Ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен құралдар

№ 15 сабак
КСКУ-6 жүгері жинайтын комбайынның реттеулері
Жұмыстың мақсаты:Оқушыларға КСКУ-6 жүгері комбайның реттеулерін үйрету.
Жүгеріні дәнге жинағанда дәнді жинаумен шектемей, оның паясын да толық жинау керек.
Жүгеріні жинауға арналған машиналар
Өздігінен жүретін алты қатарлы КСКУ-6 Xерсонец-200 жүгері комбайны (8.1-сурет) қатараралығының қашықтығы 70 см, еңістігі 8°-қа дейінгі алаңдағы жүгеріні дәнге жинауға арналған. Херсонец-200 комбайнын толық пісіп жетілгенде дәннің ылғалдылығы 30% жапырақ-сабақ балаусасының ылғалдылығы 60 % топырақтан собықтың орналасқан жеріне дейінгі биіктік 50 см-ден кем емес, жүгеріні дәнге арнап өсіретін барлық аймақта пайдалануға болады.
Херсонец-200 комбайны азық-түлік және жемдік дәнге арналған собықтың өнімділігі гектарына 200 ц собық пен жапырақ-сабақ, балаусасының қатынасы: 1:1,5 бір га-дағы өсімдік жиілігі 20 - 65 мың сабақ болатын жүгерінің барлык, биологиялық өнімін жинап алуды қамтамасыз етеді.
Комбайнның алмалы-салмалы жұмыс мүшелері - собық тазалауышы, собық молотилкасы, сырғыма тақтайлары бар. Комбайн мынадай жұмыстарды атқарады:
- собықты жүгеріні жинайды, собықтың орамын тазартады, сонымен қатар жапырақ-сабақ балаусасын ұнтақтайды;
- жүгері собығын бастыра отырып жинайды және сонымен қоса жапырақ-сабақ балаусасын ұнтақтайды;
- жүгері собығын бөліп, оларды қабығынан тазартпастан жинайды және жапырақ-сабақ балаусасын турайды.
Херсонец-200 комбайны жаткадан (1), собық ажыратқыш аппараттан (2), тазартылмаған собық транспортерінен (3), собық тазалауыштан (4), орам транспортерінен (7), горизонталь транспортерден (5), собыққа (тартылған дәнге) арналған тіркемелерден (6), ұнтақтағыштан (8), барабаннан (9), молотилкадан (10), орам шнегінен (11), горизонталь транспортерден (12), елеуіш стандардан (13), шассилерден (14), сондай-ақ трансмиссиядан, сигналдау жүйесінен және САВ-1 автоматты жүргізу жүйесінен тұрады.
Жылғалы жатка (1) жетегі бар кескіш аппараттан, собық ажыратқыш аппараты (2) бар арнадан, беретін шынжырдан, таратқыш қораптан және қаптамадан, түбі бар сабақ шнегінен, құндақты собық шнегінен, сабақ транспортерінен, балауса трансмиссиясынан тұрады.
Ротор үлгісіндегі кескіш аппарат жүгерінің сабағын кесуге және олар - ды сабақ шнегіне жеткізуге арналған.
Оның екі жартыға бөлінген шаршы қималы білігі бар, оның әрқайсысы подшипниктерге тіреледі және әрқайсысының жеке жетегі бар. Шаршы қималы білікке пышақтардың алты секциясы (әр секцияда екі пышақтан) орнатылған. Пышақтың кесетін қыры қатты қорытпадан жасалған.
Собық ажыратқыш аппарат (2) жүгері сабағын тартатын және олардың үстінде тұратын, үзгіш пластиналары бар көлбеу орналасқан екі валецтен тұрады. Валецтер сыртының өн бойына тазалауыштар қондырылған. Валецтер бағыттаушы конуспен жабдықталған және жұмыстық бөлігі мен ұзынша ойығы бар құйыршығы болады. Құйыршықтар ойығымен валецтер таратқыш қораптың ұшындағы шарға жалғастырылады.
Валецтер арасындағы, сондай-ақ үзілмелі пластиналар арасындағы және тазалауыштар арасындағы саңылау реттеледі.
Бағыттаушы конус пен валецтің жұмыс бөлігіне валецтің гайкалы және рычагты реттеуші тірегі орнатылған.
Тарату қорабы корпустан және конусты берілістен тұрады. Қораптың вертикаль біліктерінде табандары бар беріліс шынжырының жетекші жұлдызшалары болады. Арнаның алдыңғы жағына шынжырдың керілуін үнемі қамтамасыз ететін жетектегі серіппе астында жұлдызшалар орнатылған.
Жатка қаптамасы капоттар мен үшбұрышты қалақшалардан (оң, сол және ортаңғы) тұрады. Артқы бөліктің капоты арна кронштейндерінің ілгіштеріне жалғанған, ал алдыңғы бөлігі арна тартқышының резеңке ілмегімен ұстатылады.
Капоттың артқы қабырғасы беріліс шынжырының кері тармағы мен собықтар үйіндісін болдырмау үшін реттеуші қалқанмен жабдықталған.
Үшбұрышты қалақшалардың қалпын реттеу үшін арна рамасына қондырылған кронштейндер мен тұтқыштар қарастырылған.
Үшбұрышты қалақшаларға арнадан собықтың түсіп қалуын болдырмайтын резеңке клапандар орнатылған.
Сабақ шнегі кесілген сабақтарды жатканың орта бөлігіне жеткізу үшін және оларды транспортердің көлбеу камерасына беру үшін қызмет етеді. Шнек түтіктерден және орта бөлігіне келгенде қалақшаға айналып, бірін-бірі жауып тұратын, оң және сол жағынан орала отырып, ортаға түйісетін екі винтті лентадан тұрады. Шнек реттелетін екі подшипникке тіреледі және шынжырлы беріліспен іске қосылады. Шнек созылған валецтер астына, кескіш аппараттан кейін орналастырылған.
Собық шнегі собық үйіндісінің арнадан бүйір транспортерлеріне қарай орын ауыстыруы үшін қызмет етеді. Ол орталық түтіктен және ортадан екі жаққа тарайтын, үш жағы лақтырғыш қалақшаға айналатын оң және сол жағынан оралған винтті лентадан тұрады. Шнек реттелетін екі под - шипникке тіреледі және шынжырлы беріліс арқылы іске қосылады. Ол жатка арнасынан кейін орналасады.
Шнек құндағы арна жағынан ашылған. Құндақтың артқы қабырғасына, бүйірлік транспортерлердің қарсы жағынан, собықты шнектен транспортерге тиеуге арналған саңылау орналасқан.
Сабақ транспортерінің корпусы бар. Корпуста транспортер шынжыры үшін үш жұлдызшасы және оң жақ ұшында жетекші жұлдызшасы бар жетекші білік, сондай-ақ барабаны бар жетектегі білік қондырылған. Жетекші білікке үш жұлдызша жалғастырылған.
Тасымалдау мүшесі шахмат тәртібімен металл қырғышқа бекітілген үш шынжырдан тұрады. Қырғышы бар шынжырларды керу серіппе арқылы жүзеге асырылады.
Үш секциялы, құрамалы, жазық пышағы мен лақтырғыш күректері бар барабан үлгісіндегі ұнтақтағыш (8) жүгерінің сабақтары мен жапырақтарын ұнтақтап, ұнтақталған балаусаны ұнтақтағыштың түтігі арқылы қатар келе жатқан транспорттың кузовына беру үшін қызмет етеді.
8.1-сурет. КСКУ-6 Херсонец-200 алты қатарлы өздігінен
жүретін жүгері жинайтын комбайн:
а - собығын аршыған жүгеріні жинаудағы комбайнның технологиялық процесінің сұлбасы, б - жүгері собығын бастырудағы комбайнның технологиялық сұлбасы, в - САВ-1-дің жалпы сұлбасы, г - бағдарлауыш құрылғының сұлбасы, 1 - жатка, 2 - собық үзгіш аппарат, 3 - тазаланбаған собықтардың транспортері, 4 - собық тазалауыш, 5 - горизонталь транспортер, 6 - собыққа арналған тіркеме (бастырылған дән), 7 - қабық транспортері, 8 - ұсақтағыш, 9 - барабан, 10 - молотилка, 11 - қабық шнегі, 12 - горизонталь транспортер 13 - елек станы, 14 - шасси, 15 - жалғастырушы кабельдер, 16 - жалғастырушы қорап, 17 - электрондың блок, 18 - бағдарлауыш кұрылғы, 19 - жалғастырушы панель, 20 - үш позициялы электрмен басқарылатын гидробөлгіш, 21 - электрмен басқарылатын гидрокүшейткіш, 22 - доңғалақтар датчигі, 23 - бағдарлауыш құрылғының рамасы, 24, 27, 28 - реттегіш винттер, 25 - датчик, 26 - бекіткіш, 29 - шкив, 30 - бағдарлауыш рамасының осі, 31 - сым арқан
Ұнтақтағыш - түпкі цапфаға пісірілген түтікті білік. Білікке үш секцияны құрайтын пышақтар мен қалақтарды жалғастыру үшін төрт дискі пісірілген.
Әрбір секцияға алты пышақ пен алты лақтырғыш қалақ бекітілген. Ба - рабан шарикті подшипниктерге тіреледі. Цапфалардың біріне басып озу муфтасы бар шкив жалғастырылған. Ұнтақтағыш құндағының екі саңылауы бар: оның бірі - ұнтақтағышқа жапырақ-сабақ балаусасын беруге, екіншісі - ұнтақталған балаусаны түтікке беруге қызмет етеді. Құндақтың қоректендіруші саңылауының төменгі жиегіне қарсы кескіш пластиналар бекітілген. Пышақтар мен пластиналардың кескіш қырлары қатты қорытпамен қатайтылған. Ұнтақтағыштың түтігі төменгі қозғалмайтын және жоғарғы бұру бөліктерінен тұрады. Комбайншы отырған орнынан гидроци - линдр арқылы түтікті тасымалдау қалпына келтіріп бұрады. Түтіктің шығар аузына қалқа орнатылған.
Транспортерлер собықты жаткадан тазалауышқа немесе молотилкаға беру үшін қызмет етеді.
Транспортер корпустан, төменгі жетекші біліктен, жоғарғы валецтерден, арнаулы буындарға қырғыштар бекітілген екі жетекті роликті шын - жырдан тұрады. Төменгі жетекші біліктер айналысқа аралық жетек арқылы шынжырлы беріліспен және транспортердің корпусына қондырылған сақтандырғыш муфталы білікпен келтіріледі. Транспортердің жоғарғы басына үстіңгі біліктен шынжырлы беріліс арқылы жетекке келтірілетін сабақ ұстағыш бекітіледі. Транспортерлер комбайнның оң жағына да, сол жағына да бекітілген.
Собық тазалауыш жұлынып алынған собықты жапырағынан тазартуға арналған.
Собық тазалауыштың әрқайсысы тазалауыш аппараттан, бастырма қондырғыдан, орам транспортерінен, жылжымалы таратқыш собық үйіндісін алдын ала тазалайтын құрылғыдан, тазалауыш аппарат жетегінің конустық берілісінен, желдеткіш жетегінің аралық білігінен тұратын екі блок түрінде болады. Жетекке келтіру комбайнның аралық білігінен екі шынжырлы берілістің көмегімен жүзеге асырылады.
Тазалауыш аппарат сегіз қос валецтен (сегізі шойыннан және сегізі резеңкеден жасалған), сондай-ақ жалпы рамаға қондырылған жетектен тұрады. Валецтердің төрт науасы болады. Әрбір науа қозғалысқа қос конусты шестерня, ал науадағы валецтер цилиндрлі шестерня арқылы қозғалысқа келтіріледі. Аппараттың жетегі төрт конусты шестернялы екі біліктен тұрады. Біліктердің біріне сақтандырушы муфта қондырылған.
Бастырма қондырғы екі қатарлы бастырма барабаннан, екі қатарлы битер мен жетек механизмінен жасалған. Барабанным, бірінші қатарындағы иілмелі қалақшалар орамды түтетін сыммен жабдықталған. Битерлер қозғалысқа тазалауыш аппараттан роликті шынжырмен, ал барабандар битер біліктерінен шынжыр контурмен келтіріледі.
Орам транспортері (7) араларына жоғарғы және төменгі елеуіштер бекітілген екі жақтаудан тұрады. Осы елеуіштер бойынша бекітілген қырғыштары бар екі шынжыр қозғалады. Транспортердің шынжырын керу жетекші білікті қозғалту арқылы қамтамасыз етіледі. Жетек тазалауыштың білігінен шынжырлы беріліс арқылы жүзеге асырылады. Собық үйіндісін алдын ала тазарту үшін комбайнда екі желдеткіш болады.
Молотилка (10) екі бастырғыш барабаннан (9), қақпағы бар декадан, жоғарғы және төменгі елеуіш станнан, тербелмелі біліктен, желдеткіштен, толтырушы шнектен, дән шнегінен, стерженьдер шнегінен, каркастан, рамадан және жұмыс мүшелері жетегінің механизмдерінен тұрады.
Бастырғыш барабан пісірілген цапфалары және үш қалпақшасы бар түтік түрінде жасалған. Барабан ұшындағы түтікке екі қанатша пісірілген.
Деканың төменгі каркасы екі секциядан пісірілген. Жоғарғы елеуіш стан алдыңғы-желбезекті және артқы - ұрғышты-қауызды екі елеуіштен тұрады. Төменгі елеуіш стан рамаға ұзартқышы бар желбезекті елеуіш топсалы түрде бекітіліп пісірілген металл қорап түрінде құрастырылған.
Желдеткіштің білікке қондырылған қанатшалары, бүйір құндағы және клапаны бар. Тербелмелі білік біліктен, подшипниктерден, шатун корпусынан және пісірілген жұлдызшалардан тұрады. Тербелмелі білік иінді етіп жасалған, ол төменгі және жоғарғы стандардың тербелмелі қозғалысын қамтамасыз етеді.
Толтырушы шнек - құндаққа бекітілген сол және оң жақтаулы винтті ленталы білік. Шынжырлы жетек шнектің құндағына бекітілген алдыңғы біліктен жүзеге асырылады. Молотилканың жұмыс мүшелері комбайн рамасына тірегімен жалғасқан рамаға қондырылған. Молотилка жетегі белдікті. Белдіктер сол және оң жақ аралық білік арқылы жеке-жеке өтеді.
Комбайнның шассиі (14) рамалардан, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz