Мағжан - ғасырда бір болатын құбылыс


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзeктiлiгi. Мағжан - ғасырда бір болатын құбылыс. ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетіне сыршыл өлеңімен, Әуезовше айтсақ, «Еуропашылығымен, жарқыраған әшекейімен» келіп, тыңнан түрен салды, қазақ сахарасына символизм бағытын алып келді. Жай ғана алып келген жоқ Мағжан Абайдан кейін үзілгендей болған дәстүрді қайта жалғап, қазақтың қара өлеңін қайта жандандырды.
ХХ ғасыр басын «қазақ әдебиетіндегі серпіліс кезеңі» деп атауға да болады, бұл кезең әдебиеттегі жаңа кезең еді. Ал саяси және әлеуметтік өмірде қазақ үшін жаңа қоғамға өту мен ұлт ретінде жойылып кетпеу мәселесі тұрған алмағайып уақыт болды. Замана ағысы өзгерді - шаруашылық жаңа арнаға бет бұрды, ағартушылық пен оқу-білім жаппай насихатталып, жаппай сауат ашу басталды, қазақ сахарасында алғашқы теміржол - «шайтан арба» салынды, ең бастысы, баспа ісі дамып, халық мерзімді басылымдарда жарияланып тұратын еңбектерді ден қойып оқуды бастады. Рухани өмірге де өзгеріс келді. Міне, осы өзгерістер тұсында қазақ әдебиетіне романист жазушылар келді. Батыс және орыс әдебиетімен танысқан және сол өзге әдебиеттердегі баяндау үлгісі мен тәсілін қазақ әдебиетіне әкелген жаңа толқын пайда болды. Олар қоғамдағы өзгеріс пен халықтың әлеуметтік тұрмысын жазды, айта алмаған нәрсені бейнелеп, астарлап жеткізуге тырысты. Осылайша олар прозаға бейнешілдікті алып келді. Романист жазушылар өз шығармаларында символ қылып табиғат құбылыстарын алды. Мысалы, Міржақып боранды «Бақытсыз Жамалында» ХХ ғасыр басындағы қазақ қызының қиын тағдырының бейнесі ретінде берді. Боранды ұйытқыта соқтыра отырып, қайғы мен қасіреттің салмағын көрсете алды. Боран - символ. Осы символ поэзияға да өтті. Символ өмірдің қай саласында болмасын болып жатқан жағдайларды шынайы көрсету, бірақ астарлап, бейнелеп беруге тырысудан туған тәсіл болды. Әдебиеттің қай саласында болмасын, прозада болсын, поэзияда болсын символизм көркемдік тәсіл ретінде пайдаланыла бастады.
Енді өткен ғасыр басындағы поэзиядағы символизмге келсек, қазақ поэзиясына жаңа жол, соны сипат, сырлы сөз әкелген, әлбетте, Мағжан болды. Ақын орыс әдебиетінде ХІХ ғасыр аяғында дамып бастаған бейнешілдікті қазақ поэзиясына әкеліп қосты. Еліктеді, үйренді, тәржімалады, бірақ толық көшірген жоқ, жаңа өрнекпен жаңа символдарды түрлендіре отырып қазақ символизмінің негізін қалады. Мағжан поэзиясы аққан судай мөлдір, соққан желдей еркін, асқар таудай биік, ерке бойжеткен кыздай сылқым сұлу. Ол жаңашылдығымен ерек болды. Қазақтың қара өлеңіне батыстық үлгідегі көйлек кигізіп, оған жаңа реңк берді. Осы тұрғыдан келгенде, Мағжан әдебиетте төңкеріс жасады.
Мағжан тек 1988 жылы ғана Кеңес өкіметі таққан жаладан ақталып шықты. Қырық жылдай тек кей әдеби орталарда, оның өзінде сыбырмен ғана айтылып жүрген ақын шығармашылығын зерттеуге мүмкіндік туды. Одан бері Мағжан поэзиясын әр қырынан зерттеген бірнеше монография мен еңбек жарық көрді. Б. Қанарбаева, Т. Кәкішев, Е. Тілешов, С. Қирабаев. С. Құдаш сияқты ғалымдар Мағжан шығармашылығы мен символизмін зерттеп, іргелі еңбектер жазды. Алайда, ақын шығармашылығы - әлі де зерттеуді, тереңіне бойлай түсуді қажет ететін қазақ әдебиетіндегі өзекті тақырыптардың бірі.
Зеpттеy жұмысының мaқсaты мен міндеттері: қазақтың тұңғыш символисті Мағжан Жұмабаев еңбектеріндегі символдардың табиғатын ашу, символ-сөздің көркемдік тәсіл ретіндегі ақын поэзиясындағы орны мен рөлін анықтау. Мағжан символизмі мен бейнелеу құралдарына тарихи әділ баға беру. Зерттеу мақсатына жету үшін мына міндеттер орындалуға тиіс:
- Символдың әдебиеттегі орны мен көркемдік құрал ретіндегі рөлін анықтау;
- Символизм бағытының шетел әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі қалыптасу уақытын талдау, ірі өкілдерінің еңбектеріне тоқталу;
- М. Жұмабаев поэзиясындағы бейнешілдік пен символ сөздерді көркемдік тұрғыдан талдау.
Зеpттеyдiң теоpиялық және әдiснaмaлық негiздерi . Диссеpтaциялық жұмыстың теоpиялық және әдістемелік негiзiне Ж. Аймауытовтың Мағжан поэзиясы туралы еңбектерінен бастап, мағжантанушы ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен монографиялары алынды. Жалпы көркем сөз бен әдеби ағымдардың дамуы туралы әдебиеттану мен әдеби сын бағытындағы іргелі теориялық еңбектер де диссертациялық жұмысты жазуда негіз болды. Әртүрлі мерзімдік басылымдарда әр жылдарда жарық көрген сұхбаттар мен ғылыми мақалалар, конференция материалдары да жан-жақты қарастырылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz