Мәдениет нышандары, олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Иновациялық Евразия Университеті

Реферат

Тақырыбы: Мәдениет нышандары, олардың мәдени коммуникациядағы рөлі
мен маңызы

Орындаған: Койшыбаева.А
Тобы: Пжп 201
2021-2022 жыл
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының жобасы, мәдениет нысандарын дамыту, ЭКСПО - 2017 көрмесі шеңберінде жоспарланған мәдени және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасы талқыланды
2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын Үкімет отырысында Дін және азаматтық қоғам істері министрі Нұрлан Ермекбаев таныстырды. Аталған тұжырымдамада дін саласындағы мемлекет саясатының басымдықтары нақтыланған. Яғни, діни бірлестіктерге бақылауды күшейту, олардың қаржылық-шаруашылық және уағыз жүргізу қызметінің ашықтығына және айқындығына қол жеткізу ұсынылуда. Министрдің сөзінше, бұл құжат Мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Жолдауының бағыттарына және Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласына толығымен сай келеді. Осы тұжырымдама жобасын жасау барысында Президенттің мемлекеттің зайырлылық қағидатын нығайту, кез келген діни радикализмді болдырмау нұсқауларын басшылыққа алдық. Тұжырымдаманың мақсаты - діни саланы реттеу бойынша 2020 жылға дейінгі ғылыми теориялық негіздерді айқындау, елдегі дін саласын реттеу бойынша заңнамалық, басқарушылық, әлеуметтік-экономикалық шараларды анықтау. Оны іске асыру қоғамда және жалпы рухани салада тұрақты әрі үйлесімді дамуды, жаңғыруды қамтамасыз етеді, - деді министр.
Сми өкілдерінің хабарлауынша : Мәдениет және спорт министрі өз сөзінде Мәдениет туралы заңға Парламент Сенаты деңгейінде мақұлданған өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін алға тартты. Енгізілген өзгерістерге сай, мәдениет ұйымдарын құру, тарату мен қайта құру мәселелері тек министрліктің келісімі арқылы ғана шешіледі. Бұдан бөлек қазіргі уақытта 2020 жылға дейін туристік саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасының жобасы дайындалуда.

Мәдениеттің бөлшектеріне Э.Хобель жүріс-тұрмыстық үлгінің немесе материалдық өнімнің бұдан басқа бөлінбейді деп саналатын бірлігі жататынын пайымдады. Мысалға: қалам, қалпақ, құрал, кілем, соқа, үй, әлеуметтік теңдік пен әлеуметтік ойы, әр түрлі дәстүрлер (сәлем беру, қонақ күту, той жасау). Әр мәдениеттің мындаған бөлшектері болады. Бөлшектердің жиынтығын мәдени кешен деп атайды. Бір бөлшек арқылы жалпы мәдени кешенді тұтас елестетуге болады. Мәдени кешен бөлшектерден қиылыстырады. Әр бөлшектің мағыналық жүктемесі болады. Мысалы: спорттық ойынды, футболды алсақ. Онымен байланысты мәдени бөлшектері мынандай: стадион, жанкүйерлер, төрешілер, ойыншылар, шабуылшылар, жартылай қорғаушылар тағы да басқалары.

Мәдени кешендер - кітап басу, компьютерді ойлап шығару, өнер көрмесі, оқыту, үйлену дәстүрі. Мәдени кешен мәдени бөлшек пен мәдени институттың аралығында орналасады. Институционалды мәдениет бірқатар мәдени кешендерден тұрады. Мысалы, отбасы институты келесі мәдени кешендерден тұрады: өзіне өмірлік серігін таңдау, үйлену тойы, балаларға қамқорлық жасау. Бірақ мәдени кешеннің барлығы әлеуметтік институттарға жатпайды. Олар маңызды емес мәдени кешендерге жатады. Мысалы: әр тұрлі заттардың жиынтығы (маркалардың, ыдыс-аяқтың, қарулардың, темір, күміс, қағаз ақшалардың). Сонымен адам қызметінің қандай түрі болмасын ерекше мәдени кешендерден тұрады, ал олардың бөлшектерін талдауға болады:

Жоғары дамыған мәдениетке таңдаулы мәдениет жатады, ол қоғамның қалаулы тобының тапсырысымен немесе пұрсатты өкілдерімен жасалынады. Бұлар кәсіби жасаушылар: өнер, музыка, әдебиет шығармаларын тудырады. Оны тұтынушылар жоғары білімді құоғамның мүшелері: сыншы, жазушы, суретші, өнертанушы.

Халық мәдениетін белгісіз жасаушылар дүниеге әкеледі. Ол екі түрден - көпшілік қолды және халықтың ауызша шығармашылығы-нан тұрады. Көпшілік қолды мәдениет қазіргі халық тұрмысын, әдет-ғұрпын, әдеттерін, өлеңдерін, билерін суреттейді. Халықтың ауыз-әдебиеті шығармашылығында олардың өткен кезі суреттеледі.
Бұқаралық, көпшілікке түсінікті мәдениет таңдаулы топтың талғампаздығымен жасалынбайды. Жаппай мәдениеттің кең тарай бастауы ХХ ғасыр ортасы - поп музыка (рокэнролл, битлз, рэп) халыққа тез жететін болды. Өйткені ақпаратты - радио, басылымдар, теледидар, үнтаспалық жазулар, енді бейнефильмдер арқылы дүниенің барлық түпкірлерінде, әр үйде, әлеуметтік топтардың қайсысы болмасын қысқа мерзім ішінде, әрі қолайлы жағдайларда тұтынатын болды. Жаппай көпшілікке арналған музыка мен кино ешбір білімді, мәдениеттілікті талап етпейді. Көпшілікке оның көркемдік құндылығының төмен болғаны толғандырмайды. Оған ойсыздық, тәндік сезімдерден ләззат табумен шектелу, өмір күрделілігінен қашып құтылам деген алдамшы сенімге бөлену тән.
Мәдениет белгілі нақты нысандарда әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста өмір сүріп, міндетті қызмет атқарады. Мәдениеттің болмысын нақты нысанда көрсететін түсінікті әлеуметтану ғылымында субмәдениет деп атайды. Ол - жалпы мәдениеттің бір ерекше бөлігі. Өйткені әр қауымдастық пен әлеуметтік топ өзінің шартты таңбалар, сенімдер, құндылықтар, мөлшерлер, жүріс-тұрмыстың үлгілерінің жиынтығын жасап шығарады. Жалпы адамзаттың мәдениетін жоққа шығармай, субмәдениет өзінің айырмашылықтарынсыз болуы мүмкін емес. Себебі әр қауымдастықтың өзіндік тіршілік әрекеті болады.

Қазіргі қоғамның мәдениеті көптеген мәдени кешендерден тұрады. Олар өзара байланысты болуы мүмкін. Мысалы, адамдарды басқару мәдени кешені немесе белгілі шамада оқшаулануы мүмкін. Мысалы: гүл өсіру немесе бағалы заттардың жиынтығын жасау. Әр қоғамда барлық мүшелері қабылдайтын және қолдайтын мәдени үлгілердің әлдебір жиынтығы бар. Бұл жиынтықты үстем немесе жалпыға бірдей мәдениет деп атайды. Сонымен қатар кейбір әлеуметтік топтар, осы қоғамның барлық мүшелері қолдамайтын мәдени белгілерді, мәдени кешендерді дамытады. Мысалы: басқа елден көшіп келген топтар аралас мәдени кешенді дамытады. Әр әлеуметтік институт өзіне тән, ерекше мінез-құлықтың үлгілерін жасайды және енгізеді. Оларды кәсіпорынның мәдениеті, мектептің мәдениеті, басқарудың мәдениеті кешендері жүйелерінен көруге болады. Сол сияқты әскери өмір, жатақханың тұрмысы деген ұғымдар мәдени ерекшеліктерді көрсетеді. Осындай мәдени үлгілердің үстем мәдениет-пен тығыз байланысымен қатар оның айырмашылығы бар, сондықтан бұл субмәдениетті білдіреді.

Субмәдениеттер батыстық, шығыстық, ұлттық, діни, кәсіби, ұйымдардың, әлеуметтік топтардың, жастардың, студенттердің, бандалардың т.б. болып бөлінеді.
Ұлттық мәдениет түсінігі бір елдегі, мемлекеттегі адам қауымдасты-ғының шартты таңбаларын, сенімдерін, құндылықтарын, жүріс-тұрыстың

мөлшерлері мен үлгілерін анықтауын сипаттайды. Ұлттық құрамы бір тектес және бір тілді мемлекетте бір ұлттық мәдениет болуы мүмкін. Бірақ елдердің басым көпшілігінде бірнеше әр түрлі ұлттық мәдениеттер кездеседі.

Діни субмәдениет ортақ дінге сүйеніп қалыптасады. Дүниежүзінде жалпы христиандық, мұсылмандық, буддалық мәдениеттер бар. Олардың жеке тармақтары өзінің субмәдениетін жасайды.

Кәсіби субмәдениет кез келген кәсіби топтың шартты таңбалары, құндылықтары, мінез-құлықтың мөлшері мен үлгілерінің негізінде қалыптасады. Бұл кәсіптің өкілдерінің айналысатын еңбегінің мақмұны және олардың қоғамда алатын орнына тығыз байланыста өз субмәдениетін жасап шығады.

Үстем болатын мәдениетке қарсы қоятын жүріс-тұрыс үлгілерін бандылар тобы саналы түрде қалыптастырылады. Олардың ұстанатын құлықтық мөлшерлері қоғамдағы жалпыға бірдей мөлшерлерге кереғар келеді. Сөйтіп, қарсы мәдениетке жеке адам жалпыға бірдей іргелі мәдени үлгілерден бас тартады.

Қарсы мәдениеттің пайда болуы - қалыпты және кең таралған құбылыс. Кейде субмәдениет пен қарсы мәдениеттің арасындағы айқын айырмашылықты көрсету қиын немесе мүмкін емес.

Субмәдениеттік мінез-құлық оның субъектілерінің қандай әлеуметтік топқа, ұлтқа, нәсілге жататынына байланысты ажыратылады.

Әр әлеуметтік топтың өзіндік дүниесі және өзінің мінез-құлықтық жүйесі болады. Қарсы мәдениеттің ең айқын көрінісін қылмыстық топтардың, мафиялық ұйымдардың, астыртын секталардың субмәдениеті бейнелейді. Батыста, Ресейде сайтандар сектасы кездеседі. Бұл - өмірден сыртта қалғандар-дың қарсылығы. Оны болдырмау қоғамның негізінің жан-жақты дамуына және әлеуметтік әділеттіліктің орнығуына байланысты.
Мәдениаралық коммуникация - мәдениаралық өзара ықпалдасу негізінде субъектілер (жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, мәдениеттер, өркениеттер) арасындағы байланыстар негізінде пайда болған құндылықтармен және құндылықты ұстанымдармен өзара алмасу процесі. Кейде мәдениаралық коммуникация жайлы сөз еткенде "мәдениеттер диалоги" және "өркениеттер диалогы" ұғымдарын қолданады. 1990- шы жылдарда мәдениаралық коммуникация мәселелері индивидуалистік, ұжымдық және коммунитарлық мәдени бағдарлар аясында қарастырыла бастады. Мәдениаралық коммуникация барысында әртүрлі мәдениет өкілдері осы мәдениетке тән ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік қарым-қатынастарда түсініспеушілік пен ыңғайсыздық жағдайларын төмендетуге көп септігін тигізеді. Кейбір әлеуметтанушылар ұжымдық және индивидуалистік құндылықтардан ең жақсыларын біріктіруге үміттене отырып, жеке тұлғаның шексіз еркіндігі мәдениеттің әлеуметтік бұйымын бүлдірмеуі үшін қоғам игілігіне индивиду алдылық құқық пен ұжымдық құқықты тепе-теңдестіруге тиісті коммунитаризм тұжырымдамасын жасауға тырысады. Осылайша, мәдениеттер өзара ықпалдасуы мен диалогы идеяларынан туындаған мәдениаралық коммуникация мәселесі уақыт өте келе тұлғааралық мәдени коммуникация деңгейіне өтті. Мәдениаралық коммуникация мәселесі жаһанданудың өзара әріптестік пен өзара түсіністік аспектісінде бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр. Ықпалдастық процестер әлемді өзара байланысты, біртұтас етуде. Мәдениаралық коммуникация дағдыларын халықаралық менеджмент және маркетинг саласында, БАҚ қызметінде, трансұлттық корпорациялар және трансұлттық саясат, сондай-ақ мәдениаралық коммуникация зерттеулеріне түрткі болған - мәдениет саласында қолдануға болады. Мәдениеттер диалогы, өркениеттер диалогы негізінде жатқан мәдениаралық коммуникация идеяларын халықаралық ұйымдар (мысалы, саяси көшбасшылар, мемлекет басшылары, үкіметтік емес ұйымдар көп қолданады.
Мәдениет - адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.

Әл-Фараби айтқандай, адам - хайуани мадани, яғни, адам мәдениетті жан.

Адам - табиғат туындысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екеніне күмән жоқ. И.Гердердің тілімен айтқанда, адам - табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі.

Ғасырлар - адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, құлдыратып жіберді.

Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеялдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген занды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние -- бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні -- руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.

Ж.П.Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы -- адамдағы Мендік. Одан сыртқа ерекше бір нұр -- азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып тұр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.

Қоғам -- әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағы негізгі мәселе -- адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени әрекет
ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНДАҒЫ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ОРНЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
МӘДЕНИЕТ АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Қазақстандағы азаматтық журналистика ерекшеліктері
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Мәдени коммуникация туралы бірер сөз
Тұлғааралық қарым - қатынастарды ұйымдастыру және қолдау қызметі
Жарнама агенттігі
Толық циклді жарнама агенттіктеріне спаттама, мінездеме беру, олардың қызметтерін айқындау
Пәндер