Классикалық философия
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
а) Ұлы ойшыл Сократ 4
б) Киниктер мен гедонистер 6
в) Атомистер ілімі. Демокрит 8
г) Сократтың ілімін жалғастырушылар: Платон мен Аристотель 10
Қорытынды 18
Пайдаланған әдебиеттер

Жоспар

Пайдаланған әдебиеттер 19
Кіріспе
Антика философиясы деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек - рим философиясын білдіреді. Антика сөзінің латын тілінен аударғанда көне деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек - рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII - V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік - римдік философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ.).
Негізгі бөлім
а) Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл-философ Сократтың (б.д.д. 469 -- 399 жж.) есімімен тығыз байланысты болғандықтан, Сократтық немесе классикалық кезең деп аталады. Ол жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдердің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікір таластырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге әкелуге тырысты. Бұл жолда ол мысқылдауды ақиқатқа жетудегі таным құралы етіп алады. Сократ қарапайым, түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыласына олардың өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды, қарсыласы ол сұрақтарға жауап бергеннен кейін, тағы да алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады, сөйтіп, қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта бастайды. Осы кезде Сократ мысқыл-кекесінмен карсыласын менменшіл, өзім білем сияқты пікірінен толығымен арылтады да, енді онымен бірге өзі де көтерілген мәселені айқындай түсуге, реті келсе, оған түсініктеме беруге тырысады.
Сөйтіп, Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақындата түседі. Өзінің осы тәсілін ол майевтика (дүниеге келетін сәбиді қабылдау өнері деген мағынада) деп атайды. Майевтиканың мақсаты, қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғымды қалыптастырмақ болады. Бұл ретте қарсыластары ол ұғымды қалай қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен, ол Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін деген қағиданы өз философиясының негізгі қағидаларының бірі етіп басшылыққа алды. Осыдан келіп, ол екінші қағиданы ұсынады, ол -- Өзіңді өзің танып-біл!. Өзіңді өзің тану деген - өзіңді қоғамдық, әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегіңде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер объективтік құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Сондықтан софистер сияқты бағыттылықты пайдалылықпен теңестіруге болмайды, керісінше, бағыттылық игілікке пара-пар. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың не екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсылықтың да, жамаңдықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп-білетін болса, онда олар еш уақытта да жамандыққа бармас еді. Жамаңдықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын салдар. Соңдықтан адамдар баюға, жұмыс бабында жоғарылауға, мемелекеттік басқару ісіне араласуға, т.б. құмартпаулары керек, керісінше, өз қамыңды өзің ойлап, өзіңді өзің өнегелілік, интеллектуалдық жағынан көтер, бұл ретте адамдарға философия көмек береді. [1;34-35]
Оның ата - анасы тас қашаушы мен босануға жәрдем беруші қарапайым адамдар болатын .
Сократ өзгелерге ұқсап өз мектебін құрған жоқ. Сабақты кез келген жерде берді. Ол қауымдық насихатшы ретінде кәрі - жастың бәрін өзінің ғажап сүйкімділігімен баурағандықтан билеушілердің өзіне деген өшпенділігіне , тіпті қастандығына ұшырады. Сократ - классикалық кезеңнің үш ұлы философының алғашысы. [2;34]
Ол Афинадағы демократиялық құлдық құрылыстың ыдырау кезеңіне сай келді. Сократ үстемдік құрған құл иеленушілердің адамгершілікке жатпайтын сорақылықтарын, олардың сиынған құдайларын сынады. Өйткені бұл кезде Афинадағы бұрын орнаған демократиялық тәртіп бұзылып, үстемдік құрғандар демократияны аяққа басқан, талай заңсыздық, опасыздық әрекет жасап, қылмысқа батқан кезең болатын. Белгілі моральдық принциптерді берік ұстаған Сократ бұл заңсыздық пен қылмыстарды аямай әшкерелеп, жастарды адамгершілік тұрғысынан жаңаша тәрбиеледі. Әрине , бұл әрекет үстем таптарға қауіпті болды. Сондықтан үстем тап өкілдері Сократты өлім жазасына бұйырады. [3;27]
Софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымдық жаңашылдық ұсына алмады. Мұны іске асырған Сократ болды, сондықтан оны антик философиясы тарихының кіндігі, философияның бел ортасы деп те атайды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табағатына аударғанымен қоймай, адамның мәні - ақыл - ойға негізделген белсендік және адамгершілік бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталады. Белгілі бір мағынада Сократ құндылықтардың дәстүрлі жүйесіндегі төңкеріс жасады. Байлық, даңқ, билік, деңсаулық, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдау басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғышарты (Ізгілік - бұл білім). Сократ сондай - ақ бақыттың жаңа ұғымын да қалыптастырды: адам өз бақытының да, баытсыздығының да ұстазы. Сократтың өзі күш көрсетпеу төңкерісін теориялық тұрғыда негіздеп қана қоймай, өз ілімінің дерегі арқылы да оған мәңгілік өмір сыйлады. Жанды адамның мәнділігі ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы - оның этикасының осы тұжырымдары автономиясын жария етті. [4;22]
Өмірінің соңғы кезіңде Сократқа жастарды бұзды, құдайларды жоққа шығарды деген кінә тағып, ол у ішіп өлуі керек деген үкім шығарады. Түрмеден қашып шығуға (ізбасарларының көмегімен) мүмкіндігі бола тұра, ол мемлекетте қабылданған және өмір сүріп тұрған заңды бұзбау керек деген пікірді желеу етіп, б.д.д. 399 жылы өзінің достарының, ізбасарларының алдыңда у ішіп өледі. Сократтың өмірі оның ілімінің қалай іске асқандығын көрсетіп берген ғажайып өмір болды. Сократтың: Әр адамның өз пікірі болуы мүмкін, бірақ ақиқат олардың бәріне ортақ -- ол біреу ғана деген түжырымы, сол сияқты ұғымдардың ауыспалылығы туралы (кейбір жағдайларда олардың бір-біріне ауысып отыратындығы туралы) идеялары өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімнің қалыптасуына және дамуына ойтүрткі болды.
Рақымшылдық және бақыт туралы Сократтың ілімдері б.д.д. V -- IV ғғ. кең етек алған екі философиялық мектептің -- киниктер мен гедонизмнің этикалық ілімдерінің өзекті мәселесіне айналды.
б) Киниктер философиясының (Киносарг деп аталған гимназияның атымен аталып кеткен, аудармасы -- көгерген ит) негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444 -- 368 жж.) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы үғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз -- ұғымдардың мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Бірақ олардың мазмұнында заттардың мәнін көрсететін қасиеттер мен әртүрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, себебі олар туралы дұрыс пайымдау субъекті мен предикат тепе-тең (товталогия) болған жағдайда ғана (математик дегеніміз математикадан сабақ беретін адам) қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен жалпы үғымдар туралы пікірлері ортағасырдағы номиналистердің жалпы ұғымдар мен жеке заттар туралы идеяларымен ұштасып жатқанын байқаймыз.
Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылдық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылдықты ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты -- бақытқа тек рақымшылдық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін, ол туралы көп сөздің немесе білімнің қажеті жоқ, ол тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Жұрттың бәрі рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын шектей алатын адамдар ғана жете алады. Ондай адамдар тағдырға тәуелсіз, шын мәнінде ерікті рақымшыл данышпандар. Олардың идеалы -- өздерін күнделікті қажет талап-тілектермен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Ал шын мәніндегі, ең жоғары бақыт -- бақыттымын деп өлу.
Киниктер мемлекеттік заң мен рақымшылдық заңдарын ажыратып, бөліп қарастырады. Мемлекеттік заң рақымшылыққа жеткізбейді. Шынында да, дауыс беру арқылы топас адамдарды қолбасшы қылып сыйлайтын мемлекетті рақымшылыққа жеткізетін мемлекет деп айта аламыз ба? -- деп сауал қояды Антисфен.
Материалдық тұрмыс қасиеттерін елемей, қоғамда қалыптасқан әдет-дәстүрлерді мысқылдай отырьш, нағыз данышпандық, рақымшылдық, бақытты іздеген Антисфеннің ізбасары Диоген Сипоиский (б.д.д. 412 -- 323 жж.) -- киниктердің этикалық ілімін өз өмірінің негізгі қағидасы етіп қабылдаған, осыған байланысты өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас әнгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, ол туралы замандастары былай дейді: бірде базар алаңыңда, бөшкеде отырған Диогеннен Ұлы Александр: Сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға әзірмін, -- деп сұрағанда, ол: Күнді қалқаламаңыз, -- деп жауап беріпті. Ол өте кедей түрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше, рақымшылыққа, бақытқа, шынайы бостандыққа жеткізбейтін адамдардың кемшіліктерін сынап, ләззатқа деген құмарлықты жек көрудің өзі ләззат екенін уағыздаған. Тал түсте қолына фонарь ұстап базар алаңында: Халық -- көп, адам аз екен деген сөзі осы пікірді нақтылайтын сияқты.
Киниктер материалдық игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік (Кирендік -- Кирен қаласының атымен) мектептің өкілдері өмірде өз түйсіктерінің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік қуаныштарға, ләззатқа берілу керектігін уағыздады. Ал ләззат, бақыт дегеніміз -- минуттық сезімдік қуаныштардың жиынтығы, оларды қадірлеп, қастерлеп, мүмкіндігінше пайдалану керек. Өмір қайғы-қасіретке толы болғандықтан, өмірмен қатар өлім де тартымды. Тек қана байлыққа, даңққа құмарту -- ақылсыздардың ісі, ал данышпан болса, оған өмірде не болып жатқанының бәрібір: бай ма, кедей ме, ерікті ме, еріксіз бе, т.б.
Гедонистік философияның негізін қалаушы ойшыл Аристипптің (б.д.д 435 -- 355 жж.) көзқарасы қалыптасуына Сократ ілімімен қатар софизмнің де әсері болды. Оның пікірінше: Танымның қайнар көзі -- түйсік. Ал түйсік арқылы біз табиғаттың заңдылықтарын немесе оның қасиеттерін танып-біле алмаймыз, сондықтан табиғатты танып-білемін деп әуреге түсудің қажеті жоқ, керісінше, біз тек өзімізге тән субъективті қабі-леттеріміздің нәтижесін ғана тани аламыз. Осыдан келіп, Аристипп: Тек өзіміз сезінген ләззат пен қасірет қана игілік, рақымшылық, -- деген тұжырым жасайды. -- Ләззат өткенге де, болашаққа да бағытталмайды, ол тек қазіргі нақтылық. Сондықтан қазір ғана ала алатын ләззатқа ұмтылу керек.
Ләззатқа жетудің бірден-бір жолы -- өз еркіңмен қол жетпейтін немесе қасірет әкелетін құмарлықтардан бас тарту. Кез келген адам өзінің рухы мен тәнін рахаттануға, ләззат алуға бағыштап, өзін де, басқаларды да шаттыққа бөлеулері керек.
Сөйтіп, Аристипп рахатқа бөлену, бақыт сияқты субъективтік Құбылыстарды адамдардың іс-әрекетінің негізгі өзегі (мотив) және мақсаты ретінде қарастырады. Осы өнегелілік бағытты басшылыққа алып іс-әрекет жасаған адам өз замандастарының алдында да, болашақ алдында да зор сыйға бөленетінін айта келіп, Аристипп мемлекетті, онда қалыптасқан зандарды, т.б. рахатқа бөлену, бақытқа жету жолындағы қүрал деп қарастырады.
Аристипп ізбасарлары: Данышпандарға әдептілік қағидаларын сақтаудың қажеті жоқ, мысалы, данышпан өзін Отаны үшін қүрбандыққа шалмайды, себебі оның Отаны -- бүкіл әлем (Феодор) деген идеяларды өз ілімдерінің басты қағидаларының бірі етіп қабылдап, онда ең жоғары данышпандықтың белгісі жатыр деп есептеген. Киниктердің, гедонистердің ілімдері кейін қалыптасқан стоиктер, эпикуршылық, т.б. сол сияқты бақыт мәселесін өз философиясының өзегі етіп қабылдаған ағымдарға зор әсер етті.
в) Атомистер ілімі. Бүл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бүл ойшылдардың шығармаларында кейін материалистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп (б.д.д. шамамен V ғ.) болды. Оның ойынша, әлем бөлінбейтін үсақ бөлшектерден, атомдардан түрады және олар бос кеңістікте қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді қүрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден түрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әрқайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп, жоғалып жатады.
Левкипптің бұл пікірлері Демокрит ілімінің қалыптасуына зор әсер етті. Демокрит (б.д.д. шамамен 460 -- 371 жж.) 70-тен астам шығармалар жазған: Пифагор, Планеталар туралы, Табиғат туралы, Ақыл-ой туралы, Үлкен әлем құрылысы, Кіші әлем құрылысы, т.б.
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы -- атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар және ол өте тығыз болғандықтан, бөлшектенбейтін атомдардан тұратын болса, бейболмыс -- өзіндік пішіні, түрі жоқ, шексіз бос кеңістіктерден түрады. Болмыс -- сансыз көп үсак бөлшектердің жиынтығы. Ұсақ бөлшектер -- атомдардың негізгі қасиеттері: мәңгі бөлінбейді, өзгермейді, өзіне өзі тең (үсақ), қозғалмайды. Бүл қасиеттер -- атомдардың ішкі мәні. Ал олардың сырткы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар шар, бұрыш, қармақ, ойма, т.б. тәріздес болады. Атомдарды бос кеңістік бөліп түрады.
Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда, өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.
Атомдарда бояу түрлері, иіс, дыбыс, т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ. Бұл қасиеттер атомдар адам түйсіктерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит -- алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті түрде болатындығын айтқан ойшыл. [1;35-39]
Атомдар бос кеңістікте соқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін қүрайды. Атомдар өзгермейтін мәңгі болса, олардан құралған заттар уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді. Бос кеңістіктегі атомдардың тығыздығы әртүрлі болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар құйындатып қозғалысқа түседі де, ортасында ауыр салмақты атомдар, ал шетке таман жеңіл салмақты атомдар топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мысалы, Жер мен Аспан ауыр салмақты атомдардан жаратылған. Ал Аспаннан -- от, ауа және ауа құйындап қуып жүрген жұлдыздар пайда болады.
Атом көзге көрінбейді, құлаққа естілмейді, бірақ нақты өмір сүреді деп уағыздады. Атомдар бірінен-бірі түрі, қатарластығы және орны жағынан ажыратылады. Тіпті өмір мен өлім де осылардың қосылуы мен ыдырауына байланысты. От та атомдардан тұрады. Атомдар бос қуыс арқылы мәңгі қозғалыста. Зат солардан құрылады. Атомдарды сезінуді видики деп аталады. Демокриттің пікірінше, бір кезде адамдар хайуандарша өмір сүрген. Соларды адам қалпына келтірген - қажеттілік деп түсіндірді Демокрит. [3;28]
Тіршіліктің шығуын Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндіреді. Бүл жерде жоғары күштердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған -- жылулық. Жандар әртүрлі болады. Космостың жаны жоғары деңгейде емес, одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабылдағандықтан, әлдеқайда жоғарырақ. Ал адамның жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі онда жылумен қоса от та бар. Басқаша айтқанда, адам мен жануарлар жандарының айырмашылығы -- біріне ақыл тән болса, екіншісінде ол жоқ. Ал жанның ақылдылығы мен ақылының жоқтығы оның өз бойына қабылдаған жылуының мөлшеріне байланысты. Олай болса, жан -- атомдардың жиынтығы. Демокриттің ілімінде ақылды жан -- сана ұғымымен синонимдес ұғым.
Өмір сүрудің қажетті жағдайы -- дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толык шығып кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары деммен бірге денеден толығымен шығады. Денеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді. Сөйтіп, денемен бірге жан да өледі. Демокриттін пікірінше, шын мәнісіне өмір сүретін атомдар, бос кеңістік және олардан туындайтын заттардан басқа, адам ақыл-ойында да өмір сүретін құбылыстар бар. Олар -- пікір арқылы қалыптасқан сезімдік қасиеттер (дәм, бояу түрлері, иіс т.б.). Бұл қасиеттер шындығында өмір сүрмейді, олар сезімдік заттарға тән емес, олар тек адамдардың пікірінде ғана бар құбылыстар.
Осы екі түрлі құбылыстың өмір сүруіне сәйкес танымның да екі түрі болады:
а) сезім мүшелері арқылы танып-білу. Олардың берген мәліметтері көмескі білім болғандықтан, олардың ақиқатты тануда ешқандай пайдасы жоқ;
ә) ақыл-ой арқылы алған білімдеріміз заңды туылған білім болғандықтан, оның ақиқат туралы пайымдаулары дұрыс болады. Себебі, дүниенің алғашқы бастамасы атом мен бос кеңістікті сезім мүшелері арқылы көріп-біле алмаймыз, ал олардың мәнін, табиғатын түсіну үшін ақыл зер салып ойлануы керек. Дей тұрғанмен де, Демокрит сезімдік танымды ақыл-ой танымына қарсы қоймайды. Ақыл-ой сезімдік таным арқылы алған ақпараттарын әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды.
Жалпы таным процесінің ақиқатқа жетудегі қайшылықтарын, қиындықтарын түсінген Демокрит танымның субъектісі болу кез келген адамның қолынан келмейді, ол тек данышпандарға ғана тән деп есептейді. Данышпандар сабырлылық, үйлесімділік, симметрия, алаңсыз тыныштық, қызықпаушылық, әділдік, т.б. осы сияқты моральдық қағидаларға сүйеніп, философияға беріліп, елеусіз өмір сүруінің арқасында мәнділіктің мәнін, табиғатын дұрыс түсініп-білуге мүмкіндік алады. Егер барлық адамдар осы моральдық қағидаларды басшылыққа алып өмір сүретін болса, онда заңның қажеті болмайтынын айтады Демокрит. Заңды адамдар ойлап тапқан, ол тобырларды өз қолында ұстап тұру үшін қажет.
Демокрит қоғамның дамуы және мемлекет мәселелері туралы соны пікірлер айтқан: Адамдар аңға ұқсас кезінде аңдар сияқты өмір кешті (әрқайсысы жеке өмір сүрді, бір-біріне көмектесуді білмеді, жеміс-жидек жеп қана күн көрді, т.б.), ал аң сияқты қалыптан мұқтаждықтың арқасында өркениетке өткенде, олар бір-біріне көмектесіп, бір жерде жинақталып, үңгірлерде, ағаштың куысында өмір сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, әскербасыларсыз, бір-бірімен соғыспай, ұрлықсыз, қарапайым да еркін өмір кешті. Кейінірек келе отты пайдалана алатын болды, қулық-сұмдықтар да көбейді, осымен қатар өнер де пайда болды. Осы айтқан жағдайға адамдарды мүқтаждық пен өздерінің тәжірибелері жеткізді. Адамдар әлімсақта сөйлей алмайтынды. Адамдардың бір-бірімен араласып, қарым-қатынасқа түсуінің арқасында түсініксіз дыбыс шығарудың орнына сөз арқылы қатынас орнады. Сөйтіп, тіл пайда болды. Тіл көп түрлі болып, адамдардың тұрған ортасына қарай қалыптасты.
Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған -- адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәніндегі құдайлар емес, тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана. [1;39-41]
Материяның мәңгі қозғалысының ішкі себептерін ашып беретін Демокриттің атомистік теориясын одан әрі дамытқан Эпикур болды. Атомдар қозғалысының себебі, деді ол, олардың ішкі қасиеті - ауырлығы. Атомдар түзу сызық бойымен қозғалғанда одан өздігінше ауытқуға қабілеттігі жайындағы Эпикур пікірінің ерекше зор маңызы болды, өйткені атомдардың өздігінше қозғалуы жайындағы оның бұл идеясы материялизмнің дамуына қосылған үлкен үлес болып табылады.
Демокрит пен Эпикурдың материалистік идеяларын кейіннен ілгері дамытқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz