Балалар дауыстарының теориялық негіздері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Халқымыз өзінің сан қырлы әншілік дәстүрін ғасырлар қойнауынан аялап-сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді. Әр аймақтың, әр өлкенің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері, композиторлары, суырып салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына, шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезімінің пернесін дәл басқандай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты жоғарғы шеберлігіне үйретеді.

Ән айту өнері бұрыннан келе жатқан өнер. Қазіргі уақыттарда зерттеу жұмыстары вокалдық педагогиканың өкілдері тарапынан да көптеп саналады. Балалар дауыстарын зерттеудегі көп еңбек сіңіргендер И. Левидов, Е. Алмазов, А. Содейка, А. Рябченко т. б. атауға болады. Көптеген зерттеушілер дұрыс ән айтуды тәрбиелеу олардың дауыстарын сақтау болып саналады дейді. Ал Т. Н. Овчинникова әртүрлі жастағы балалардың ән айту ерекшеліктерін зерттей келе, дұрыс ән айтуды - олардың табиғи дауыстарын сақтап, әрбір оқушының әншілік дауыстарын дамытуда қамтамасыз етеді деп көрсетеді. [1]

Оқушылардың дауыстарын сақтауға және ең жоғарғы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бар екені мәлім. Осы мәселелер төңірегінде ғалымдарымыз И. Левидов, А. А. Сергеев, И. Малинина, Д. Орлова, Н. Н. Добровольская, Т. Н. Овчинникова, Э. Б. Абдуллин, Р. Р. Джәрдемалиева, С, Ұзақбаева, Ш. Б. Құлманова т. б. ғалымдарымыз өз ой-пікірлерін өз еңбектерінде саралады. Оқушылардың музыкалық мәдениетін сипаттай отырып А. В. Школяр: «есту, көру, сезу, ойлау өнері сияқты негізгі, іргелі қабілеттіліктерді қалыптастырып алмай, баланың, оқушының жаратушы, суретші тәрізді (мұның өзі рухани мәдениеттің дамуы болып саналады) қалыптасуы мүмкін емес», - деген ерекше ой түйеді. [2]

Балалардың орындаушылық сипаты жас ерекшеліктеріне байланысты вокалдық орындау мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты. Хор ұйымдастыруда балалардың жас ерекшеліктеріне көп мәселенің байланысты екенін ұмытпау керек. Міне, осыған байланысты хор топтарын жас шамасына қарай үш топқа бөлеміз:

- Кіші сынып оқушылырының хоры - кішкентайлар хоры, бұған І-ІІ сынып оқушылары, кейде көбінесе ІІІ сынып оқушыларын қосуға болады;

- Орта сынып оқушыларын - орташалар хоры, бұған ІІІ-ІҮ сынып, кейде Ү сынып оқушыларын қосуға болады;

- Жоғарғы сынып оқушылардың хоры - үлкендер хоры, бұған Ү-ҮІ сынып, кейде өз қалауымен ҮІІІ-Х сынып оқушылары, әсіресе қыз балалардың қатысуына болады.

Мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат: балалардың дауысындағы болатын мутациялық өзгерістерді еске ала отырып, олардың дауысының өсуі мен қалыптасуына зиян келтірмеуі. Екіншіден балалардың жас шамасына қарай репертуарларды лайықты таңдауға, яғни көлемі, мазмұнының олардың ой-өрісіне лайық болуы, дауыс диапазондарына сай, дәл болуды ескеруге мүмкіншілік жасайды. Дегенмен, кейде мектептің, ондағы сыныптардың, оқушылардың санына байланысты және ән сабағынан беретін мұғалімнің мүмкіндігіне байланысты хор үйірмесін екі топқа ғана бөліп ұйымдастыруға тура келеді. Мұндайда кішкентайлар хорына І-ІҮ сынып, ал орташалар хорына Ү-ҮІІІ сынып оқушыларын қатыстырып топтауға болады. Төменде хор үйірмесін ұйымдастырудың бірінші түрін қарастырып көрелік.

Ән айту - егер ол педагогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық, эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептеледі. Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық процесс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі «таза» ән айтуға айналады. Сонымен бірге балалар әнді қалай орындап тұрғанына ән айту процесінің техникалық жағынан жауапкершілікпен қарау өте қажет. Дыбысталу сапасы қалыптастыруда, яғни дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокалды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің, хор жетекшісінің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.

Сонымен, адамның дауыс аппараты ең үлкен байлық, оны күтіп, қадағалап, сапалы түрде қолдану керек деушілер дұрыс ән айту тәрбиесі - дауысты қорғау болып табылады деген болжамға келген ғалымдарымыз Н. Левидов, А. В. Рябченко т. б. Кейбір жағдайда дауыс аппаратының ауруларын вокалды педагогика әдістері арқылы емдеуге болады деп дұрыс айтқан. Көптеген зерттеушілер дұрыс ән айту тәрбиесі дауысты қорғөптеген зерттеушілер дұрыс ән айту тәрбиесі дауысты қорғау болып табылады деген тұжырымға келген. Оқушылардың эстетикалық дамуы табиғатқа, қоршаған ортаға, еңбекке, қоғамға көзқарасын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Сан алуан тақырыптағы музыкалық шығармалар арқылы оқушылардың жан-дүниесіне, сана-сезіміне әсер етіп отырып, эстетикалық белсенділігін арттыру, жоғары көркемдік талғаммен рухани дүниесін байыту, музыкалық шығармаларға сүйіспеншілігін арттыру. Болашақ мамандардың негізгі мақсаты болуы тиіс. [1]

Вокалды-хор жұмыс барысында оқушының әншілік дауысына ерекше көңіл аударылады. Оның негізгі қасиеттеріне жататындар: дыбыстық және динамикалық диапазон, тембрінің сапасы, дикция. Музыка мұғалімінің музыкалық қабіліті оның педагогикалық қызметінің барлық түрінде көрініс береді. Атап айтқанда, вокалды және аспаптық орындаушылықта, жеке музыкалық-пластикалық әрекетінде, балалардың аспаптық орындаушылығына басшылық жасауда, өзінің ән шығаруында, драмаларды, мюзиклдарды ұйымдастыруда, сабаққа музыкалық шығармаларды таңдағанда т. б.

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде педагогикалық білім дамуының маңызды мәселесінің бірі болашақ мұғалімдерді дайындау болып табылады. Сол үшін мұғалім болашақ ұрпақты тәрбиелеуге, Қазақстан оқушыларының тұрақты жағдайларын сақтап және де оның дамып гүлденуін өз парызы ретінде қабылдауы тиіс. «Жаңа дәуірдің мұғалімі - Қазақстан Республикасының жаңа дәуірінің педагогы педагогикалық білім концепциясында белгіленеді» - бұл өзгерістерге дайын, мамандандырылған, педагогикалық дарынды және де болашаққа, жаңаға ұмтылатын, жан дүниесі дамыған шығармашылық тұлға. [3]

Бұл талаптар жаңа дәуірдің мұғаліміне өз мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді. Өзінің әлсіз және күшті жақтарын, бұл мамандықтың қасиеттеріне тән өзін-өзі ұстай біліу, өзін-өзі бағалау, эмоционалды күй кешу, дидактикалық қабілеттері, жалпы мәдени білімге ие болу (ойлау, есте сақтау, қабыладу, елестету, назар), мәдени байланыс, әлемдік білім тенденцияларына сай болуы тиіс. [3]

Жаңа дәуір мәдениетінің білімі жоғарылап, мұғалімнің кең ауқымда тілдік дайындығы мен байланысты мұғалім - бұл болашақ музыка мұғалімінің дайындығына да тікелей байланысты.

Музыка мұғалімінің музыкалық-педагогикалық жолында қиын міндеттердің бірі ретінде мынаны белгілеуге болады. Оқушылардың ұлттық әлемін, шығармашылық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамуын вокалдық өнері арқылы жүзеге асыруға болады. Мұндай музыка мұғалімі мамандығына қойылар талап көп. Бұл үлкен шеберлік және хормейстрлік шеберлікті талап етеді.

Зерттеудің мақсаты: Балалар дауысының мутация кезеңіндегі ерекшеліктерін зерттеп жүргізу арқылы, балаларды көркем-орындаушылық шеберліктерінің дамуына жүйелі түрде жетекшілік ету.

Зерттеу пәні: Дауысты вокалдық техникалық жағынан жетілдіру және ән айту шеберлігін дамыту.

Зерттеудің міндеттері:

  • әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауыста вокалды-техникалық жағынан жетілдіру, резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдана алу;
  • балалар дауысының мутация кезеңіндегі ерекшеліктерін зерттеу;
  • вокалдық музыка арқылы оқу тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау;

Зерттеудің әдістері: Мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырудағы зерттеу түрлері, жұмыс бағыттары. Зерттеу мәселесі бойынша бала дауыстарына теориялық тұрғыда талдау жасау;

Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Вокал пәні мұғалімдері тәжірибе барысында оқушылардың өзіндік жұмысына байланысты тиімді нұсқаулар жинақтайды. Біріншіден болашақ ұстаздардың өз бетінше бала дауысын ән айтуға дайындай алуы, орындалатын шығармаға музыкалық, теориялық, вокалдық талдау жасауы, таныс емес шығарманы өздігінен дайындауы, өз дауысына немесе белгілі бір дауыс типіне, олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тиісті репертуар таңдай білуі. Дауыс тәрбиесін саналы түрде қабылдап оның қалыптасуына нәтижелі үлес қосу.

Диплом: Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, төрт тармақ, қорытынды және әдебиет тізімінен тұрады.

І Балалар дауыстарының теориялық негіздері

  1. Бала дауысының ерекшелігі және оның өсіп жетілуі

Қазіргі кезге дейін тәжірибеде балалар дауысының нәзіктігі, жеңіл де жарқын үні, әсіресе кіші жастағы (10 жасқа дейінгі) балалар дауысының фальцетпен (Фальцет - әнші дауысының (көбіне ерлер дауысының) жоғары регистрде бас резонаторының искусстволық жасанды жай таза орындалуы) дыбысталу туралы айтылып жүр.

Балалар дыбыс мүшелері үлкендердің дыбыс мүшелерінен өзгешелеу, яғни өте нәзік, көлемі жағынана да кішілеу болады.

Балалардың көмекей (гортань) үлкендердің көмекейінің көлемінен екі, екі есе кіші болады. Ал, дыбыс желбезегі (голосовая связка) үлкендерге қарағанда 4 есе қысқа болып келеді. Міне, сондықтан да олардың дауысы өте ашық, жоғары, жеңіл де нәзік болады. Сонымен қатар тыныс алуға қатысатын өкпе диафрагмасының көлемі кіші болғандықтан, демі тез бітіп қайта-қайта дем алады, сол себептен оларға қысқа, жеңіл сөз тізбектеріне (фраза) тұратын әндер айтқызуға тура келеді.

Балалар - біздің қуанышымыз, үмітіміз, болашағымыз. Бүгінгі мектептің алдына қойып отырған міндеті - жеткіншек ұрпаққа саяси, мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берудің сапасын арттыру. Оқушыларға көркемдік білім берумен эстетикалық тәрбиені халықтың ұлттық мұрасымен байланыстыра отырып, айтарлықтай жақсарту. Әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп, туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп, бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру керек. Жастардың музыкаға деген ынтасы мен сүйіспен-шілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып ән айту, олардың музыкалық қабілет-терін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білуге, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.

Жас кезеңдеріне бөлінудің көбірек таралған түрі Қазақстан Республикасының энциклопедиясында берілген. Онда жас ерекшелігіне байланысты даму кезеңдері төмендегіше бөлінеді:

  • туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең;
  • 1 мен 3 арасындағы сәбилік кезең;
  • 3 пен 7 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі кезең.

Мектеп жасының өзі 3 бөлінеді:

  • 7 мен 9 -дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар) ;
  • 10 мен 14-тің арасындағы ортанғы сынып оқушылары (жасөспірімдер) ;
  • 15 пен 17-дің арасындағы жоғарғы сынып оқушылары (балаң жастар) .

Келесі жас кезеңдеріне бөлуді 1965 жылы Москва қаласында өткізілген жас кезеңдері мәселесі бойынша симпозиумға қатысушылар ұсынды. Оның мәні мынадай:

  • жаңа туған кезең 1-10 күн,
  • емшектегі кезең 10 күн - 1 жас,
  • алғашқы балалық кезең 1 - 3 жас,
  • бірінші балалық кезең 4 - 7 жас,
  • екінші балалық кезең ер балалар үшін 8 - 12 жас,
  • екінші балалық кезең кыз балалар үшін 8 - 11 жас,
  • жеткіншек кезең - ер балалар үшін 13 - 16 жас,
  • жеткіншек кезең - қыз балалар үшін 12 - 15 жас,
  • жас өспірім кезең - ер балалар үшін 17 - 21 жас,
  • жас өспірім кезең - қыз балалар үшін 16 - 20 жас

Аталған жас кезеңдерін топтау әдістері әсіресе соңғы үлгі дұрыс деп берілген, өйткені жас кезеңдерінің барлық жылдарын қамтыған, бұл жерде тек туғаннан бастап 16-ты жасқа дейінгі аралық көрсетілген.

Баланың дүниеге келуі әр жанұя үшін үлкен қуаныш.

Қазақ халқы жас кезеңдеріне айрықша мән беріп, оны мерекелеп отырған. Мысалы, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, құда түсу, қыз ұзату, келін алу т. б. Сондай-ақ жас кезеңдерін ақындар өлең жолдарына қосып жырлаған.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға 6 - 10 (7 - 11) жастағы балалар жатады. Бастауыш мектеп жасындағылардың өсіп-дамуы салыстырмалы түрде шамалас, мысылы: бойының ұзындығы 120 сантиметрдей, массасы 22 килограмдай деп берілген. Олардың миының дамуы аяқталуға жақын болады, Айталық 3 - 6 жастағы балалардың миының салмағы 1100 грамдай болса, 7 жаста 1250 грамдай, ал 9 жаста 1300 грамдай болады.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың оқуға ынтасы, қызығуы білім алу емес, мектепке бару, мектеп ішіндегі құралжабдықтарды көру, бала-лармен сөйлесу, ойнау, мұғалімнің өнегелі әңгімесін тыңдау және қызықты сабақ өткізуін көру болып саналады.

Жеткіншек кезеңге негізгі мектеп жасындағы (10-14), (11-15) оқушылар жатады. Оларадың дамуы мен қалыптасуына іс-әрекет түрлерін өз бетінше орындауға тырысуы, жыныс белгілерінің дамуы мен үдемелі қарқынмен өсуі ықпал етеді. Жеткіншектердің өсуі бір қалыпты емес, бірде тез, бірде баяу болып отырады. Жас өспірім, болмаса жоғары сынып оқушыларына 14-17, (15-18) жасар жастар жатады.

Жалпы, Жасөспірім деген ұғым - 10-мен 15-тің арасындағы жеткіншек. Бұл кезеңде бала едәуір есейіп, сана-сезімі ояна түсіп, бойы, жыныс белгілері жетіледі. Осы кезде жас өспірім дербестікке, өз психологиясын біле түсуге құмартады. Түрлі әсерге берілгіш, иланғыш, қимыл-қозғалысқа құштар болып келеді. Жасөспірім өз бетімен жүріп тұрғысы келеді. Кейде өздігінен жансақ қате түсініктерге, теріс қылыққа (шылым шегу, ішімдікке аңсау, дөрекілік, әдепсіздік мінез көрсету т. б. ) соқтыруы да ықтимал. Сондықтан да тәрбиешілер (ата-ана, мұғалім) бұл жастағы балалар мен қарым-қатынас жасауды және тәрбиелеуді шеберлікпен, асқан байсал-дықпен жүргізуі тиіс.

Жасөспірім балалар - адам өмірінің жалғасы болғандықтан оның дамуы мен қалыптасуы, яғни кім болатыны назардан тыс қалатын мәселе емес. Олардың өміріне қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруін білу, тәрбиелік білімділік деңгейін анықтау, лайықты ақыл кеңес беру баланы зерттеу арқылы шешіледі.

Балалардың дамуы тура, кейде кері өзгеріске түсетін күрделі процесс. Оның нәтижесінде дене мен психикада сандық, сапалық өзгерістер болады. Олардың өсуі мен дамуында биологиялық көрсеткіштері ғана өзгеріп қоймайды, сонымен бірге санада сандық, сапалық өзгерістер және балалардың қоршаған дүниеге қарым-қатынас жасауы өзгереді.

Мектепке дейінгі кезеңде баланы оқуға дайындау, мектеп жасында оларды оқыту, сананың дамуына, алдымен ақыл-ойдың, естің, қиялдың дамуына негіз болады.

Қазақ мектебі өзінің даму жолында көптеген кезеңдерді бастан өткізді. Қаншама жылдар, ғасырлар бойы қазақтың сазды әні, күмбірлеген күйі елден-елге, ауыздан-ауызға тарап келсе, енді жаңа дәуірде жаңа мәдениетке көтерілді.

Бүгінгі егемен Қазақстан мектептерінде музыкалық білім мен тәрбие беруде музыка пәні сабағында түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың әсемдік сезімін, эстетикалық талғампаздығын дамыту, өнер туындыларын түсіну, өнер, мәдениет жетістіктеріне аялы көзқарастарын қалыптастыру міндеттері қойылып отыр.

Балалар арасындағы ортаның теріс әсерінен, жанұядағы қарым-қатынастың нашарлығынан және жанұя мен мектептің байланысының жоқтығынан “қиын”, болмаса педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар қалыптасады. Олар психологиялық, денелік жағынан дамыған, бірақ мектептің, жанұяның, қоғамның талап тілегіне көнбейтін, өзін ерікті санап жүріп тұратын, қылмысты әрекет жасайтын балалар. “Қиын” баланың негізгі белгілері жеткіншек кезеңде айқын көрінеді. Өйткені бұл жаста баланың дүние танымы, көзқарасы, өзгемен қарым-қатынас сипаты, мінез-құлқы өзгереді, яғни өз бетінше әрекет жасауға бейім болады. Сондай-ақ, жеткіншектердің іс-әрекетінде балалық белгілер басым болып, өзіне бақылау жасай алмайды.

Рас, бұрын мектепте “қиын” оқушы жоқ деп барлық оқушыға тәрбиенің бірдей мазмұны, әдісі, формасы арқылы әсер етіп келді. Сондықтан өзі еңбек ететін мұғалім-тәрбиешінің сынып, топ ұжымында “қиын” оқушы болса, алдымен оның ерекшеліктерін зерттейді. Оған сай өзге мұғалім-тәрбиешілермен, ата-аналармен бірлесіп, оқуына көмектеседі, өнеге көрсетеді, сенім артып және бойындағы жақсы қасиеттерге сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындатады, өзге оқушылармен қарым-қатынас жасауына мән береді. Пайдалы еңбек етуге үйретеді, іс-әрекетті тиянақты әрі жүйелі орындап, оған есеп беру дағдысын қалыптастырады, оның қолынан іс келетініне көзін жеткізіп, ретіне қарай мадақтайды. Бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін мұғалім күнделік дәптерін жасап, қиындық танытатын белгісіне сай жүргізетін тәлім-тәрбиенің әсер ету ықпалы жазылады. Бұл жайында мұғалім - тәрбиеші мектеп басшыларына, педагогикалық кеңеске есеп беріп, өз жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Жалпы білім беретін мектепте музыкалық тәрбиенің оның теориялық негізі мен практикалық нұсқауларын тереңірек жүзеге асырудың фундаментальдық принциптері мен жолдарын атақты зерттеушілер Б. В. Асафьев[8], В. Н. Щацкая[9], Д. Б. Кабалевский[10] т. б. қарастырды.

Кабалевский балаларды және жас өспірімдерді үлкен және салмақты музыка әлеміне жетелеу, музыка әсер ету арқылы олардың жеке басының тұлғасын қалыптастырды. Кабалевскийдің музыкалық шығармаларының дені - қазіргі әлеуметтік тақырыптарға, балалар мен жастар образын жасауға арналған.

Баланың күнделікті өмірі музыкаға толы. Радио, телевизор, магнитофон немесе музыка аспаптарының ең болмағанда бір түрі кез келген үйден кездеседі. Бұл қуанарлық жағдай. Өйткені, мұның өзі мәдениетіміздің өскенін, музыкамен айналысуға әркімнің де мүмкіндігі барын, талап-талғамының артқанын дәлелдейді. Ал, жақсы музыкадан шаршап, жалығатын адам табыларма екен! Қорытып айтсақ, музыка біздің өміріміздегі көңіл серігіміз. Ол адамды шаттыққа бөлеп, жігерлендіреді, талаптандырады, қанағатты ойға сілтейді.

Мектеп маңы жүзі жарқын жайдары жасөспірімдер мен бүлдіршіндер. Қазіргі мектепте тәрбиеленіп жүрген жасөспірім балаларды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі бүкіл халықтық іс болып отырғаны баршаға мәлім. Соның күрделі саласының бірі - жастарға музыкалы-эстетикалық білім саласында едәуір білім алуға міндетті. Эстетикалық қабылдау қасиеті сәбидің жас кезінен-ақ пайда болады.

Жалпы айтарлық адамгершілік қасиет деп отырғанымыз - қоғам өмірінің заңдылығына сәйкес моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі (адамды құрмет ету, сыйлау, оған сенім арту, басқаның мүддесі жолында өзін құрбан ету, сондай-ақ әдептілік, шыншыл болу т. б. )

Мектеп қабырғасындағы жастарға музыка сабағы: туған жер, Отан, ата-ана, жастар, мәдени мұра, ұлттар достығы туралы әндерді үйретіп, шындықты білуге, жаңалықты сезінуге көмектеседі. Оқытушы музыка сабағы арқылы балалардың ішкі жан дүниесіне, нәзік сезімдеріне күшті әсер етіп, қазақ жастарын жоғары адамгершілік қасиеттерге баулиды.

Адамның әсіресе мектеп жасындағы балалардың музыкалық тәрбиесінің нәтижелілігі жоғары көтерілуінің қажетті алғы шарттары болып олардың білімі мен музыкалық дамуын есепке алу болып табылады.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар - мектептік оқу-тәрбие жұмысының бір тұтас бөлігі. Сабақтан тыс уақытта оқушылар (үйірме жұмыстары), сынып жетекшілері және олардың басшылығымен ұйымдас-тырылады.

Сыныптан тыс жұмыстар деп оқушылардың білімін тереңдету, іскерлік пен дағдысын дамытуға, қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыру, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызатын арнайы ұйымдастырылған жұмыстарды айтамыз.

Қазіргі кезде, біздің ойымызша ән сабағы мұғалімдерінің, музыкалық топтардың, үйірме жетекшілерінің нақты қолданып, жан-жақты байқаудан өткізетіндей балалардың музыкалық ән айту ерекшеліктерін зерттейтін анық дәлелденген, бейімді, арнайы әдістемелер жоқтың қасы. Көп мұға-лімдер музыкалық қабілеттілікті тексерудің жәй әдістерін қолданады (музыкалық есту қабілетін, есте сақтау, ырғақ, дауыс сияқты) . Музыкалық қабілеттілікті зерттеудің мұдай формасы әр баланың жеке өзіндік қасиетін терең ұғындырмайтын сияқты. Іс жүзінде мынадай да жағдайлар кездеседі. Кейбір дарынды балалар музыкалық тексеру кезінде сәтсіз жағдайларға тура келуі мүмкін. Мысалы, көпшіліктен ұялуы немесе тамағының ауырып қалуы және т. б. Ал келесі сабақта ол оқушы өзін жақсы жағынан ашып көрсете алуы мүмкін. Яғни, музыкалық қабілет бір ғана сабақтың нәтижесінде байқалуы мүмкін емес.

Мектеп оқушыларының ауылда, қалада болсын, үлкендерге арналған кештерге, киноға, театрға баруы жиі кездеседі. Бұл жерде балаларды ғана кінәлап қою аз. Біздің балаларға арналған шараларға жете мән бермейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хорды өңдеу
Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының ерекшеліктері
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партияларды қалыптастырудағы ұлт зиялыларының ролі
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Музыка сабағындағы әртүрлі іс-әрекеттердің түрлері
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыт әншілік дауыстарының ерекшеліктері
Балалардың дауыстарын қорғау
Бала дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz