Эфир мәдениетін жетілдірудегі ТV ток-шоуларының рөлі.



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... 4
2. Ток.шоу дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Ток.шоу жүргізушісінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Эфир этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
3. Отандық телеарналардағы ток.шоулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Эфир мәдениетін жетілдірудегі ТV ток-шоуларының рөлі.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... 4
2. Ток-шоу дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.1 Ток-шоу жүргізушісінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Эфир этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3. Отандық телеарналардағы ток-шоулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе

Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның есептен қорытқан жорамал шамасы квартернион деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі. Сондықтан В.Гамельтонның екі символы 1867 жылы ғана, Кэмбридж университетінің профессоры Д.Максвелдің осыған негізделген екі теңдеуінен кейін электр тогы мен магнит күші арасындағы қатынас, бүгінгі электр және магнтизм теориясының негізін қалады. Содан басталған 150 жылдық тарих қойнауында көгілдір экран деген атпен өмірге енген теледидар әлем халқының күнделікті көзі мен құлағына айналды. Телевизиялық жұқпалы дерт бүкіл әлемді тегіс жаулап алды. Оның қарқынды шабуылын қай ел болсын құттықтап қарсы алып жатыр. Бұл - бұлтартпас шындық. Ресей топырағында 74, Еуропада 70, АҚШ-та 67, Қазақстанда 48 жылдық қалың қатпарлы тарихы бар теледидар бүгінде шартарапты түгелдей жайлап, әлемдегі көрермені ең көп ақпарат құралына айналды. Оның себебі, әлемнің кез келген қиыр шетіндегі оқиға сол сәтте, сол сағатта, сол күні жалпақ дүниеге тарап, Жер тұрғындарын құлағдар етеді. Қазіргі таңдағы ақпарат беру әдісі бұрынғы әдістен тым алшақ, мүлдем жаңаша сипатқа ие болып отыр. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық уақыт кеңістігінің еркін әрі батыл, әрі көз ілеспес шапшаңдықпен билеп алуына байланысты. Сол тұрғыдан алғанда, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда, теледидардың бірінші кезекке шығатыны ақиқат. Теледидардың түрлі салалары көп. Соның бірі, ток-шоулар . Сондықтан осы зерттеу жұмысымды эфир мәдениеті мен ток шоу табиғатына арнадым.
Тақырыптың өзектілігі: Әр кезеңнің өз талабы болатынын ескерсек, телевидение саласындағы ток-шоулар - уақыт үні іспетті. Ел өмірінің елеулі кезеңіндегі толып жатқан өзгерістер аумағында көрермен талабы мен талғамы да айтарлықтай өзгерді. Соның нәтижесінде эфирдегі жұмыс процесі, оны жүзеге асырудың кәсіби принциптері де жаңаша сипат алып, өзгеше мән-мазмұнға ие болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев БАҚ халықтың үні ретінде сөйлейтін болсын, халыққа жақ, санаға сақ болсын деген тұжырымы жаңаша жұмыс тәсіліндегі негізгі қағидаға ұласты. Жылдар бойы қатып-семіп қалған енжар ережелерді бүгінгі күннің тыныс-тіршілігіндегі батыл шешімдер алмастырды.
Жалпы тележурналистикадағы ток-шоудың табиғаты - кәсіби- шығармашылық процесс, құрылымы күрделі психологиялық құбылыс, алып-қосары жоқ шынайы дүние.
Зерттеудің нысаны: Телевидение саласындағы ток-шоулардың орны мен рөлі ерекше. Отандық телеарналардың барлығында эфирге шығып жүрген ток-шоулар бар. Бірақ осы қорғау жұмысында көпшілік арасында зор беделге ие, бұқараның басым бөлігі көретін Хабар арнасындағы Сонымен, солай дейік..., Атамекен Ұлттық мәдениет жайындағы ток-шоу жанрдағы бағдарламасын, "Ваш выход" әлеуметтік-қаржылық ток-шоуын, Қазақстан ұлттық телеарнасындағы "Сенсұлу" әлеуметтік ток-шоуын, Ел арнаның "Шiркiн, life" реалити шоуын,Көкпар ток-шоуларын мысалға ала отырып, талдауды жөн көрдік.
Зерттеудің дерек көздері: Телевидение саласында қалам тербеп жүрген зерттеушілер некен-саяқ.Бұл жұмысты жазу барысында Қ.Тұрсын мен Ж.Нұсқабайұлының Теледидар сөздігі - тележурналист анықтамалығы оқу құралынан,телеарналардан шығып жатқан жаңа жобалар мен бағдарламаларға бей-жай қарамайтын Қазақ әдебиеті газетінен қажетті ақпараттарды алдық. Және 2002-2004 жылдар аралығындағы Егемен Қазақстан газетініңде көмегі көп тиді.Сондай-ақ зерттеу жұмысымыз тікелей тедидарға қатысты болғандықтан Хабар агенттігі, Қазақстан ұлттық телеарналарының ғаламтордағы сайттарынанда қажет материялдарымызды таптық.
Жұмыстың жаңашылдығы: Барлық ақпарат тарату құралдарындағы ең кенжесі деп есептелінетін телевидение саласында зерттелмеген тың тақырыптар көп. Зерттеу жұмысы барысында эфир жұмысына төселіп алған жүргізушілердің кеңестерін назарға ала отырып, хабарды қалай сәтті шығаруға болады деген сауалға жауап іздедік. Көрермен көзіне көріне бермейтін техникамен қалай тіл табысуға болады немесе ток-шоу жүргізушісі өзін қалай ұстау керек деген сынды мәселелердің шешімін табамыз. Сол сияқты отандық телеарналарда қазір эфирде шығып жатқан ток-шоуларға сын пікір де айтамыз.
Мақсатымыз отандық телеарналардағы ток-шоуларды мақтау немесе даттау емес, зертеу нысаны ретінде көрермен көзімен баға беру.

1.Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы.
Электр қуаттарынан бастау алып, жартылай өткізгіштерді, олардың сапасын жыл сайын дамытып, жетілдіріп, бүгінгі күні Қазақстандық теледидар техникалық үрдіске жетіп отыр. Келешекте де ол шексіз дами бермек. Елімізде алғаш рет 1958 жылы 1 қаңтар күні Өскемен қаласында көгілдір қобдишаларға жан бітсе, ал ресми күн, яғни, қазақ жеріндегі алғашқы телестудия тұңғыш хабарын 1958 жылы 8 наурыз күні ресми түрде іске қосып, алғашқы отандық телекамералар мен техникалық телеорталық Алматы қаласында шымылдығын ашты. Стационарлы телекамералар қарапайым механиканың негізінде қолмен оптикалық линзаларды ауыстырып отырды. Бірер жылдан кейін өткен ғасырдың 7О жылдары чех камераларымен толықтырылды. Чех камераларының көрсету сапасы оңды болғанымен, ауыстыру процесі өте қолайсыз болды да, бірер жылдардан соң совет-француздық (SEKAM III), американдық (NTSC) және батысгермандық (PAL), кейіннен жапондардың CONI жетілдірілген жүйелерімен ауыстырылды. Теледидар ол кездерде, негізінен, бұқаралық ақпаратты хабарлармен қоса әдеби, мәдени, концерттік негізінде ресми хабарлар мен өндіріс, ауыл шаруашылығы, бағдарламаларын көрсете бастады. Стационарлы студиялық хабарлармен қоса байтақ республикамыздың жер-жерінен ақпараттар беріліп, көрсетіліп отырды. Студиялардан тыс жерлерден кинокамералармен соңынан 16 мм. жіңішке пленкалар кеңінен пайдаланды. Іле-шала облыстық студиялар бірінен соң бірі іске қосылып жатты. Телестудиялардағы техникалардың пәрменділігі арта бастады. Жылжымалы телестанциялар теледидардың мүмкіндігін еселеп арттырды. Ендігі жерде телетехниканың күн санап жаңа үрдіс алып дамуы маман инженерлермен, техниктермен толығып, шығармашылылық топтың алдында шұғыл шешімін керек ететін сұраныстар мен талаптарды қойды. Иә, шынында, инженерлік жаңалықтар телетехника саласындағы ұшқыр ойлары мен дамуы, енді тек тележурналистика саласының дами бастауы елдің, Үкіметтің, шаруашылықтың, өнердің, яғни, қайнаған өмірдің сұраныстарын, оның болмысын анықтау керек болды. Совет Масғұтов Көгілдір экран-өмір айнасы (1976 ж.) кітабінда сиқырлы көк сандыққа осылай анықтама берген. Қазақ тілі тағы салмақты да, салиқалы сөзбен толықтырылды. Көгілдір экран-өмір айнасы, расында да өмірімізге ентелей енген теледидар индустриясы газет пен радионы ақпараттар айдынынан сәл ығыстырғандай. 1958 жылдан 6О жылдардың соңына дейін қазақ теледидарының қалыптасу кезеңі десек, тек ақпараттық, концертік бағдарламалардың сценарийлік негізінде телеқойылымдар, күрделі көркем телепублицистикалық хабарлар үлкен дайындықпен, телетехникалық жетістіктермен журналистік ой-толғауларды бір бағытқа бағдарлап, әрбір сюжет пен телеочерк, қойылымдардың мақсатын айқындап алу талабы қосылды. Бұл жерде қазақстандық телеарналардың көшбасшысы бұрынғы Қазақ теледидарына ерекше тоқталған жөн. Қазақ теледидары - бүгінде 100 ге жуық телекомпаниялардың көшбасшысы. 48 жылдық тарихтың қиын да қызықты жолында ол араласпаған оқиға, бармаған жер, көтермеген мәселелері кемде-кем. Л тарихы мен халық жады, ұрпақ тәрбиесі мен білім-ғылым саласы, мәдениеті мен дәстүрі, экономикасы мен саясаты, өндірісі мен шаруашылығы оның күнделікті хабарына арқау болды. 1958 жылдың 8 наурызында Алматыда алғаш рет көгілдір экран жарқ етіп ашылғанда сол телеарна басында қазақ телеөнерінің балапан қанатын қатайтып, биікке самғауы үшін білімдері мен біліктерін аямаған Ғ.Жанысбаев, Л.Ғалымжанова, С.Шәріпов сяиықты телередакторлар мен телережиссерлер тұрды. Статистикада сақталған тарихи цифр бойынша, сол кезде Алматы және облыстағы 4 100 телевизиялық қабылдағыш Қазақ телевизиясының алғашқы бағдарламасының трансляциясын тұтқан. Алматыдан кейін көгілдір экран Қарағанды мен Өскеменде, Жезқазған мен Балқашта, Ақтөбе мен Семейде көрсете бастады. Қазақ теледидарының алтын ғасырына баланған 70-90 жылдар шын мәнінде көгілдір айнамыздың жан-жақты кемелденіп, шарықтаған кезеңі болды. Сол бір жылдары 13 бас редакция жыл сайын түрлі салаларға арнап 130-150 топтама бағдарламалар жасап отырды. Қазақстандық телеарналардың ішіндегі тәжірибесі жағынан толысқан, тарихы бай, мұрағаты мол Қазақстан ұлттық телеарнасы ескі мен жаңаны қосып тұрған көпір сияқты. Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде? Көкірегі ояу, көзі ашық көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ.
48 жыл. Бой өсіп, ақыл тоғытатын, ой кемелденіп, пайым-парасаттылыққа ұласатын қуатты шақ. Отызында орда бұзған жас түлектің бүгінде жетпістің қырқасындағы шағы. Бажайлай қарасақ, өткен шақпен үндесіп, бүгінге жеткен көз көрген қауымның да қатары сирексіп, барлардың өзі шау тартқандай. Қазақ топырағында теледидар іргесін қалаған Қ.Сағындықов, Х.Абылғаин, Ә.Байжанбаев, С.Нұрғалинов, И.Саввин, В. Прасолов, С. Шәріпов, И.Смирнов, В.Немирский, Н.Қожасбаев, Қ.Мусин, М.Барманқұлов, С. Масғұтов сияқты арыстардың көпшілігі бүгінде арамызда жоқ. Жаңа өнердің қадасын қағып, қабырғасын бекемдеген сол азаматтарды бүгінгі теледидар төріндегі жаңа жұлдыздар білмейді де. Олай дейтініміз, туған теледидарымыз туралы жүйелі жазылған тарих, терең зерттелген ғылыми еңбек аз.
Ағалар салған сара жолмен 60-80 жылдары арынды келген бір топ жастар легі Ж. Смақов, Ж.Нұсқабай, С.Оразалин, Қ.Игісін, С. Қаратаев, Ф. Бегенбаева, Л. Есенов, Ы. Қасымов, Ш. Баймолдина, Ғ. Шалахметов, С. Әшімбаев, Л.Сейітов, Қ.Қорған, Н.Иманғалиұлы, С.Байхонов, Қ.Аралбаев, Б.Құсанбаек, Ә.Ысқақова сынды мамандар теледидар көгіне қалықтап шықты. Бастау бұлағында Ұлы Даланың ешқашанда тот баспайтын, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жатқан ауыз әдебиетінің мол үлгілерінен сусындап өскен, шешендік өнерге етене жақын, сөз құдіретінен ой түйдегін ағытқан от түлектер қыры да сыры да мол өнер түрінің қалың қалтарыстарындағы құпияларға шындап ден қойды. Ұлтқа әлі сіңісе қоймаған телеөнер саласын игеру, оның сырларына кірігу оларға оңай болған жоқ. Сыры да мол, сымбаты да көз қаритындай телеөнердегі ізденістер мен іркілістер, тәжірибелер мен жаңалықтар да сол жылдары қомақты болды.
Қазақ теледидарының қалыптасу кезеңі мен даму процестеріне кеңестік теледидар моделі негіз болды. Оған себеп, әлемдік теледидар тарихына орыс экран өнерінің қосқан мол мұрағаты бар. 30- шы жылдардан бастау алған Кеңес теледидары 60 жыл бойына дүниежүзіндегі экран алпауыттарымен иық теңестіре жүріп, мол тәжірибе жинақтады. Радио мен газет, театр мен кино шекпенінен шыққан адуында шоғыр өздерімен бірге телеэкранға жаңа бір леп, тың түр мен соны пішін алып келді. Эфирдегі шеберлік, режиссерлік шешімділік, операторлық қырағылық, от ауызды, орақ тілді жүргізушілер құдіреті 60-80- ші жылдар аралығында кеңестік көрермендерін теледидар өнерінің құдіреттілігіне бас идірді. Бейнелік қатардағы бояу түрлерінің алуандығы мен теледидардағы техникалық мүмкіндікті молынан пайдаланған мәскеулік экран шеберлерінен тәлім алар тұстар да, көңілге түйер ойлар да, үлгі болар формалар да мол болатын.
Қазақ жастарының экран өнеріне тез кірігіп, еркін меңгеруіне отандық театр мен радио, кино өнеріндегі тамаша жетістіктер өздерінің игі әсерін тигізді. Дегенмен, ұлттық телеөнерімізге АҚШ, Еуропа, Ресей телесахнасынан бөлек, ұлттық бояуға бай, халықтық өркениетке де бейімделу қажет болатын. Ал мұның өзі өзге қырынан қарағанда, экранда ұлттық қасиетпен шектелу еді. Бұл жолдың теледидардың өзінен-өзі оқшауланып, олардың өмір сүру кеңістігін тарылтып, көрермендер аудиториясының азаюына алып келетіндігі тағы аян. Сондықтан экран өнері жаңа пішіндер мен тың идеяларды қажетсінеді. Онсыз теледидар тек қазақ тынысымен тыныстап, ұлтына тән ұлттық бояумен ғана өрнектелініп қалатын. Ол ашылмаған құпиясы мол өнердің өзіне тән көркемдік қасиетінен айырылып, қазақ менталитетінің мұрасымен ғана сусындауына алып келетін жол еді.
Өнер түрінің бәрі де ұлттық сананың қалыптасуы мен дамуына, қоғамдағы көңіл-күйге, рухани дүниемізге елеулі әсер етеді. Бейне мен дыбыстың бір мезгілде қатар тоғыса келіп, психологиялық көңіл-күйге әсер ететін сілкіністің құдірет-қарымы шексіз. Өмірдегі күрмеуі мол проблемалар, қоғамдағы күрделі өзгерістер де сол жылдардағы сан салалы хабарлар өзегіне негізделіп, көрерменге ұсынылып жатты. 60- шы жылдардағы Телевизиялық кафе, Пай-пай жиырма бес, ...Афтограф береді, Мыңдар жарысының маршрутымен, Сырласу, Жолдас хабарлары сан мыңдаған аудиториямен жылы қауышып, жүректерге жол тапты. Алайда, өткен ғасырдың соңғы он жылдығы Қазақ теледидары үшін шын мәнінде тоқырау жылдары болды. Егемен елестен шындыққа айналып, әлемдік терезе айқара ашылып, батыс пен өзге елдердің телеөнеріндегі сан алуан бағыт экранға лап қойған кезде, біздің орта әлемдік авангардты қуып жетуге ұмтылды. Әрі жаңа қоғамдағы өзгермелік ахуалдың құбылмалығы да қазақ телесахнасының эстетикалық құндылықтарынан айырыла бастауына, есесіне жеңіл әуендегі клиптік танымға ыңғайласуымызға негіз болды. Бұл өз кезегінде телеөнердің өн бойындағы үздіксіз өтуге тиіс көпмәнділіктің әрі тұтастықтың жоққа шығуына әкеліп соқтырды. Мұнда эфирлік эффектілерге, көрермендерге әдеттегіден өзгешелеу әдістерге молдау орын берілді де түр мазмұнынан гөрі биік сипат алды. Бұл да өтпелі кезең еді.
Қазақ телевизиясы өз жолын осылай жалғастыра берді. Содан асыққан, аптыққан реформалар кезеңі келді. Біртұтас телевизия үш компанияға, он сегіз студияға бөлініп кетті. Сөйтіп қалыптасып қалған Қазақ телевизиясының берекесі кете бастады...
Осы қиын-қыстау кезеңдерде арнаға көмекке келген Хабар телеарнасының қызметкерлері болды. Бұл туралы Қазақстан тудей өзінің 2001жылғы №9 санында былай дейді: Қазақстан үкіметінің Мемлекеттік радио мен телевидениенің дамуындағы кейбір сұрақтары бойынша қабылданған қаулысымен (№1018 2001 жылдың 2 тамызынан) Қазақстанның телевидениесі мен радиосы (РКТРК) ЖАҚ-тың мемлекеттік акция пакетін билеу құқы Хабар агенттігі жабық акционерлік қоғамының қолына өтті. Бұл факт ұзақ уақытқа созылған келіссөздерге нүкте қояды. Келіссөздер барысында Хабар агенттігі мен РКТРК- ның жетекшілері кейінгі кезде рөлі мен жағдайы төмендеп кеткен Қазақстан-1 ұлттық арнасына көмектесудің ең нәтижелі әдісін тапты. Сенімді басқару қысқа уақытта Қазақстан-1 телеарнасының экономикалық және шығармашылық жағдайын тығырықтан шығарып, көтеріп кетуі керек. Жаңа басшылық Қазақстан-1дегі басқару жүйесін жетілдіру, қаржылық мәселелерді қатаң бақылауға алып, кадр алмастыру, технологиялық ресурстарды жаңарту, бір сөзбен айтқанда, елдің ұлттық арнасын заманауи сұраныстарға жауап беріп, стандарттарға сәйкестендіретін жағдай жасау керек. Ақыры бәрі де саябыр тапты. Өзінің арнасына түсті. Ал 1995 жылдан бері шаңырағын көтерген Хабар агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына тәп-тәуір бәсекелес болды.
Тұсауы 1995 жылы кесілген Хабар агенттігінің құрылған күнінен бастап барлық әрекеті көрерменнің көз алдында. Хабар бас-аяғын тез жинап, аз уақытта көп іс атқарып үлгеріп, мынау деп ұялмай көрсете алатындай дәрежеге жетті. INTELSAT-703 жер серігінің көмегімен бүкіл республика аумағын, Ресей мен Орта Азия және Қытай Республикасының көршілес аумақтарын қамтитын ірі ұлттық арнаның орта тәулік хабар тарату көлемі 15 сағат, осы уақыт ішінде қазақ және орыс тіліндегі жаңалықтарымен құлағы түрік, көкірегі ояу көрермен он рет жүздесіп, күнделікті ақпарат алады. Республикада, әлемде, үкімет пен парламентте көтеріліп жатқан оқиғаларды теледидар көрермендеріне нақты жеткізу жолында жүздеген қызметкерлер тынымсыз еңбек етеді. Хабар халық пен қоғам өміріне белсене араласып, көрермендерімен қоян-қолтық жүреді. Елде қандай игілікті іс болса да содан тек репортаж жасаушы ғана емес, ұйымдастырушысы, ұйтқысы болып , басы-қасында Хабар өзі жүреді. Хабардың арқасында қазақстандықтар тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатынан, Сидней Олимпиадасынан қазақ тілінде жүргізілген хабарды тамашалады.
Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап жеке меншік телеарналар ашыла бастады. Әуел баста эфирді немен толтырам деп қам жеп, аяқтарынан қалт-құлт тұрған тәуелді, тәуелсізі бар телеарналар қазір қоғамда өзінің орнын тапқан. Телеарналар арсындағы нағыз бәсекенің ауылы алыс болғанымен, бүгінгі күннен бастап оның қабырғасы қалануда. Әр телеарна көпшілік арасында рейтингісін көтеру үшін күннен күнге түрлі хабарлар ұсынып жатыр. Барлығы бірдей дерлік сәтті шықпаса да, арасынан саңылау тауып, халықтың көзайымына айналғандары қаншама. Бұрынғыдай емес, арналар арасында бәсеке пайда болды. Заман талабына сай енді телеарналарға жаңа, өткен ғасыр техникасынан анағұрлым қуатты, мүмкіндігі мол техникалар қажет болды. Сөйтіп, цифрлі технология өмірімізге ентелей енді. Цифрлық технологиялар - бейне коммуникациялық хабарламаның жетілуі нәтижесінде дәстүрлі өндірістік әдістерді сақтауда, таратуда және қабылдауда технологиялық өзгерістер белең алуда. Мысалы, 1979 жылдан бастап Сони, Филлипс компаниялары стандартты цифрлық дыбысты жүйе СД форматты жетілдіруде. Ол дискі және аппаратурада нағыз революция жасады. Аудиотехника тарихы СД дискісінің пайда болуына дейінгі және одан кейінгі 2 кезеңге бөлінді. СД жүйесі көпшілік аудиотехникаға екі бірдей жаңалық әкелді: цифрлық өңдеу және оптикалық жазу тәсілі. Соңғы жылдары бұл жаңалық дыбыстық және аудиовизуалдық техникада қарышты қадам жасады. СД алғашқы орыннан магнит таспаны шығарып тастады. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын теледидардың мүмкіндігі де үлкен. Қазақстанды былай қойып, дөңгеленген дүниедегі дүбірдің бәрін санаулы минуттарда естіп-біліп отыруымызға теледидардың тигізетін пайдасы зор. Жүрдек уақыттың уысынан шыға, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшыңа айналуда. Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды. Шын мәнінде де солай. Жетпіс жылдың ішінде ол газетің мен радиоңнан, театрың мен киноңнан оқ бойы озық шығып, жеке дара көш бастауда. Оның көрермендері миллиардтармен есептелінеді. Көгілдір экранның құдірет-қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери күшінен әлденеше есе артық. Сондықтан да оған аса сақтықпен қараған орынды.
Теледидар-тек хабар таратушы құрал ғана емес, ағартушылық, насихаттық та құрал. Зерттеуші Құдайберген Тұрсын теледидар әсерлілігіне мынадай анықтама береді: Теледидар әсерлілігі өзіне 3 негізгі бағытты қамтитын, әлеуметтік ақпарат тұжырымдамасын жүзеге асырады: Ағартушылық білім жөнінде негізгі ақпарат болып табылатын хабарламаны таратады; Танымдық логикалық және прагматикалық ақпарат негізінде алынған өзіндік білім туралы ұғымды қалыптастырады; болжаулық болашаққа баға беріп, ол туралы ұғымды қалыптастырып, ол туралы деректі таратады; ұлттық мәселе төңірегіндегі өткір проблемаларда қоғамды топтастыруға қызмет етеді. Біздің күнделікті өміріміз, тіршілігіміз, бізді қоршаған орта туралы шынайы көріністі бейнелейді, ой-өрісімізді түрлі ақпараттармен кеңейтіп, сезімімізді қалыптастыруға, әдеттеріміздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне әрекет жасайды. Аса мәнді әлеуметтік проблемаларға көпшіліктің көңілін аударады, экологиялық этика, қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік позициясын айқындауға, сан миллиондық аудиториямен жылдам кері байланыстың орнығуына, бұл байланыстардың қоғам санасын қалыптастыруға әсерлілігін арттыруға, қоғамның жан-жақты және үйлесімді дамуына көмектесу, байланыстың кезеңмен дамуын сезінуге жағдай туғызады. Қоғамдық мінбеге айналу, орталық және аймақтық, заң шығарушы және орындаушы тұтқалардың халқы алдында есеп беруі, өз саясатын түсіндіру, өз қатарына халықтың қалың тобын тартуға, қоғамның әлеуметтік ақпараттануына басты мәселені шешуі, психологиялық құқықтық қоғамға тиімді бағытталуына жағдай туғызу, сезімталдық, логикалық және прагматикалық ақпаратты негізге алуға; ең бастысы-хабардың соңғы нәтижесінің тиімділігін сезінуге; телекөрерменнің әрқайсысына сол сәтте өзімен бірге миллиондаған адамның сол хабарды көріп отырғандығын сезінуі, әрі телеэкрандағы пікірді өзіне қарата отырып ұғынуына; телекөрерменге қарама-қарсы пікірдегі ойлардың да айтылмайтынын сезінулеріне; экономикалық ақпараттың шыншыл және ашықтығы, коммерциялық тақырыптардың ауқымын ұлғайту, тауар және қызмет, фирма және компания, ертеде талдау мен сынауға жабық болған тақырыптар тағы сол сияқты олардың әрқайсысына шыншыл, жылдам әрі орнықты баға беру,теледидар хабарының әрқайсысының міндеті.1.380 б..
Отандық телеиндустрияда бәсеке әлі жетер жеріне жетіп қалыптаса қойған жоқ. Десек те, осыдан 2-3 жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді. Жыл сайын жаңа телеарналар ашылып, ай сайын әр телеарнадан шығып жатқан жаңа жобаның куәсі болудамыз. Саннан сапаға көшетін күн алыс емес. Өйткені ХХІ ғасыр көрерменінің талғамы жоғары. Бізге қазір ештеңе таңсық емес. Сапасыз, нашар хабарды эфир уақытын толтыру үшін немесе 50х50 принципін сақтау үшін түсіре беруге болады. Бірақ оның кімге пайдасы бар?
Отандық телеарналардың барлығы да ақпаратты бірінші болып таратуға, халық арасында бағасының жоғары болуына атсалысып жатыр. Республика көлемінде хабар тарататын Қазақстан Ұлттық телеарнасы, Хабар агенттігі, КТК, 31 арна, НТК, Еларна сияқты телеарналардың барлығы бірдей дерлік жоғарыда берілген анықтамаға сай жұмыс істемейді. Мәселен НТК арнасы күнұзын шетелдік телесериалдар көрсетумен ғана шектеледі. Арнаға сыймай асып-төгіліп жатқан сериалдар легі қазақ тіліндегі Соңғы ақпараттарды да ығыстырып шығарды. Отандық телеарналардың ішіндегі ұлттық мәселені бірінші орынға қоятын Қазақстан ұлттық телеарнасы ұжымының бүгінгі күні атқарып отырған жұмысын аса жоғары бағалауға болады.
Теледидардың тағы бір құдіреті- сенің сырласың мен досыңның рөлін алмастырады. Ендеше, замана құдіреті, көгілдір экранның жетістігінің бірі ток-шоулар жайлы зерттеуімізге көшсек.

2. " Ток-шоу дегеніміз не?"
Ендеше , Ток-шоу туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Шоу дегеніміз - қойылым. Ал ток-шоу ұғымы сөздік қойылым дегенді білдіреді.Мұндай бағдарламалар әр түрлі бола алады, бірақ оларды қабылдау әлдеқайда оңайырақ. Ток-шоуға қажетті нәрсе - оның қатысушылары болуы шарт. Жүргізуші мен кейіпкерлерден басқа, оны бағалайтын эксперттер міндетті түрде керек.
Мысалы, АҚШ-та көп жылдар бойы Шоу Оперы, Донахью шоу бағдарламалары өткізіліп келеді.
1960-шы жылдардың аяғы мен 1970-ші жылдың басында Валентина Леонтьеваның От всей души бағдарламасы аса танымал, әрі беделді болды. Ол өз жанрлық талаптарға сай еді. Бірақ ол кезде біз ток-шоу сөзін білмедік. Қазіргі кезде ОРТ арнасында Ищу тебя бағдарламасын Игорь Кваша жақсы жүргізіп келді. Ал, В. Леонтьева бастапқы бағдарламаның авторы болған емес. Ол тек қана диктор, СССР-дің халық әртісі. Бағдарламаның көп жері оның әртістік қабілеті арқасында ұсталып тұрды. Оның сценарийін басқа адамдар - журналистер жазды. Бірақ, ток-шоу жанрында актерлік шеберлік пен байланыс орната алу мүмкіндігі бірінші орынға шығады.
Ток-шоудың көрермен ықыласын жаулап алу үшін жақсы сценарий дайындай алатын шығармашылық топ қажет. Осылайша, телебағдарлама редакциялануындағы дайындық кезеңі, негізінен, ұйымдастырушылық - шығармашылық сипатта болады. Өйткені теледидардағы ұйымдастырушылық жұмыс - әдеби жұмыспен тығыз байланысты. Оларды бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.
Мысалы, эфирдегі 2 минуттық сюжет үшін қанша адамның еңбегі сарп етілгені жайлы көзі қарақты әр көрермен көбіне-көп ойлана бермейтіні де негізсіз емес. Өйткені бүкіл ұжымның жұмысы кадр сыртында қалатыны белгілі.Ал көрермен сол еңбектің тек жемісін ғана көріп қабылдайды, яғни дайын өнімді қабыл алады.

2.1 Ток-шоу жүргізушісінің қызметі.
Соңғы жылдары теледидар тәжірибесінде жүргізушінің жаңа типі - модератор пайда болды. Ол - теледебаттар мен түрлі дискуссиялар, телемост, ток-шоу жүргізушісі. Алайда, оның қызметі әлі толық белгіленбеген. Егер сөздің этимологиясына үңілер болсақ, латын тілінің музыкалық терминіне сәйкес келеді. Модератор - бағдарлама компоненттерін бір жерге жинақтайтын тележүргізуші деп те айтуға болады. Модератордың басты ережесі - дискуссия жүргізушісі оның қатысушысы бола алмайды. Қатысушыларға кедергі жасамай, ол уақыттың адал бөлінуін қадағалайды. Ол сұрақ қоя алады, түсінбеген жерін нақтылап сұрай алады. Дискуссиялық бағдарламаларда журналист репортер сияқты іздеу жүргізеді, бірақ ол дерек емес, ақиқат іздейді.Бұл мамандық бізге батыстан келді. Ол жақта журналист-модератор жүргізетін бағдарламаның беделі өте жоғары, ол ең танымал бағдарламалар болып есептеледі. Біздің журналистерге өз білімдерін шыңдай түскен қажет. Қазіргі кезде модератор ролін кәсіби тележурналистер ғана атқара алады. Телебағдарлама жүргізушілері туралы айта келе, қазіргі кездегі ең танымал шоумен мамандығына тоқталып өтейік. Шоуменнің актерлік қабілеті жоғары болуы тиіс. Қарым-қатынас орнату, жылдам реакция ол үшін аса қажет қасиеттер.
Ток-шоу жүргізушінің жұмысы айрықша, төтенше, яғни, экстремальды жағдайда жүзеге асатынын ескеріп, ең алдымен, экстремальды факторларға талдау жасауымызға тура келеді. Бұл, біріншіден, жұмысты жүзеге асыратын орындағы физикалық жағдай, (өте күшті электромагнитті сәуленің шығарылтындығы, қолайсыз температура, ылғалдың бөлінуі, тағы сол сияқты). Екіншіден шектен тыс аса жоғары жауапкершілік, үшінші қауіп, қорқыныш, үрей. Ендігі жерде, айрықша экстремальды қызметтің өзіне тән ерекшеліктеріне назар аударған абзал. Олар:
а) адамның жүйкесі, психикасы тарапынан күш-қуаттың жұмсалатындығы, яғни энергияның шығындалатындығы,
ә) өзінің резервтік мүмкіндіктерін іске қосатындығы,
б) физикалық немесе психикалық жағынан қалжырауы.
Мұндай ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары нені көрсетті: Атап айтқанда, Т. Немчиннің жүйкеге түсетін ауыртпалық жөніндегі Д. Спилбергердің ахуалдық алаңдаулық мөлшері бойынша, М.Люшердің түрлі-түсті тестілеуден жасалған психологияны қадағалау әдістерінің нәтижесінде жүргізушілер, шолушылар, комментаторлар эфирге шығар алдында жағымсыз психикалық ахуалды бастан кешірген екен. Бұл әлдекімдерден ашулану, тітіркену ретінде аңғарылса, кейбіреулерден тұйықталу, шектелу, жаншылу сипатында көрініс табады. Көпшілігіне алаңдаушылық, сәтсіздіктен үрейлену әсері тән. Олардың тән қызуы, қан қысымы көтеріледі. Жүргізушілер көңіл-күйіндегі алаңдаушылықтың негізгі себептері уақыттың тығыздығынан, күтпеген жағдайларға тап болудан, өзін-өзі жеткілікті дәрежеде мойындамаудан, мейлінше қатаң қадағалаудан, өзін-өзі барынша шектеуден туындайды. Ендеше, олар өздерін қолдауды және мақұлдауды қажет етеді. 4.59 б..
Біздің ойымызша, ток-шоу жүргізушісі үшін ең маңызды мәселе дүниетаным деңгейі жоғары, білім терең, кәсіби шеберлігі шыңдалған белсенді маман ғана емес, сонымен қатар, ерікті, жігерлі, қайратты, белсенді, көңіл-күй тұрақтылығын сақтай білетін, ұстамды, орнықты, өз психологиясын өзі қадағалай алатын табанды адам болуы керек.
Телжурналситің хабар дайындағанда алға қоятын негізгі мақсаты - көрерменін ішкі жан дүние әлемімен қоса үйіріп ала жөнелетін тамаша тәсіл тауып, айтайын деген ойын, мақсатын ұтымды әдіспен жеткізе білуінде. Бұл телехабар жанрларының қыры мен сырын жетік біліп, жеделдік танытатын, жалықпай ізденіп, кең алымдылық пен шалымдылыққа ие журналистердің ғана қолынан келеді.
Эфир мерзімінің шектелуі - заңдылық. Қысқа әрі әсерлі ойға толы хабарларда сөйлесуші сөзінің мәнді болғаны абзал. Журналист хабарға қатысушы сөзінің мәтінін қарағанда оның сөйлеу тіліне жақын, артық цифрлар мен терминдерден, жаргон сөздерден таза боуын ойластыруы керек. Автор өзіне тән стилін сақтаса ғана даралыққа ие болады. Кейіпкерлерді ағынан жарылтып сөйлете білу үшін оның көңіл кілтін таба білу қажет. Ал, бұл кілтті табудың жолы әрқилы. Журналист алдымен кейіпкерінің мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын, ой дүниесін байқап, ішкі сезім әлеміне кіре білгенде ғана оның жан сарайын бар қырынан жапрқырата аша алады. Өткірлік пен батылдық қатар қонақтап, тоғысып жатса хабар арқауы қиюласып, етек-жеңі жинақтала түседі. Жалаң ой мен сылдыр сөз, ұзақ сонар сірескен тіркестер көрерменді оп-оңай жалықтырып жібіретіндігін ұмытпағайсыз. Нақтылық пен фактіге құрылған дәлдік, серкесөз, көсемсөз, қысқалық және нысаналы ой ғана редакторға шабыт, жүргізушіге қанат бітіре алады.
Теледидар айдыны тереңдігіне орай аса жылылықты да, аса салқындықты да сүймейді. Теледидарға үш бірдей тұлға: редактор, режиссер, оператор ойы бір арнада тоғысып, бір-бірін нәрлендіріп отырғаны жөн. Теледидар тележурналистеріне көрікті келбет, толымды ой, шалқарлы шабыт керек. Осы үшеуінің біреуі олқы соқты дегенше көрермен көңілінен шығатын дүниелер тумасы анық. Ал, ток-шоу қоғамның даму деңгейіне де қатысты, бірақ негізінен бұл тележанр білікке,өре мен деңгейге, мәдениетке көбірек тәуелді. Шоуды шоуменнің жүргізуі керектігін ескермейміз, бізде сұрақ беруші болса, жеткілікті деген тұжырым қалыптасқан.
Эфир - ойын алаңы емес, ол - көрермен алдындағы өте жауапты сын, яғни олармен бетпе-бет келетін майдан іспетті.
Жалпы тележурналистикадағы жұмыс процесін эфирге дейінгі, эфир кезіндегі деп екіге бөліп қарастыратын болсақ, эфирге дейінгі жұмыс процесі ұжымдық үйлесім үлесіне тимек. Әрбір телеарнаның ұстанған бағыты, айқын көзқарасы, жұмыс жоспары, оның қызметінің мәнісін айқындайтын бет-бейнесі болады.
Телережиссер - өндірістің көркемдік жетекшісі, эфирге дайындалған арнаның өнімі техника жетістігіне қоса табиғи талантына сай телекамералардың екі жағындағы құбылыстарды, нысандарды техникалық-шығармашылық топ пен көрермен қауымның арасындағы көпір. Ал көпірдің сәулетті болмысы режиссердің білімі мен біліктілігіне байланысты. Тележурналист, телесценарист, телекомментатор еңбегін көз көріп, құлақ естиді. Ал көрерменнің ойына, оның сезіміне әсер ету режиссерлік шешімге байланысты, ұсынып отырған осы үш саланы біріктіретін теледидар синтездік парасаттың жемісі. Теледидар режиссурасының негізгі талабы - техника тілін түсініп, күнделікті көркемөнер жұмыс барысына пайдалану, кино, музыка, қылқалам өнерлерін жете зерттеп, журналистика мамандығын кәсіби талантпен қоса, актерлік шеберліктің әліппесін үйреніп, заман, уақыт тербелістері мен тілек-талаптар үдесінен шығу. Жоғары санатты телережиссер, Қазақ Театр қайраткерлері одағының мүшесі Жеңіс Мұқатай Қазақ әдебиеті газетініде 2ОО4 жылы 27-тамызда шыққан Қазақ телережиссурасы қандай? атты мақаласында қазірге телережиссерлерге өзінің бағасын бере келіп, мынандай қорытынды жасайды: Қазіргі телережиссураны негізгі екі топқа жатқызғым келеді. Біріншісі -технократ режиссер, екіншісі-көрерменге саңылау іздейтін өнер адамдары. Технократ режиссер -ол техниканың бүгінгі жетістігін жүздеген арнайы эффектілерді қисынды-қисынсыз қолдана беруші (спецэффект), сенгені компьютер. Екінші бағыттағы режиссерлер қазақ тілінің айтылу ерекшелігін, сөз саптауын жіті бақылап, әрбір сюжеттен бейнефильмдерге дейін жусан иісі аңқып тұратын ұлтжанды, оқыған-тоқығаны бар, теледидар техникасының соңғы жетістіктерін режиссерлік орамға, ойға, мақсатқа орынды пайдалана біледі. Әттеген-ай, олар саусақпен санарлық. Міне, алтын қор осылар. 5.3 б.. Қазіргі күнгі ток-шоубағдарламаларының барлығын дерлік өз ісінің майталмандары, мықты режиссерлер жасайды деу қиын. Десек те, Хабар арнасындағы Сонымен, солай дейік.. , әмбебап ток-шоуы ,31 арнадағы Дода, Кокпар ток-шоу бағдарламалары білгір режиссерлермен өзге де шығармашылық, техникалық топтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде көрермен көзаймына айналғалы қашан.
Студиядағы сан тараулы көріністі жүйелеп, жинақтап, қас-қағым сәттегі елеусіздеу көріністерге дейін көрерменге ұсынатын тұлға - оператор. Операторлық өнер - бұл бейнелеу өнеріндегі ең кенже қалыптасқан сала. Оның ерекшелігі - экранда жарықтың көмегімен нәрсенің түрін, түсін, жалпы айтқанда, барлық болмысын, қимылын көруге болады. Бейнеленген затты қозғалысқа келтіріп көрсету-бұл операторлық өнердің басқа бейнелеу өнерінен (живопись, графика, скульптура) ең басты артықшылығы. Операторлық өнердің міндеті-хабардың нақты және дәл мазмұны мен мағынасын көрсету. Мұндай творчестволық міндетті оператор өз өнерінің, шеберлігінің арқасында шешеді. Сурет өнеріндегі шығармалардан оператор шығармасының айырмашылығы мұнда жеке адамның шығармасы деген болмайды және оператор динамикалық түрде қозғалатын кескін жасап шығарады.Оператор өзінің ең басты қаруы- жарық пен камераны пайдалана отырып, қолына қалам мен бояу ұстаған суретші немесе жонатын құрал ұстаған скульптор сияқты өз характерін көрсетеді. Оператор көрерменге тек адамның сырт бейнесін емес, сонымен қатар ішкі жан дүниесін, сезімін, қуаныш-қайғысын да көрсетеді.
Барлық тележурналистер жоғары кәсіби біліммен қатар, қазіргі заманғы журналистикадағы ақпараттық деректерді іріктеу принциптерін, студия қызметтерінің ерекшеліктерін, телебағдарламаларды беру тәсілдерін, эфирді жүргізудің кәсіби әдістерін, яғни, идея жоспары мен сценарийлік жобадан бастап, оны жүзеге асырудағы бүкіл техникалық тетіктер мен технологиялық процестерді толық меңгерген маман болу керек. Ендеше, журналист - эфир - аудитория тізбегінен келіп, кәсіби этика - кәсіби деңгей - рейтингтік көрсеткіш сабақтастығы туындайды.
Техника дегенде, журналист үшін ең қажет құрал - микрофонға ерекше тоқталуға болады.
Микрофон - дегеніміз грек тілінен аударғанда микро-шағын, роне- дыбыс деген сөз. Ал аудиотехника тілімен айтқанда, ол дыбыстың тербелісті электрлік тербеліске айналдыратын бірден-бір құрал. Шығармашылық тұрғыда микрофонның кілтін табу - әрбір журналист үшін қиын да, күрделі іс. Өйткені, шағын дыбыс деген мағынаны білдіргеніне қарамастан, бұл құралдың эфирде негізгі тетігі ретінде атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Әлбетте, теле, радио саласындағы журналист өзінің сабақтаған ойын, жұптаған сөзін көрерменге микрофон арқылы жеткізетіні белгілі. Сондықтанда, жүргізуші шеберлігінің бір қыры оның микрофонды қаншалықты дәрежеде меңгергендігінде болса керек. Микрофон-өте сезімтал құрал. Ол жүргізушінің көңіл-күйін, ішкі жан тебіренісін, тіпті,
денсаулығының жағдайын, яғни тамағының ауырғанын, мұрнының бітіп қалғанын- соның бәрін әп-сәтте қағып алып, тіркеп қояды. Одан әлденені жасыру қиян-ақ. Тегінде сөйлеуші үшін микрофон- жүрек, жүйке, ми қызметінің ахуалына әсерлі із қалдыратын айрықша толқу әрекетінің қайнар көзі. Мейлі тікелей эфирде болсын, мейлі алдын-ала студияда жазылған ток-шоу хабар болсын микрофонмен бетпе-бет келгенде кім-кімнің де бұл күйді бастан кешіретіні анық. Демек, жүргізуші өзінің микрофоннан айтатын сөзінің мән-мағынасын, мазмұнын, тақырыптық ерекшелігін, соған сәйкес таңдалып алынған дауыс ырғағын, тіл қату мәнерін, дыбыс реңкін кәдімгі сценарийлік жоба тәрізді ой елегінен өткізіп, іштей әзірленуі тиіс. Басқасын былай қойғанда, хабар басталған кезде асығып - аптығып, әрең үлгеріп келеген жүргізуші ентігін басып болмастан эфирге шықса, міндетті түрде соның бәрі байқалып тұрады. Әрине, жылдар бойы тікелей эфирге бойы үйреніп, микрофон алдына келгенде түк болмағандай қаннен-қаперсіз қалыпқа түсіп, микрофонды өзінің жан дүниесінің сенімді серігіне айналыдып, сергек те сезімтал көңіл күймен күнделікті өзінің жұмысына кірісіп кететін жүргізуші некен-саяқ. Мұндай тапқырлық эфирге қызмет ететін журналистердің әрқайсысының маңдайына жазыла бермесе керек.
Телевидение тек мәліметтер арнасы ғана емес, сондай-ақ, өнер өрісі болып әрдайым қала бермек. Адамзат тіршілігін бейнелеуді телевидениенің өзіне ғана тән, тек соған ғана берілген орасан зор мүмкіндіктері бар. Эфир жүргізушісі айтылар ой барысындағы дауыс ырғағын, сөз алдындағы және сөзден кейінгі үн үзілісін, екпін түсіру тәсілін, дыбыстардың айтылуын, алуан түрлі атаулар мен ұғымдардың түсінікті, анық жеткізілуін қадағалауда өз өнерін ой-өрісін, білім деңгейін жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтіп, шеберлігін шыңдаған үстіне шыңдап, күннен күнге тәжірибесін молайтып, кемелдене түсуге талпынуы хақ.
Иә, жүргізуші журналисті мокрофонмен қауыштырып, көрерменмен табыстырып жіберетін бір фактор - оның дауысы. Әйтсе де кез-келген дауыс, тіпті күнделікті өмірдегі әдемі дауыстың өзі микрофоннан ауқымды, әуезді, жағымды болып естілуі мүмкін. Қалай болғанда да, тек қана дауыстың телевидениеге тән болуы барлық мәселені бірден шеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ток - шоу тақырыптары
Шоу бағдарламалардың түрлері
Ток - шоудың басқа бағдарламалардан артықшылығы
«Хабар» телеаранасының қазіргі қоғамдағы алар орны, телебағдарламалары
1958 жылдан 1991 жылдар аралығында
«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ойын-сауық бағдарламалары
Таңшолпан бағдарламасы
Тіл халықтың жаны
Электронды бақ және мәдени хабарлар
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Пәндер