Сөйлеу туралы жалпы ұғым



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Сөйлеу туралы жалпы ұғым
Адам озінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бүл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана-ссзімінің дамуьшда дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.
Тіл, сойлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл аткарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді сөзі мірдің оғын-дай екен дейді. Ескі қазақ жүртының ғүлама ғалымы Жүсіп Баласағұн Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ыкналымеп, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бүл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, Мүғалім келді деген сөйлем-де мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, мүғалім келді ме? деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алгашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйретеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі зандылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қогам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сойлеу -- пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің озінде сойлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы озара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытын кана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақ-талган қогамдық тәжірибай меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М.Жүмабасв).
Сөзді қабылдау және оны үғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұгынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны үғынуды қажет етеді. Қабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонаңияны қабылдау сойлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонаңиясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келісушілік білдіреді. Адамға тон сейлеу орекетінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлау туралы түсінік
Оқушылардың қазақша тілін дамыту
Ойлау мен сөйлеу
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Тілдік қатынас туралы байланыс
Сөздің психологиялық құрылымы
Тіл дамыту әдістемесі
Әрбір жас кезіндегі балалардың ойлау мен сөйлеудің теориялық талдамасы
Когнитивтік парадигмадағы терминология
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ МЕН СӨЙЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Пәндер