Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы тіл кемістіктерінің ерекшеліктері


Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы тіл кемістіктерінің ерекшеліктері (І-ІІ дәрежедегі)
Балалардың психикалық дамуының тежелу мәселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейтесті мәселенің бірі брлып табылады. Олар ақылдылар қатарына жатпайтын, сонымен бірге білім қорының көлеміне қарай олар қорытуға жеткілікті икемділіктері барын кең «дамудың жақын аймағын» көре білді, белгілі категориялы балаларды іріктеп алады. Бұл балалар ерекше топқа кіреді - психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзылулар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.
Психикалық дамуы тежелген балалардың тек қана психикасы бұзылған деп қарамау керек, сонымен қатар олардың дене мүшелері мен тілдерінде де дамымаушылық кездеседі. Әдетте психикалық дамуы тежелген балалардың тілінде кемістік болады. Бірақ бұл жағдай да түрлі сөйлеу патологоиясымен байланысты. Яғни, ол ақыл-есі дұрыс балаларда да көрініс беретін кез-келген сөйлеу мәнерінің бұзылуы болып табылады. Алайда психикалық дамуы тежелген оқушылар тобында да сөйлеу мәнерінің фонетикалық-фонематикалық тұрғыда дамымай қалу жағдайы кездесіп жатады.
Қазіргі заманғы мектептердегі ең өзекті мәселелердің бірі - оқу тәрбиелік процесс нәтижесін көтермелеу мен оқушылар үлгермеушілігін болдырмау болып табылады. Ал оны шешу үшін мекемелердегі оқытудың түрі мен тәсілін жетілдіру керек және білім берудің неғұрлым нәтижелі жаңа жолын қарастыраған абзал. Б. П. Пузановтың айтуынша бұл аталмыш мәселе әсіресе альтернативті білім беру мекемелерінің пайда болуы мен білім берудің түрлі мемлекеттік стандарттарын енгізу нәтижесін өрлей түсті.
Көптеген түрлі себептермен оқу бағдарламасын белгіленген уақытта және қажетті көлемде меңгере алмайтын оқушылар саны бүгінде үнемі өсу үстінде, кейінгі зерттеу деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда олардың саны 20-30 пайызға жеткен. Мәселен, Білім министрлігінің берген мәліметінде зер салсақ, бүгінде 78 пайыз оқушы білім берудің арнайы тәсілі мен түріне зәру екен.
Жалпы психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту ісі өткен ғасырдағы 1950-ші жылдардың соңына қарай қолға алына бастаған. Бірқатар зерттеушілер бастауыш сыныптарда оқитын оқушылардың үлгерімінің төмендігін олардың ақыл-ойларының кемдігіне тікелей байланысты деген қорытындыға келеді. Бұл оқушылар арнайы категорияларға бөлінген.
Ал, К. С. Лебединскаяның клиникалық зерттеулерінің нәтижесінде психикалық даму тежелуінің төмендегідей клиникалық түрлері айқындалған:
- конститутционалды немесе гармониялқ инфантелизм түрінде қалыптасқан психикалық дамудың тежелуі. Бұл топтағы балалардың негізгі клиникалық белгілері мынандай: эмоциялары мен жігерлік қасиеттерінің тежеліп, жас жағынан көп кіші балаларға тән мінез, еркелеу, қуаныш-реніш, аңқаулық, сенгіштік сияқты психикалық ауытқулар. Керісінше, өз жастарына тән іс-әрекеттерге (оқу, жаттау, ойлану, сапалы іс бітіру, жауапкершілік) ынталары болмайды.
- соматогенді психикалық дамудың тежелуі. Бұл топтағы балалардың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері: баланың іштен туа, немесе жүре келе жүрек, бүйрек, өкпе ауруларымен жиі ауруы, жүйке ауруларының әсері сияқты соматогендік зақымданушылар балаларда астениялық жағдайларды қалыптастырады. Осыдан барып, балалардың психикалық тонусы төмендеп, оның дамуы тежеледі. Жиі кездесетін клиникалық белгілері: әлсіздің, дәрменсіздік, өзіне-өзінің көңілі толмаушылық, жалтаңдаушылық. Көптеген балаларда жоғарыда келтірілген жоғарыда келтірілген кемістіктер отбасындағы тәрбиенің дұрыс болмауынан, баланы қорқытып, жәбірлеп, ұрып-ұрсып, қорқытып өсіруінен болса, ендігі бір жағдайда ата-ананың баланы қорғаштап, оның айтқанын істеп шамадан тыс еркелетіп, олардың өз бетімен талаптанып, ойланып, шынығуына тиісті жағдай жасалмағандықтан.
- психогенді психикалық дамудың тежелуі. Бұл топтағы балалардың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себебі: баланың жас кезінде отбасылық жағдайда, немесе әртүрлі созылмалы жүйке ауруларының салдарынан психикалық күйзеліске ұшырайды. Баланың эмоционалдық және жігерлік әрекеттері өте төмен. Бала ынжық, өзіне сенімсіз, әр нәрсеге, әр адамға күдікке қарайды, жалтақтап, сезіктеніп тұрады.
- церебральды-органикалық психика дамуының тежелуі. Бұл топтағы баланың психикалық дамуының тежелуінің басты себебі -жоғарғы жүйке жүйесінің әрекеттінің жеңіл түрде зақымдануы, немесе бас миының кейбір бөліктеріндегі өтпелі қабыну процестері. Сондықтан бір қарағанда психикалық тежелу күрделі, кем ақылдылыққа ұқсағанымен, мидағы өзгерістерорганикалық сипат алмағандықтан бұл патология дер кезінде анықталса, жан-жақты емдеу -түзету әдістеріқолданылса балалар уақыт өте келе өз қатарлы, дені сау балалармен бірдей дәрежеге жетеді.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген психикалық дамудың тежелуінің клиникалық түрлерінің жіктелу негізінде этио патогенетикалық өзгерістер мен олардың әсерінен туындайтын клиникалық белгілер алынған. Бұл өзгерістерді білікті мамандар (дәрігерлер, педагогтар, психологтар, логопедтер, дефектологтар) ғана анықтай алады.
Психикалық дамудың тежелуінің белгілері:
- тез жалығу мен шаршаудың әсерінен ынта мен қабілеттің төмендеуі;
- сезім мен еріктің жетілмеуі;
- жалпы мәлімет пен елестету қорының шектелуі;
- сөздік қорының жеткіліксіздігі;
- интеллектуалды іскерлік, ойлау әдетінің қалыптасуы;
- ойын іскерлігінің толық қалыптаспағандығы;
- қабылдаудың баяулығы;
- сөйлеу логикалық операциясының ойымен қиылыспауы;
- ақыл-естің барлық түрлерінің әртүрлі дәрежеде бұзылуы:
- сенсорлық мәліметтерді қабылдау мен оны түсіну мерзімінің ұзақтығы;
- өзін-өзі бақылау деңгейінің төмендігі;
- мектеп жасына келгенде оқу, ойлау операцияларының қалыптасуы және талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту әдістерін түсінбеуі.
Осы өзгерістердің дәрежесіне сай, баланың жасын ескере отырып, оларды әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу, оқыту және түзету жолдары айқындалады.
Л. С. Выготский, Ж. Пиаже, А. Валлон, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурияның зерттеулері ойлау мен тілдің байланыс негізінде жатқан принциптік жағдайларын анықтауға, сонымен қатар бұл мәселенің аса маңызды сұрақтарын анық көрсетуге мүмкіндік береді. Бұған тіл дамуының мәселелерін онтогенездегі тіл мен ойлаудың даму бағыттары мен заңдылықтарын, тілдік бұзылу процесінде ойдың сөзге қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.
Бала тілінің дамуының ерте кезеңінде ойлау мен тілдің түрлі бастаулары байқалады. Бір жағынан, тілдің қалыптасу бастамасына дейін интеллектуалды реакцияларда көрінеді, екінші жағынан тілдің интеллектуалдыққа дейінгі тамырлары байқалады.
Психикалық дамуы тежелген балаларда дыбыс жеткізудің бұзылуы жиі кездеседі. Е. В. Мальцева 3 топты атап көрсетеді:
- топ тек бір ғана дыбыс тобын қате айтатын балалар. Бұзылулары артикуляциялық аппараттың құрылым аномалиясын, тілдік моториканың жетіспеушілігімен байланысты.
- топ фонетикалық-фонематикалық бұзылулары бар балалар.
- топ сөйлеу тілінің барлық жетілмеген түрі. Фонетикалық -фонематикалық бұзылулардан басқа тілдің лексикалық-грамматикалық жақтарының дамуының бұзылуы байқалады.
Р. Е. Левина психологиялық-педагогикалық классификация құрамында фонетикалы-фонематикалық жетіспеушілігін ашып көрсетеді
Фонетикалы-фонематикалық жетіспеушілік -түрлі тілдік бұзылуы бар балалардың ана тілінің айтылуы жүйесінің қалыптасу процестерінің бұзылуы.
Жалпы тіл кемістігі - есту қабілеті мен ой-өрісінің әдеттегідей дамымаған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістігі.
Дыбыстарды бұзып айтуын, фонетикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалапрдың барлығына тән кемшілік.
Сөйлеу тілі дамымауының бірінші деңгейіне - тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Ондайларды мақау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырлап сөйлеседі, жеке дыбыстарға еліктейді, жекеленген зат есімдік сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анықталмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы бет-аузын қисаңдатып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі аз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұмат жеткіліксіз болып келеді.
Бұл деңгейдегі балалар дыбыстың талдау жолын түсінбейді. Сөйтіп жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:
- Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылатын сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстардан/р-р-р, ш-ш-ш, з-з-з/ күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады. /ту-су/
- Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады. Бірақта, сөз түсінігі тым таяз. Сөздерді бірнеше рет қайталанған таныс ситуацияда түсінеді. Мысалы: «Қолыңды қалтаңнан ал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін, «қалтаңды көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол қалта деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.
- Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталамау қабілеті дамымаған.
Сөйлеу тілі дамымауының екінші деңгейіне ауысудың белгісі, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыт. Бадя тан тет туй. Қыс. Балалар шана теуіп жүр.
Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ол өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл -іс әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі.
Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанымен грамматикалық құрылысы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысының жетілуі қанағаттарлық емес екендігі сөйлеу материалы күрделенген кезде немесе баланың өзі бұрын сирек естіп, аз қолданған сөздер мен сөз тіркестерін айту қажет болып қалған жағдайда ғана оңай білінеді. Балалар септік жалғаулар мен көпшіл түрін білдіретін жалғаулардың мағынасын жете түсінбейді. Жұрнақ, жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту кездейсоқ жағдай, сондықтан да оны пайдаланғанда әр түрлі қателерді көп жібереді. Сөзді тар мағынада жиі қолданады, ауызша талдап қорыту дәрежесі өте қиын.
Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейіндегі балалар төмендегідей сипатталады:
- Балалардың белсенді сөздігі зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздермен толықтырылады.
- Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана бастағанда байқалады.
- Балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
- Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді, және енжар сөздіктері толығады.
- Көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айталмайды. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz