Қазіргі бастауыш мектеп педагогикасындағы тәрбие әдістері мен формалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТІРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОБА

Тақырыбы: «Қазіргі бастауыш мектеп педагогикасындағы тәрбие әдістері мен формалары»

Орындаған: Ахатбек А. Ж.

Тексерген: Омарова Г. Ж.

Мамандық: 6В01303 « Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен»

Алматы, 2021 ж

Аталған мақалада қазіргі бастауыш мектеп педагогикасындағы тәрбие әдістері мен формалары жөнінде зерттеу жұмысы жасалған.

Тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдары ретінде әдістер, құралдар, нысандарды ерекше атап көрсетуге болады. Тәрбие әдісі қойылған тәрбие мақсаттарына қол жеткізу жолдары болып табылады. Басқаша айтқанда, тәрбие әдістерінің белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушілер санасына, еркіне, сезімдеріне, мінез - құлқына әсер ету жолдары деп тануға болады.

Тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.

Түйінді сөздер: педагогикалық процесс, тәрбие әдістері, педагогика ғылымы, тәрбие принциптері, тәрбие жұмыстары, тәрбие формалары.

Жобаның мақсаты: Қазіргі бастауыш мектеп педагогикасындағы тәрбие әдістері мен формаларына анықтама бере отырып, тәрбие әдістері мен формаларының ерекшеліктерін анықтау.

Жобаның міндеттері:

1. Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану;

2. Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама беру, тоқталу.

КІРІСПЕ

Педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмысында және елімізде жүріп жатқан жаңарумен байланысты тәрбие әдістерін қолдануда жаңаша ойлануды меңгеріп, дамыту керек.

Тәрбие әдістері - тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан - салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан - жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.

Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.

Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде тәрбие әдісінің мәні көп қырлы болғандықтан, оған әртүрлі анықтама берілген.

В. А. Сластенин, Ю. К. Бабанский т. б. мектепте тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара байланысты іс - әрекетінің жолдарын тәрбие әдісі деп атайды. Бұл іс - әрекет тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталады.

Оқушыларға тәрбиелік ықпал ету әдістері немесе тәрбие әдістері дегеніміз - тәрбиешінің оқушылардың бойында қоғамдық көзқарасты және мінез - құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.

Екінші, сөзбен айтқанда, тәрбие әдістері тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлесе отырып жүргізілетін іс - әрекетінің құралы болып табылады.

А. С. Макаренко тәрбие әдістерін психилогиялық тұрғыдан қарастыра келіп, бұл әдіс баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы болатынын өте дәл сипаттайды.

Мектеп тәжірибесінде тәрбие әдісін қолданғанда тәрбиешілер психологтердің жоғарыда келтірілген дәлелді тұжырымдарын, атап айтқанда, адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен төрт бөліктен құралатынын әрдайым ескеруі керек.

Сонымен, қазіргі кезде оқыту - тәрбие беру ісі қайта құрудағы белгіленген даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар аудару қажет екенін көрсетіп отыр.

Көрсетілген пікірлерден тәрбие әдістерінің әр салалы мәнін анықтауға болады:

- тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру тұрғыдан қаруландыру;

- тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын мазмұнын жүзеге асыратын құрал;

- тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады, тәрбиенің мақсаты қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері соған сай болады;

- тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей өзіндік ниетін, ықыласын, ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты[1]

1. Тәрбиенің түрлі әдістерін таңдау мұғалімнің шығармашылығына, педагогикалық шеберлігіне байланысты. Себебі тәрбие әдісі - тұтас педагогикалық процестің заңды бір құрамы.

Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына, мазмұнына, принциптеріне және нақтылай педагогикалық жағдайлардағы міндеттерді шешуге бағынышты болады. Мұғалім өзінің күнделікті практикалық жұмысында тәрбие әдісін таңдау барысында барлық жағдайға арналған әмбебап тәрбие әдісі болмайтынын ескеруі керек.

Тәрбие әдісі жеке дара тиімді не тиімсіз бола алмайды. Тұтас педагогикалық процестің негізіне жеке тәрбие әдісі емес, тәрбие әдістерінің тұтас бір жүйесі алынады. Әдетте өте нәтижелі деп есептеліп кеңінен қолданылып жүрген педагогикалық құрал: түсіндіру, әңгіме, сендіру, қоғамдық ықпал жасау әдістерінің өзі де ең әсерлі, абсолютті, тиімді бола алмайды.

Бір жағдайда оң нәтиже берген әдіс, басқа бір жағдайда балаға тіптен теріс әсер береді. Сондықтан тәрбиеші әдістерді қолдануда педагогикалық - психологиялық талаптарды білу қажет.

Тәрбие әдісі баланың жеке басына жанасудың және ықпал етудің өте нәзік әрі сезімтал құрал болғандықтан жаңашыл озат тәрбиешілер оқушылар-дың дара және жас ерекшеліктерін зерттеп, оқу - тәрбие процесін физиологтар мен психологтардың бала дамуының заңдылықтары туралы ғылыми деректеріне сүйене отырып ұйымдастырады.

Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдісінің бірнеше түрін қолданудың тиімділігі ең алдымен педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениеттілігінің жоғары дәрежеде болуына байланысты екендігін озат мұғалімдер тәжірибелері дәлелдейді[2]

Тәрбие әдістері - бұл тәрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тәсілдері. Мектеп тәжірибесіне орай әдістердің және бір анықтамасы - қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне және қылық - әрекетіне ықпал жасау тәсілдері.

Әдістер түрі сан - алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шәкірттерінің білімділік күш - қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып және басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог әрекетіне тәуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, әдіс формасы да сондай әрі сонша - бұл заңдылық. Әлбетте, әдістердің бәрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол әдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп әдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тәрбие тәжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дәстүрлі әдістерге арқа сүйегенді тәуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тәрбиеші әрдайым тәрбиенің нақты шарттарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем және мол табыспен, жылдам жеткізетін жаңа әдістерді іздестіруге мәжбүр. Тәрбие әдістерін құрастыру, таңдау және дұрыс қолдану - педагогикалық шеберлік шыңы.

Тәрбие тәсілі - жалпы әдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке әрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тәсіл - тәрбиешінің өз шәкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тәсілмен басқа да тәрбиешілер пайдалана бастаса, тәсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - әдістерге айналады. Әдістер мен тәсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.

Тәрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал - жабдықтар тәсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру - тәсілдер. Сөз (кең мағынада) - тәрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, әзіл ескертпе, ескертпе теңеу - осы жабдық құрамындағы тәсіл. Бұл тұрғыдан кейде тәрбие әдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тәсілдер мен құрал - жабдықтар жүйесі деп те атайды.

Әдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен наты жағдайларға сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Әдістер классифика-циясы дегеніміз қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген әдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне тән сипаттарын тереңірек түсінеді.

Тәрбие әдісі - көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан - алуан[3]

2. Педагог даралығына негізделген әдістермен құрал - жабдықтар бірлігі тәрбиелік іс - әрекеттер формасына арқау болады.

«Форма» терминінің мәні: 1) тәрбие процесінің сырттай көрінісі; 2) тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралардың бірлікті жиынтығы; 3) тәрбиеленушілер-дің ұжымдық және жеке - дара іс - әрекеттерін жоспарлы ұйымдастыру жүйесі. Сонымен, форма - бұл тәрбиелік істер процесіндегі тәрбиеленушінің тәрбиешімен ықпалды қатынас түзу көрінісі.

Тәрбиелік жұмыстар өз кезегінде төменгі аталған тәрбиелік қызметтерді орындайды:

- ұйымдастырушылық: ұйымдастыру ісі тәрбиелік жұмысқа қатысушы-лардың өзара ықпалды әрекеттерінің қисынын бейнелейді;

- реттеушілік: қандай да форманың өзі оны пайдалану процесінде әлеуметтік қатынастар нормаларын қалыптастырушы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара байланыстарды реттеп, түзетіп баруға мүмкіндік береді;

- ақпараттық: тәрбиеленушілердің игерген білімдерін ғана біржақты хабарлауына мүмкіндік ашып қоймастан, олардың өзіндік тәжірибелеріне арқа сүйеп, бұрыннан меңгерген ақпараттарын іске қосуына жол ашады.

Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама . Тәрбие жұмыстары формаларын түрліше топтастыру мүмкіндіктері бар. Бір форманың басқаларынан ерекшеленуі төмендегі шарттарға тәуелді:

- уақыт ұзақтығы: қысқа мерзімді (бірнеше сағат, минут) ; ұзаққа созылған (бірнеше күн, апта) ;

- тәрбиеленушілер қызметтерінің түрі: оқу, еңбек, спорт, көркем өнер;

- педагогтың ықпал жасау тәсілі: тікелей, жанама;

- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжжасау тәсілі: тікелей, жанама;

- нәтиже: ақпарат алмасу, жалпы тұжырымға келу, қоғамдық мәнді өнім;

- қатысушылар саны: жеке - дара (тәрбиеші - тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші - оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші - бірнеше топ) формалары.

Қатысушылар санымен ажыралған тәрбиелік жұмыстардың кейбір формаларының ерекшеліктерін қарастырайық.

Жеке - даралықты тәрбие формалары: әңгімелесу, сыр бөлісу, кеңес беру, пікір алмасу, нақты жұмыс бойынша жеке жәрдем, проблема шешімін бірлікте іздестіру. Тәрбиеші міндеттері: оқушы мүмкіндіктерімен танысу, оның талантын ашу, бала мінезіндегі барша құндылықты бітістер мен дамуына кедергі қасиеттерді байқау.

Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: дәстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті - рөлдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.

Топтық тәрбие формалары : іс - шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелерінің бәріне бірдей мәнді нәтижеге жету жағдайларын жасау.

Ұжымдық тәрбие формалары : конкурстар, сахналық қойылымдар, ән - күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат - шерулер, спорт жарыстары.

Тәрбиелік іс - әрекет формаларының әрбіріндегі тәрбиешінің ролі мен орны әрқилы. Олар тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тәрбие мақсаттарына байланысты.

Тәрбие жұмысының формасы ұжымдық шығармашылық түрінде болуы мүмкін. Мұндай ұжымдық шығармашылық қызметтер барысында тәрбие-ленушілер ересектермен бірлікте және олардың басшылығында жаңа тәжірибелер жасайды, бұрын игерген білім, ептіліктерін қолданады, жаңа ғылыми ақпараттар топтайды.

Тәрбие формалары мен құрал - жабдықтарын таңдау . Тәрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тәрбиеші алдында тұрған күрделі мәселе. Тәрбиелік іс - әрекеттің тиімді болуы осы мәселенің дұрыс шешіміне тәуелді.

Тәрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат - олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой - толғаныс әрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше дербес қарым - қатынас жасауға жәрдем беруі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық тәрбие туралы ақпарат
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбиенің маңызы
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Сабақта оқушылардың отансүйгіштік сезімін, түсінігін қалыптастыру
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Халықтық педагогикасының бала тәрбиесінде алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz