Қысқаша бейнелеу өнерінің даму тарихы. Бейнелеу өнерінің құралдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сабақтың тақырыбы: Қысқаша бейнелеу өнерінің даму тарихы. Бейнелеу өнерінің құралдары.
Бейнелеу өнерінің түрлері:
Кескіндеме өнері (живопись). Живопись- қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.
Живопись бейнелеу өнерінің кең дамыған түрі болып саналады. Живопись орындалу тәсіліне, бояу түрлеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Станокты живопись - белгілі қағазда, картонда, кенепте, тұғыр (станок) үстінде орындалатын живопись.
Монументальды живопись - белгілі сарай, ғимараттардың іші- сыртын безендіру үшін қолданылатын живопись. Роспись, мозаика, фреска, т.б.
Миниатюралық живопись - кітап мазмұнына байланысты шағын көлемді материалда орындалатын сурет. Негізінен кітап көркемдеуде басты орын алады.
Графика. Графика сөзі гректің "графо" - жазамын, сызамын, сурет саламын деген сөзінен шыққан. Ал жалпы графика дегеніміз - ақ және қара түстердің негізінде, қатаң сызықтармен салынған сурет.
Графика орындалу тәсіліне, өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Гравюра - тақта, ағаш, линолеум бетіне арнаулы аспаптармен ойып істелетін сурет салу өнері.
Ксилография - ағаш бетінде орындалған сурет.
Литография - тегіс орындалатын гравюра.
Иллюстрация - кітап мазмұнына, ертегілерге арналып салынған сурет.
Мүсін өнері. Мүсін, яғни скульптура латынша sculptura сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды, шекуді мүсін жасауды білдірген. Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы - көлемділігі, аумақтық формасы. Мүсін жұмыр оны барлық жағынан қарауға болады және бедерлі болып келеді. Рельеф- тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазық беттегі мүсіндік бейне.
Сәулет өнері. Сәулет негізі үш түрге бөлінеді. Бірінші-көлемді құрылыстар сәулеті. Бұған тұрғызылған үйлер, қоғамдық орындар жатады.
Екінші түрі- ландшафты сәулет. Ол негізінен демалыс орындарының құрылыстарымен байланысты. Бұған скверлер, сонымен қатар сәнді орындықтар, фонтандары бар саябақтар жатады.
Сәулеттің үшінші түрі - қала құрылысы. Бұларға жаңадан қалалар мен ауылдар салу немесе қала аудандарын өзгерту жұмыстары жатады.
Сәндік қолданбалы өнер.
Дизайн өнері
Жанрлары: Жанр ( француздың Qеnre - түр немесе тек сөзінен шыққан ) - бұл көркем шығарманы бейнелі композициялық ұйымдастыру формасы болып табылады.
Жанр негізінен бейнеленген бейнеге байланысты ажыратылады. Бейнелеу өнері бірнеше жанрларға бөлінеді: пейзаж, натюрморт, портрет, тақырыптық картина, тарихи, батальдық, тұрмыстық, анималистік, интерьер. Пейзаж - табиғатты бейнелеу, ол ауылдық, сәулеттік, қалалық, индустриалды, маринистік болуы мүмкін. Натюрморт - жансыз заттарды бейнелеу, оның суреті тұрмыстық, тақырып бойынша болуы мүмкін. Портрет - адам бейнесі, ол жекеленген немесе топтық болып келеді.
Тақырыптық картина - өмір белестері көрсетілген шығарма. Тарихи, батальдық, тұрмыстық, анималистік, интерьер жанрлары тақырыптық картинаның салалары болып табылады. Батальдық - соғыс көріністерін бейнелейтін шығарма. Француздың ″ батай ″ сөзі шайқас деген мағынаны білдіреді. Анималистік жанр - жануарлардың бейнесі. Бұл латынның ″анима″ - жануарлар деген сөзінен шыққан. Ал пейзажға қатысты маринистік жанрда теңіз көріністері суреттеледі.
Сурет саларда алдымен кескіннің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алған орынды. Бұл үшін суреттің жоғарғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Жалпы білім беру пәндер циклы
Ертедегі бейнелеу өнерін оқытудың қысқаша тарихы
Болашақ бейнелеу өнері муғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау жайлы
Көркемдік білім туралы түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары
Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы
Пәндер