Баланың жастық кезеңдегі зерттеудегі ойлар


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Баланың жастық кезеңдегі зерттеудегі ойлар

Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көл өлшемділігін көрсетеді.

Алайда өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологияльгқ процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті алдымен организм волюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық волюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін - өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдік социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтаң ересектіктің дербес те жауапты іс - әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарламасының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік - псхологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.

Советтік ғылым жастық проблемасын әлеуметтік - псхологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептеуір қиын, өйткені психофнзикалық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімінен әр кезге үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі - үш ұрпақ бұрынғыға карағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиолоттар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постпубертаттық фазаларға бөледі осының өзінде жасқа қатысты психология детте жеткіншектік жасты (балаң жастық ) алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.

Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14 - 34, 5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.

Көптеген алғашқы қауымдық коғамдарды жас шағ айырмашылықтары әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі мехенизмі бір жастағы адамдарды ( еркектерді) біріктіретін жас шағы топтары болып табылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы өздеріне ғана тән арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамға социализация жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс - әрекетіне едуір дәрежеде тікелей қосу арқылы (шаруалар шаруашылығында міндеттері) жүзеге асырылған. Мектеп оқытудың осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі қоғамда және қоғамдық іс - рекеттің күрделіленуіне байланысты адам жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едуір ұзарады. Білім алу мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мнінде әлеуметтік кемелдік соғырлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шағы шектері біршама тиянақсыз болады.

Балан жас өспірімдік (14, 5 -17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай ?

Балаң жастағылардың даму ерекшеліктері

Балаң жастық - адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұларуы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады. (ауытқу плюс - минус 13 ай), жігіттерде 17 мен 18 - дің арасы (ауытқу плюс -минус 10 ай) . Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамеы бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жасық - ең көп жетістіктерге жететін кезең.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздарының көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге карамастан, жынысытық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік - кономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикаылқ норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қылыңқы дамиды.

Қарқыннын бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.

Жас өспірімдік шақ бала мен ересектердің арасындагы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс - әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. Өмірлік іс - әрекеттің күрделене түсуімен бірге жастарды әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден - бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды,

16 жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамандық тандау туралы және т. б. ойлайды. Алайда жас өспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері сақталады. Материалдық жағынан жоғары класс оқушысы ата - аналар қауырында. Мектепте оған, бір жағынан, екінің бірінде сен ересексің, үлкенсің десе, екінші жағынан, одан үнемі тіл алуды талап етеді. Бұл мектептен басқа жерлерде де байқалады, мұнда 16 жастағылар емес, 20 жастағыдан ересек деп санамайды. Жағдайдын, ( бір тұрғыдан ересек деп таниытын, екінші тұрғыдан танымайтын ) және өзіне қойылатын талаптардың тиянақсыздығы жастардын психологиясында өзінше ұғынылады.

Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық - саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс - әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатын жеткіншектердей емес 15-17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік - техникалық училищелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді.

Балаң жастағылардың ақыл - ой әрекеті.

Ақыл - ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл - ой қабілеті 15-16 жасқа қарай детте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда олардан әрі жетіле береді. Күрделі интелектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл - ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектіңіс - әрекетіне жақындатады әсіресе, арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүлделердіқ бағытталуының барған сайын саралана түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл - ой қызметінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипат береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл - ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүлделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай - ақ жоғары класс оқушысының мамандық таңдауға даярлану қажеттігін ескеріп, жоғары кластарда оқытудың даярлығын арттыру қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек (факультативтік пәндер, үйірмелік жұмыс, маманданған мектептер) . Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте ұстау қажет.

Жас өспірімдік - жеке адамдардың толысуы мен қалыптасуының аяқталған кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер (енді бала болмағанымен, ересек те емес), өмірлік іс - әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез - құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы - осының бірі қосыла келіп жас өспірімдік шақта бағалаушылық - бағдарлаушылық іс - әрекетін күрт аттырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте -мөте ден қоя алады, өзінің мінез -құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерийлер мен нормалар негізінде құруға тырысады. Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.

Өзіндік сана - күрделі психологиялық кұрылым, ол ерекше компонеттер ретінде өзіне. В. С. Мерлиннің осылай деп санайтындай, біріншіден, өзінің теңдестігІн ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс - әрекетшіл негіз ретінде өз «мәнін» ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық касиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін - өзі әлеуметтік - адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің брі бір-бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Тендестігін ұғынудың бастамалары сырқы заттардан болған және өз денесінде болған түйсіктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде - ақ болады, « менді » ұғыну бала жіктеу өсімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. Өзінін психикалық қасиеттерін ұғыну өзін - өзі бағалау жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компоненттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің" түрін өзгертпей қоймайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары және кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері
Жеке адамның психикалық дамуы
Даму психологиясының әдістерін топтастыру
Жеткіншектердің өз-өзіне сенімсіздігінің психологиялык ерекшеліктері
Жастардың даму кезеңдері
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Тұлға және топ
Нәрестелік және жастық кезеңге сипаттама
Балалардың психикалық процесінің деңгейін анықтау
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz