Ағза мүшелерінің қалыпты өлшемдері, функцияналдық көрсеткіштері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Ағза мүшелерінің қалыпты өлшемдері, функцияналдық көрсеткіштері.

Тақырып жоспары:

  1. Жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі және несеп шығару жүйесінің мүшелерінің қалыпты өлшемдері, функцияналдық көрсеткіштері.

1. Асқорту жүйесі:

Жұтқыншақ, pharynx, жұту актін жүзеге асыратын мүше және тыныс алу мен ас қорыту жолдарының қилысатын жері болып табылады. Пішіні оймыш тәрізді, ұзындығы 12-15см болады.

Өңеш, oesophagus, тағамды жұтқыншақтан асқазанға өткізетін, ұзындығы 25-30 см-дей, цилиндр тәрізді түтік.

Асқазан, ventrіculus, gaster, тағамды сақтайтын және қорытатын ас қорыту жолының кеңейген бөлігі болып табылады. Ересек адам асқазанның орташа сыйымдылығы 2-3л-ге жуық, ал жаңа туылған баланың асқазанының сыйымдылығы 30-35 мл болады. Адамда асқазан бездері тәулігіне 2-2, 5 литрдей сөл шығарады. Тағам асқазанда 6-10 сағат сақталады. Ақуызды және майлы тағамдар асқазанда ұзақ сақталады. Асқазанда су, спиртті заттар қанға сіңеді.

Жіңішке ішек, іntеstіnum tenuе, асқазаннан кейінгі орналасқан ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі. Тірі адамда ішектің ұзындығы 2. 2-4. 5м-ге жуық, әйелдерге қарағанда еркектердікі ұзындау болады. Жіңішке ішек үш бөлімнен тұрады: он екі елі ішек, ащы ішек және мықын ішек. Ащы және мықын ішектердің шажырқайы болғандықтан, олар жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігі деп қарастырылады.

Он екі елі ішек немесе ұлтабар, duodenum ұзындығы 17-21см, жуашық түрінде асқазанның қақпалық бөлігінен басталып, ащы ішекке өтеді.

Ащы ішек, jejunum, он екі елі-ащы иілімнен басталып, ілмектері құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінде сол жаққа таман жатады. Мықын ішек, іleum, ащы ішектің жалғасы болып табылады. Ащы және мықын ішектердің шырышты қабаты биіктігі 8 мм болатын дөңгелек қатпарлардан тұрады. Қатпарлардың жалпы саны 600-750 жетеді. Шырышты қабатының беті көптеген ішек бүрлері болуына байланысты бархат тәрізді болады. Ішек бүрлерінің биіктігі 0, 2-1, 2мм. Аш ішектен тоқ ішекке тәулігіне 2-4 литрдей химус өтеді.

Құлақ маңы немесе шықшыт безі, glandula parotіdea, салмағы 20-30 г жуық болатын күрделі алвеолярлы без. Сілекей бездерінің ішіндегі ең ірісі. Ол құлақ қалқанының алдыңғы төменгі жағында төменгі жақ сүйегі тармағының сыртқы бетінде, шайнау бұлшықетінің артқы жиегінде орналасады. Шықшыт безінің шығарушы өзегі бет доғасынан 1-2 см төмен жүре отырып, ұрт бұлшықетін тесіп өтіп, ауыз кіре-берісінде жоғарғы екінші үлкен азу тіс деңгейінде ашылады.

Жақасты безі, glandula submandіbularіs, төменгі жақ сүйегінің астыңғы жағында. Жақасты безінің өзегі тіласты бүртігіне ашылады.

Тіласты безі, glandula sublіngualіs , Ауыз қуысы шырышты қабатының астында орналасады. Бездің үлкен өзегі тіласты бүртігіне ашылады.

Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15-30 секундтай кідіреді. Сілекей коймалжың сұйық зат. Адамда тәулігіне 1-1, 5 литр сілекей бөлінеді. Сілекей құрамында 98, 5-99% су, 0, 5-1, 5% құрғақ зат болады.

Бауыр, hepar, үлкен қызыл-күрең түсті, адам организміндегі ең ірі без. Ересек адамда салмағы 1500гр жуық, жаңа туған нәрестелерде 135гр. Бауыр құрылысы күрделі, қызғылт қоңыр түсті. Бауыр жасушалары гепатоциттер деп аталады. Бауыр тіні 60% гепатоциттерден 30% жұлдыз тәрізді Купфер жасушаларынан тұрады.

Өтті жинап, керекті кезінде ішекке жіберіп отыратын өт қуығы, vesіca bіlіarіs, болып табылады. Өт қуығының пішіні алмұрт тәрізді, сыйымдылығы 40-60мл жуық. Тәулігіне 500- 1500 мл өт бөлініп шығарылады. Өт құрамында холестерин, лецитин, өт қышқылдары, муцин, май қышқылдары, Nа, К, Са, тұздары, билирубин болады. Өттің меншікті салмағы 1, 008-1, 015 ортасы сілтілі рН-7, 3-8, 0.

Ұйқы безі, pancreas аралас қызметті ас қорыту безі. Ұйқы безінің салмағы 70-80гр жуық, ұзындығы 17см, қалыңдығы 2-3см жуық. Тәулігіне ұйқы безінен 1, 5-2 литрдей сөлбөлініп шығады. Ұйқы безінің сөлі түссіз, сілтілі. Оның құрамында 1%-тей құрғақ зат болады. Құрғақ зат негізіненақуыздан тұрады. рН -7, 8-8, 4 реакциясы құрамындағы натрий биокарбонатының млшеріне байланысты. Сөлдің құрамында түрліферменттер бар. Мұнда ферменттердің шамамен 72%-і ақуызды ыдырататын протеазалар: трипсин, химотрипсин , карбоксипептидазалар, эластаза, рибонуклеаза.

2. Тыныс алу жүйесі:

Кеңірдек, трахея, trachea (грекше, trachus-бұдырлы) - ауа өткізу қызметін атқаратын түтік тәрізді мүше. Кеңірдектің ұзындығы 9-11см жуық, диаметрі 1. 5-1. 8см жуық болады. Кеңірдектің қабырғасы фиброзды-сақиналы байламдармен қосылған 16-20 жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады.

Бронхтар, бронхи, bronchі, (bronchus, грекше-тыныс алу түтігі) - кеңірдектен бөлінгеннен соң оң және сол басты бронхтар деп аталады. Оң басты бронх , bronchus prіncіpalіs dextra, қысқа, жуан, ұзындығы 3см-дей, 6-8 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Сол басты бронх , bronchus prіncіpalіs sіnіstra , ұзын, әрі жіңішкелеу, ұзындығы 4-6 см-дей, 9-12 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады.

Өкпе , легкое, pulmones, (грекше-pneumon, қабынуы пневмония деп аталады) - кеуде қуысын тұтас алып жататын көлемді, жұп, тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Тыныс фазаларына байланысты пішіні мен көлемі өзгеріп отырады. Өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі - өкпелік ацинус , acіnus pulmonіs деп аталады. Ацинус қан мен ауа арасында газ алмасуды жүзеге асыратын алвеолалық жүйеден тұрады. Ацинус соңғы және тыныстық бронхиолалардан, альвеолалық жолдан, альвеолалық қапшықтардан құралады. Альвеолалық жол мен қапшықтардың қабырғасы бірнеше ондаған көпіршіктерден құралады. Ересек адам көпіршігінің пішіні көпбұрышты, диаметрі 260-280 мкм, олардың жалпы саны 300-350млн-ға жетеді. Көпіршіктердің арасында бір-бірімен байланысатын сопақша немесе домалақ пішінді тесіктері болады.

Тыныс алудың реттелуі және орталығы

Ересек адам қалыпты жағдайда минутына 16-20 рет тыныс алады. Тыныс алудың жиілеуі тахипноэ, басеңдеуі-брадипноэ, болмауі апноэ деп аталады . Тыныс алу өмір бойы бір-бірімен байланысқан екі рефлекс арқылы жүріп өтеді.

  1. Дем алу-инспирация -бұл кезде өкпе көлемі ұлғайып, көкет төмендеп, қабырға аралық бұлшықеттер жиырлады
  2. Дем шығару- экспирация- барысында мұнда өкпе көлемі кішірейіп, көкет 1-1, 5см жоғарлап, қабырға аралық бұлшықеттер босаңсиды.

Жалпы атмосфералық ауаның құрамы мынадай: 20, 94% -оттегі, 0, 03%- көмірқышқыл газы, 79, 03%- азот.

Адамныңдем алғанда атмосфералық ауаның құрамы соған сәйкес болады: 20, 94% -оттегі, 0, 03%- көмірқышқыл газы, 79, 03- азот. Дем шығару ауаның көлемінде 16, 3%- оттегі, 4%- көмірқышқыл газы, 79, 7%- азот болады.

Дем шығару ауаның құрамы тұрақсыз болып, ол зат алмасудың жиілігіне, дем алудың тереңдігі мен жиілігіне байланысты. Бірден тыныс алуды тоқтатсақ, дем шығару құрамы өзгеріп шығады.

Альвеоладағы ауаның құрамы атмосфералық ауаның құрамы арасында айырмашылық болады. Өкпеде альвеола мен қан арасында газ алмасу өтіп, оттегі қанға барады, көмірқышқыл газы альвеолаға. Нәтижесінде альвеоладағы ауада оттегінің мөлшері азайып, көмірқышқыл газы жоғарылайды. Альвеоладағы ауа газдары проценттік көрсеткіштерге тең: 14, 5%- оттегі, 5, 5%- көмірқышқыл газы, 80%- азот.

Тыныстың минуттық көлемі.

Бір минут ішінде өкпе арқылы өтетін ауаның көлемін тыныстың минуттық көлемі (ТМК) деп атайды. ТМК әдетте орта есеппен 6-9 литр болса, ал ауыр қара жұмыс істеген адамда 100-120 литрге жетеді. ТМК қалыпты жағдайда шығарылған ауаны Дуглас қабына жинап, газ санақшасынан өткізу арқылы өлшенеді немесе қалыпты тыныс ауасының (ҚТА) көлемін бір минуттық тыныс алу жиілігіне (МТЖ) көбейту арқылы анықталады: ТМК=ҚТА х МТЖ

Тыныс aлy қозғалысының 1 минуттағы саны жас пен жынысқа байланысты болады. Жаңа туылған нәресте минутына 50-60, бес жасар бала минутына 14-16, ересек адам 14-20 peт тыныс алып, тыныс шығарады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз адам терең тыныс алғаннан кейін тыныс шығара алатын ауаның ең көп мөлшері. Ересек адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы орташа 4000 мл-ге тең. Оны арнайы құрал - спирометрдің көмегімен өлшейді.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы үш ауа көрсеткіштерімен анықталады:

ӨТС=ҚТА+РДАА+РДША

ӨТС= 500мл+2000мл+1500мл=4000мл

ҚТА қалыпты тыныс ауа500 мл адам қалыпты жағдайда тыныс алғандағы атмосфералық ауаны көлемі. ҚТА 150 мл тыныс жолын толтырады да, газ алмасу үрдісіне қатыспайды, оны өлі кеңістік ауасы деп атайды. Қалған ауаның 350 мл-ы ғана өкпеге жетіп, газ алмасу процесіне қатысады. *Өлі кеңістік* Ауа жолын жайлаған ауа, газ алмасу үрдісіне қатыспайды, сондықтан бұл жол *өлі кеңістік деп аталады. Өлі кеңістік көлемін анықтау ушін өлген адамның ауа жолын гипске толтырады да гипс қатқан соң оны басқа бір ыдыстағы суға салады, ығысқан су көлемі арқылы өлі кеңістік өлшенеді. Орта есеппен мөлшері 140-150 мл. *Өлі кеңістік* көлемі ауа жолы құрлысының ерекшеліктеріне байланысты өзгкріп отырады.

РДАА резервтегі дем алу ауасы2000 мл адам терең дем алғанда қосымша ауаның көлемі.

РДША резервтегі дем шығару ауасы 1500 мл адам терең дем алғандағы

іле шала дем шығарғандағы көлемі.

Сонымен үш түрлі ауа - қалыпты тыныс ауасы, резервтік дем алу ауасы, резервтік дем шығару ауасы бірігіп өкпенің тіршілік сыйымдылығын (ӨТС) құрайды. ӨТС адамның жасына, жынысына, бойына, дене еттерінің күшіне, ширақтығына байланысты болады. ӨТС қарт адамдарда аз, оның қабырға шеміршектері қатайып, өкпесінің серпімді қасиеті төмендейді. Ер адамға қарағанда әйелдің көкірек қуысы тарлау, ал жолақ еттері әлсіздеу келеді. Спортшы адамдардың тыныс еттері ширақ, күштірек келеді. Дем алған кезде, көкірек қаттырақ керіледі, ӨТС-ы жоғары болады . Ер адамда 3500-5500 мл, әйелде 3000-3500

ӨТС-ын, оның құрамындағы ауа көлемін спирометрмен өлшеп немесе спирографпен жазып, олардың мөлшерін спирограмма арқылы табуға болады.

3. Несеп щығару жүйесі:

Несепағар, мочеточник, ureter, - ұзындығы 30-35см, диаметрі 6-8мм болатын пішіні түтік тәрізді, бүйрек түбегін несеп қуығымен қосатын жұп мүше.

Несеп қуығы, мочевой пузырь, vesіca urіnarіa, грекше- cystos , сыйымдылығы 250-500мл жуық, несеп жинау қызметін атқаратын, тақ, қуысты мүше. Оның пішіні несеппен толуына байланысты өзгереді.

Еркектің несеп шығаратын өзегі, мужской мочеиспускательный канал, urethra masculіna, ұзындығы 16-22см жуық болатын жұмсақ эластикалық түтікше.

Ә йелдің несеп шығаратын өзегі, женский мочеиспускательный канал, urethra femіnіna, еркектікімен салыстырғанда жалпақ, ұзындығы 2. 5-3. 5см, диаметрі 7-10мм болатын тік түтік тәрізді мүше.

Бүйрек, ren (грекше - nephros) несеп түзетін мүше. Зат алмасудың соңғы өнімдерін ағзадан бөліп шығарады. Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200г жуық бел аймағында XII кеуде және II жоғарғы бел омыртқаларының тұсында орналасады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда шамалы төмен орналасады. Бүйрек - пішіні бұршақ тәрізді, ұзындығы 10-12см, ені 5-6 см, қалындығы 4см.

Несеп түзілу кезеңдері

1) Шумақтағы сүзілу- фильтрация;

2) Түтікшелердегі қайта сіңу- реабсорбция.

Шумақтағы сүзілу фильтрация . Мальпиги шумағындағы капиллярларда қан плазмасы құрамындағы заттар фильтрациядан яғни сүзгіден өтеді. Фильтрация кезінде қандағы ақуыздар мен пішінді элементтер өте алмайды. Шумлянский Боумен капсулады алғашқы несеп түзіледі. Алғашқы несептің қан плазмасымен бірдей, бірақ несепте ақуыз болмайды. Алғашқы несептің көлемі тәулігіне 150-180 литрді құрайды. Осынша көп болу себебі, шумақтағы қан қысымының жоғары болуына байланысты.

Түтікшелердегі қайта сіңу реабсорбция. Капсулада пайда болған алғашқы несеп түтікшелерге қарай өтеді. Осы бүйрек түтікшелерде алғашқы несептің құрамындағы кейбір заттар таңдамалы түрде қанға қайта сіңіреле бастайды. Мұны түтікшелердегі қайта сіңу немесе реабсорбция деп атайды. Қанға тұздар, су, глюкоза, аминқышқылдар сіңеді. Нәтижеде жинақтаушы түтікшеде соңғы несеп пайда болады. Соңғы несептің құрамында мочевина, несеп қышқылы, креатинин шлактары қалады. Соңғы несептің тәуліктік мөлшері 1-1, 5 литр. Мұнда несеп түзілуінің үшінші кезеңі секреция жүзеге асады.

4. Жүрек-қан тамыр жүйесі:

Жүрек латынша - cor, грекше - cardia деп аталады. Қалын жолақты еттен тұратын жұмыр ағза . Салмағы 240-330 гр. Көлемі шамамен әр адамның сол қолының жұдырығындай. Ұзындығы 12-15см, ені 8-11см. Негізгі қызметі насос тәрізді қанды айдау.

Жүрек циклі және оның фазалары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық энцикполедиясы
МДМ-дегі денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды кешенді қолданудың тиімді жолдары
Жүзу спортының тарихы
Әр түрлі аталық іздерден туған абердин-ангус тұқымының өсіп дамуы
Бір сатылы қысымды компрессорлы - конденсаторлы, буландырғыш тоңазытқыш қондырғыны автоматтандыру
Спорттық медицинаның клиникалық мәселелері
Артериялық гипертония жаһандық мәселе
Жүйке жүйесінің анатомиясы
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы "Асар" шаруа қожалығының жыртылған жерлерін кадастрлық бағалау
Мақсаты, мәселесі, әдістер және зерттеу ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz