Банктік есеп айырысу операциялары


Банктік есеп айырысу операциялары
Жоспары:
I. Банктік есеп айырысу-кассалық операциялары.
1. Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі.
2. Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі.
3. Есеп айырысу формалары мен құралдары.
Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі.
Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
- банктік шоттар ашу
- ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары
- алдағы уақытта валюталалау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары
- төлемнің шартын өзгерту не қайтару
- валюталық операцияларға бақылау жасау
- шоттың архивін беру
- шоттан қолма-қол ақша беру
- ұсақ ақшаларды ірілеп беру
- банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау
- құндылықтарды жеткізіп беру
Отандық банктер есеп айырысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады.
Есеп айырысу операциялар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Есеп айырысу субъектілеріне қарай:
- банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;
- жеке сектор - үй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп айырысулары;
- банктік сектор - банкаралық есеп айырысулар.
Есеп айырысу объектілеріне қарай :
- тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;
- бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;
- банк ссудалары, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.
Есеп айырысу аумағына қарай:
- Мемлекет ішіндегі есеп айырысулар, оның ішінде:бір қаланың ішінде; қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т. с. с.
- Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.
Есеп айырысу уақытына қарай:
- - сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер.
- мәміле жаалған соң, мерзімді төлемдер.
- коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейінгі төлемдер.
-мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін.
- ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер.
- мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін ұзарту жолымен.
- мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.
Есеп айырысу жүйелеріне қарай:
пошта байланысы арқылы;
телеграф-телетайп байланысы арқылы;
телефон байланысы арқылы;
электрондық байланыстар арқылы;
СВИФТ (Дүниежүзілік банкаралық телекоммуникация қоғамы) жүйесі арқылы.
Есеп айырысу формаларына қарай:
- Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), оның ішінде:кредиттік; дебеттік; ашық шот арқылы; аккредитив; инкассо.
II. Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы:
Есеп айырысу тәсіліне қарай:
- толық есеп айырысулар;
- жартылай есеп айырысулар;
- өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айырысулар.
Есеп айырысу құралдарына қарай:
- Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде:төлем тапсырмасымен;
- Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде:
- төлем-талап тапсырмасы,
- чек,
- вексель,
- инкассалық өкімдер.
- Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар, банктік аударымдар және т. б.
Есеп айырысу шамасына қарай:
- ірі төлемдер;
- ұсақ төлемдер;
Есеп айырысу кезектілігіне қарай:
- жалақы, бюджет, сақтандыру және т. с. с. төлемдер;
- материалдық құндылықтар үшін төлемдер;
- ссудалар үшін төлемдер;
- сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.
Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі.
Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кездегі екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк басқармасының №266 бекітілген «Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы» нұсқаулыққа көзделген. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.
Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар талап етіледі:
I. Резидент-заңды тұлғалар үшін:
- Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған) ;
- Статистикалық карточка;
- Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
- СТТН көшірмесі;
- Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі;
- Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы Министрлігінен рұқсат қағаз;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана) ;
- Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл құжаттары мен СТТН;
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот туралы келісім-шарт;
II . Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін:
- Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған) ;
- Статистикалық карточка;
- Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
- СТТН көшірмесі;
- Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың көшірмесі;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
- Жеке куәлігі (көшірмесі) ;
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот ашу туралы келісім-шарт.
III. Шаруа (фермер) шаруашылығы:
- Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
- СТТН көшірмесі;
- Жерді пайдалануға жер бөлімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
- Жеке куәлігі (көшірмесі) ;
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот ашу туралы келісім-шарт.
IV. Жеке кәсіпкерлер үшін:
- Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
- СТТН көшірмесі;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
- Жеке куәлігі (көшірмесі) ;
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот ашу туралы келісім-шарт.
V. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:
- ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын растайтын құжаттың көшірмесі;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
- Жеке куәлігі (көшірмесі) ;
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот ашу туралы келісім-шарт.
VI. Жеке тұлғалар үшін:
- Жеке куәлігі (көшірмесі) ;
- СТТН көшірмесі;
- Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;
- Банктік шот ашу туралы өтініш;
- Банктік шот ашу туралы келісім-шарт.
Есеп айырысу формалары мен құралдары.
Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары 2 формада жүзеге асады: қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар - бұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды.
Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар және монеталар жатады. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске асады.
Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар - клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердің жиынтығы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер) .
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.
«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын, яғни 3488000=(4000*872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге әйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
- төлем тапсырмасы;
- төлем талабы-тапсырмасы;
- инкассалық үкім;
- чекпен есеп айырысу;
- вексельмен есеп айырысу.
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:
- төлем құжатының атауы;
- төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
- ақшаны аударушының толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
- ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
- бенефициардың (ақшаны алушы) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
- бенефициар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
- төлемнің тағайындалу коды;
- санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
- төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса) ;
- бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТТН) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz