Жасөспірімдердің музыкалық қабілеттерін дамыту


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ТАҚЫРЫБЫНА

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН

ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Балалардың жас ерекшеліктерін анықтау . . . 6

1. 2 Музыка педагогикасында оқушылардың музыкалық қабілетін

дамытуда зерттеудің мәні . . . 16

2 МУЗЫКАЛЫҚ САБАҚТАР ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ

МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

2. 1 Эксперименттің негізгі этаптары және оны ұйымдастыру . . . 26

2. 2 Экспериментальды түрде оқытудың мазмұны мен нәтижесі

туралы . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 49

ҚОСЫМШАЛАР . . . 52

КІРІСПЕ

Музыка ізгілікке, сұлулыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің

ең нәзік те ғажайып құралы болып табылады.

Музыка арқылы адам өзін-өзі таниды, бәрінен бұрын өзінің

сұлулығымен сұлулық үшін жаралғандығын, егер өз бойында

әлдебір нашар қасиеттер болса, оны да музыканың құдіреті

арқылы жеңе білуге болатынын пайымдайды.

В. А. Сухомлинский.

Зерттеудің көкейкестілігі: Біздің қоғамымыздың жас мүшесінің нағыз адамзаттық дәйекті көзқарасының қалыптасуы тек білімге ғана негіз-делмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданының елегінен өткен, ақыл-ой қызметі қажет. Ол жерде өнердің алатын орны ерекше. Демек, біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың, өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңейтіп дамытуымыз керек. Яғни, дүниежүзілік ғылыми қауымның ескі мәдени мұралары мен дәстүрлері жоғалмай тұрып, оны сақтап қалу және оны одан әрі дамыту мәселесін алға қою өте орынды.

Ұрпақ тәрбиесін дүниежүзілік құндылықтар негізінде жетілдіру, қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған ауқымды істердің бірі. Әрбір жас ұрпақтың жеке тұлғалық сапалары жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады. Қазіргі мектептерімізде жеке оқушы рухани құндылықтарға, көркем шығармашылық әрекеттерге тарту басым бағыт алуда.

Адамның, сонымен қатар мектеп жасындағы оқушылардың музыкалық тәрбиесінің тиімділігін арттырудың қажетті алғы шарттары - олардың музыкалық дамуларының есебі мен білімі болып табылады. Музыкалық қабілеттерінің әрі қарай дамуын анықтауды және бақылауды оқушылардың музыкалық дамуын жан-жақты зерттеуінің тұрақты және нақтылы жасалған әдістемесі негізінде біртіндеп жүргізуге болады.

Оқушылардың музыкалық жеке даму ерекшеліктеріне, олардың әншілік даму процестеріне бақылау жүргізу, балалардың дауыстарын сақтауды және олардың әрі қарай дауыстарын жақсы қалыптастыруларын қамтамасыз етеді. Айтылған мәселе И. И. Левидовтің [1], Н. Д. Орлованың [2], Н. Н. Добровольскаяның [3], Т. Н. Овчинникованың [4], Э. Б. Абдуллиннің [5], Р. Р. Джәрдемалиеваның [6], Ш. Б. Құлманованың [7] және т. б. еңбектерінде зерттеліп, қарастырылған.

Қазіргі уақытта, біздің ойымызша, музыка мұғалімдеріне, хор топтарындағы хор жетекшілеріне оқушылардың музыкалық даму деңгейлеріне жан-жақты бақылау жүргізіп отыруға мүмкіндік беретін, балалардың музыкалық-әншілік қабілеттерін зерттеудің нақты жасалған әдістемесі жоқтың қасы десек қателеспейтін болармыз. Оқытушылардың көпшілік бөлігі тексерудің қарапайым әдісін қолданады: музыкалық есту қабілеті, есте сақтау, ырғақ, дауыс. Біздің ойымызша, музыкалық қабілеттіліктерді зерттеудің мұндай түрлері әрбір баланың даралық қасиеттерін терең жете ұғынуға мүмкіндік бере алмайтын сияқты.

Іс жүзінде мынандай да жағдайлар кездеседі: тексеру кезінде жалпы музыкалық қабілеті жоғары дамыған балалар субьективті факторларға (ұялу, дауысының ауырып қалуы және т. б. ) байланысты өзін-өзі көрсете алмай қалатын, ал одан кейінгі бақылау сабақтарында сол оқытушыда немесе басқа оқытушыда өзін жақсы жақтарынан көрсететін жағдайлары да кездеседі.

Сонымен қатар жоғары мектеп өкілдері тарапынан әрбір түлекті қазіргі педагогиканың талаптары мен сұраныстарына сай тәрбиелеу қолға алынып келеді. Сонда да болса, бұл әлі өз деңгейіне жете қойған жоқ. Ғылыми ізденістер барысындағы ғылыми деректерге және жас мамандардың психологиялық - педагогикалық даму процестерін байқасақ, сонан соң - тікелей олардың кәсіби қызметтерінің жағдайында олардың әлсіз екендігінің куәсі бола аламыз.

Зерттеу мақсаты: жергілікті жағдайдағы музыкалық сабақтарда оқушыларды ән айтуға оқытудың тиімді жолдарын зерттеп, іздеу.

Осыған байланысты біз келесі мынадай мақсат қойып отырмыз:

1. психологиялық - физиологиялық және музыкалық - педагогикалық әдебиеттерді талдап, ондағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай музыкалық қабілеттіліктерінің негізгі теориялық салаларын негіздеп, айқындап, жүйеге келтіру.

2. 1-2 және 5-6 сыныптардағы, музыкалық жұмыстардың әр түрлі жағдайында оқушылардың музыкалық-ән айтушылық қабілеттерін айқындайтын педагогикалық шарттарын анықтау және оны тәжірибе жүзінде зерттеу.

Зерттеу пәні: - музыкалық сабақта оқушылардың музыкалық-ән айту қабілеттерін дамыту.

Зерттеудің міндеттері:

1. Зерттеу тақырыбына сай арнайы әдебиеттерді (психологиялық-философиялық және музыкалық-педагогикалық) талдап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай музыкалық қабілеттерінің негізгі салаларын айқын-дап, жүйеге келтіру.

2. Жасөспірімдердің музыкалық ән айту қабілеттерін дамыту құрылымын теориялық тұрғыда негіздеу.

3. Ән сабағы барысында оқушылардың музыкалық қабілеттерін айқын-дайтын педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеудің әдіснамалық негізі: музыкалық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, көркем-әдеби еңбектер; ән сабағы мұғалімдерінің жеке тәжірибелерін зерттеу, нормативті құжаттар және автордың жеке эксперименттік жұмысы.

Зерттеу әдістері: Монографиялық (зерттеу мәселелері бойынша философиялық, мәденитанушылық, психологиялық-педагогикалық, музыкаға қатысты әдебиеттерді ғылыми негізде талдау) ; диагностикалық (сұрақ-жауап, сауалнама, арнайы тапсырма) ; обсервациялық (мақсат-бағытты тексеру) ; праксимметриялық (эксперимент материалдарына жұмыстық қорытындысына талдау жасау) ;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- егер музыкалық-ән айту қабілеттерінің өсу динамикасын, әсерін іс жүзінде көріп, осы әдістерді музыкалық жұмыс жағдайында қолдану мүмкін болса, онда әртүрлі жас тобындағы оқушылардың музыкалық-ән айту қабілеттерін дамытуды жалпылама зерттеу әдісінің тиімділігін анықтауға болады деп білеміз.

-зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін орта мектептің оқу үрдісінде оқушылардың музыкалық мәдениетін көтеруде және музыка мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің білімдерін жетілдіру жүйесінде пайдалануға болады.

Мынадай деректі материалдар қолданылды:

1. Зерттеу жұмысымызға байланысты арнайы әдебиеттер (педагогикалық, психологиялық, музыкалық-әдістемелік) ; а) балалардың жас ерекшеліктеріне қарап, музыкалық-педагогикалық әдебиеттер мен эстетикалық тәрбие жөнінде теориялық ізденістер жасау және оны талдау.

2. Оқушылармен педагогикалық-практикалық жұмыс кезіндегі тәжірибе (эксперимент) . б) тәрбие беру саласының бір түрі - оқушылардың ән айтуы және оның ән айту барысындағы қабілеттілігінің өсімділігін, ықпалын сабақ өткізу жағдайында айқындап білу.

Біз негізінен топтық және жеке жұмыс түрінде орындалған педаго-гикалық байқау әдісіне сүйендік. Белгілі кезеңдерде оқушылардың ән айтуларын дамытудың таблицалары жасалынды. Музыкалық қабілеттілігін арттырудың әдістерін ашуға, оның нәтижелігін табуға тырыстық.

Зерттеу жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымша материалдар.

Кіріспеде жұмыстың көкейкестілігі, мақсаты, пәні, міндеттері, әдістері, көздері, және т. б.

«Жасөспірімдердің ән айту қабілеттіліктерін зерттеудің теориялық негізі » атты бірінші тарауда балалардың жас ерекшеліктерін анықтау қарастырылады және музыка педагогикасында музыкалық ән айту қабілеттіліктерді дамытуды зерттеудің мәні мазмұндалады.

«Музыкалық сабақтар процесінде оқушылардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың әдістері» екінші тарауда оқу-тәрбие процесінде оқушылардың музыкалық ән айту қабілеттерін дамыту барысында жүргізілген эксперименттің негізгі этаптары, оны ұйымдастыру және экспериментальды оқытудың мазмұны мен нәтижесі сипатталады.

1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН

ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Балалардың жас ерекшеліктерін анықтау

Балалар - біздің қуанышымыз, үмітіміз, болашағымыз. Бүгінгі мектептің алдына қойып отырған міндеті - жеткіншек ұрпаққа саяси, мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру. Оқушыларға көркемдік білім берумен эстетикалық тәрбиені халықтың ұлттық мұрасымен байланыстыра отырып, айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп, туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп, бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру керек. Жастардың музыкаға деген ынтасы мен сүйіспен-шілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып ән айту, олардың музыкалық қабілет-терін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білуге, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.

Жас кезеңдеріне бөлінудің көбірек таралған түрі Қазақстан Республикасының энциклопедиясында берілген. Онда жас ерекшелігіне байланысты даму кезеңдері төмендегіше бөлінеді:

  • туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең;
  • 1 мен 3 арасындағы сәбилік кезең;
  • 3 пен 7 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі кезең.

Мектеп жасының өзі 3 бөлінеді:

  • 7 мен 9 -дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар) ;
  • 10 мен 14-тің арасындағы ортанғы сынып оқушылары (жасөспірімдер) ;
  • 15 пен 17-дің арасындағы жоғарғы сынып оқушылары (балаң жастар) .

Келесі жас кезеңдеріне бөлуді 1965 жылы Москва қаласында өткізілген жас кезеңдері мәселесі бойынша симпозиумға қатысушылар ұсынды. Оның мәні мынадай:

  • жаңа туған кезең 1-10 күн,
  • емшектегі кезең 10 күн - 1 жас,
  • алғашқы балалық кезең 1 - 3 жас,
  • бірінші балалық кезең 4 - 7 жас,
  • екінші балалық кезең ер балалар үшін 8 - 12 жас,
  • екінші балалық кезең кыз балалар үшін 8 - 11 жас,
  • жеткіншек кезең - ер балалар үшін 13 - 16 жас,
  • жеткіншек кезең - қыз балалар үшін 12 - 15 жас,
  • жас өспірім кезең - ер балалар үшін 17 - 21 жас,
  • жас өспірім кезең - қыз балалар үшін 16 - 20 жас

Аталған жас кезеңдерін топтау әдістері әсіресе соңғы үлгі дұрыс деп берілген, өйткені жас кезеңдерінің барлық жылдарын қамтыған, бұл жерде тек туғаннан бастап 16-ты жасқа дейінгі аралық көрсетілген.

Баланың дүниеге келуі әр жанұя үшін үлкен қуаныш.

Қазақ халқы жас кезеңдеріне айрықша мән беріп, оны мерекелеп отырған. Мысалы, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, құда түсу, қыз ұзату, келін алу т. б. Сондай-ақ жас кезеңдерін ақындар өлең жолдарына қосып жырлаған.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға 6 - 10 (7 - 11) жастағы балалар жатады. Бастауыш мектеп жасындағылардың өсіп-дамуы салыстырмалы түрде шамалас, мысылы: бойының ұзындығы 120 сантиметрдей, массасы 22 килограмдай деп берілген. Олардың миының дамуы аяқталуға жақын болады, Айталық 3 - 6 жастағы балалардың миының салмағы 1100 грамдай болса, 7 жаста 1250 грамдай, ал 9 жаста 1300 грамдай болады.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың оқуға ынтасы, қызығуы білім алу емес, мектепке бару, мектеп ішіндегі құралжабдықтарды көру, бала-лармен сөйлесу, ойнау, мұғалімнің өнегелі әңгімесін тыңдау және қызықты сабақ өткізуін көру болып саналады.

Жеткіншек кезеңге негізгі мектеп жасындағы (10-14), (11-15) оқушылар жатады. Оларадың дамуы мен қалыптасуына іс-әрекет түрлерін өз бетінше орындауға тырысуы, жыныс белгілерінің дамуы мен үдемелі қарқынмен өсуі ықпал етеді. Жеткіншектердің өсуі бір қалыпты емес, бірде тез, бірде баяу болып отырады. Жас өспірім, болмаса жоғары сынып оқушыларына 14-17, (15-18) жасар жастар жатады.

Жалпы, Жасөспірім деген ұғым - 10-мен 15-тің арасындағы жеткіншек. Бұл кезеңде бала едәуір есейіп, сана-сезімі ояна түсіп, бойы, жыныс белгілері жетіледі. Осы кезде жас өспірім дербестікке, өз психологиясын біле түсуге құмартады. Түрлі әсерге берілгіш, иланғыш, қимыл-қозғалысқа құштар болып келеді. Жасөспірім өз бетімен жүріп тұрғысы келеді. Кейде өздігінен жансақ қате түсініктерге, теріс қылыққа (шылым шегу, ішімдікке аңсау, дөрекілік, әдепсіздік мінез көрсету т. б. ) соқтыруы да ықтимал. Сондықтан да тәрбиешілер (ата-ана, мұғалім) бұл жастағы балалар мен қарым-қатынас жасауды және тәрбиелеуді шеберлікпен, асқан байсал-дықпен жүргізуі тиіс.

Жасөспірім балалар - адам өмірінің жалғасы болғандықтан оның дамуы мен қалыптасуы, яғни кім болатыны назардан тыс қалатын мәселе емес. Олардың өміріне қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруін білу, тәрбиелік- білімділік деңгейін анықтау, лайықты ақыл кеңес беру баланы зерттеу арқылы шешіледі.

Балалардың дамуы тура, кейде кері өзгеріске түсетін күрделі процесс. Оның нәтижесінде дене мен психикада сандық, сапалық өзгерістер болады. Олардың өсуі мен дамуында биологиялық көрсеткіштері ғана өзгеріп қоймайды, сонымен бірге санада сандық, сапалық өзгерістер және балалардың қоршаған дүниеге қарым-қатынас жасауы өзгереді.

Мектепке дейінгі кезеңде баланы оқуға дайындау, мектеп жасында оларды оқыту, сананың дамуына, алдымен ақыл-ойдың, естің, қиялдың дамуына негіз болады.

Қазақ мектебі өзінің даму жолында көптеген кезеңдерді бастан өткізді. Қаншама жылдар, ғасырлар бойы қазақтың сазды әні, күмбірлеген күйі елден-елге, ауыздан-ауызға тарап келсе, енді жаңа дәуірде жаңа мәдениетке көтерілді.

Бүгінгі егемен Қазақстан мектептерінде музыкалық білім мен тәрбие беруде музыка пәні сабағында түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың әсемдік сезімін, эстетикалық талғампаздығын дамыту, өнер туындыларын түсіну, өнер, мәдениет жетістіктеріне аялы көзқарастарын қалыптастыру міндеттері қойылып отыр.

Балалар арасындағы ортаның теріс әсерінен, жанұядағы қарым-қатынастың нашарлығынан және жанұя мен мектептің байланысының жоқтығынан “қиын”, болмаса педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар қалыптасады. Олар - психологиялық, денелік жағынан дамыған, бірақ мектептің, жанұяның, қоғамның талап тілегіне көнбейтін, өзін ерікті санап жүріп - тұратын, қылмысты әрекет жасайтын балалар. “Қиын” баланың негізгі белгілері жеткіншек кезеңде айқын көрінеді. Өйткені бұл жаста баланың дүние танымы, көзқарасы, өзгемен қарым-қатынас сипаты, мінез-құлқы өзгереді, яғни өз бетінше әрекет жасауға бейім болады. Сондай-ақ, жеткіншектердің іс-әрекетінде балалық белгілер басым болып, өзіне бақылау жасай алмайды.

Рас, бұрын мектепте “қиын” оқушы жоқ деп барлық оқушыға тәрбиенің бірдей мазмұны, әдісі, формасы арқылы әсер етіп келді. Сондықтан өзі еңбек ететін мұғалім-тәрбиешінің сынып, топ ұжымында “қиын” оқушы болса, алдымен оның ерекшеліктерін зерттейді. Оған сай өзге мұғалім-тәрбиешілермен, ата-аналармен бірлесіп, оқуына көмектеседі, өнеге көрсетеді, сенім артып және бойындағы жақсы қасиеттерге сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындатады, өзге оқушылармен қарым-қатынас жасауына мән береді. Пайдалы еңбек етуге үйретеді, іс-әрекетті тиянақты әрі жүйелі орындап, оған есеп беру дағдысын қалыптастырады, оның қолынан іс келетініне көзін жеткізіп, ретіне қарай мадақтайды. Бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін мұғалім күнделік дәптерін жасап, қиындық танытатын белгісіне сай жүргізетін тәлім-тәрбиенің әсер ету ықпалы жазылады. Бұл жайында мұғалім - тәрбиеші мектеп басшыларына, педагогикалық кеңеске есеп беріп, өз жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Жалпы білім беретін мектепте музыкалық тәрбиенің оның теориялық негізі мен практикалық нұсқауларын тереңірек жүзеге асырудың фундамен-тальдық принциптері мен жолдарын атақты зерттеушілер Б. В. Асафьев[8], В. Н. Щацкая[9], Д. Б. Кабалевский[10] т. б. қарастырды.

Кабалевский балаларды және жас өспірімдерді үлкен және салмақты музыка әлеміне жетелеу, музыка әсер ету арқылы олардың жеке басының тұлғасын қалыптастырды. Кабалевскийдің музыкалық шығармаларының дені - қазіргі әлеуметтік тақырыптарға, балалар мен жастар образын жасауға арналған.

Баланың күнделікті өмірі музыкаға толы. Радио, телевизор, магнитофон немесе музыка аспаптарының ең болмағанда бір түрі кез келген үйден кездеседі. Бұл қуанарлық жағдай. Өйткені, мұның өзі мәдениетіміздің өскенін, музыкамен айналысуға әркімнің де мүмкіндігі барын, талап-талғамының артқанын дәлелдейді. Ал, жақсы музыкадан шаршап, жалығатын адам табыларма екен! Қорытып айтсақ, музыка біздің өміріміздегі көңіл серігіміз. Ол адамды шаттыққа бөлеп, жігерлендіреді, талаптандырады, қанағатты ойға сілтейді.

Мектеп маңы жүзі жарқын жайдары жасөспірімдер мен бүлдіршіндер. Қазіргі мектепте тәрбиеленіп жүрген жасөспірім балаларды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі бүкіл халықтық іс болып отырғаны баршаға мәлім. Соның күрделі саласының бірі - жастарға музыкалы-эстетикалық білім саласында едәуір білім алуға міндетті. Эстетикалық қабылдау қасиеті сәбидің жас кезінен-ақ пайда болады.

Жалпы айтарлық адамгершілік қасиет деп отырғанымыз - қоғам өмірінің заңдылығына сәйкес моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі (адамды құрмет ету, сыйлау, оған сенім арту, басқаның мүддесі жолында өзін құрбан ету, сондай-ақ әдептілік, шыншыл болу т. б. )

Мектеп қабырғасындағы жастарға музыка сабағы: туған жер, Отан, ата-ана, жастар, мәдени мұра, ұлттар достығы туралы әндерді үйретіп, шындықты білуге, жаңалықты сезінуге көмектеседі. Оқытушы музыка сабағы арқылы балалардың ішкі жан дүниесіне, нәзік сезімдеріне күшті әсер етіп, қазақ жастарын жоғары адамгершілік қасиеттерге баулиды.

Адамның әсіресе мектеп жасындағы балалардың музыкалық тәрбиесінің нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажетті алғы шарттары болып олардың білімі мен музыкалық дамуын есепке алу болып табылады.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар - мектептік оқу-тәрбие жұмысының бір тұтас бөлігі. Сабақтан тыс уақытта оқушылар (үйірме жұмыстары), сынып жетекшілері және олардың басшылығымен ұйымдас-тырылады.

Сыныптан тыс жұмыстар деп оқушылардың білімін тереңдету, іскерлік пен дағдысын дамытуға, қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыру, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызатын арнайы ұйымдастырылған жұмыстарды айтамыз.

Қазіргі кезде, біздің ойымызша ән сабағы мұғалімдерінің, музыкалық топтардың, үйірме жетекшілерінің нақты қолданып, жан-жақты байқаудан өткізетіндей балалардың музыкалық ән айту ерекшеліктерін зерттейтін анық дәлелденген, бейімді, арнайы әдістемелер жоқтың қасы. Көп мұға-лімдер музыкалық қабілеттілікті тексерудің жәй әдістерін қолданады (музыкалық есту қабілетін, есте сақтау, ырғақ, дауыс сияқты) . Музыкалық қабілеттілікті зерттеудің мұдай формасы әр баланың жеке өзіндік қасиетін терең ұғындырмайтын сияқты. Іс жүзінде мынадай да жағдайлар кездеседі. Кейбір дарынды балалар музыкалық тексеру кезінде сәтсіз жағдайларға тура келуі мүмкін. Мысалы, көпшіліктен ұялуы немесе тамағының ауырып қалуы және т. б. Ал келесі сабақта ол оқушы өзін жақсы жағынан ашып көрсете алуы мүмкін. Яғни, музыкалық қабілет бір ғана сабақтың нәтижесінде байқалуы мүмкін емес.

Мектеп оқушыларының ауылда, қалада болсын, үлкендерге арналған кештерге, киноға, театрға баруы жиі кездеседі. Бұл жерде балаларды ғана кінәлап қою аз. Біздің балаларға арналған шараларға жете мән бермейміз.

Музыка сабағының және мектеп жанындағы түрлі көркемөнер үйірмелерінің алда тұрған міндеттері орасан зор. Республикамыздың көптеген бастауыш, сегізжылдық және орта мектептерінде музыка көркемөнер жұмыстары бір жүйеге келтірілген. Әйтседе, кейбір мектептерде музыка сабағының орнына басқа сабақты өткізе салу әдетке айналған.

Жалпы, мектеп мұғалімдерінің музыка, ән сабағын нәтижелі өткізуге көмектесетін бірден-бір методикалық құрал - грампластинка болып саналады. Музыка сабағын өткізгенімен мұғалімдердің бәрі бірдей музыкалы аспаптарда нақышын келтіріп жақсы ойнай алмайды немесе әнді жөндеп айта бермейді.

Мектеп балаларының көркемөнер үйірмелеріне қатысып әрдайым оқушылардың алдына шығып өздерінің өнерін көрсеткені өте пайдалы. Оқушылардың сахнаға шығып өнер көрсетуі балаларды батылдыққа, жинақылыққа бейімдеп, ойларын, өнерлерін ұштай түседі, бойындағы дарынын ашуға көмектеседі. Музыка сабағының үстінде үйренген әндерді, музыкалық шығармаларды сабақтан тыс уақыттағы тақырыптық кештерде орындатып отырса балаларды қызықтыра түседі. Мұндай музыкалық кештерді әр тоқсан сайын бірнеше сынып балаларының басын қосып өткізуді дәстүрге айналдырған дұрыс. Әр түрлі музыкалық қабілетін шыңдап, білімін тереңдетіп, оларды әсемдікті сезінуге, мәдениеттілікке тәрбиелейді.

Мектеп балаларын ұйымдасқан түрде концерттерге, театрға апару олардың өнерге деген құмарлығын арттырады. Бұнымен қоса белгілі әнші-бишілермен, композиторлармен кездесулер ұйымдастырып тұрудың немесе олар туралы қызықты әнгімелер өткізудің де мәні зор. Қорыта айтқанда, жасөспірім балаларға музыка-эстетика саласынан сапалы білім беру - олардың музыка дүниесі жайлы түсінігін кеңейтіп, ән айту, музыканы тыңдау, оның сырларын ұғына білуге дағдыландырып, эстетикалық ой-өрісін кеңейте түседі.

Үйірмеге қатысушы балалардың музыкалық дарынынан басқа ықыласы мен ынтасы болуы керек. Үйірмелердің ішінде қазіргі кең бағыттағы мектептерде ең кең таралған және сүйікті - хор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық қабілет ұғымы
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Жасөспірімдер шоу бағдарламалары
Бастауыш сынып балаларына мәдени демалыс қызметін көрсетудегі мәдени мекеменің жұмыс ерекшеліктері
Балауса аула клубының үйірмелері
Шоу бағдарламалардың түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының бос уақытын ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету
Коммуникативті әмбебап оқу әрекеттерінің мәні
Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы мақсаты мазмұны
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz