Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті химия және химиялық технология
СӨЖ
Тақырыбы: Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.

Орындаған:Аманжолов Алдияр ХИ202Қ
Тексерген:Досжан Балабекұлы

Алматы, 2021ж
Әл - Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің барлығы бақыт, құрмет, сыйластық, сыйластық таныта білу жайлы жазылған өте маңызды дерек көздері болып келеді.
Менің көзқарасым бойынша, Әл-Фараби еңбектеріндегі бақыт ұғымы өте ауқымды мағынадағы, бірнеше құнды қасиеттердің басын біріктіретін ұлы нысана секілді. Олай деуіме бірінші себебі Әл-Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат атты еңбегінде басқаруды қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару - халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды, әділеттілікке бет бұрады. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Яғни, ұлы ойшыл бұл сөздері арқылы бақыттың бір кілті қоғамның әділетті басқарылуы мен құнды қасиеттерге бай болуында деп көрсетеді. Әрбір адам қоғамның бір бөлшегі. Қоғамның қайырымды болуы адамды жан тыныштығы мен шын бақытқа жетелейді. Ал қайырымды қоғам ұғымын екінші ұстаз: Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала - қайырымды қала, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам - қайырымды қоғам деп нақты көрсетеді.
Бақытқа жету туралы кітап еңбегінде
Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние - ғажап, сен - есік.
Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние - қоқыс, сен - меншік- деген жолдармен адам мақсатының оның өмірлік жолын айқындайтынын суреттейді. Мақсатты білім алу, көркем мінез, ақыл, парасат, рухани болмыс, таза ниет дейтін игіліктерге бағыттасаң бақытқа жол көрсетеді.
Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді. Білімді болу деген - ең алдымен әр нәрсеге басқаша қырынан қарай отырып, жаңалық ашуға қабілетті болу. Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады. Шын білім - ақиқат, анық білім. Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы - айқын, ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат пен қызық іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек. Мінез - жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады. Сұлу саз жан сергітеді. Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді. Ақыл-парасат - адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
Бақыт деген не нәрсе сонда? Ол - біртүрлі ішіңде қайнап жататын, оны тек жүректен тарап, барлық мүшелерің бір керемет күйді кеше алатын сәті. Бірақ сен оны мақсат етіп қоясың. Сол мақсатқа жету үшін көп талпынасың, еңбектенесің. Оны қолмен ұстай алмайсың, көзбен көре алмайсың, иіскейде, дәмін де тата алмайсың. Бірақ, оны сеземіз. Шынайы жүрекпен сеземіз. Маған біреу бақыт деген не? десе, ойланбай-ақ ең бірінші бақыт деген дене мүшемнің саулығы, денсаулығымның мықтылығы, он екі мүшемнің түгел болуы дер едім. Себебі, ең басты байлық - денсаулық. Оны бар кезінде күтіп, қадағалап отыру керек. Ал, екіншіден маған жаратқанның берген әрбір уақытын бақыт деп білер едім. Себебі, уақыт - мүмкіндік. Үшіншіден, ата-анам мен жақындарымның амандығы дер едім. Мені тоғыз ай құрсағында көтерген анамның, мен үшін терін төккен асқар тау әкемнің, аман - есен жүрген бауырларымның жүздеріндегі қуаныш атты әдемі бейнені көрудің өзі бақыт деп есептеймін. Ең, ең маңызды деген осы үш себеп. Алайды, бақыт дегенді түсідірудің ауқымы өте кең. Мен жеке тұлға ретінде маған берілген әрбір мүмкіндікті бақыт деп айта алар едім. Маған берілген әрбір қадірлі жанды бақыт деуші едім.
Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді.Әл- Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектерінің негізінде бақыт түсінігі
Бақыт туралы кітап
Қала бір, бірак типтері әрқилы
Әбу Насыр әл-Фарабидың лингвистикалық семантикасын оқыту
Әл-Фарабидың Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат
Әл–Фарабидің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат, Бақытқа жету туралы кітап, Бақытқа жол сілтеу еңбектері негізінде эссе
Философиялық трактаттар
. Әл-Фараби жайлы
Араб философиясы
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Пәндер