Нашақорлық – өлім тұзағы


НАШАҚОРЛЫҚ - ӨЛІМ ТҰЗАҒЫ

«Наркомания» деген термин гректің сөзінен шыққан, «norko»- есінен айырылып қалушылық, «mania»-құмарлық деген ұғымды білдіреді. Қазақша «нашақорлық» деп аталып жүр. Нашақорлық адамның тек іш-құрылысын ғана емес, жүрек және қан тамырлары, жүйке, асқазан мен ішек жолы, эндокрин жүйесі, бауыр т. с. с. бүкіл ағзаны зақымдайды.

Нашақорлық өсуі- бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік проблемалардың ең ауыры болып табылады. Біздің елімізде де есірткі медициналық жолмен емес, жеке адамдардың көзсіз құмарлығын қоздыру арқылы пайдалану қауіпін күннен күнге күшейтуде. Біріккен ұлттар ұйымы сарапшыларының есебі бойынша Қазақстандағы есірткі заттарды пайдаланушылар 250 мыңға жеткен. Есірткіге тәуелділердің жасы 7-ден 49-ға дейін. Есірткіге тәуелді жандардың өмір жасы күрт қысқарады. Бір жыл ішінде әрбір есірткіге тәуелді адам кем дегенде 10 кісіні өзіне тартады. Жастар ортасында есірткі пайдалану белсенді түрде сәнге айнала бастады.

Есірткіні пайдаланған кездегі жағымды сезім шын мәнінде уақытша алдамшы сәт. Адам осы сәтті бастан кешіріп көру үшін қызыға бастайды. Алғашқы жағымды әсерлі сезім адамды азғырушылық жолға салады. Енді оның бар мақсаты осы сезімді аңсаумен, соны қалайда тауып пайдалануды ойлаумен жүреді.

Әдетте, есірткінің алғашқы дәмін таттыру тегін болады. Тегін нәрсе қайда бар? Қазақта « батпан құйрық . . . айдалада неғып тегіннен тегін жатқан құйрық » деген мәтел бар емес пе? Жем шанышпаса, құр қармақты балық қаппайды ғой!

« Есірткені инемен салмасан тәуелді болмайсын » деп, наша түріндегі шөпті шегуге қызықтыратындар да бар. Бұл - арандатушылық. Қандай да болса әдеттің соңы адамды тәуелді етумен тынады.

Есірткінің наша, кендір қурай, қарасора, марихуана деген шөптен жасалған ұнтақ түрлері бар.

Есірткенің биологиялық зияны:

  • ағзаны тәуелді етеді;
  • психиқа бұзылады,
  • ішкі құрылыс зақымданады;
  • кемтар балалар туылады.

Есірткінің әлеуметтәк зияны:

  • нашақордың отбасындағы және ет - жақын туыстары қиналады;
  • емдейтін маман іздейді;
  • шығынданады;
  • нашақор өз жақындарын еліктіреді;
  • қылмыстар жасалады, т. б.

Есірткенің экономиялық зияны:

  • бар ақшасын есірткі қолдануға құртады:
  • өз үйінен бағалы заттарды білдірмей алып кете бастайды;
  • үйдің жағдайын төмендетеді;
  • есірткі сатушылар оңай олжаға кенеледі, арам жолмен байиды.

Есірткімен қандай күрес түрлері бар?

  • Сингапурда сағыз және есірткі заттар сатуға қатаң тыйым салынған. Бұл елде есірткімен ұсталған адам бірден өлім жазасына кесіледі.
  • Есірткі саудасы заңсыз болғандықтан, есірткі сатумен айналысатындарға, сақтағандарға, тасымалдағандарға қылмыстық іс қозғалады ( Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 259 - бабы ) .
  • Есірткі тасымаушыларды тексеру үшін көліктің кез келген түрін тоқтатып, тәртіп сақшылары қадағалайды.
  • Жастардан құрылған бірнеше қоғам « Есірткіге жол жоқ! » ұранымен күрес шараларын насихат түрінде жүргізеді.

Отбасында талқылаңыз . . .

АҢЫЗ БА ӘЛДЕ ШЫНДЫҚ ПА?

Бұл пікірталас туғызар тапсырмамен жұмыс істегенде баланың пікірін, басқа да отбасы мүшелерінің пікірлерін тыңдап алып, шындық нұсқасымен қорытыңдылаңыз.

1-аңыз:

Есірткі қолдану ауру емес, өз - өзіңе еркіндік беру, жаман әдет.

Шындық нұсқасы:

Наша немесе есірткі қолдану тез арада ауру белгілерін білдіре бастайды. Адамға ауа, тамақ пенсу қаншалықты керектігі сияқты, бұл қорқынышты аурудың негізгі белгісі есірткіге тәуелділік те дәл сондай қажеттілік туады. Бұл ауруды уақытында емдетіп тоқтатпаса, ақыры қиын өлімге апарып соғуға мүмкін.

2 - аңыз:

Нашақорлық емделмейді.

Шындық нұсқасы:

Нашақорлықтан емделіп жүрген жан, ұзақ уақыт алған емінен соң, бір рет болса да есірткі дәмін татар болса, онда ауру әбден асқынып, кейде тіпті ем қонбайтындай қиын түріне ұласып кетуі мүмкін. Соңдықтан, нашақор есірткіден емделгеніне ұзақ уақыт өтсе де созылмалы аурумен ауыратын науқас болып есептеледі.

3 - аңыз:

Есірткіні шын көңілмен жай ұсынуы мүмкін.

Шындық нұсқасы:

Орыс халқында «Тегін ірімшік тышқан аулайтын қақпанда ғана жатады» деген мақал бар. Иә, әуелі тегін береді. Адам бір - екі дәмін татқан соң, үшінші рет өзінің қалай сұрап барғаның білмей қалады. Дәл сол кезде тегін таратқыш мырза ақша талап етеді. Адам ағзасына есірткі қаншалықты керек болса, оның ақшасын да табу керек болады. Кей тәуелді адамдар тегін доза алу үшін, әр барған сайын бір жаңа « дәм татар» танысын апарып тұрады. Әр жаңа «болашақ тұтынушы» апарған сайын тегін доза алып жүретіндер болады.

4 - аңыз:

Желім иіскеп, дәрілер жұту - нашақорлыққа қатысты емес, бұл өзінді еркінсіту.

Шындық нұсқасы:

Бұл - токсикомания деп аталады. Токсико - яғни токсиндік, улы заттар, мания - ақылсыз құмарту деген түсінікті береді. Улы заттар арқылы адам есінен айырылу дертіне ұшыраса, бұл да нашақорлықтың бір түрі.

5- аңыз:

Есірткені қолдану арқылы алатын сезімнің кереметтігі сондай, сол сезім үшін тәуекел етіп пайдалануға болады.

Шындық нұсқасы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлық - қылмыс бастауы
Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары
Қаздауысты Қазыбек
Пэннинг тұзағы
Заттардағы магнит өрісі
Ішек аурулары
Нашақорлықтың неше түрлі зардаптары
Нашақорлықтың неше түрлі зардаптары жайлы
Зиынды заттардың профилактикасы
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz