ТҮРКИЯ ДАУЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РАДИОСЫНЫҢ ҚАЗАҚША ХАБАРЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
1.ТҮРКИЯ ДАУЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РАДИОСЫНЫҢ ҚАЗАҚША ХАБАРЛАРЫ
Түркия радиохабарлары да басқа елдердегі сияқты XX ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайда болды. Негізгі дамуы Анкарада бастау алып, іргетасы құрылған 1925 жылы елді радиоландыру туралы заң шыққаннан басталды. 1927 жылдың 6 мамырында толқынға ресми түрде шыққан соң бір жылдан кейін Анкара радиосы өз жұмысына кірісті. Ұзақ уақыт өткеннен кейін 1960-жылдардың басында Түркия радиосында көптеген өзгерістер орын алып, техникалық және басқа жағынан да дами бастады. Сегіз қалада қалалық радиолар құрылды. Радио трансляцияларының автономдық және бейтарап мемлекеттік ұйым ретінде реттелуін көздеген 1961 жылғы Атазаңға орай 1964 жылы нөмірі 359 заңмен TRT құрамында радио трансляциялары таратқыштары күшейтілді.1964 жылдың бірінші мамырында ТRT құру туралы заң шықты. Осы заңға байланысты барлық радиоарналар ТRТ-ның қарамағына көшті.1974 жылдың 9 қыркүйегінен бастап,барлық радиоарналар ТRТ-1-ден хабар тарата бастады. Бұл арна Анкара, Стамбул, Измир, Анталья, Эрзурум, Диябакыр және Чукуров радиостанциялары негізінде жасақталды.1975 жылдың қаңтарында ТRТ-2 және ТRТ-3 өз хабарларын таратты.1978 жылдың 14 сәуірінде ТRТ-3 FM толқыны арқылы музыка бере бастады.1980 жылы қайта ұйымдастырудың нәтижесінде радиохабарлар департаменті құрылды. Стереохабар таратудың алғашқы тәжірибелері басталды.1987 жылдың 18 қазанында Радио-4 арнасы дүниеге келді.Одан кейін бұрынғы үш арна:ТRТ -1 FM,TRT-2 FM, TRT-3 FM деп өзгертілді.Радио-1-оқу-білім,Радио- 2-мәдениет,Радио-3-батыс музыкасы, Радио-4-түрік арналары болды [1].
Бүгінгі күні TRT радиолары 5 ұлттық, 5 аймақтық, 3 жергілікті және 5 халықаралық радио желісімен қоғамдық бейтарап және сапалы жаңалықтар, мәлімет, білім мен мәдениет, музыка, ойын-сауық контентімен елдің түкпір-түкпіріне хабар таратады [2].
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап Түркияда коммерциялық радиостанциялар жұмыс істей бастады.1999 жылы хабар таратудың сандық технологиялар орталығы құрылды [3].
Тағы бір ерекшелік, Туристік радио өзінің ағылшын,француз,неміс,орыс және грек тіліндегі хабарларын Анталья студиясынан тәулік бойы жүргізеді [4].
Түркияда шетелдерге арналған алғашқы хабар 1937 жылы 8 қаңтар күні берілді. Анкара радиосы жүзеге асырған бұл тарихи дата Түркияның радио тарихында алтын әріппен жазылды. Алғашқы хабар премьер-министр Исмет Иненнің араб тіліне аударылған сөзімен басталды.Бұл хабарда сол кездегі Хатай мәселесіне байланысты туындаған қарым-қатынаста Түркияның ресми бағыты түсіндірілді.Кейінірек Стамбул радиосында да жаңалықтар толқынға араб тілінде беріліп жүрді.Бұл хабарлар толқынға тұрақты шыққан жоқ.. Оны тек Искендерун тұрғындар ғана тыңдай алды.Хатай мәселесі шешілген соң хабар тарату тоқтатылды.
Шетелдерге тұрақты хабар таратылған кез 1938 жылдың 28 қаңтары болып саналады. Осы күні жиырма квт қуаты бар хабар таратқыштардың көмегімен қысқа тоқында түрік, ағылшын, француз, неміс тілдерінде хабар берілді.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Анкара студиясы өзінің шыншыл хабарларымен әлем жұртшылығының назарын аударды.
1943-1949 жылдар аралығында түрік радиосы Америкаға, Батыс Европаға, Қиыр Шығыс пен Австралияға хабарларын таратты.
1949-1958 жылдар Түркияның сыртқа хабар таратуындағы маңызды кезең болды.Дәл осы кезде Түркия НАТО-ға мүше еді.Корей соғысына қатысты,Батыс әлемімен байланыстарын кеңейтті.Алғашқыда сыртқа хабар тарату қызметі Анкара радиосы қысқа толқында деп аталды. 1963 жылдың қаңтар айынан бастап Түркия үні (Voice of Turkey) болып өзгертілді.1964 жылдан бастап ТРТ-ның (Түркияның радио және телехабарлар басқармасы) құрылуына орай Түркия үні осы басқарманың құрамына енеді[1,118б].
Түркия даусы халықаралық қызметі қазіргі күні әлемнің отызға жуық: орыс, албан, болгар, ағылшын, грек, румын, араб, қытай, француз, венгер,македон, хорват, грузин, итальян, пуштун, серб, урду, босния, дари, неміс, парсы,испан тілдерінде хабар таратады. Түркия даусы радиосы 2004 жылдан бастап хабарларын Түркия мен Орта Азияға арнады. Олардың ішінде түрік, татар, өзбек, қырғыз, ұйғыр, түркімен,әзірбайжан, қазақ хабарлары да бар.Ал 2009 жылдан бастап армян тіліндегі хабарлар күн сайын беріліп келеді.
Күрд тілінде хабар беріле бастағанына да он жылдан асты. Бұл аймақ халқы мен мемлекет арасындағы байланысты күшейтіп, Түркияның халықаралық қатынастарына да оң әсер етуге ықпал етеді.
Түркияның радиохабарлар қызметіне қысқаша шолу жасай отырып, ел ішіне арналған хабарлардың бір ғасырға жуық, ал сыртқы хабарлардың сексен жылдан астам тарихы бар екендігіне көз жеткіздік. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары радио дәуірі атанып, дүние жүзіне үлкен жаңалық, көп өзгерістер әкелді. Ал қазірге кезде дербес FM-арналардың ұлттық колоритке толы қызықты, шапшаң да шыншыл хабарлары ақпараттың сенімді көзіне айналып отыр. Радиожурналистер тартымды хабарлары арқылы аудиторияны одан сайын өзіне тарта түсуді көздейді.
Түркия мемлекеті еліміздің тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел. 1991 жылдың желтоқсан айының дәл он алтысы күні Американың Азаттық радиосының қазақ қызметі Қазақстан тәуелсіздігін жариялады деген хабарды тарата салысымен Дәл сол күні Түркия жұмхуриаты жағынан оның азаттық алған дәрежесі ресми түрде танылды деп хабарлаған еді. Міне, сол күннен бастап бауырлас ел бір-біріне жақындаса түсті. Кеңестік кезеңде екі түрлі идеология араға сызат түсірсе де, олар тәуелсіздік арқасында қайтадан қауышты. Бір кездері өткен ғасырдың 40-50 жылдары Қытайдан Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға тұрақтаған қазақтарға баспана беріп, бауырына тартқан да осы Түркия мемлекеті болатын. .
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Түркия үні халықаралық радиосының қазақ қызметіне кеңірек тоқталып,жан-жақты талдайық.
Мемлекеттік Түркия радиосы және теледидар мекемесі құрамындағы сыртқы эфирлер басқармасының шет тілдері әкімшілігіне қарасты қазақ редакциясы 1998 жылы ашылды. Күн сайын қысқа толқыннан тікелей эфирде жарты сағат қазақ тілінде хабар таратады. Ширек ғасырға жуық хабар таратып келе жатқан бұл бағдарламаның интернет парақшасы да бар.Оның жүргізушісі әрі редакторы Торғын Сұлтанқызы осында үзіліссіз қызмет етіп келеді.Торғын Сұлтанқызы 1992 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Сүлеймен Демирелдің екі ел ынтымақтастығына орай, өзара студент алмасу бағдарламасы бойынша Түркияға оқуға аттанады. Анкара қаласындағы Гази университетінің журналистика факультетін бітіріп, Түркия мемлекеттік радиосы мен телевидениесінде жұмысқа орналасады.Отыз жылға жуық туысқан елге сіңіп, қызмет етіп жүрген Торғын Қазақстан мен Түркия арасындағы алтын көпір іспетті.Туған әдебиеті мен мәдениетін дәріптеп, ана тілін өркендетуге бар күш-жігерін салатындығы оның жүргізген хабарларынан айқын байқалады. Өз кезегінде Түрік елін де насихаттаудан жалықпайды. Торғын Түркия үні радиосының мақсаты мен міндетін былай деп таныстырды: Түркияның мемлекеттік радиосы болғандықтан, мақсатымыз - Түркияны таныту. Оның ішкі-сыртқы саясатын насихаттау. Соған орай, Түркия мен әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды беріп тұрамыз. Түркияны мәдени, әдеби және рухани жағынан таныстыру мақсатында хабарлар дайындаймыз. Радио соңғы жаңалықтармен бірге, Орталық Азия және әлемде болып жатқан оқиғаларды сараптама жасайды әрі осы оқиғаларға орай Түркияның ресми көзқарасын білдіреді[5]. Сонымен қатар, радио түрлі байқаулар ұйымдастырып, тыңдармандардың назарын аударуға да тырысады. Шағын ұжымда Зейнеш Исмаил, Сәуле Дағайқызы (Исмаил) және Төлеген Байтханов секілді мамандар жұмыс істейді. Кейінгі жылдары Айнұр Майемерова Қазақстан жаңалықтары бойынша Астана тілшісі ретінде қызмет етті. Айнұр Майемерова жазушы Төлен Әбдіктің "Тұғыр мен ғұмыр" атты шығармасын түрік тіліне аударған тәржімашы ретінде танымал. Қазіргі күні Астанадағы тілші қызметін жас журналист Жанар Салыбай атқарып жүр.
Түркия үні радиосының қазақ тіліндегі бағдарламалары саналуан. Тікелей эфирден берілетін жаңалықтар топтамасында Түркия мемлекетінен бастап, басқа аймақтар мен әлемдегі, түркі елдеріндегі: атап айқанда Қырғызстан, Өзбекстан,Түркіменстан, Әзірбайжаннан хабарлар беріледі.Мәдениет, өнер, спорт хабарлары үнемі ұсынылып отырады. Ал, бағдарламалар болса, мынадай бағыттарды ұстанады:
-Түрік сыртқы саясатының бағдары-сараптамалық хабарлары;
-Жаһандық перспектива-талдамалы хабарлары;
-Экономика;
- Апталық анализ-комментарий;
-Тарихта бүгін-түсіндірмелі қысқа хабарлар;
-Түрік баспасөзі-шолулар;
-Әлем баспасөзі-халықаралық шолулар;
-Түрік өркениетіндегі ұлы тұлғалар-танымдық мақалалар, тарихи әңгіме.
-Білім көкжиегінде-сұхбаттар, репортаж, тыңдарман хаттары.
Бағдарламаларды мазмұн жағынан талдамас бұрын олардың ерекшеліктеріне назар аударсақ, радиожанрлардың көптеген түрлерін қолданатынын байқауға болады. Осы орайда радиожанрларды сипаттап, оларға анықтама бере кету орынды.
Журналистиканың жанрлары ақпараттық, талдамалы, көркем-публицистикалық болып үлкен үш топқа бөлінеді. Радиожанрларды да осылайша жіктейміз, бірақ оның өзіндік ерекшелігі бар.Ал пішінге келетін болсақ, тікелей эфир радио табиғатына жақын. Ол ауызекі әдеби сөйлеу болып табылады. Сонымен, тікелей эфир туралы ғалымдар пікіріне жүгінелік.

Тікелей эфир туралы Ж.Әбдіжәділқызының Тікелей эфир табиғаты деген, Н.Омашевтің Радиожурналистика теориясы мен әдістемесі немесе радио туралы басқа кітаптары бар. Соны қолданып жарты бет цитата келтіресің.

Одан кейін жанрларға сипаттама бересің. Радиорепортаж, радиосұхбат,баспасөзге шолу, танымдық мақалалар мен радиоәңгіме жайлы цитаталар келтіріп, ссылкасын қоясын. Барлығына үш бет,үш ссылка арнайсың.

Қазір толқын арқылы таратылып, берілген уақытында тыңдамасаң қапы қалатын заман емес. Цифрлы технология нәтижесінде БАҚ өнімдерін Интернеттен оқи алатын дәуірге жеттік. Сол сияқты радиохабарлардың да өз сайты бар.Суреттер мен мәтіндер, дауыс бәрі сақталған. Түркия үні радиохабарларының сайты өте әдемі безендірілген.Мол мағлұмат алуға зор мүмкіндіктер жасалған.
Мысалы, Білім көкжиегі деген бағдарламаны қарастырайық.Қазір Түркияға барып білім алғысы келетіндер дүние жүзінде көптеп саналады. Талаптарына сай келген талапкерлердің қолдары жетіп келеді. Біздің еліміздің де Түркияда оқып жүр, талай қазақ баласы.Осы хабардың әрбір саны Түркияның бір университетіне арналады. Міндетті түрде жоғары оқу орнының ректорынан сұхбат алынады. Сұхбат барысында сол оқу орнымен тыңдарман кеңінен танысады.
Әлем көлемінде мақтау алған түрік білім беру жүйесі арманын орындағысы келетін жастарға құшақ жаюда, оларға ауқымды білім алу мүмкіндіктерін беруде. Соңғы жылдары Түркиядағы университет саны жылдам артып отыр, жастардың баспана және әлеуметтік мұқтаждықтары да назарға алынуда. Мүмкіндіктері шектеулі жастарға стипендия беріледі.
Ал осы мүмкіндіктерден шетелдік жастардың хабары бар ма? Басқа бір елде білім алуға шешім бергенде білгісі келетін сұрақтарына жауап таба ала ма?
Осы бағдарламамызда ТРТ Түркия үні радиосы арқылы Түркияда білім алу тақырыбында барлық сұраққа жауап табатын боласыздар. Айырықша ғаламтор бетімізде жарияланатын бейнебаяндар арқылы керекті мағлұматтарды мамандардың аузынан тыңдай аласыздар. Түркияның түкпір-түкпіріндегі университеттердің мекендерін өз көзіңізбен көріп, дұрыс шешім қабылдайсыз. Қазір Түркияда білім алып жатқан шетелдік студенттердің сұхбаттарын тыңдап, олардың тәжірибелерінен де пайдалануға болады.
Біз осындай бір бағдарлама керектігін білеміз, себебі басқа бір елде білім алудың өзгеше бір тәжірибе деген мағынаға келетінін жақсы түсінеміз-деп түсіндіреді хабардың басталуында[9].Бұл мақсатта тек оқу ғана емес, дем алу, көңіл көтеру, саяхаттау,тарихи орындармен танысу сияқты көптеген адамға қажет мәселелер қоса баяндалады.
Американ социологы М.Маклюеннің пікірінше, қазір әлем бір деревняға айналды. Шекаралар алынып, әркім өз қалаған еліне барып оқуға мүмкіндік туды. Бұл орайда Түркияда оқудың мүмкіндігі кең. Біз осы бағдарламаны зерттеу барысында көптеген жоғары оқу орындарын білдік, таныстық. Ерекшеліктерін байқадық. Барлығы өзінше бір білім ордасы,тамаша жағдай жасалғандығымен тәнті етеді. Енді Білім көкжиегі бағдарламасына арқау болған университеттер жайлы баяндасақ.Бұл сұхбаттарда тек оқу мәселесі ғана емес, сол университет орналасқан қала жайлы да әңгіме өрбиді. Өйткені Шығыс пен Батыс өркениеттерінің тоғысындағы Түркияның туризм саласындағы үлес салмағы да басым. Әр қаланың өзіндік келбеті, ерекшелігі бар. Мысалы, Шанлыурфа қаласы мен Харран Университеті жайлы 19.04.2021 жылы берілген хабарда бұл мекеннің он мың жылдық тарихы бар Анадолының ең ежелгі шаһары екендігі айтылады. Тыңдарман үшін құнды деректер келтірілген бұл хабарда Берекетті Хилал деп аталған аймақта орналасқан Шанлыурфа Анадолы мен Месопатамия мәдениеті тоғысқан мекен.
Тарихи Харран қаласы Шанлыурфаның 44 шақырым оңтүстік-шығысында орналасқан, тарихта маңызды оқиғаларға сахна болған қала орталығы. Бір кездері эмевилерге де астана болған Харранның негізгі маңызы исламияттан бұрынғы уақыттан бері маңызды білім орталығы болуынан туындайды. Сол кездің университеті деп есептелген Харран мектебінде астрономия, медицина, математика, философия және дін саласында маңызды жұмыстар атқарылды[10].
Хабарда Харран Университетінің ректоры, профессор Ибрахим Халил Мутлу былай деп баяндайды:
"Мен 2007 жылы Харран Университетіне ректор болып келдім. Сол кезден бері университет құрамына үш факультет, төрт жоғары мектеп, бір мемлекеттік консерватория және алты зерттеу орталығы қосылып, сегіз мың шақты тәлімгері саны жиырма екі мыңға, мың шақты болған қызметкері саны болса екі мыңға жетті. Жаңа құрылған Османбей қалашығы инфрақұрылымымен бірге тамаша күйге келді.
Университетте бүгінгі күні он факультет, бес жоғары мектеп, бір мемлекеттік консерватория, он бір кәсіптік мектеп, үш институт, он екі зерттеу орталығы және жиырма бір мыңға жеткен тәлімгері бар.
2011-2012 оқу жылынан бастап шетелдіктерді оқуға қабылдай бастады. Бұл оқу орнын неге таңдайды?-деген сұраққа ректор мырза өте толымды жауап қайтарды:
"Тарихтың бастау алған жері, өркениеттер мекені, пайғамбарлар өңірі, байырғы бір қала Урфа. Бұл жер адам баласының жер бетіндегі тұңғыш храмы. Тарих қайтадан жазылған жер. Бұдан он бір мың жыл бұрын аң аулап күн көрген адам осы ғибадатхананы Урфа маңындағы Гөбеклі төбеде салды. Адам осы жерде отырықшылыққа өтті, алғашқы қалаларын осында салды. Жазуды осында ойлап тапты. Тұңғыш атазаңын осында жазды. Дүние жүзінің тұңғыш университеті Харран мектебі де осы жерде құрылды. Ғылымның жарығы адамды алғаш рет осы жерде ағарта бастады. Болашаққа бағыт берген Әл-Баттани Джабир бин Хаян, Ибн Теммие Сабит бин Курра сынды ғұламалар осында өсіп жетілді[11].Тарихы терең тағлымды мекен жайлы осы хабар арқылы мол мағлұмат алуға болады. Талай кезеңдерден өткен тарихи орында 1992 жылы өркениет жаңа үрдіспен жалғасты. Ғылымды сағынған аймаққа замандас өркениеттің жарығын қайтадан әкелу үшін мың жылдық ұйқысынан оянған Харран Университеті Урфаға ғана емес, әлемге құшақ жайған білім ордасына айналды"-деген пікірмен хабар аяқталды.
"Ғаламдық құндылықтар ұясы" деген ұранмен білім беретін Мерсин Университетінің ректоры профессор Ахмет Чамсарымен сұхбатта [12] ең алдымен тарихи құндылықтарымен танылып, Шығыс Жерорта теңізі аймағының тарихи, мәдени және табиғи сұлулықтарымен теңдесі жоқ туризмнің ордасы болған қала туралы баяндалады.Бұл университет Түркияның технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салада дамуына үлес қосқан жоғары оқу орны болғандықтан сырт елдерге де танымал. Еуропа креди трансфер жүйесі мен диплом қосымшасы этикеттері Еуропада беделді құжат деп саналады. Мұндай құжаттар жоғары оқу орнында берілетін сапалы білімді растайды. Осы бағдарламаны жүргізуші журналистің Шетелдік студенттер Мерсинді қала ретінде қандай ерекшеліктеріне қарай таңдайды?-деген дәстүрлі сұрағына ректор мырза тұщымды жауап қайтарды:
"Мерсин портты қала. Мыңдаған жылдық өркениеттердің ізінен құрылған бір қала. Осы тұрғыдан түрлі мәдениеттермен аралас қала болу ерекшелігі бар. Айырықша студенттер үшін маңызды ерекшелігі-қатынасы жеңіл және әсіресе жатақхана мүмкіндіктері мол. Мерсинде өмір сүру оңай және қалған Жерорта теңізі қалаларына қарағанда студенттер үшін едәуір арзан.
Университетте бакалавр және магистр бөлімдерінде берілетін білім әлемдегі заманауи мұқтаждықтарға жауап береді, сондықтан шетелдік студенттердің қызығушылығын тудырады. Университеттің академиялық кадры мықты, тарих пен туризм қаласы Мерсинді жақыннан тану үшін келуі керек. Біздің бір кемшілігіміз ағылшын тілінде сабақ беретін факультеттер аз болуы мүмкін, бірақ сонда да шетелдік студенттер түрік тілін үйренгеннен кейін қалаған мамандықта білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Мерсин университетінде Сирия және Ирактан, Ресей мен Румыния, Кореядан келген студенттер оқиды. Әсіресе Корея соңғы кезде Мерсинде мәдениет орталығын ашты. .
Премьер-министрдің стипендиясын алғандар ішінде түркі тілдес республикалар мен Африкадан келген студенттер де баршылық. Әсіресе Нигерия, Сомали, Ауғанстан, Бенин, Судан, Оңтүстік Африка сынды елдерден көп студент келеді. Балқан елдерінен Сербия, Черногориядан келеді. Мерсин Университетінде Түркия стипендиясымен келген студенттерге жатақхана мен түрік тілін үйрету тегін.. Студенттер Мерсин қаласында барлық жағдайы бар жайлы жатақханаларда өмір сүріп, заманауи технологиямен жабдықталған оқу орнында білім алады. Мерсин тарихи, әрі туристік қала. Қатынас мүмкіндіктері қарастырылған. Стипендиямен келген студенттер демалыс кезінде Түркияның басқа қалаларында оқитын жолдастарына қонаққа барады. Студенттер қалаға тез үйренісіп кетеді. Бұған қаладағы жалпы студент атмосферасының да үлесі мол екендігіне көз жеткізуге болады.
Білім көкжиегінде бағдарламасында шетелдік студенттермен де сұхбаттасып отырады(06.03.2015 ).
Мына бір хабарда Эрасмус халықаралық бағдарламасымен Түркияға келіп оқып жатқан Мариа Константопулумен сұхбат берілген. Испаниядан келіп Билкент университетінде ағылшын тілінде оқиды. Марианың елінде ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орны жоқтың қасы екен. Ал Түркияда қазір көптеген университет ағылшын тілінде білім береді. Яғни шетелден келіп, Түркияда оқу үшін түрік тілін білу шарт емес. Билкент Университеті жатақханаларында студенттер тегін тұрады. Оның үстіне бұл үздік білім ордаларының бірі. Билкент Университеті бұрындары Америкаға жақсы таныс болатын.Бірақ Еуропаға беймәлім еді. Соңғы он жылда Эрасмус бағдарламасының арқасында түрік университеттерін Еуропа да танитын болды.
Түркияда Эрасмус бағдарламасы кеңінен танымал. Ал Түрік мемлекетінің Мәулана алмасу бағдарламалары шетелдіктерге жасалған мол мүмкіндік болып табылады. Бұлар жайында да Білім көкжиегінде бағдарламасында молынан айтылады.
Адам үшін ең тамаша сезім - белгісіз нәрсе алдындағы ой-тебіреніс. Бәрін білемін, еш нәрсеге таңғалмаймын деген адамның өлі адамнан ешбір айырмашылығы жоқ-деген атақты ғалым Альберт Эйнштейннің сөздерімен басталған бұл хабарда Түркия университеттерінің жай-күйіне қаныға түсуге болады. Тамаша табиғат аясындағы сұхбат, репортаж арқылы білім алу жөнінде, тағы басқа мәселелерге жауап беру тыңдарманның тілегін ескеру нәтижесінде жүзеге асырылады.Сонымен қатар осы бағдарламаны тыңдаушылардың тілектері де ескеріледі. Мәулана Университетінен жүргізілген репортажға назар аударайық. Тыңдаушыларымызға Түркиядағы университеттерді таныстыруымыз ұнапты, сонымен бірге жеке меншік университеттер мен қор университеттеріне де орын беруімізді сұрапты. Сондықтан осы апта басқа бір қалаға барудың орнына, Кониядағы білім мүмкіндіктеріне үлес қосқан бір университетке барамыз. Таныстырғалы отырған жоғары оқу орны Мәулана Джелалледин Румидің есімімен аталады. Бұл университеттің ерекшелігі инженерлік, медицина, құқық, менеджмент факультеттері бар.
Түркияда 183 университет және академия бар. Барлығы: 109 мемлекеттік университет (сегіз техникалық университет, бір технология институты, және бір бейнелеу өнері ) 65 жеке қор университеті, алты жылдық грант беретін мекемелер, біреуі арнайы ұлттық қорғаныс университеті және бір полиция академиясы бар. Міне осыншама оқу орындарымен Білім көкжиегінде бағдарламасы ретімен таныстырып келеді.Бүгінгі күнге дейін алпыстан астам хабар дайындалған екен.Ол хабарларда жоғары оқу орындары Түркияның басты қалаларында орналаспаса да, өзіндік өрнегімен, іс-қимылымен студенттерге қызмет етіп жатқандығын байқауға болады. Өйткені нарыққа ерте ілескен түркиялықтар заман үдерісіне ілесуді алға қояды.Хабарларда жарнама болмаса да, насихаттау арқылы жоғары оқу орындарының рейтингісін көтеріп,студенттер тартуды көздейді. "Тілдеріміз өзгеше болса да, біз барлығымыз адам баласымыз. Адам болудың қажеттіліктерін орындауға тырысамыз. Қонақжайлығымыз да осыдан көрінеді. Осы мақсатпен қонақжайлығымызды көрсету тұрғысынан, әрі халықаралық университет болудың қажеттілігінен шетелдік тәлімгерлерді университетімізге шақырамыз. Түркияны екінші отандары секілді қабылдасын. Өз мәдениетімізді таныстырамыз, сонымен бірге олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы
Ақпарат туралы
Радиожурналистика
Қазақ радиосы - қазақтың киелі қарашаңырағы
Қазіргі Қазақ радиосы
Қазақ дикторлық өнерінің бүгінгі аяқ алысы
Радио және интернет: байланысы; ара салмағы; артықшылықтары мен кемшіліктері
Қазақ радиосына еңбегі сіңген қайраткер
Би-би-си телерадиокорпорациясы
Би-би-си-дің әлемдік әуе толқынындағы бейнесі
Пәндер