Ойын терапиясының түрлері және формалары


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Философия және саясаттану»
Кафедрасы «Педагогика және білім беру менедженті»
СӨЖ
Тапсырма: «ӘПТ қолданылатын ойынтерапия формалары және негізгі түрлері»
Орындаған: Биялиева. Г. Н
Тексерген: Кудайбергенова А. М
Алматы 2022 ж.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ойын терапиясы маңызы, мақсаты, қолдану ережесі
2. Ойын терапиясы- балалар арасында топтық әлеуметтік психологиялық тренингте әлеуметтік жаттығу ретінде қолданылуы
3. Ойын терапиясының түрлеріжәне формалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады.
Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым - қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым - қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады.
Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Ойын терапиясы
- жеке тұлғалық дамуға әсер етуші күшті түрінің бірі сияқты ролдік ойынды пайдалануға негізделген психотерапевтік әдіс.
Ойын терапияның мақсаты : психотерапевт әдістемесін қолдана, тұлғалық және эмоциальдық дамумен зардап шегушінің психологиялық және әлеуметтік келеңсіз мәселелерді жеңуде балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету.
Біздің заманымыздағы 20 ғасырда М. Кляйн (1922), А. Фрейд (1921), Г. Гуг-Гельмут (1926) еңбектерінде ойын терапиясы бастау алды.
Мелани Кляйн пікірінше, баланың психикалық бұзылыстарға төтеп беруіне ойын терапиясының маңызы зор. Анализді қолдану арқылы балаларды дұрыс тәрбиелеуде қосымша ретінде көмегі бар.
Қазіргі ойын терапиясы келесі әдістемелер бойынша құрастырылады:
Сенсорлық интеграция
- сезім органдары мен физиологиялық жағдайдың қабылдауын жақсарту және интеграциялау.
Интенсивтік ықпал ету - психикалық-эмоциональдық қордың және коммуникативтік дағдының дамудың тірілуі.
Терапевтік ойын - когнитивтік және психикалық-эмоциональдық жағдайдың және баланың сана-сезімінің дамуы.
Сенсорлық жаттығулар - сенсорлық-перцептивтік қабылдауды және оларды дифференциялауды қалыптастыру.
Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын терапиясының түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.
Ойын терапиясының ережесі
Қандай жағдай болмасын бала- өзінің өсуімен дамуына сай өзгеріп отыратын адам оны ұмытпау қажет.
- Ойын - баланың өзінің ішкі дүниесін көрсету тәсілі, ойын арқылы өз баламыздың жаңа қырларын біліп, оның қылықтарын түсінеміз. Ата-аналарға балалардың ойынына көңіл бөлу қажет.
- Ойын терапиясының ең негізгі факторы- ата-аналармен, жақын адамдарымен қарым-қатынасы. Қарым-қатынас барысында адамдарға деген сенімділік қалыптасады.
- Баланың ойынына шыдамдылық көрсетіңіз, оның ойнағысы келген ойынды ойнаңыз, ол оның уақыты арман тілектерін қадағалаңыз.
- Алдымен балаңыздың жақсы көретін ойынын анықтаңыз, онымен бірге ойнаңыз. Бұндай жағдайда бала сіздің тарапыңыздан алға ұмтылсты байқайды, оны әңгімеге тартпаңыз, тек ойынын бақылаңыз.
Жаттығу : «Колумбиялық жұмыртқа»
Мақсаты: Көрнекі- бейнелі ойлауды дамыту.
Құрылымы: Сіздің алдыңызда конверт және әртүрлі формадағы фигуралар жатады . Сізге осы фигуралардың арасынан жұмыртқаны жинап алуыңыз керек.
Жұмыртқаның барлық бөлігіне дейін жинап алу керек. Тапсырманы орындауға орташа уақытпен 20 дан 30 минутқа дейін уақыт кетеді. Тез арада бұл тапсырманы шешкен балаларға осы фигуралардан басқа бір нәрсені өзінің ойынан құрастырып ұсынуға болады. Мыс: фужер, доп, шырша.
Нұсқау : Егерде қандайда бала тапсырманы орындағанда қиналса, оған міндетті түрде көмек беру керек, содан кейін ол үлкендердің көмегімен жұмыртқаны жинау керек, содан кейін оған тағы да тапсырма беру керек, онда педагогтің көмегінсіз тапсырманы орындауы керек.
Ойын: «Төртінші адам артық»(вербалды вариант)
Мақсаты: Зейінді, жадты, логикалық ойлауды дамыту.
Балалар дөңгелек жасап отырады. Жетекші балаларға допты лақтырады және төрт затты атап үшеуі бір жалпы түсінікті береді. Бала артық нәрсені анықтауы керек, 3-уіне қатысы жоқ. Атап болған соң жетекшіге допты қайтарып береді.
Сөздердің нұсқалары:
1. Стол, отырғыш, тақты, шәйнек,
2. Ат, мысық, ит, шортан,
3. Шырша, аққайын, емен, көгал,
4. Қияр, репка, сәбіз, қоян,
«Сантики, Фантики, Лимпопо».
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
«Көңіл-күй неге ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т. б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
Қорытынды
Баланың ойыны шексіз қайталанбайды, бір ойын екінші ойынға ауысып отырады. Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функциясы олардың арасындағы ережелерін түсінуге де араласады.
Ойында қарым-қатынастың ойындық және нақтылы деп аталатын екі түрі болады. Ойындағы өзара қарым-қатынас мазмұн мен рольдің қарым-қатынасын бейнелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz