Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І.тарау. Кәсіптік бағдар жұмысының теориялық негіздері
1.1. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні және
мазмұны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
1.2. Оқушыларға мамандық таңдауға әзірлеу жөнінде сынып
жетекшісінің рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
1.3. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің
ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ІІ.тарау. Сынып жетекшісінің кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің жолдары
2.1. Сынып жетекшісінің оқушыларға кәсіптік кеңес беру
жұмыстары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
2.2. Сынып жетекшісінің оқушылардың кәсіптік ынта.ықыластарын
дамыту. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54
Қосымша

Дипломдық жұмыс
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .3
І-тарау. Кәсіптік бағдар жұмысының теориялық негіздері
1.1. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні және
мазмұны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 6
1.2. Оқушыларға мамандық таңдауға әзірлеу жөнінде сынып
жетекшісінің рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 13
1.3. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудің
ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 25
ІІ-тарау. Сынып жетекшісінің кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің жолдары
2.1. Сынып жетекшісінің оқушыларға кәсіптік кеңес беру
жұмыстары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 34
2.2. Сынып жетекшісінің оқушылардың кәсіптік ынта-ықыластарын
дамыту. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 43
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 53
Әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 54
Қосымша
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зиялы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады ( ). Еліміз нарықтық экономикасы
әлеуметтік бағытталған және жаңа принципті түрдегі қоғамдық қарым-
қатынастарға негізделген күшті егеменді мемлекетті құруда. Қазақстан қоғамы
мемлекеттік бастауларды нығайтуға, құқықтық қоғам орнатуға, жаңа
технологиялық, құрылымдық, институттық негіздегі толыққанды ұлттық нарықтық
қалыптасуын қамтамасыз етуге ұмтылуда.
Қазақстанды жаңғырту әрбір азамат бостандығының шарты және жалпы
алғанда қоғамдағы тұрақтылық болып табылатын азаматтық қоғамның қалптасуын
көздейді. Азаматтық қоғамның қалптасуы құндылықтарды жаңғыртпайынша мүмкін
еместігін де ескеру керек. Мысалы, мемлекеттік ... ... ..қомқорлықтан бас
тарту қажет. Егер дербес адам әртүрлі жағдайларға байланысты әлеуметтік
осал жіктерге жатпайтын болса, адам өз игілігіне өзі жауап беруі тиіс.
Өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайына осы бір жоғары жауапкершілік
басты моральдық-имандылық нормаларының біріне айналуға тиіс. Жаңа
экономикалық, саяси және мәдени салада жеке бостандық, жеке таңдау асыл
құндылық болып табылады ( ). Осындай жағдайдың оқушы жастардық еңбекке
дайындығын, кәсіптік даярлығының дәрежесіне, мамандыққа бейімделудің
кезеңін қысқартуды теңдесі жоқ биіктікке көтеруді талап ететіні айқын
көрініс.
Бәсекелік механизміне негізделген нарық еңбек адамына ерекше
іскерлік, шеберлік, белсенділік пен істегі тәртіптілік, жауапкершілік,
екпінді еңбекке жарамдылық т.б. белсенді іс-әрекетке дайындық сияқты өте
жоғары талап қояды.
Оқушылардың мамандық таңдауға даярлау міндетін іске асыруда сынып
жетекшісінің рөлі үлкен. Ол бұл жұмысты өз сыныбындағы мұғалімдердің
жұмысын үйлестіріп отыру, сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын
ұйымдастырып жүргізу, мектеп пен отбасының байланысын жасау арқылы іске
асырады. Сынып жетекшісінің өз жұмысын ойдағыдай атқаруының басты шарты
оқушыларды бес саусағындай білуінде. Сондықтан да сынып жетекші балаларды
жан-жақты мұқият зерттеу арқылы кәсіптік таңдауда көп көмек көрсете алады.
Кәсіптік бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Ол экономикалық,
әлеуметтік, психолого-педагогикалық т.б. қатынастарды қамтиды. Кәсіптік
бағыт беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, халық ағарту
жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Сондықтан да бұл бағытта
көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Н.Н. Захаровтың, С.Н.
Чистякованың, А.Е. Голомшюктың, В.Д. Симоненко т.б. еңбектерінде мектептегі
кәсіптік бағдар жұмысының мазмұны, формалар және әдістері қарастрылған.
Қазақстан Республикасындағы бұл мәселеге арналған маңызды зерттеулер
қатарына Ж.Р. Баширова, М.Ә. Құдайқұлов, Қ. Бержанов, Н.Д. Дәулетов және
т.б. зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады.
Сонымен зерттеудің көкейкестілігі бүгінгі таңда әлеуметтік сұранысқа
айналып отырған, кәсіптік бағдар жұмысының тиімділігін арттыруда сынып
жетекшісінің алатын орнына, олардың бұл бағыттағы жұмысын пәрменді қылу
мәселесіне байланысты болып отыр. Жалпы білім беретін орта мектептегі
кәсіптік бағдар жұмысының тиімділігін арттыруды сынып жетекшісінің мақсатты
бағытталған жұмысын жүзеге асырудың психолого-педагогикалық шарттарының
жиындығын ашу зерттеу мәселесі болып табылады.
Зерттеу мәселесінің көкейкестілігі мен практикалық мәнділігі Сынып
жетекшісінің жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы деп
аталатын дипломдық жұмыстың тақырыбын анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің мақсаты-жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудегі
сынып жетекшісінің жұмысының тиімді жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі-жалпы білім беретін орта мектептегі кәсіптік бағдар
жұмысы.
Зерттеу пәні-сынып жетекшісінің кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің
үрдісі.
Зерттеу міндеттері:
- кәсіптік бағдар беру теориясы мен практикасын қарастыру;
- кәсіптік бағдар беру жұмысында сынып жетекшісінің мүмкіншіліктерін
анықтау;
- жоғары сынып оқушыларына сынып жетекшісінің кәсіптік бағдар жұмысының
формалары мен әдістерін қарастырып, олардың тиімділігін тәжірибелік
түрде тексеру, нәтижелерін өңдеп, жалпылап, негізгі қорытындылар мен
нұсқауларды келтіру.
Зерттеудің әдіснамалық негізі-тәрбиенің қоғамға қажеттілігі және
оның даму бағытының басты шарты болуымен, адамның биологиялық табиғаты мен
ішкі мүмкіндіктері арқылы жеке тұлға ретінде дамуы, жеке тұлға болмысын
түсінуге бағытталған іс-әрекет туралы ілімі.
Зерттеу көздері-кәсіптік бағдар жұмысына байланысты философтардың,
тарихшылардың, психологтардың және педагогтардың еңбектері, оқыту және
тәрбиелеу үрдісіне байланысты ғалымдардың, әдіскерлердің зерттеу жұмыстары,
мемлекеттік ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, баяндамалар т.б.), Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің оқ және тәрбиелеуге
байланысты құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар т.б.).
Дипломдық жұмысты жазу барысында қойылған мақсат пен міндеттерді
жзеге асыру үшін төмендегідей зерттеу әдістері қолданылды: философиялық,
псиологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау
жасау, оқыту мен тәрбиелеу үрдісін бақылау, оқушыларға анкета жргізу,
мұғалімдермен пікір алысу, тәжірибелік жұмыс жүргізу.
Зерттеу базасы:
І-тарау. Мектептегі кәсіптік бағдар жұмысының теориялық негіздері
1.1. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысының мәні және мазмұны.
Мемлекетісміздің білім беруге байланысты құжаттарында оқушыларды
мамандықты саналы түрде таңдап алуға даярлау мектептің басты міндеттері
болып табылатындығы атап көрсетілегн. Еліміздің алға даму ісінің табысты
болуы жасөспірімдердің еңбекке, кәсіптік мамандықты саналылықпен таңдап
алуға даярлау ісінің қандай дәрежеде жүргізілуіне көбіне көп байланысты.
Дұрыс таңдап алынбаған мамандықтың зардабын тек қана адамның өзі көрмей,
бүкіл қоғам да көреді екен. Американ ғалымдарының есептеуінше, мамандықты
дұрыс таңдап алу кадрлардың тұрақтанбауын 2-2,5 есе кемітеді, 10-15 % еңбек
өнімділігін арттырады, 1,5-2 есе кадрлардың оқыту құнын кемітеді. (24; 276)

бағыт беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін
одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Мектепте кәсіптік бағыт беру оқу-
тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қаралады.
Кәсіптік бағдар беру проблемасы әдістері жөнінен-педагогикалық,
мазмұны жөнінен-әлеуметтік, қорытындысы жөнінен-экономикалық, масштабы
(көлемі) жөнінен-мемлекеттік болып табылады. Оның мынадай аспектілері бар:
экономикалық, әлеуметтік, медицина-физиологиялық, педагогикалық. (3; 32)
Кәсіптік бағдар беру проблемасы көп аспектілі болғанымен, ол ең
алдымен педагогикалық іс. Оның міндеттерін шешудің дәл ортасында педагог,
мектеп тұруға тиіс. Әрине, кәсіптік бағдар беру проблемасынталдау
физиология, әлеуметтану, экономика т.б. ғылымдардың мәліметтеріне сүйеніп
жасалады. Кәіптік бағдар мәселелерін А.Е. Голомшюк, Ж.Р. Баширова, С.Н.
Чистякова т.б. қалай қарастырғандарына тоқталайық. Кәсіптік бағдардың
экономикалық аспектісі мына мәселелерді зерттейді:
1. Қазіргі кезбен болашақ қоғамдық еңбек өрісіндегі (сферасындағы) еңбек
ресурстарының демографиялық құрылымы;
2. Мамандық ... ... ... .. өзгеруіне қарай кәсіптік бағдар берудің
негізгі тенденциялары (жұмысшы кшіне мұқтаждықпен байланысты);
3. Жергілікті ерекшелікпен, квалификациямен, мамандықпен байланысты
қазіргі және келешектегі жұмысшы күшіне мұқтаждық;
4. Кәсіптік бағдар берудің экономикалық тиімділігі. Жоғарыда көрсетілегн
мәселелерді зерттеу кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мазмұны мен
бағыттарын негізде үшін қажетті.
Мамандық таңдаудың әлеуметтік аспектісі төмендегі мәселелерді
зерттеп, анықтауды қамтиды:
1. Жастардың мамандық бағытын қалыптастыру үрдісіндегі ғылыми-техникалық
және әлеуметтік үрдіс талабы;
2. Әртүрлі мамандықтардың маңызын қалыптастырып, қоғамдық пікірлердің
себебі болып отырған факторлар;
3. Өндрістегі мамандықтардың орнығуына мүмкіндік жасайтын әлеуметтік
және моральдық жағдайлар.
Жастар арасында кездесетін кейір жағдайлардың себебі мен кәсіптік
бағдар берудің әлеуметтік тамырын бізге әлеуметтік зерттеулер ашып береді
(жұмысшы мамандығын төмен бағалау, өмір жолын таңдауда сән қуулық т.б.),
Кәсіптік бағдардың психологиялық аспектісі мына мәселелерді зерттеуді
қажет деп біледі:
1. Жеке бастың негізін және құрылымын, оның типологиясын, жеке бастың
ерекше кәсіптік бағдарын бағалау мен оны анықтаудың әдістері;
2. мамандыққа жарамдылығының псиологиялық мәнін және оны қалыптастырудың
мүмкін жолдары;
3. Еңбек, кәсіптік мамандық түрлері.
Психологиялық зерттеулер адам-мамандық екеінің бір-біріне
үйлестігінің мәнін және мамандық бағытының қалыптасуын анықтауға қызмет
етеді.
Медициналық-физиологиялық аспекті мамандыққа жарамдылықтың
медициналық-физиологиялық белгілерін және осы негізде кәсіп таңдаудың
әдістемесін зерттейді: Зерттеулердің бұл бағыттағы қажеттігі:
жасөспірімдердің едәуір бөлігінің әртүрлі аурулармен ауыратындығынан,
екіншіден-бгінгі таңдағы кәсіптің көпшілігі адам ағзасына жоғары талап
қоятындығынан.
Кәсіптік бағдар берудің педгогикалық аспектісі-жастарды кәсіпке баулу
мен олардың мамандықты саналы таңдауы мақсатындағы оқу-тәрбие ісінің
тиімділігін арттыру жолдарын, оның құрамдарын зерттейді. Бұл жерде мектеп
пен отбасының және өндірістің кәсіптік бағдар беру ісіндегі біртұтас жұмыс
жүйесі және оның ғылыми негізделген анықтамасы туралы сөз болып отыр.
Енді педагогикалық әдебиетте кәсіптік бағдарға қандай анықтамалар
берілетінін қарастырайық. А.Д. Сазанов, В.Д. Симоненко, В.С. Аваниев, Б.Н.
Буяловтың пікірінше: Кәсіптік бағдар-бұл жастарды жеке қызығшылығын,
қабілетіне, бейімділігіне және сонымен қатар әртүрлі мамандыққа деген
қоғамның сұранысына сәйкес мамандықты негіздеп таңдап алуына деген мақсатты
бағытталған іс-әрекет (31; 27-28).
Ал, К.К. Платоновтың пікірінше: Кәсіптік бағдар-бұл жастардың
қызығушылығын және қабілетін, қоғамдық сұранысты есепке алып, ғылыми
негізде мамандық таңдауға көмектесетін псиолого-педагогикалық, медициналық
және мемлекеттік шаралардың жиынтығы (25; 4).
Н.Н. Захаровтың ойынша: Кәсіптік бағдар-бұл біріккен ортақ мақсаты
және басқаруы бар өзара байланысты компоненттерден тұратын, кәсіптік білім
беру, кәсіптік псиологиялық диагностика, кәсіптік кеңес беру, кәсіптік
таңдау, кәсіптік бейімделу және кәсіптік тәрбиелеудің тұтас жүйесі (10;
18).
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жөніндегі жұмыстар мазмұнының жүйесі
мыналарды қамтиды: оқушылардың халық шаруашылығының және мәдениеттің түрлі
салаларымен, кәсіпорындармен, шаруа қажалықтарымен, неғұрлым кең тараған
кәсіптік мамандықтармен таныстыру, олардың бейімділігімен мамандыққа деген
ықыласын және белгілі бағытта қалптасуын зрттеу, мектеп оқушыларын қоғамдық
мәні бар мамандықты дұрыс таңдай білуге қалптастыру, білімін одан әрі
жалғастырға, мамандық таңдауға, еңбек етуг орналасуға байланысты мәселелер
жөнінде оқушыларға кеңес беру. Бұл жұмыстың бәрі мынадай негізгі мақсатты
көздейді: жас жігіттер мен қыздарға еңбектің белгілі-бір түрлеріне
өздерінің бейімділігін, қабілетін, талғамын анықтауға көмектесу, оларды
қоғамға көбірек қажетті өндіріс салларында және мамандқтары бойынша еңбек
етуге әзір болуға тәрбиелеу.
Жастарға білім беретін оқу орындарында оларға кәсіптік бағдар беру
жйесі қандай талапқа жауап беруі тиіс?
Біріншіден, оқушыларды мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттарының,
кәсіптік-техникалық училищелердің мамандықты саналы таңдауға даярлаудағы
тәрбие жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері және мазмұны органикалық
байланыста болуын және бұл жұмыстарды іске асырудың құралдары және
әдістерімен қамтамасыз етуі керек. Екіншіден, ол жүйе бір класты
жргізілетін кейбір тәрбие істері мен оқушылардың жеке қызметін ғана
байланыстырмай, ондай байланысты бүкіл мектеп бойынша қамтамасыз етуге
тиіс. Үшіншіден, ол мектептер мен оқу-өндірістік комбинаттарының, кәсіптік-
техникалық училищелердің бүкіл кәсіптік бағдар беру жұмыстарын нақты
ұйымдастыруға міндетті. Төртіншіден, кәсіптік бағдар беру жүйесі
оқушылардың мамандықты саналы таңдауға дайындығын қалыптастыруы керек (3;
34).
Мамандықты дұрыс таңдап ал бір-ақ реттік акт емес. Бұл аз кезеңдері
бар ұзақ үрдіс. Мұндаға кәсіби ынта-ықыластың қалыптасуы мен дамуы неғұрлым
жауапты саты болып табылады. Оқушылардың өздерін қызықтырған мәселелер
жайында көп білігісі келетіні белгілі. Бұл ретте кәсіптік оқу-ғартудың
міндеті-мамандық олардың ойлаған ойына сәйкес келеме деген сұраққа жауап
беру, олардың ықыласы болып жүрген саладағы білімін тереңдету, мамандыққа
байланысты түсінік ұғымдарының шеңберін кеңейту.
Кәсіптік оқу-ағарту ісі кәсіптік бағдар берудің көпшілік міндеттерін
өздігінен шеше алмайды, өйткені, белгілі-бір еңбектің тріне жарамдығы
жөнінде дұрыс қорытынды жасау үшін, мамандық жайындағы тек бір ғана білім
беру әзірге жеткіліксіз. Бұл істі оқушының жеке басының ерекшеліктерін
ұдайы зерттеу арқылы көмектесу керек. Оқушыларды зерттеудің тағы бір маңызы
сол, бұл олардың ынта-ықыласын, арнаулы қабілеттерін ғылыми негізін
басқарға, иектепте бүкіл тәрбие жұмысының мазмұнын және тиімділігін
көтеруге мүмкіндік береді. Қызметтің белгілі-бір саласына адамның кәсіптік
жағынан жарамдылығы негізінен үш бағыт бойынша: денсаулығына,
псиофизиологиялық деректеріне, арналы даярлық дәрежесіне қарай анықталады.
Сонымен, кәсіптік жағынан жарамдылықты анықтау мәселелері кәсіптік
бағдар беру міндеттеріне кіреді.
Мамандықты таңдап алу мәселелері жөнінде мұғалімнің оқушылармен жеке-
жеке әңгімелесуінің өте-мөте маңызы бар. Әңгіме кезінде мұғалім оқушының
кім болғысы келетінін, өз мақсатына жетуге оның қалай тырысып жүргенін сол
тұрғыда ол бірдеңе істеп жүр ме, әлде жоқ па соны жақсы біледі. Оқушылардың
кәсіптік бағытын белу-мұның өзі мұғалімге олармен жүргізілетін бүкіл тәрбие
жұмысының пәрменділігін күшейтуге, олардың ынта-ықыласы мен бейімділігін
дамытуда жақсы басқаруға көмек көрсетеді. Сонымен бірге мұғалім оқушының
мамандықты таңдап алуына белсене ықпал жасауға, оған өзінің кәсіптік
болашағын неғұрлым дұрыс белгілеуіне көмектесуге мүмкіндік береді.
Оқшылармен жұмыс істеу- кәсіптік бағдар беру бағыттарының бірі, ал,
екіншісі ата-аналармен жұмыс істеу болып есептеледі: ата-аналар арасында
түсінік жұмысын жүргізу, оларды балаларын еңбекке орналастыру және оқуға
түсіру мүмкіндіктерімен таныстыру, ата-аналарды оқушыларға кәсіптік бағыт
беру ісіне белсене қатысуға тарту (16; 61). Балаларының мамандықты таңдап
алуына ата-аналардың өте үлкен ықпал жасауына орай, олармен жұмыс істеудің
зор маңызы бар.
Кәсіптік бағыт беру ісін-анда-санда жүргізілетін бірнеше шаралармен
немесе оқушылардың мектепті бітіріп шығу кезіндегі түсінік жұмысымен ғана
шектеуге болмайды. Оқушыларды мамандықты таңдап алуға әзірлеу мектептегі
оқудың бүкіл өн бойында жргізіледі, ал оның мазмұны, формалар мен әдістері
оқушының жасына байланысты өзгеріп отырады.
Кәсіптік бағыт берудің аса маңызды міндетін-оқушыларға өзінің өмірлік
жолын дұрыс таңдап алуына көмектесу міндетін шешу шін белгілі-бір еңбек
түрінде адамның қандай жеке қасиеттері пайдалануға және дамытылуға тиісті
болатындығы, ал олардың қайсысы кәсіптік шеберлікті меңгеруе бөгет
жасайтындығы және олардың қайсысынан бас тартуға, қайсысын пайдалануға,
қажетті қасиеттердің сапалық құрылымының сапалық ерекшелігі қандай, сол
қасиеттердің орнын басқа қасиетепн толтыру ммкіндіктері бола ма-міне,
осылар жөнінде мұғалімнің, кәсіптік бағыт беруші консультанттың қолында
белгілі-бір кешенді мағлұмат болуға тиіс. Кешенді мағлұматтар кәсіптерді
психологиялық зерттеу үрдісінде маман, өз ісінің шебері, белсенді және
шығармашылықтың адамы болып қалыптасуын қамтамасыз ететін кәсіптік
қызметтің объективті және субъективті жағдайларын ашып көрсетужолымен алыны
мүмкін.
Денсалық және мамандық таңдап алу арасында тығыз байланыс бар.
Педагогикалық әдебиетте көрсетілегндей, мамандық таңдау кезінде жасөспірім,
әдетте, өз денсаулығының жайын және таңдап отырған еңбекке өз денесі
дамуының сәйкестігін ескермейді. Бұл мәселеге ата-аналар да кейде дұрыс
қарамайды. Ал ғалымдардың зерттеулері мамандық жөнінде дәрігерлік
консультацияның зор маңызыбар екенін көрсетеді. Кейбір жағайларда
тексерілген оқушылардың жартысынан көбіне мамандықты таңдау жөнінде түрліше
шек қойылады. Олардың ең жиі кездесетін себебі рефракцияның ауытқуы, тірек-
қимыл аппараты жағынан өзгеріске ұшырауы, жалпақ табандылық, аяқ-қол
сүйектерінің өзгеруі және басқа да кемшіліктері, ішкі мүшелерінде болған
ауытқушылық салдары.
Біздің елімізде қолданылып жүрген Заңға сәйкес жалпы білім беретін
мектеп бітіргендердің және жұмысқа түсушілердің немесе кәсіптік оқуда
бастаушылардың бәрі міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтеді, оның
міндеті таңдап алған мамандыққа денсаулығының жарамдылығын анықтау және
жұртты еңбекке дұрыс орналастыру болып табылады.
Кәсіптік бағыт және қабілеттілік арасында тығыз байланыс бар.
Мамандық таңдау проблемасын шешу адамның қабілетін, оның денсаулығын, псио-
физиологиялық ерекшеліктерін зерттеп талдауда қажет етеді. Кәсіптік бағыт
беру практикасы әрқашанда қабілеттілік теориясының қандай да болмасын бір
саласына және соған сәйкес адамның жеке басының қалыптасу теориясына
сүйенеді. Оқушылардың мамандық таңдауға даярлығын үйреуге және кәсіптік
қабілеттің қалыптасуына, оларға қоса мамандық алуға бағытталған бір-біріне
сабақтас жүйе ретінде қара қажет. Кәсіптік консультация кәсіптік бағыт
берудің орталық кезеңі бола тұра әрбір жасөспірімнің бұл мәселені өзінің
қабілеті мен мүмкіндігіне қарай шешуіне көмек көрсетеді (13; 70).
1.2. Оқушыларға мамандық таңдауға әзірлеу жөнінде сынып жетекшісінің рөлі.
Сынып жетекшісі өте маңызды әрі жауапты міндеттерді орындайды. Ол
сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып
табылады, оқушылар ұжымын ұйымдастырады, тәрбиелейді, мұғалімдердің,
қр\оғамдық ұйымдарының, ата-аналар мен жұртшылықтың тәрбиелік күш-жігерін
біріктіреді (4; 3).
Қазан төңкерілісінен кейін жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ стихиялы
түрде тәрбие жұмыстарының жетекшілері пайда бола бастады. Олар оқу
топтарына бекітіліп, топ жетекшілері (тәлімгерлері) деп аталды. 1934 жылы
топтарды сыныптар деп өзгерткеннен кейін топ жетекшілері, сынып жетекшілері
деп атала бастады. Сынып жетекшісі туралы бірінші Ережені 1934 жылғы 28-ші
маусымда РСФСР Халық ағарту комиссариаты бекітті.
Сынып жетекшісін мектеп директоры тәжірибесі мол және беделді
мұғалімдерден тағайындайды. Ол балалардың тұрмысын ұйымдастыруға, ұжымды
тәрбиелеуге және қалыптастыруға, сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жағдайына
жауап береді. Оқушылардың тәрбиешісі ретінде сынып жетекші олардың жан-
жақты дамуы туралы, оларды еңбек сүйгіштікті, ұжымшылдықты тәрбиелеу
жөнінде, білім сапасын жақсарту және сыныптағы тәртіп пен ұқыптылықты
нығайту туралы қамқорлық көрсетеді. Бұл жұмыстың бәрін ол өз бетінше емес,
ресми қызмет адамы ретінде жүзеге асырады. Ол мектеп әкімшілігі мен халыққа
білім беру органдарының алдында өзіне тапсырылған сыныптағы тәрбие
жұмысының сапасы үшін, мазмұны мен ұйымдастырылуы үшін жауап береді (23;
264).
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері жалпы білім беретін орта
мектептердің Жарғысына тұжырымдалған. Оның қызметінде идеялық-тәрбие,
ұйымдастыру және әкімшілік міндеттері ұштасқан. Барлық осы міндеттердің
етене бірлігі мен дұрыс ұштасуы жағдайында ғана күрделі әрі жауапты тәрбие
міндеттерін ойдағыдай жзеге асыруды қамтамасыз етуге болады.
Сынып жетекші-педагогикалық ұжымның және педагогикалық кеңестің
мүшесі. Ол бүкіл ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын жалғыз өзі емес, мектеп
директоры мен оның орынбасарларының басшылығымен, басқа мұғалімдермен тығыз
байланыста жүргізеді. Мұғалімдердің кеңес бергенде сабақта және сабақтан
тыс уақыттарда жүргізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері
келісіледі.
Басқа мұғалімдерге қарағанда сынып жетекші оқушылармен көбірек
араласады. Оның шәкірттермен қарым-қатынасын қоңыра ні бөліп кете алмайды.
Ол сабақтан кейін де сынып ұжымының өмірі мен қызметін ұйымдастырушы рөлін
жалғастыра береді. Оның тәрбиешілік қызметінің табысты болуы көбіне ата-
аналармен тығыз ынтымағына байланысты. Бұл мектеп пен отбасы тәрбиесінің
бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіптік бағдарға байланысты алып қарағанда сынып жетекшісі
қызметінің негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:
1. Оқушыларды зерттеу;
2. Сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу;
3. Мұғалімдердің тәрбие қызметін үйлестіру;
4. Сынып белсенділерімен, қоғамдық ұйымдармен біріккен жұмысы;
5. Оқушылардың ата-аналармен жүргізілетін жұмысы.
Сынып жетекші, басқа мұғалімдермен салыстырғанда, оқушыларға тәрбие
беру жөнінде қосымша өте маңызды міндеттерді атқарады. Сондықтан оған
жоғары педагогикалық талаптар қойылады, яғни жоғары моральдық бедел,
педагогикалық шеберлік, кең мәдени ой-өріс, педагогикалық әдептілік,
балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет, ұйымдастырушылық дағдылардың
болуы, тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас.
Е.И. Антипов сынып жетекшісінің үлгілі профессиограммасын жасаған (4;
265).
Біз оның профессиограммасын негізге алып, сынып жетекшінің кәсіптік
бағдар берудегі білімі, іскерлігі мен дағдылары жиынтығын жасадық.
1.Азаматтық және адамгершілік
кәмелеттік;
2.Қоғамдық белсенділік;
3.мамандығына қызығушылық;
4.балаларға деген сүйіспеншілік және
оларға адамгершілікпен қарау;
5.Ойдың шығармашылық-практикалық
қасиеті;
6.Өзіне және оқушыларға талап
Жеке бастың Қоғамдық-саяси, қоюшылық;
7.Әділеттілік;
қасиеті мен жалпы 8.Инабаттылық;
9.Ұстамдылық пен сабырлылық;
өзіндік педагогикалық 10.Қайырымдылық;
11.Өзіне сын көзбен қарау;
ерекшеліктері және әлеуметтік- 12.Байқампаздық;
13.Педагогикалық қиял;
тәрбиелік 14.Мәнерлеп сөйлеу;
15.Адалдық;
16.Тапқырлық;
17.Қарапайымдылық;
18.Шыдамдылық;
19 ... ... ... .
20.Сөз бен істегі бейімдік және
дәйектілік;
21.Жинақылық, ұқыптылық, сырт пішін
жарасымдылығы.
1.Педагогика әдіснамасының
негіздерін;
2.Тәрбиенің теориясы мен
әдістемесін;
3.Сабақтың мазмұнын және оны
оқытудың әдістемесін;
4.Психолого-педагогикалық
5.Анатомиялық-физиологиялық-гигиен ал
ық;
Білуі 6.Кәсіптік бағдар;
7.Ата-налармен және жұршылықпен
кәсіптік бағдар жұмыс істеудің
мазмұны мен әдістерін;
8.Саясат, тарих, өлкетану, әдебиет
және өнер, мораль, этика, эстетика,
құқ, техника және мәдениет
салаларынан қажетті білімі.
1.Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлау,
қажатті іс-әрекеттерді таңдап ала
білу;
2.Кәсіптік қызығушылығын дамытудағы
... ... ... ... ... . бағыттар
жүйесін жоспарлау;
3.Балалардың психологиялық-дене және
Конструктивтік жас ерекшеліктерін ескере отырып,
оқушыға кәсіптік бағдар берудің және
Іскерлігі мен ағдарламасын жасауы.
дағдылары
1.Оқушылардың кәсіптік бағдардағы
ұжымдық және жеке істерінің әр алуан
түрлерін ұйымдастыру;
2.Оқушылардың кәсіптік бағдарға
байланысты тапсырмаларды орындауына
көмектесу мен бақылау жасауды жүзеге
Ұйымдастырушылық асыру;
3.Ата-аналармен және жұртшылықпен
мамандық таңдауға байланысты жұмысты
ұйымдастыру.
1.Кәсіптік бағдар беру іс-әрекетінде
оқушылармен, ата-аналармен,
мұғалімдермен педагогикалық тұрғыдан
дұрыс қарым-қатынас орнату;
2.Мамандық таңдау жұмысында
оқушыларды, ата-аналарды өзіне
Коммуникативтік тарту, олармен араласудың керекті
түрлерін табу.
1.Оқушылар мен ұжымның жеке
ерекшеліктерін зерттеп білу;
2.Кәсіптік бағдар жұмысына
байланысты өз ісінің нәтижелерін сын
көзімен қарап бағалау;
3. Кәсіптік бағдар беру саласында өз
білімін көтеруді, шеберлігін
арттыруды саналы түрде жетілдір;
4. Кәсіптік бағдар жұмысында
Зерттеушілік психологиялық-педагогикалық
зерттеулерді, мектептің озат
тәжірибесін пайдалану.
1.Шығармашылық: сурет салу, ән салу,
саз аспаптарында ойнау, мәнерлеп
оқу;
2.Көпшілік қатысатын ойын-сауық;
3.Спорттық-туристік;
Қолданбалы 4.Оқытудың техникалық құралдарын
пайдалану.
1.Өзін-өзі ұйымдастыру: іштей қозу
мен тежелуді күшейту;
2.Оқушыларды қызықтыру, сендіру, дем
беру және тоқтату;
3.Сөйлеу мәдениеті мен теникасына ие
болу, бет құбылысын, қол қимылын
Педагогикалық теника меңгеру;
4.Жүзіне қажетті рең, дауысына ырғақ
бере білу.
Оқшыларды мамандық таңдауға даярлау міндетін іске асырда сынып
жетекшісінің рөлі үлкен, ол оқушылардың политеникалық әзірлігіне сүйене
отырып және сыныптан тыс жеке жұмыстардың әр түрлі формаларын пайдалана
отырып, өз оқушыларын дұрыс мамандық таңдаудың әлеуметтік те, сондай-ақ
адамның жеке басы үшін де маңызын түсінуге әкеледі. Орта мектептің жоғары
сыныптарында бүкіл тәрбие жұмысы осы міндетті шешуге бағытталуы тиіс.
Кәсіп трлерімен таныстыруға арналған ұжымдық іс-шараларын өткізу,
оның этикалық және әлеуметтік жақтарын талқылау үшін сынып жетекшісінің
сағаттарын ойдағыдай пайдалануға болады. Егер сынып жетекшісінің
қарамағындағы бір айдағы төрт сағаттың біреуін кәсіптік бағыт беру жұмысына
арнайы бөлсек, онда екі оқу жылы (Х-ХІ сыныптар) ішінде осындай 18 сабақ
өткізуге болады. Бұл тәрбие сағаттарының міндеті-оқушыларды мамандық таңдау
мәселесінің барлық жағымен таныстыру (қоғамдық кадр жөніндегі қажеті,
кейбір мамандықтардың адамға қоятын ерекше талаптары және т.б.). Дегенмен,
Сынып жетекші өз жұмысында кәсіптік ағарту ісімен ғана шектеліп қала
алмайды. Оның індетіне оқшыларды зерттеумен олардың дамуына басшылық жасау
да жатады. Осындай арнаулы сабақтардың барысында оқушыларға мақсатты бақыла
жасау мұғалімге біртіндеп әрбір оқушының мамандық таңдау сияқты өмірлік
маңызды қадамға әзірлігі жайлы деректерін толықтырып, олардың әрбіріне дер
кезінде көмек көрсетіп отыруға мүмкіндік береді.
Сынып жетекшілер жоғары сыныптарда Мамандықты саналы түрде таңдау.
Бұл не ?, Біздің ата-аналарымыздың мамандықтары, Машина жасаушылардың
кейбір басты кәсіптері, мамандық таңда-күрделі өмірлік мәселе және т.б.
осы сияқты тақырыптарға сынып сағаттарын арнайды. Мысалы,
мектептің сыныптың сынып жетекшісі бірінші тақырып
бойынша оқу жылының басында дәріс оқыды. Онда мына мәселелерді қамтыды:
қоғамда адам өміріндегі еңбектің маңызы, шаруашылықтың салалары, еңбектің
трлері, мамандық таңдаудың қиындықтары, мамандық таңдаға жеңіл қараудың
зардаптары және т.б. Дәрісте еліміздің атақты адамдардың ойға алған
мақсатына жетудегі мақсаттылығы, сондай-ақ мектеп бітірушілердің мамандықты
кездейсоқ таңдауы жағдайындағы мысалдар келтірілді: оқушылар дәрісті
ынтамен тыңдады, бірқатар сұрақтар берді, ал одан кейінгі бақылалар,
олардың көбінің сөз болған мәселелері жайлы ойланғандығын көрсетті.
Ал, Біздің ата-аналарымыздың мамандықтары тқырыбы бойынша сынып
сағатын өткізу мына себептерге байланысты жоспарланды. Алдын ала
жүргізілген анкеталық сұрақтар жне оқушылармен жеке әңгімелесу олардың өз
ата-аналарының мамандықтары туралы толық білмейтіндігін, кейде олар туралы,
әсіресе, көпке қажетті мамандықтар туралы жақсы пікір айтпайтындығын
көрсетті. Сынып сағатының мақсаты оқушылардың назарын ата-аналарының
мамандықтырына аудару, қоғамдық еңбектің түрлері жайлы оқушылардың ақпарат
беру.
Бұған әрбір оқушы дайындалды. Мамандықтар жайлы ақпарат және хабар
жинау үшін мынадай жоспар ұсынылады:
1. Менің әкемнің (немесе анасының-оқушының қалауы бойынша) мамандығы;
оның мазмұны, еңбек құралдары, өнімі;
2. Кәсіптік даярлықты қай жерде алды, кәсіптік қызметнеден басталды,
мамандығын қалай арттырады;
3. Ұйымдастыру және еңбек жағдайы (жеке, бригадалық, кезектік, еңбекті
қорғау, демалыстың ұзақтығы, орташа жалақысы және т.б.);
4. Кәсіптің қиындықтары неде, еңбекте қанағаттанғандық, қуаныш сезімін
тудыратын не ?;
5. Бұл мамандықтың алық шаруашылығы мен мәдени құрылыстың тиісті
саласындағы рөлі мен орны, бұл кәсіп мамандарына деген мұқтаждық, осы
мамандық бойынша қандай жерге жқ\ұмысқа тұруға болады;
6. Бұл мамандық адамға қандай арнаулы талап қояды (денсаулығына, жеке
қасиеттеріне-қабілеттеріне, мінез-құлқына т.б.).
Мұғалім оқушылармен бұл сынып сағатына бір айдай дайындалды. Тәрбие
шарасы сынып жетекшісінің кіріспе сөзімен басталады, одан кейін оқушылар
хабар жасады. Олар ... ... . жасау саласындағы инженерлік-конструктивтік,
тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы инженер технологтардың, автопарк
диспетчерінің, тас қалаушының, кулинардың, педагогтық мамандықтар жайлы
айтты. Бұл сынып сағатында селқос тыңдаушылар болған жоқ. Оқушылар
жолдастарының әңгімелеріне дем қоя тыңдады, сұрақтар берді, талас пікірлер
айтты. Ал, ХІ сыныптың сынып жетекшісі оқушылардың
белсенділігін арттырып, оларды тыңдап ойландыруға және мамандық таңдау
сияқты өмірлік маңызды мәселеге көзқарастарын қалыптастыруға ұмтылдырып
жұмыс түріне диспут жасады. Бұл жұмыс түрін Мамандық таңдау-күрделі
өмірлік проблема деген тақырыпты талқылағанда пайдаландық.
Оқушыларға ойластырып, талқылау үшін мына сұрақтарды ұсынды:
1. Мамандық таңдаудың өмірлік маңызды проблема ретінде
қарастырылатындығы неліктен ?
2. Өмірдің мақсаты мен Өмір жолын саналы таңдап алу дегенді бірдей
ұғымдар деп есептеуге бола ма ?
3. Кәсіптік еңбекте шеберлікке жету үшін не қажет ?
4. Мамандық таңдағанда өз жеке басыңның талап-талғамын ғана есепке алу
жеткілікті ме ?
Мәселелерді талқылау кезінде белгілі ғалымдардың, қоғам
қайраткерлерінің мамандықты саналы түрде таңдау қажеттігі, бұл қадамның
маңыздылығы және жауаптылығы, адам өміріндегі мақсат және оның мамандық
таңдаумен байланысы жайлы айтқан пікірлеріне ерекше назар аударылды.
... ... ... ... ... ... мотивтер-өзін көрсетуге ұмтылу, ат үсті еліктеу
бойынша ммандық таңдауға болмайды деген пікір талқыланды.
Талқылауға қатысқан оқушылар мамандық таңдауға жеңіл-желпі қарау,
жалған Өмір мақсаты мен іс жүзіндегі мамандық таңдаудың арасындағы
сәйкессіздік жөнінде нақтылы мысалдар келтірді. Кейбір оқушылар мамандық
таңдаудың шын мотивтері жөнінде күмән келтіретін пікір айтты. Мысалы,
оқушылардың бірі былай деді: Жұрттың бәрі жоғары мақсат туралы айтады, ал
көпшілігі көп ақша төлейтін жеоге кетеді. Бұл пікір көп дау, қызу талас
тудырды. Бір бөлігі қазіргі уақытта ақшаның рөлі зор екенін айтып, ондай
шешімнің дұрыстығын құптаса, енді бірелері келешек кәсіптік қызметтің
мазмұнына қызығудың, өз білімі мен қабілетін жетілдіру мүмкіндігінің,
кәсіптің қоғамдық маңызының шешуші рөлі барлығын айтты.
Диспут қызықты, қатысушылардың үлкен белсенділігімен өтті. Сынып
жетекшісі айтыс-таласты тиісті арнағ бағыттап отырды. Талқылауға қойылған
мәселелердің барлығы да бірдей дәрежеде айқындалмаса да, оқушылар өз
көзқарастарын тұжырымдап, айтып беруге тырысты.
Оқушыларды трлі кәсіптермен таныстыруға арналған сынып сағаттарын
өткізегнде сан алуан әдістерді: дәріс, әңгімелесу, мұғалімнің немесе
маманның әңгімесі, оқшылардың хабарлары мен баяндамалары, ... ... ... және
... ... ... ... ... көрсету, саяхаттар және т.б.пайдаланға болады.
Пән мұғалімдерімен келісе отырып, сынып жетекші Мен болашақ
мамандығым туралы не ойлаймын деген тақырыпта шығарма жаздыртады.Оның
әзірлік жоспары мынадай:
1. Алдын-ала мұғалімдермен, ата-аналармен, сынып жетекшісімен мектеп
дәрігерімен ақылдасып қандай мамандықты таңдағың келетіндігін нақтыла;
2. Өзің таңдағың келегн мамандықтың иелері жайлы біренше кітап, газет
және журналдардан мақалалар оқып шығу керек;
3. Мүмкіндігі болса, өзің таңдаған мамандық саласында жұмыс істейтін бір-
екі кісімен әңгімелесіп, мына мәселелерді анықтау керек:
- Неше жылдан бері осы мамандық бойынша жұмыс істейді ?
- Бұл мамандықты қайда алды ?
- Қазір оқып жүрме ?
- Жұмыс күні мен жұмыс уақытының ұзақтығы қандай ?
- Жұмыстың мәні неде ?
- Осындай мамандық иесі болғандықтан, тағы да қай жерлерде жұмыс істеуге
болады ?
- Осы кәсіптің мамандарына деген қажетсіну қандай деңгейде ?
4. Осы мамандардың жұмыс орындарында болу (егер мүмкін болса, еңбектің
сипатымен, аспаптарымен танысу және т.б.);
5. Осы кәсіптің мамандарын даярлайтын оқу орнының аты мен мекен-жайын
білу. Осындай оқу орындары тағы қай жерлерде бар ?
6. Оқу орнында оқитындармен әңгімелесіп немесе хат арқылы байланыс жасап,
мыналарды анықтау:
- оқудың мерзімі;
- негізгі оқылатын пәндер;
- оқу орны қандай басқа мамандарды даярлайды.
Шығарма нәтижесі бойынша әңгіме өткізуге, көрме ұйымдастыруға,
төменгі сынып оқушылары оқу үшін кітапханаға қойып, оқушылармен кәсіптік
бағдар жұмысын жетілдір үшін пайдалану керек.
1.3. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері.
Баланың жасқа лайық психологиялық даму заңдылықтарын және оқыту мен
тәрбиелеудің негізгі психологиялық заңдылықтарын білу мұғалім үшін өте
қажет. Бала психикасының даму үрдістері әр жас кезеңіндегі маңызды
ерекшеліктері,түрлі оқу жағдаяттарындағы мектеп оқушыларының өзіне тән
ерекше іс-әрекеті,мінез-құлқы мен психикалық күйлерінің өзгешіліктері оқыту
мен тәрбиелеу процесінде осы ерекшеліктер мен заңдылықтар ескеріледі
(21;114).
Жоғары cынып оқушыларының тәрбиелеу мәселелерін де бірінші
жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан сипаттама беріп өтейік.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар.Психологиялық теориялар
психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән
сипаттарына назар аударады.Теориялар жасөспірімдікті алдымен индивид немесе
жеке адамның дамуы ретінде ішкі үрдіс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр
түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әркелкі болып өтеді. Жасөспірімдік
тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп
қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге,оның
бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына,еңбек өміріне аяқ басуымен
байланысты проблемаларға назар аударады,яғни индивидтік-психологиялық
проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады. Ғалымдар жастық
проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі
заңдылықтарын есепке алып, кешенді зерттеу керек деп біледі. Бұл әжептәуір
қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік
толысу ме-рзімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің
жедел дамуы нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ
бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысуда
екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Акселерацияға байланысты
жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14,5 жаста-ақ
аяқталады. Бірақ бұл кезеңнің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар
анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны,ол меңгеруге тиісті білім-дердің көлемі
және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
Жасөспірімдік шақтан аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек
пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану,некелесуге өз отбасын құруға әзірлену.
Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап
етеді және олардың жүзеге асырылу мерзімі жас адамның іс-әрекетінің
сипатына тәуелді (28;151).
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-
16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кезіндегідей
шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі
интеллектуальдық операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас
жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп,
оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Ақыл-ой қабілетінің
саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын
көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да
көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан
маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларының мамандық
таңдауға даярлану қажеттігін ескеріп, жоғары сыныптарда оқытудың даярлығын
күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім
беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек.
Мектеп қабырғасында өзіндік сананың дамуы. Өзіндік сана – күрделі
психологиялық құрылым,ол ерекше компоненттер ретінде өзіне
І -ден: өзінің теңдестігін ұғыну;
ІІ -ден: белсенді іс-әрекетшіл негіз ретінде өз менін ұғынуды;
ІІІ -ден: өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;
ІV –ден: өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір
жүйесін қамтиды.
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас ауқымы ұлғайып, өмірлік іс-
әрекетінің күрделіленуі нәтижесінде оның өзі соған қатысты немесе соны
бағдар етіп ұстайтын, өзінің құндылық бағдарлары мен өзін-өзі бағалауын са-
лыстыратын топтар мен ұжымдардың саны көбейеді.
Біріншіден, бұлар ұйымдасқан мектеп ұжымдары;
Екіншіден, бұлар да ұйымдасқан,мектептен тыс ұжымдар (спорт қоғамы,
клуб,үйірме);
Үшіншіден, жеке қарым-қатынас үрдісінде қалыптасатын ресми емес стихиялы
топтар.
Тәрбие жұмысына көшедегі стихиялы топтар мен компаниялардың ықпа-лын
есепке алу ерекше маңызды. Кейбір педагогтар оны елемеуге немесе кездейсоқ
нәрсе деп санауға бейім. Бұл қауіпті жаңылысу.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бүкіл өмірін қамтымайды. Сондықтан оны
жастардың әр түрлі ұйымдарының – саяси, спорт және мәдени ағарту
ұйымдарының қызметі толықтырады.
Егер жеткіншектерде стихиялы топтар ерекше көбіне мектеп ішіндегі
ұжымдарды толықтырып, бұлардың екеуінде де көшбасшы болатын балалар бірге
болса, жоғары сыныпта жағдай өзгереді. Жасөспірімнің көше тобындағы беделі
оның мектептегі статусына кері қатынаста және керісінше болады. Бұл қарама-
қарсылық елеулі педагогикалық қауіп туғызады. Көшедегі топтарды
біріктіретін құндылықтар кейде қарсы әлеуметтік тұрғыда болады, ал оларда
басшы болатындарды жақсы балалар деуге болмайды.
Жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге
ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Бірақ адам практикалық іс-
әрекетте өз орнын әлі таппаған кезде оның өзі туралы түсінігі біршама
диффузиялы әрі орнықсыз болмай қоймайды. Осыдан келіп ол бөтен рольдерді
атқарып, өзін тексергісі келеді, құбылады, өзін әдейі болсын, ұғынбай
болсын бекерге шығарады. Жасөспірім аяғына дейін ағынан жарылғысы келеді
өзін жұрт түсінсе екен дейді. (Дүйсенбіге дейін жетіп алайық фильмінің
жасөспірім кейіпкері Бақыт-сені басқалардың түсінуі деген сөзі типтес),
өзінің ішкі жан дүниесін аша алмайтынына қиналады. Өзіне сенімсіздік өз
кезегінде қарым-қатынаста өзін жоғалтып алу, күлкі боламын деген қорқыныш
туғызады.
Жоғары сынып оқушыларында дүниетанымдық ізденістер өмірлік
жоспарларда орнығып, нақтыланады. Жеткіншектердің өмірлік жоспарларында
көбіне әлі бұлыңғыр болады және арман дүниесінен әлі бөлінбеген. Жеткіншек
өзін алуан түрлі рольдерде қиялдап елестетеді, олардың тартымдылық
дәрежелерін салыстырып өлшейді, бірақ өзі үшін бірдеңені біржолата таңдап
алуға батылы бармайды және ойға алғанына жету үшін көбіне еш нәрсе
істемейді. Жасөспірім неғұрлым есейген сайын таңдау қажеттігі соғырлым
күшее түседі. Ойдағы, қиялдаға немесе абстрактілік көптеген мүмкіндіктердің
ішінен неғұрлым шынайы, әрі қабылдауға келетін бірнеше нұсқаулар біртіндеп
тұлғаланып, осылардың арасынан біреуін таңдау керек болады.
Өмірлік жоспар, кең ұғым. Ол өзін жекелей анықтаудың бүкіл
саласын-моральдық бейнені, өмір стилін, талап-тілектер деңгейін,
шұғылданатын істерді т.б. қамтиды. Көп жайлардың тек жалпы түрде ғана
шұғылданатыны түсінікті. Жоғары сыныптағылар үшін кәсіп таңдау ең маңызды,
шұғыл, әрі қиын іске айналады. Психологиялық тұрғыдан болашаққа ұмтылған
және тіпті кейбір аяқталмаған кезеңдерден ойша секіріп кетуге бейім
жасөспірім іштей мектепті ауырлай бастайды, мектептегі өмір оған уақытша,
нағыз өмір емес, өзін әрі тартып, әрі біраз жүрексіндіретін басқа бір бай
және шынайы өмірдің босағасы секілді болып көрінеді. Ол болашақ бұл өмірдің
ең алдымен кәсіпті дұрыс таңдап алуына байланысты екенін жақсы түсінеді.
Жасөспірім қаншалықты жеңілтек және бейқам болып көрінгенімен, кәсіп таңдау-
онық басты және тұрақты қамы.
Бәсеке мен жұмысыздық дегеннің не екенін біле бастаған оқушы
мамандықтың тіршілік құралы болатын кәсіп деп қарап, өзінің өмірлік ісі, өз
қабілеттерін барынша жүзеге асыра алатын өмірлік мақсаты, іс-әрекет асласы
деп қарайды. Бірақ жасөспірімнің өзін қызықтырған мамандықтардың нақты
қасиеттерін, оның жұмыс істейтін кісілерге қандай талаптар қоятынын және
өзінің потенциалдық мүмкіндіктерін әлі нашар білетіні қиындық келтіреді.
Осыдан барып әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан бірқатар қайшылықтар
туады. Әлеуметтік сауалнамалардың белгілі бір кәсіптердің тартылымдылық
себептері туралы сұрақтарына жауап бергенде жасөспірім жігіттер мен қыздар
бірінші орынға еңбктің шығармашылық сипатын, екінші орынға кәсіптің
қоғамдық маңыздылығын және үшінші орынға жалақының мөлшерін қояды. Бірақ
оларға кәсіптің шығармашылық сипаты болып көрінетін нәрсе іс-жүзінде оның
қоғамдық пкірдегі дәстүрлі беделінің бейнеленуі ғана болады. Атап айтқанда,
қызмет көрсету саласының кейбір кәсіптеріне әдетте көптеген жігіттер мен
қыздардың менсінбей-жқтырмай қарайтыны кейбір ересектердің нақ сондай
көзқарасын қайталау ғана. Орта мектепті бітірушілердің көбі жоғары оқу
орындарына түсуге және жалпы алғанда, интеллектілік кәсіптерге
бағдарланады. Бірақ елімізге ғалымдар мен инженерлер ғана емес, маман
жұмысшылар, шебер малшылар, кең профильді маман-практиктер де керек. Осының
өзінде алғашқыларынан гөрі сонңғылары анағұрлым көбірек қажет. Кәсіптің
бірегейлігі оның кең тарауына кері қатынаста болады және мұның өзі кәсіптің
беделдігімен бейнеленеді.
Реалистік емес, көтеріңкі талап-тілектер кейбір жанға қатты бататын
түңілушіліктерге әкеліп соғады. Кәсіптің бағдардың ойластырылған жүйесімен
қатар жоғары сынып оқушыларын қоғамдық пайдалы еңбекке іс жүзінде
ортақтастырудың ерекше маңызды тәрбиелік мәні бар (28;170).
Жасөспірім жігіттер мен қыздар-тәрбиелеудің енжар объектілері емес,
өздерінің өмірін, сонымен бірге біздің болашағымызды белсене құратын
шығармашылық адамдар. Олар барлық сүйеніш-күйеніштерімен қоса ересектер
өміріне қосылып есейе береді. Ұрпақтар эстафетасы ең алдымен жастарды
қоғамның бүгінгі нақты проблемеларына оларды жеңілдетпей, жұмсартпай,
ортақтастыруда. Жасөспірімдерге өздеріне жинақтаған білімі мен тәжірибесін
беретін аға ұрпақтың көмегі мен басшылығы қажет және әрқашанда қажет бола
бермек. Тәрбие жұмысы жастардың ерекшелігін неғұрлым толық ескеріп, олардың
ұмтылысы мен белсенділігіне сүйенетін болса, соғұрлым пәрменді болады.
Оқушыларды еңбекке дайындау кәсіптік оқу және кәсіптік бағдар беру
құрама бөліктерден тұрады. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының жалпы
білім беретін мектебі өзінің өсу жылдарында ие болған жетістіктерімен бірге
шынайы еңбек пен толық мәндегі политехникалық мектеп бола алмады (9;).
Республиканың әлеуметтік-экономикалық терең өзгерістерге бет алуы
мектеп оқушыларын еңбекке дайындау жүйесіне жаңа жол іздеп, олардың нарықты
экономикажағдайында өнімді еңбекек ұйымдастыру ісіне әсерлі түр қарастыруды
талап етіп отыр. Ал, оқушыларды еңбекке дайындау ісіндегі тағы бір өзекті
кемшілік қазақ халқының ғасырлар бойы қалптасқан қосалқы-көркем өнерін,
халық дәстүрлер мұрасын, мал шаруашылығы, аспаздық, шикізаттарды өңдеу
жолдарын үйрету кеңінен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz