция - түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.
Саяси- леуметтік қозғалыс - адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.
Саяси- әлеуметтік мүдделер - қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.
Әлеуметтік-саяси тәрбие - тұлғаға ықпал жасаудың мақсатты бағытталған және жүйелі процесі, сол қоғамдағы өмірге дайындау мақсатында оның санасы мен мінез-құлқына әсер ету процесі.
Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
Саяси теңсіздік - адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.
Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.
Урбанизация -қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.
Революция қарсаңындағы Англия. XVII ғасырдың бірінші жартысында Батыс Еуропада феодализм тоқырауға ұшырады. Оның орнын жаңа қоғамдық жүйе - капитализм ауыстырды. Меншіктің жаңа капиталистік нысаны орнығып, Батыс Еуропада капиталистік қатынастар дами бастады. Англияда XV ғасырдың соңынан бастап шұға өндірісі қарқынды дамыды. Әлемдік нарық қалыптаса бастады.
Жаңа ақсүйектер жекеменшіктің жаңа - капиталистік түрін қолдады, жалдамалы жұмыс күші тиімдірек болғандықтан, мануфактураның иесі феодалдық тәуелділікті қажет етпеді. Кәсіпкерлер және жаңа ақсүйектер өз ақшаларын англикан шіркеуінің пайдасына жұмсағысы келмеді және пуритандарды ( Пуритандар - кальвинизмнің жолын қуушы ағылшын протестанттарының 16 ғасырдың 2-жартысы - 17 ғасырдың 1- жартысындағы атауы. Олар Англияда жартылай жүргізілген діни реформаға риза болмай, оны аяғына дейін жеткізуді талап етті. Протестанттар епископтық жүйені жоюды, олардың орнына сайланып қойылатын старейшиналар құруды, кек алу орнына уағызды қолдануды т. б. жақтады. Пуританизм абсолютизмге қарсы саяси оппозицияның белгісіне айналды. ) көбірек қолдай бастады.
XVII ғасырдың басында пуритандарда пресвитериандар ( Пресвитериа́нство (от греч. πρεσβύτερoς - «старший») - шіркеу ұйымының ерекше формасы және протестантизмнің бір бағыты, Жан Кальвин идеясн ұстанушылар және каьвинизмнің бір бұтасы, яғни шіркеу реформаторлары ) және индепенденттер ( «Индепе́ндент» [2] ( англ. The Independent - «независимый») Либералды-демократиялық партия идеясына жақын, жеке адам құқығының мәселесіне ерекше көңіл бөлгендер ) бағыттары пайда болды. Ауқатты көпестер, қаржыгерлер, ірі жер иелері - джентрилер пресвитериандарға айналды.
Алайда Англиядағы капитализмнің дамуын ортағасырлық қатаң ережелер тежеді.
Революцияның себептері. XVII ғасырдың 30-жылдарының соңы мен 40-жылдарының бас кезінде Англияда революциялық жағдай қалыптасты. Заңсыз салықтар сауда мен өнеркәсіптің дамуын тежеді, халықтың жағдайының нашарлауына әкелді.
I Яков 1625 жылы қайтыс болып, сол жылы оның мұрагері I Карл таққа отырды. Ол әкесінің парламент құқығын мойындаудан бас тартқан шексіз билік туралы көзқарасын жалғастырды.
Парламент наразылық білдірушілердің талаптары көрсетілген құжат - «Құқық туралы петиция» қабылдады. I Карл парламентті таратып, он бір жыл бойы Англияда жеке-дара билігін жүргізді. Бірақ король парламенттің рұқсатынсыз жаңа салықтар енгізе алмады.
XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның сыртқы саясатын революциялық ахуалдың қалыптасу факторы ретінде қарастыруға болады. I Якоб басқаруының бас кезінде біріккен провинциялармен бәсекелестік күшейді және Испаниямен жақындасу басталды. Бұл -көпестер мен кеме иелерінің наразылығын туындатты. Шотландияда I Карлдің жеке-дара билігіне қарсылық ретінде көтеріліс басталды. Осы оқиғаларға орай I Карл парламентті шақыруға мәжбүр болды. Ол корольға жаңа салықтарды жинауға рұқсат бермегені үшін таратылып, тарихқа Қысқа парламент деген атпен енді. 1640 жылы королъ Ұзақ парламент деп аталған жаңа парламент шақырды. Буржуазиялық-ақсүйектер оппозициясының бағдарламасы екі құжатта: «Тамырлар мен бұтақтар туралы петиция» мен «Ұлы ремонстрациядан» өз көрінісін тапты.
Англикан шіркеуі - Англияның мемлекеттік шіркеуі, протестанттық шіркеулердің бірі. Әдет-ғұрыптары жағынан католиктік шіркеуге жақын, бірақ оның басшысы Рим Папасы емес, ағылшын королі.
Парламентпен күрестің қиын болатын-дығын түсінген I Карл 1642 жылы қаңтарда солтүстікке кетіп, сол жылы тамызда парла-ментке соғыс жариялады. Елде корольдың парламентпен азамат соғысы басталды.
Азамат соғысы. Бүкіл Англия екіге: парламентті жақтаушыларға және фео-далдық-абсолюттік құрылысты жақтау-шыларға бөлінді. Парламент жағында қала қолөнершілері мен саудагерлер, ерікті шаруалар, джентрилер бой көтерді. Корольды ақсүйек тектілер, солтүстіктің феодалдары мен дворяндары, ауыл қол-өнершілері, дін иелері қолдады. Корольдық әскерді сәнді киімдер мен парик кигендері үшін «кавалерлер» («салт аттылар») деп, парламентті жақтаушыларды шаштарын дөңгелентіп алдырғандары үшін «домалақ бастылар» деп атады. Экономикалық жағынан артта қалған солтүстік және батыс графтықтар король туының астына өтті. Экономикалық жағынан неғұрлым дамыған оңтүстік-шығыс парламентті қолдады.
Соғыс король әскерінің жеңістерімен басталды. Қауымдар палатасы парламент әскерін нығайту жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. Осылайша ауқатты емес джентри, шаруалар, қолөнершілер, мануфактура жұмысшыларынан тұратын еріктілердің жаңа үлгідегі әскері пайда болды. Бұл әскерде офицер болу үшін адамның ақсүйектер тегінен шығуы талап етілмеді. Жаңа әскердің негізін қалаушы Хантингтоннан шыққан жер иесі, генерал-лейтенант атағын алған ақсүйек Оливер Кромвель еді. Нейзбиде роялистер жеңіліске ұшырады. I Карл солтүстікке қашып, шотландтықтарға тұтқынға түсті.
Елдегі билік әскердің қолына көшті. Король әскерін жеңу парламент актісімен бекітілді.
Левеллерлер мен республиканың орнауы. Революция халықтың демократиялық тобының үмітін ақтамады. Солшыл революциялық күштердің негізі орта шаруалар мен қала кедейлерінен тұратын әскер болды. Бұл әскерде ұсақ буржуазия арасында левеллерлер -теңестірушілер саяси партиясы қалыптасты. Левеллерлер көшбасшылары Дж. Лилъберн, У. Уолвин, Р. Овертон демократиялық заңдарды әзірлеуді, парламенттің халық алдындағы жауапкершілігін, парламентке бақылау орнатуды, лордтар палатасын жоюды талап етті.
Левеллерлердің бағдарламасы «Мыңдаған қала тұрғындарының ремонстрациясы» жарияланды.
1647 жылы ағылшын революциясы буржуазиялық-демократиялық жаңа кезеңге өтті. Парламенттің корольмен келіссөздері бүкіл ел бойынша демократиялық күштердің наразылығын туындатты. Бұл қозғалыс индепенденттік генералитетті (әсіресе Кромвель және Ферфаксты) парламенттегі пресвитериандық көпшілікпен байланысын үзіп, әскермен бірігуге мәжбүр етті. Әскер батыл әрекеттер жасады. Корольды Ньюпорттан Херст бекініс-түрмесіне ауыстырды. Полковник Прайд жасаған мемлекеттік төңкеріс әйгілі «прайдтік тазарту» болды. Парламенттен корольмен ымыраға келгісі келген депутаттар қуылды. Жоғарғы сот корольды соттау туралы шешім қабылдады. 1649 жылы мамырда Англия республика деп жарияланды.
Республика құрылғаннан кейін соғыс пен дағдарыстарға бай-ланысты халықтың жағдайы нашарлады. «Шынайы левеллерлер» немесе диггерлердің жаңа қозғалысы пайда болды. Халықтың кедей бөлігі мүлік теңдігі, жерді қоғамдастыру, халықты қанауды тоқтату сияқты талаптарды қойды. Диггерлер басшысы Джерард Уинстэнли болды.
Революцияның демократиялық күштерінің жеңілісі республикадағы таптық күрес ауқымын бәсеңдетті, оның бұқара халықтан алшақтануына алып келді.
Ағылшын республикасының алдында индепенденттік джентри және буржуазияның билігін нығайту міндеті тұрды. Ол Ирландия мен Шотландиядағы роялистік қауіп-қатерді жоюға тиіс болатын. «Теміржондылар» әскерін бастаған О. Кромвель Ирландияны жаулап алуға аттанды.
Кромвель әскері Шотландияға басып кіріп, ағылшын контрреволюциясын қолдайтын жер гілікті феодалдарды тас-талқан етті. Осы жеңістер нәтижесінде Англия Республикасын Испания, Швеция, Франция ресми түрде таныды.
О. Кромвель протектораты. Республиканың ішкі саяси ахуалы ауыр күйінде қалды. Елде жаңа Конституцияны бекітіп, заңна-малық реформаларды жүргізу қажет болды. Осы жағдайда Кромвель парламентті таратып, жаңа билік органы - Кіші немесе Бэрбондық парламентті тағайындады. Парламенттің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері билеуші топтың наразылығын тудырды. Кіші парламент өзін-өзі тарқатуға мәжбүр болды. Англияда «Басқару құралы» атты жаңа Конституция қабылданды. Кромвель Англияның, Шотландияның және Ирландияның өмірлік лорд-протекторы болып тағайындалды. Шын мәнінде, протекторат жүйесі Кромвельдің әскери диктатурасы еді. 1658 жылы Кромвель қайтыс болып, билік оның үлы Ричардқа көшті. Халық наразылығы қайта жанданды. Англияда реформалар жүргізуге дәрменсіз Екінші республика орнады.
Саяси режімнің тұрақсыздығы, халық толқуларының өсуі монархиялық билікті қалпына келтіруге итермеледі. Шіркеудің пресвитерлік құрылымы қалпына келтірілді.
Голландияның Бред қаласында эмиграцияда жүрген II Карл төңкеріске қатысушыларға рақымшылық жасау, дін еркіндігі мен жерді сату және тәркілеуді бекіту туралы декларация жариялады. Англияда қайтадан абсолюттік монархия режімі орнады.
Корольдың саясатына наразы оппозиция жетекшілері Нидерланды үкіметінің басшылығына ұсыныс жасап, III Вильгельм Оранскийдің Англияға оралып, «протестанттық еркіндікті» қалпына келтіруін сұрады.
«Даңқты революция» және конституциялық монархияның орнығуы. III Вилъгелъм Оранскийдің әскері Лондонды басып алды. Ол 1689 жылдың басында Англия королі болып жарияланды. Осылайша «Даңқты революция» деген атауға ие болған қантөгіссіз мемлекеттік төңкеріс болды.
Жаңа мемлекеттік жүйенің негізгі құжаты - «Құқықтар туралы билль» енгізілді. Англия парламенттік монархияға айналды. Король елді парламентпен бірігіп басқаратын болды. Корольдың парламенттің рұқсатынсыз заңдар шығаруға, салықтарды жинауға, әскер ұстауға, дін істеріне араласуға құқығы болмады. Құқық жөніндегі декларациясында халық корольды орнынан алуға өзгертуге құқықты болды. Сондай-ақ тақ мұрагерлігі тәртібін өзгерте алуға құқылы екендігі атап көрсетілді. Жалпы алғанда, 1688 жылғы төңкеріс жер иеленуші ақсүйектер мен ірі буржуазияның арасында бітімгершілік барын көрсетті.
Ағылшын революциясының тарихи маңызы. Ағылшын революциясы капитализмнің дамуына маңызды қадам жасады. Парламент арқылы жаңа капиталистік жүйенің дамуына үлес қосқан бірқатар заңдар қабылданды. Бұрынғы тектілік артықшылыққа тойтарыс беріліп, абсолютизм жойылды. Елде азаматтық қоғам қалыптаса бастады. Ағылшын революциясы жариялаған саяси талаптармен бірге буржуазиялық еркіндік, жаңа экономикалық тәртіп заманауи индустриялық өркениеттің іргетасын қалады. Ағылшын революциясының ерекшелігі жаңа ақсүйектер буржуазиямен одақтаса отырып монархияға, феодалдық ақсүйектерге және шіркеу үстемдігіне қарсы күресті.
XVII ғасырдағы ағылшын революциясы және пуританизм идеяларының таралуы дәстүрлі қоғам және шексіз монархияны жойды. Елде конституциялық парламенттік монархия орнады.
№ 4 Тақырып Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздігі үшін соғысы. АҚШ-тың құрылуы.
1. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы колониялардың әлеуметтік және саяси дамуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz