ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Маханова Баян Аманбаевна
Ақтөбе қаласы. "Ақтөбе орта мектебі"КММ

Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті дегені мәлім Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық баяндамасында. Осы тұрғыда үкіметіміз білім беру мекемелеріне тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр.
Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітімді, жаңа форматты оқытуға көшу сияқты мәселелері мұғалімдерден щығармашылықты, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім деп М. Әуезов атап көрсеткеніндей, егемен елдің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.
Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігін әр мұғалім осыдан-ақ түсінуі керек. Ол үшін дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі, жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы, ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы, оқушымен жиі қарым-қатынаста болуы сияқты талаптарды орындайды. Ж. Руссо баланың өз бетінше білім-танымдық, шығармашылық әрекет идеясына үлкен мән берді. Руссо дидактикасында оқыту үрдісінде ең бірінші орынға танымдық қабілеттілікті, белсенділік пен өзбеттілік ұстанымдарның маңыздылығына көңіл бөлді. Міржақып Дулатов қазақ арасында көбіне көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге зерек, дарынды балаларды оқытып тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарына үңіледі. Ол Туысында қанша зеректік болса да - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда көріп тұрғандай боласың... деп түйіндейді.
Дарынды балаларды анықтау үшін бастауыш сыныптан бастап зерттеу жұмыстары жүйелі жүруі керек. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың оқуға деген құштарлығы қазіргі таңда өте жоғары. Оған ата-анасының мән бере жасаған дайындығы, үлкендердің қуанышты көзқарасы, мектептің беделі, жаңа киімдер мен әдемі оқулықтар баланың қызығуын арттырып, білім алуға жетелейтіні сөзсіз. Осы орайда бастауыш сынып мұғалімдері шеберлігімен, жаңа әдіс-тәсілді сабақтарымен, ұшқыр ойлы ойындарымен оқушы зейінін жаулап алып, білуге деген құштарлықтарын шыңдай түсуі қажет. Бірінші сынып оқушыларының барлығы дерлік мектепалды даярлықтан өтіп келгендіктен, оқу қиынға соға қоймайды. Әріптерді тез танып, әдемі жазып кетеді. Білікті ұстаз оқушының жас ерекшелігіне сай оқу жүгін анықтап, шығармашылық жұмыстармен толықтырып отырады. Ізденіспен жасалған әр сабақта оқушы мұғалім әрекетіне ілесіп, нәтижелі жетістікке жетіп отыратының байқамай да қалады. Мұғалімнің атқарған еңбегінің жемісі осында. Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын оқып-үйреніп, күнделікті сабақтарда шығармашылықпен пайдаланып отырса, нәтижесін берері сөзсіз. Білім сапасы мен деңгейін анқтап, салыстырмалы мониторингтер жасап отыру оқушы қабілетін зерттеуге көп көмегін тигізеді. Қабілет - іс - әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалар және оларды тану
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстар
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту кезеңінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мәселелерін жан-жақты анықтау
Болашақ мамандардың танымдық және шығармашылық белсенділігін, педагогикалық шеберліктерін шыңдау
Шағын кешенді мектептерде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың теориялық негіздері
Пәндер