Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу



Мүмкіндіктері шектеулі балаларды
оқыту және тәрбиелеу
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез құлқындағы кемшіліктеррді түзету, орнына келтіру, дамыту . педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралдас бөлігі болып табылады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жүріс.тұрысындағы кемшіліктер адамның жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне оқу, бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен құрдастарымен қарым.қатынасына кері әсер етеді.
Балалардың мінез.құлқындағы ауытқулар мен олардың кемшіліктерін жеңілдету мәселелерін педагог.ғалымдар Л.С.Выготский, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский зерттеген. Олар оқуында, тәртібінде ауытқуы бар балаларды оқытудың, тәрбелеудің маңыздылығын баса көрсеткен, сондай.ақ, баланың біріншіден, қандай да бір іс.әрекетті неге және не үшін орындағанын біліуін, екіншіден, жүріс тұрыс ережелері мен нормаларын ешкімнің бұйрығын күтпей, өз қалауымен орындауға тырысуы өте маңызды екенін анықтаған. Ал, А.И.Захаровтың тұжырымы бойынша, кейбір жағдайларда баланың «қырсықтығы» жалпы жоғарғы қозғыштық сезіммен анықталады. Бала бұл жағдайда ересектер жағынан тым көп көлемдегі кеңестер мен шектеулерді, ескертулерді қабылдай алмайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды
оқыту және тәрбиелеу
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың мінез құлқындағы кемшіліктеррді түзету, орнына келтіру, дамыту - педагогика жүйесіндегі балалардың оқыту мен дамытудың маңызды құралдас бөлігі болып табылады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жүріс-тұрысындағы кемшіліктер адамның жеке тұлға болып қалыптасуына, оның жеке қасиеттеріне оқу, бейімделу әрекеттерінің бұзылуын қалыптастырып, баланың үлкендермен құрдастарымен қарым-қатынасына кері әсер етеді.
Балалардың мінез-құлқындағы ауытқулар мен олардың кемшіліктерін жеңілдету мәселелерін педагог-ғалымдар Л.С.Выготский, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский зерттеген. Олар оқуында, тәртібінде ауытқуы бар балаларды оқытудың, тәрбелеудің маңыздылығын баса көрсеткен, сондай-ақ, баланың біріншіден, қандай да бір іс-әрекетті неге және не үшін орындағанын біліуін, екіншіден, жүріс тұрыс ережелері мен нормаларын ешкімнің бұйрығын күтпей, өз қалауымен орындауға тырысуы өте маңызды екенін анықтаған. Ал, А.И.Захаровтың тұжырымы бойынша, кейбір жағдайларда баланың қырсықтығы жалпы жоғарғы қозғыштық сезіммен анықталады. Бала бұл жағдайда ересектер жағынан тым көп көлемдегі кеңестер мен шектеулерді, ескертулерді қабылдай алмайды.
Баланы оқыту және тәрбиелеу кезіндегі кемшіліктерін түзетудің жағымды әрекетін қалыптастыру баланың жеке тұлғасының, оның білімінің және тәрбиесінің дамуын жүзеге асыратын ересектер мен баланың бірлескен мақсатқа бағытталмаған іс-әрекет барысында жүргізіледі. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін педагогтың әдістемелік арсеналында арнайы және арнайы емес әдістердің жүйесі болады.
Арнайы әдістерді пайдалана отырып, тәрбиеші бала тәртіптеріндегі кемшіліктерді тікелей түзетушілік ықпал етуді жүзеге асырады. Арнайы емес әдістердің көмегімен түзетуші ықпал ету жалпы баланың тұлғасына, оның іс-әрекеттерімен және құрбыларының қарым қатынасының сипатына жанама бағытталады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқыту және тәрбиелеу кезінде жаттығу түзетудің арнайы әдістерінің бірі болып табылады. Балалардың оқу іс-әрекеттерінде және одан тыс уақытта ересектер арнайы жағдайларды (оқу тәрбиелік) тудырады. Бала осы жағдайларға қатыса отырып, әлеуметтік мақұлданатын тәртіпті, дұрыс іс-әрекеттерге жаттығады, мысалы, бала шыдамды болуға,өзін мейірімді ұстауға тырысады, берілген оқу тапсырмасын дұрыс жасауға бейімделеді.
Жаттығуды орындай отырып, бала тиімді, мақұлданатын жүріс-тұрыс мазмұнын түсінеді, оны әдетке айналдырады. Жаттығулардың тиімділігінің маңызды шарттары кемшіліктерді жоюға деген баланың саналы бағыттылығы; жіберілген қателіктің, сәтсіздіктің себептерін және оларды болдырмау тәсілдерін түсіну; жеткен жетістіктерді ересектердің, құбыларының есепке алуы және бекітілуі.
Жаттығуларды дұрыс қолдану кемшіліктерді жоюға және анағұрлым тұрақты тиімді тәртіпті қалыптастыруға ықпал етеді. Бірақ тек жаттығуға толығымен жүгіну кері салдарға әкеліп соғуы мүмкін: агрессияға барлығын керісінше жасауға деген тырысушылық. Тиімді емес мінез құлықты алдын-алудың және түзетудің тәсілі ретінде жазаны пайдалануда. С.А.Макаренко бір ережені сақтау керек деген: тәрбиеленушіге мүмкіндігінше көп талап қою, оған деген мүмкіндігінше құрмет көрсету.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу мен тәртібін өзгерту немесе түзету үшін арнайы емес әдістерімен үш топқа бөлуге болады.
1.Бала әрекетінөзгерту әдістері.
2.Қарым қатынасты өзгерту әдістері.
3.Білім беру жүйесінің құрамдаушыларын өзгерту тәсілдері.
1.Бірінші топ бала әрекетін өзгерту әдістерін; іс әрекеттің жаңа түрлерін енгізу; іс әрекет мазмұнының өзгертуі; іс әрекет мағынасының өзгертуі.
-Іс әрекеттің жаңа, қосымша түрлерін енгізу маңызды әдіс болып табылады, Ең алдымен бұл бұрын тәжірибесінде болмаған немесе толық қалыптаспаған іс-әрекеттерін енгізу. Мысалы: өнердің әр түрлі жанрларындағы шығармашылық іс әрекет.
С.Т.Шацкийдің айтуынша өнер тұлғаның барлық құрамдаушыларын үйлесімді қалыптастыра отырып, баланың эмоциялары мен сезімдерін дамытуға, оның мінез құлқын өзгертуге, идеалдарын, құндылықтарын, мотивтерін қайта бейімдеуге қабілетті.
-Түзету жұмыстарында, емдеу тәжірибеде өнерді пайдалану арттерапия деп аталады. Бала арттерапияға, яғни сурет салу, шынықтыру, әдебиет, музыка шығармашылығында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз ету
Интеграция – арнайы білім беруді ұйымдастырудың жаңа формасы
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Артпедагогика
Қарапайым топтар variant Арнай топтар variant Күрделі топтар variant Уақытша топтар variant Аралас топтар
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер