МЕКТЕПТЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ ҮДЕРІСІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГПСИХОЛОГТЫ ДАЙЫНДАУ КОНТЕКСТІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 37. 015. 3

ҒТАМР 14. 07. 07

Н. Ш. Алметов 1

1 п. ғ. д., доцент, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,

Шымкент қ, Казақстан

С. Ж. Бекжанова 2

2 6D010300 - Педагогика және психология мамандығының 1 курс докторанты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті,

Шымкент қ, Казақстан

МЕКТЕПТЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ ҮДЕРІСІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫ ДАЙЫНДАУ КОНТЕКСТІ

Аңдатпа

Мақалада мектептегі инновациялар жағдайында оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тұрғысынан болашақ педагог-психологтарды дайындау мәселесі қарастырылған. Мектептегі инновациялық үдерістер оқушы тұлғасына дамытушылық әсерімен қатар, оқу үдерісін ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар тудырады. Педагогикалық инновацияларды ендіру жағдайларында оқу жұмысын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің маңыздылығына назар аударылады. Болашақ педагог-психологтарды дайындаудың жоғары оқу орындарындағы тәжірибесі қазіргі таңда мамандардың мектептегі инновациялық білім беру жағдайларында оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге даярлығын қалыптастыруға жеткілікті мән берілмейтіндігі атап өтіледі. Болашақ педагог-психологтарды мектептегі инновациялық өзгерістер жағдайында оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге дайындаудың мәні нақтыланып, ерекшеліктері айқындалған.

Болашақ педагог-психологтарды мектептің инновациялық дамуы жағдайларында оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге дайындау мәселесінің өзектілігі, ғылыми және қолданбалы маңызы негізделеді. Ғылыми әдебиет пен озық педагогикалық тәжірибелерді талдау негізінде мектептің инновациялық-білімдік ортасында оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары айқындалған.

Мектеп психологының педагогикалық инновацияларды ендіру жағдайында оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағытындағы жұмысы болашақ педагог-психологтарды іс-әрекеттің осы бағытында дайындау моделін әзірлеудің әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады.

Түйін сөздер: болашақ маман, педагог-психолог, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, білім беру, инновация, мектеп, оқу үдерісі, жоғары оқу орны.

Н. Ш. Алметов 1

1 д. п. н., доцент, Южно-Казахстанский государственный университет им. М. Ауэзова,

г. Шымкент, Казахстан

С. Ж. Бекжанова 2

2 6D010300 - Педагогика -психология 1 курс докторант, Южно-Казахстанский государственный университет им. М. Ауэзова,

г. Шымкент, Казахстан

ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ УЧЕБНОГО ПРОЦЕССА В УСЛОВИЯХ ШКОЛЬНЫХ ИННОВАЦИЙ: КОНТЕКСТ ПОДГОТОВКИ БУДУЩЕГО ПЕДАГОГА-ПСИХОЛОГА

Аннотация

В статье рассматривается проблема подготовки будущего педагога-психолога к психолого-педагогическому сопровождению учебного процесса в инновационных условиях школьного образования. Отмечается, что инновационные процессы в школе, наряду с развивающим влиянием на личность учащихся, вызывает ряд психологических трудностей в организации учебной работы. Подчеркивается важность психолого-педагогической поддержки учебной работы в условиях внедрения педагогических инноваций. Указывается, что в практике вузовской подготовки будущих педагогов-психологов все еще недостаточно уделяется внимание формированию их готовности к психолого-педагогическому сопровождению учебного процесса в условиях инновационного образования. Уточняется сущность и особенности подготовки будущих педагогов-психологов к психолого-педагогическому сопровождению учебного процесса в условиях инновационных преобразований в школе .

Обоснована актуальность, научная и прикладная значимость изучения проблемы подготовки будущих педагогов-психологов к психолого-педагогическому сопровождению учебного процесса в условиях инновационного развития школы. На основе анализа научной литературы и передового педагогического опыта выявлены организационно-педагогические условия подготовки будущих педагогов-психологов к психолого-педагогическому сопровождению учебного процесса в инновационно-образовательной среде школы. Работа школьного психолога в направлении психолого-педагогического сопровождения учебного процесса в условиях внедрения педагогических инноваций рассматривается как методологическая основа разработки модели подготовки будущих педагогов-психологов к данному аспекту деятельности.

Ключевые слова: будущий специалист, педагог-психолог, психолого-педагогическое сопровождение, образование, инновация, школа, учебный процесс, вуз.

N. Sh Almetov 1

1 PhD (in pedagogy) associate professor, M. Auyezov South Kazakhstan University,

с. Shymkent Kazakhstan

S. Zh. Bekzhanova 2

2 6D010300- Pedagogy-Psychology, the doctoral candidate M. Auyezov South Kazakhstan University,

с. Shymkent Kazakhstan

PSYCHOLOGICAL AND PEDAGOGICAL SUPPORT OF THE EDUCATIONAL PROCESS IN THE SCHOOL INNOVATIONS: THE PREPARATION CONTEXT OF A FUTURE EDUCATIONAL PSYCHOLOGIST

Abstract

The article shows the problem of the future educational psychologist’s preparation for psychological and pedagogical support of the educational process in the innovative conditions of a school education. It considers that the innovative processes in the school, along with the developing influence on the personality of students, causes a number of psychological difficulties in the organization of academic work. Also, the importance of psychological and pedagogical support of educational process in the conditions of implementation of pedagogical innovations is underlined. The article points out that in the practice of higher education of future educational psychologist is still not paid attention to the formation of their preparation for psychological and pedagogical support of the educational process in the conditions of innovative education. The essence and peculiarities of the preparation of future pedagogical psychologists for the psychological and pedagogical support of the educational process in the conditions of innovative transformations in the school are specified.

The urgency, scientific and applied significance of studying the problem of future psychologists’ preparation for psychological and pedagogical support of the educational process in the conditions of the school innovative development is substantiated. Basing on the analysis of scientific literature and advanced pedagogical experience, the organizational and pedagogical conditions for the preparation of future pedagogical psychologists for psychological and pedagogical support of the educational process in the innovative and educational school environment are revealed. The school psychologist’ work in the direction of psychological and pedagogical support of the educational process in the context of the implementation of pedagogical innovations is considered as a methodological basis for developing a model for the preparation of future educational psychologist for this activity aspect.

Key words: future specialist, educational psychologist, psychological and pedagogical support, education, innovation, school, educational process, higher education.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бағыттары арасында білімнің салтанат құруы мәселесіне арнайы тоқталып, « табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. », - деп атап өткен [1, 10-б. ] . Сондықтан, қазіргі Отандық білім беру жүйесінде инновациялық дамудың өзектілігі мен қатар оқушы-жастарды педагогикалық жаңалықтарға бейімделуін жеделдетудің маңызы арта түседі.

Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне бағыт алуда. Бүгінгі таңда Отандық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісі инновациялық тәртіппен даму сатысында. Жалпы орта білім беретін мектептерге жаңартылған білім беру мазмұны ендірілуде. Мектептегі инновациялар білім беру мен тәрбиелеу нәтижелерін жаңа, жоғары сапалық деңгейге көтеруі сөзсіз. Инновациялар мектептегі педагогикалық үдерісті ғана емес, мұғалім тұлғасында, оқушыны да өзгертеді. Бірақ инновациялардың әсерін тек бір тараптан көру сыни тұрғыдан дұрыс болмас. Педагогикалық жаңалықтар жақсы нәтижелер беруі мүмкін. Дегенмен, олардың оқушылар, мұғалімдер психологиясына әсері қалай болмақ?

Педагогикалық инновациялар әсіресе мектеп оқушыларының психологиясына әрқашанда оң әсерін тигізеді деуге бола ма? Педагогикалық тәжірибе оның терісін көрсетеді. Мектепке тіпті шектеусіз педагогикалық жаңалықтар енгізіліп отырған жағдайларда оқушылар оларға қаншалықты тез бейімделеді? Бір жаңалыққа бейімделіп үлгірмей, жаңасы енгізіледі. Оған бейімделмей, тағыда бір жаңалық келеді.

Бүгінгі оқушылардың психологиясы, әрине кешегі оқушылар емес. Олар ақпараттық сауаттылығы жоғары, тілдерді меңгеруге бейім, еркін ойлайтын және сөйлейтін, мұғалімдерден өз құқығын талап ететін балалар. Педагог-ғалымдар қазіргі балаларда «педагогикалық үдерістің объектісі емес, белсенді субъектісі» ретінде, оларға жоғары баға беруде. Оқушыларға «өзін-өзі дамыта алатын», педагогикалық үдерістің толыққанды мүшелері ретінде қарастырады. Бұл мәселеде пікірталастың қажеті жоқ секілді. Өйткені, мұндай көзқарас қазіргі педагогика теоретиктері мен тәжірибешіл педагогтар басшылыққа алатын үлгі, яғни парадигмаға айналды.

Бірақ, педагогикалық жаңалықтарға оқушылар қаншалықты бейімделіп жатыр? деген сұрақ жауабын күтеді. Мектеп психологиялық қызметі осы мәселе төңірегінде қандай жұмыстар атқарып отыр. Оқушыларды педагогикалық инновациялар жағдайында оқуға бейімдеу, негізінен мектеп психологтарының қызмет міндеттеріне жатады. Болашақ педагог-психологтар жоғары оқу орындарында осы бағыттағы жұмыстарға қажетті құзыреттілктерді игеруі тиіс.

Осы мәселе болашақ педагог-психологтарды мектептегі білім берудің инновациялық өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық жағдайларда оқу үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге даярлау, инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды болып отыр. « . . . мемлекеттік білім стандарты болашақ педагог-психологтарды инновациялық жағдайларда оқу үдерісін педагогикалық-психологиялық даярлау, жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін психологиялық-педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. Осыған байланысты педагогикалық -психологиялық технологияларды қолдану, жаңа білім мазмұнын, инновациялық жағдайларда әдіс-тәсілдерді, жаңа оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ендірудің тиімді құралы болып отыр [2, 25-26 бб. ] .

Болашақ педагог-психологтарды инновациялық жағдайларында мектепте оқу үдерісін психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуге даярлаудың өзектілігін үш тұрғыдан қарастырамыз:

біріншіден ғылыми жағынан білім берудегі қызмет мәселелерінің зерттелуін, психодиагностика жасау, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, қазіргі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық - педагогикалық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту, білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің жан-жақты жүйесіндегі жұмыстарына тікелей қатысты және психологиялық түзетулерді қамтиды.

Екіншіден қолданбалы жағынан мектепте оқу үдерісін психологиялық - педагогикалық сүйемелдеуге даярлаудың оқыту мен тәрбиенің, оқулықтардағы дидактикалық және әдістемелік материалдардың, оқу бағдарламаларының педагогикалық-психологиялық негіздерін жасау және оны талдау мен білім беру үдерістерін педагогикалық- психологиялық жағынан қамтамасыз ету.

Үшіншіден практикалық жағынан педагог-психологтардың білім берудің инновациялық жағдайларында оқу үдерістері мекемелеріндегі (балабақшалар, мектептер, гимназиялар, колледждер, ЖОО да және т. б. ) педагогикалық- психологиялық сүйемелдеуге даярлау, қызметті атқару болып табылады.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ұғымына келер болсақ: мысалы ҰБТ кезеңін алатын болсақ, ата-аналармен жұмыс бітірушілерге қолдау жасаудың негізгі аспектілері олардың жақындарын балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасау, оларға психологиялық қолдау көрсету. . Ата-аналардың балаларына шынайы қолдау көрсетуі оның жағымды жақтарын - қабілеттерін, мүмкіндіктерін көтермелеуге негізделуі тиіс. Бала өзін еркін ұстауға, қабілеттілігі және даярлығы жағынан дайын екенін дәлелдеу маңызды. Баласына сенетінін көрсету үшін ата-ана мынадай жағдайларға дайын болуы тиіс: баланың өткен сәтсіздіктерін біржолата ұмытуы; бұл міндетті орындап шығатындығына баланың сенімін ояту; бұған дейінгі сәттіліктерін еске түсіріп, сәтісіздіктері жайлы жақ ашпау. Егер ата-ана баласының күшті жақтарына ғана сүйеніп, мүлт кеткен жағына мән бермеуге үйренсе, бала ата-анасынан тек қолдау күтетінін естен шығармаған жөн.

Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес (Н. А. Мореева) болашақ педагог-психологтарды мектептегі білім беруде инновациялық жағдайларда оқыту, жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, болашақ педагог-психолог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты болашақ педагог-психолог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады [3, с. 165] .

Ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік, педагогика- психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны инновациялық жағдайларында оқу үдерісін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеуге даярлау. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Мектептегі білім беруді инновациялау - бұл инновациялық жағдайларында технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқу үдерісін психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету.

Педагогикалық- психологиялық сүйемелдеуге даярлау, оқыту және тәрбиемен қатар білім берудің үшінші жағы ретінде қарастыруға болады. Мектептегі білім берудің оқу үдерісін педагогикалық-психологиялық сүйемелдеуге даярлау, білім алушыға оқу жылының түрлі кезеңдерінде білікті көмек беру мен қолдаудың жүйелі технологиясы болып табылады [4, 26-27 бб] .

Көптеген зерттеушілер психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу деп нәтижесі өз бетінше таңдау мен шешім қабылдау арқылы тұлғалық және кәсіби дамуы болып табылатын білім алушылардың өзекті қажеттіліктерін (білім беру, жас ерекшелік, дербес-тұлғалық) шешу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған психологтың ұйымдастырылған іс-әрекеті болып табылады. Бұл жағдайда білім алушы ықпал етудің объектісі емес, субъектісі ретінде болады. Меткептегі білім алу үдерісінде оқушының тұлғалық-кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүймелдеудің мәнін анықтағанда бізге ресейлік ғалым Э. Ф. Зеердің тәсілі неғұрлым жақын. Ғалым «психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу деп тұлғаның кәсіби қаслыптасуын зерттеудің, қалыптастырудың, дамыту мен түзетудің тұтас үрдісі», - деп түсінеді [ 5, с. 123] .

Психологиялық-педагогикалық сүймелдеудің барлық кезеңдерінде психологиялық - педагогикалық қызметтің нәтижесі метептегі білім беру тиімді кәсіби қызмет жасауға психологиялық даярлығы болып табылады [6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚБІЛІМДІК ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ
Бағдарлама төлкұжаты
География сабақтарында модульдік оқыту технологиясы
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Бастауыш мектепте электронды оқыту жүйесін қолдану ерекшелігі
Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Педагогикалық инновацияның бағыттары
Желіні дамыту проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz