Сатып алу-сату шарты және оның түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Сатып алу-сату шарты және оның түрлері.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жап-пай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады [1] . Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажетті-лігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Өткен жылдардың ішінде жаңа мемлекеттік органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес т. б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдас-тыруға бағытталған қызметтер атқаруда. 1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция жана мемлекеттік органдарды зандастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті [2] .

Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы мен атқаратын қызметтерін білу өзіміз-дің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет. Ол үшін Республиканың занда-рын оқып үйрену қажет. Өйткені ол заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндет-тері жарияланып қана қойған жоқ, сонымен бірге сол құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де көрсетілген.

Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы сатып алу-сату шарты болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. Өйткені қазір сатып алу-сату күрт өсіп отыр.

Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтык-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекше-лігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәс-түрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардын ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған [3, 25 б] .

Сатып алу-сату шартында тараптар сатушы және сатып алушы болып табылады. Азаматтық айналымға қатысушылар: азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар тараптар бола алады.

Бұндағы сатушы дегеніміз - осы шарт бойынша сатып алушының иелігіне немесе жедел басқа-руына, шаруашылық жүргізу құқығына мүлік беретін тұлға. Ол сатылатын мүліктің иесі немесе ұйым сатушы бола алады. Шарттардың едәуір бөлігі бір жағынан мемлекеттік кооперативтік бөлшек сауда кәсіпорындары, екінші жағынан азаматтар арасында жасалады. Бұл жағдайда біріншілері сатушы-ларда, екіншілері сатып алушылар болады. сатып алу-сату шарттары халықтық тұтыну қажеттілік-терін қанағаттандыруға арналған заттарға байланысты азаматтардың арасында жасалады. Ал ұйым-дардың арасында - кәсіпорындар нормадан тыс, артық және пайдаланылмаған шикізаттарды, бұйым-дарды, құрал-жабдықтарды және басқа да материалдық құндылықтарды сатқанда жасалады.

Сатып алу-сату шарты туралы нормалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерек-ше бөлімінде Міндеттеменің жекелеген түрлері деп аталатын 4 бөлімінің 25 тарауының 406 бабынан 500-ші бабына дейін қамтылған [4] . Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. Заңға сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарасты-рылады [5, 8 б] .

Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.

Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер менішк иесінен басқа өзге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.

Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: "Сатып алу шарты бойын-ша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті". Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және занды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады [4] .

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық. Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұңданған жалпы нормалар тарайды.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөл-шектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданы-лады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу шарты
Сатып алу-сату шартының ұғымы
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
САТЫП АЛУ САТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы
Тауар жеткізілімі келісім шарты
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz