Контрацепцияға гормоналды кеңес беру АЛГОРИТМІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Контрацепцияға гормоналды кеңес беру АЛГОРИТМІ

Жатырішілік спираль жөнінде науқасқа кеңес беру:

1. Науқаспен сыпайы түрде сәлемдесіп, отыруын өтіну:

Науқасқа дәрігер өзін таныстыру

Науқастың атын және жасын сұрау

2. Науқастың өмірінен қысқа анамнез жинау : Репродуктивті мақсатын анықтау

Технологияны пайдалана отырып науқастан жүктілік пен босануларының санын, тірі балааларының санын, олардың жастарын сұрау керек. Анамнезінде операция немесе жарақаттардың, ЖЖБА болған-болмағандғын анықтау. Науқастан оның репродуктивті мақсатын сұрау: әлі қанша бала болуын қалайды, жүктілік арасында үзілісті қалай ма, келесі босануын қашанға жоспарлайды, контрацепцияның қандай түрін пайдаланған. Қосымша: кіші жамбаста созылмалы аурулардың, жатырдан тыс жүктілік, жатыр даму ақауларының болған болмағандығын анықтау. .

3. Науқасқа отбасын жоспарлауда гормональды әдіс . (жатырішілік спиараль) ЖІС туралы кеңес, ақпарат беру: ЖІС шағын пластикалы зат, қүрамында мыс немесе стероидты гормондар бар. ЖІС уақытша тиімді контрацепциялық әдісі болып табылады, жүктілік қауіптілігі 1, 0 жылдық игерушіліктер арасында. ЖІС салғаннан кейін тиімділігі дереу, жыныстық қатынасқа әсер етпейді, 5 жыл жүктіліктен қорғайды. Емізетін әйелдерге жарайды. Осы әдісті қолданғанда басқа контрацепция қолданудың қажеттілігі жоқ.

4. Осы тәсілді дұрыс қолдануды үйрету:

Науқасты үйрету: ЖІС тек медициналық арнайы оқытылған мамандардың көмегімен медициналық ұйымда қойылуы керек. ЖІС қою үшін әйелді алдын ала гинекологиялық зерттеуден яғни қынаптан микроскопиялық анализге жағынды алу керек. ЖІС етеккір циклінің барлық күнінде қойыла береді, бірақ оны циклдің 4-5 күні қойған тиімді. ЖІС қойғаннан кейін ештеңе істемеу қажет, спираль жібін өздігінше тартуға болмайды. ( Егер науқас спираль жібін тексергісі келген жағдайда қалай тексеру керектігін түсіндіру: бұл келесі етеккір келгенде жасалынады. Осы үшін қолды жуу керек, жерде екі аяқты аша отырып, саусақты қынапқа енгізу керек, жатырдың мойнынын тауып керек, сыйпалау керек, ол тығыз, мұрынның ұшы сияқты болып келеді, спиральдың жібін ұстауға болады, бірақ тартпау керек) ЖІС қойғанан кейін екінші рет тексерілуге келу қажет.

5. Кемшіліктерін айту : ЖІС қою және алдыру ауру сезімін тудыруы мүмкін. Кейбір әйелдер етеккірдің көп келуін және етеккір арасында қан тәріздес бөлінділер болуын айтады. ЖІС қынапқа түсіп қалуы мүмкін. Ол ЖЖБА, ЖИТС тан сақтамайды. Кіші жамбастың қабынулық ауруларын туғызуға үлкен қауіп болу мүмкін.

6. Науқастан инструкцияны қайталауын өтіну. Ақпаратты дұрыс меңгеру мақсатында науқастан нұсқауларды қайталауын сұрау.

7 . Науқастың әдіс туралы түсінбеген сұрақтары бар ма, егер бер болса жауап береу қажет. Науқастан сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру.

8. Науқаспен сыпайы түрде қоштасу: Науқаспен сыпайы түрде қоштасып, кез келген уақытта. Сізге келе алатынын айту.

КОК(комбинирленген оральды контрацепция) туралы науқасқа кеңес беру:

1. Науқаспен сыпайы түрде сәлемдесу, отыруын өтіну:

Науқасқа өзін таныстыру

Науқастың атын және жасын сұрау Қандай мақсатта келгенін сұрау

2. Науқастың өмірінен қысқа анамнез жинау, репродуктивті мақсатын анықтау:

Технологияны пайдалана отырып науқастан жүктілік пен босануларының санын, тірі балааларының санын, олардың жастарын сұрау керек. Анамнезінде операция немесе жарақаттардың, ЖЖБА болған-болмағандғын анықтау. Науқастан оның репродуктивті мақсатын сұрау: әлі қанша бала болуын қалайды, жүктілік арасында үзілісті қалай ма, келесі босануын қашанға жоспарлайды, контрацепцияның қандай түрін пайдаланған. Қосымша:экстргенитальді аурулары бар жоқтығын анықтау, ерекше: қант диабеті, тромбофлебит, қан- тамыр жүйесі, бауыр, эпилепсия аурулары. Әйел шылым тарта ма жоқ па, егер тартса - күніне неше рет. Ұсыныстар: науқаспен сөйлесу барысында мынадай қалыпты таңдау керек: науқасқа басын бұрып, денесін босаң ұстап, еркін отыру.

3. Науқасқа отбасын жоспарлауда гормональды әдіс - КОК туралы кеңес беріп, ақпарат беру:

КОК - үлкен емес таблеткалар, құрамында екі синтетикалық гармон бар: эстроген және прогестин, әйел ағзасында табиғи түрде өндірілетін гормондарға өте ұқсас. Олар жыныс жасушасының жабысуына кедергі келтіріп, жатыр мойнынан шырышты бөліндіні қоюландыра отырып жүктілікті болдырмайды. КОК қорапта 28 күндік және 21 күндік болады, Бірінші 7 таблетка құрамында әйел гармондары болмайды, оларда темір препараттары, немесе нетральды заттар бар. КОК - бұл шұғыл түрде уақытша тиімді әсер ететін контрацепциялық әдіс, жыныстық қатынасқа әсер етпейді, кейбір гинекологиялық аураулардан да сақтайды, (егер науқас - кіші жамбастың және сүт безінің ісінгенін сұраса) . Бұларды қолданғанда басқа контрацепциялық әдісті қолдану қажет емес. Етеккір қанының көлемі азаяды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасын жоспарлау мәселелері туралы кеңес берудің негізгі принциптері
Жыныстық қатынаспен берілетін аурулар
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАР
Қазақстан Республикасында түсіктің алдын алу мәселелері
ГИПЕРТАНИЯЛЫҚ КРИЗ. АЛҒАШҚЫ КӨМЕК. АЛДЫН АЛУ ІШ ШАРАЛАРЫ
АИВ жұқтырған науқастармен қатынасу ерекшеліктері
Жыныстық тәрбиенің маңызы. Ұлдар мен қыздарды тәрбиелеу
ГИПЕРГЛИКЕМИЯЛЫҚ КОМА
Қазіргі кездегі контрацепция әдістерінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz