Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар

1. 1. Әдебиеттегі модернизм және постмодернизм

1. 2. Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм мәселелері

  1. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті және Дидар Амантай шығармашылығы

2. 1. Постмодернизм және ұлттық мәдениет

2. 2. Дидар Амантай шығармашылығы және постмодернизм

  1. Дидар Амантайдың ғылыми-танымдық және поэзиялық мұрасыДидар Амантайдың ғылыми еңбектері

3. 2 Дидар Амантай поэзиясы: тематика және проблематика

3. 3 Дидар Амантай - философ, драматург

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар

Қазақ әдебиеті әлемдік әдебиеттің бір бөлшегі болып табылатындықтан, әлемдік әдебиеттің дамуында пайда болатын ортақ заңдалықытар мен өзгерістер біздің ұлттық әдебиетте де көрініс табатыны сөзсіз.

Экзистенциализм

Жатсыну сияқты философиялық категория экзистенциализмнің күрделі концепцияларының бірі. Жатсыну мәселесі қазақ әдебиеттану ғылымында аз зерттелген. Философияның да ғылыми мәселесі ретінде жатсыну көп жылдар бойы маркстік- лениндік ілімге қарсы қойылып, тек бір жақты түсініктердің ауқымында қалып қойды. Бүгінгі дәуір әлемдік мәдениеттердің интеграциясы күшейген шақта, рухани ықпалдардың төркінін танып, өрісін барлау ғылым алдындағы маңызды істердің бірі екені анық. «Кеңестік жүйедегі жеке адамның еркі мен бостандығының шектелуі қоғамның бүкіл саласында жатсынуды тереңдетіп жіберді. Сананың тұйықталуы, адамның түпкі негізден, яғни өз- өзінен, өзінің ұлттық тегінен, тарихынан, әдет- ғұрпынан жатсынуына әкеп тіреді. Мұның бәрі қоғамдық қайшылықтардың барған үстіне ұлғая беруіне түрткі болды» [1, 65] . Осы мәселелер әдебиетімізде қаншалықты көрініс тапты, адамның қоғамнан, оның түрлі салаларынан ғана емес, адамның өз- өзінен, әлемнен, қоршаған болмыстан жатсынуы бүгінгі күнгі біздің ғылыми тұрғыдан зерттеуге бет алған нысандарымыз. Бұл проблема шет ел, орыс әдебиеттануында жалпы модернистік поэтика мәселелеріне байланысты зерттелініп жүргенін айта кетуіміз керек. Ф. Кафканың творчествасын зерттегендер оның модернист жазушыларға тән стильдік бедерінде (адамның өмір ортасынан, әлемнен тысқары қалуын) бейнелеу ерекшелігі басымырақ танылатыны жөнінде айтқан болатын. Г. Г. Маркестің (Жүз жылдық жалғыздық) романында адам санасындағы күрделі құбылыстарды бейнелеуде жалғыздық пен өз ортасын жатсыну сынды терең философиялық пікірді кездестіреміз. Әсіресе, бұл мәселедегі автордың позициясын толықтай көрсете алатын образ - Аурелиана Буендиа. Оның ішкі трагедиясы да, мазасыз болмысы да шексіз жалғыздығында. Ғалым Е. С. Померанцева белгілі бір қаламгер шығармасындағы жатсыну мәселесін арнайы алып қарастырған еңбектердің ішінде американ зерттеушісі Р. Стриулидің «Джузеппе Берто романындағы жатсыну» деп аталатын монографиясына ерекше ілтипат білдіреді. Американ әдебиеттанушысының бұл күрделі мәселенің тарихын Фрейд, Кафка, Джойс, Свевордың шығармаларынан бастағанын құптайды. Сонымен бірге Эдуардо Олби, Ульям Голдинг, Грэм Грин сияқты жазушылардың творчестволары осы мәселе тұрғысынан Батыс сыншыларының ортасында болған пікірталастарды талдайды [2, 71- 93] . Сол сияқты, экзистенционалдық ойдың жатсыну түріндегі қазақ әдебиетіндегі көрінісі қазақ ғылымында толықтай зерттелмегеннен кейін оған қатысты пікірлер туғызу маңызды деп санасақ, тағы да 70- 80 жылдар прозасын сөз етеміз.

Неомифологизм

1970-80 жылдардағы қазақ прозасында модернистік эстетиканың əбден орнығуы неомифологизммен тығыз байланысты. Қазақ əдебиетінде ескі аңыздары қайта жандандыра отырып көркем игеру, мифтік сюжеттерді көркем сюжетке айналдыру тарихы ХІХ ғасырдың басталады. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде аңыздарды көркем құралдар арқылы игеру дəстүрін қалыптастырған М. Жұмабаев, С. Сейфуллин шығармашылықтарында поэмалық сюжет жасаудың үлгілері түрінде көрінді. Ұлттық прозада бұл орайдағы Ғ. Мүсіреповтің сəтті бастамалары («Ер Қаптағай», «Жеңілген Есрафил» тəрізді əңгімелері) мифологиялық ойлаудың, мифологиялық мəтіндерге, кейіпкерлерге иек артудың мысалдары ретінде көзге түседі. Біз қарастырып отырған кезеңдегі проза ертедегі жəне классикалық аңыздарды көркем шығарма құрылымына батыл енгізе отырып, оларды трансформациялау, стилизациялау арқылы жаңаша мəн үстеуге деген ізденістерімен айрықшаланды. Ə. Кекілбаев, М. Мағауин, О. Бөкей, Т. Нұрмағамбетов, С. Жүнісов, Д. Досжанов, Р. Сейсенбаев, Ə. Тарази, тағы басқа жазушылардың шығармашылығындағы мифопоэтикалық форманың өріс алуы əдебиеттанушылардың назарын соңғы кездерде ерекше баурап келе жатқаны рас. Қазақ прозасында айқындала көрінген бұл құбылысты архетип категориясы тұрғысынан талдаған А. Исмақова: «Миф поэтикасы қазіргі əлемді ауқымды уақыттық мүмкіндіктер арқылы бейнелеулермен байытып, қолданыстағы мəдени метафоралар мен ассоциациялар қорын кеңейтеді. Өз мағыналарын бұрын да танытып үлгерген поэтикалық формулалардың (архетиптердің) «қайта тірілуі» байқалады», - деген пікірді алдыға тартса [1], мифологизмнің нақты бір жазушы (О. Бөкей) поэтикасы арқылы зерделеген Ж. Аймұхамбетова «Қазіргі қазақ ақын-жазушылары авторлық позициясын танытуда, шығарманың идеясын ашып, көркемдік айшықтарын бедерлей түсуде мифтік сюжеттерді, мифологиялық түсініктерді, оның ішінде мифтік құбылушылықты мақсатты түрде пайдаланып, шығармашылықпен дамыта қолданғанын байқауға болады», - деген тұжырымын ұсынады [2; 54] . Кейінгі зерттеулерде мифопоэтиканың «реминесценциялар, мотивтер, сюжеттер, тəмсіл сөздер (притчи), аллегориялар, дəйек сөздер, аллюзиялар» формаларындағы нақты көріністерін саралау қолға алына бастады [3] .

Қазақ прозасының бұған дейінгі даму сатысында мифтік желілерді, аңыздық сюжеттерді қоғамдық-əлеуметтік ойдың тірегі түрінде, экспрессивтік əр үшін, таза реалистік мақсатта қолданылып келгендігін таныған болар едік. Мəселен, көпшілік ғалымдар модернистік поэтиканың ілкі көрінісі сипатында талдап жүрген «Қорғансыздың күніндегі» Күшікбай аңызы кейіпкер ахуалына бастайтын жол, сюжет дамытылуына тығыз байланыстырылған, фабула шеңберінен тысқары шықпайтын шығарма құрылымының тірек-компоненті қызметін атқарады. Бұл аңызды қолдануда модернистік мүддеден гөрі реалистік ұмтылыстар басым. Сондай-ақ С. Мұқановтың «Ботагөз» романының финалында көзге түсетін мифологизм элементтері де жазушының саяси идеалдарына негізделіп, реалдық ситуациялардың қосымша күшейткіші мəнін иеленген. «Сұлушаш» романындағы мифологемалар көбінесе романтикалық пейзаж қалыптастыру үшін алынады. Осындай сипат М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Ғ. Мүсірепов сынды қабырғалы жазушыларға да тəн еді. Бүгінгі өмірдің шындығы мен өткен тарихты сабақтастыруда мифологиялық құрылымдар ХХ ғасыр ортасынан бастап қаулай дамыған тарихи прозада өрісін кеңейтті. Оның жарқын мысалы - І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы Абылай хан, Кенесары образында түс жору мотивтеріне көрінетін мифологиялық ойлау дəстүрі. Кейін мифтік ойлауға негізделген архетиптік сана Ə. Кекілбаевтің «Үркер», «Елең-алаң» романдарының поэтикасында да маңыз алды.

Фольклорлық мұралардан нəр алып, қазақ əдебиетінің классиктері қалыптастыра алған мифологиялық ойлау жүйесі із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ. Ол дəстүр 1970-80-жылдар прозасында жаңа мəн иеленіп, реалистік принциптер аясынан табыла бермейтін сипат алды. Енді аңыздық желілер, мифологиялық кестелер тарихи-реалды уақытқа негізделген түрде ғана емес, шығарма логикасынан шет тұра да беретін автономдық мағынасын күшейте бастады. Сонымен қатар мифологияланған образдар архаикалық сананың қайта жаңғыруы ғана емес, түрленуі кейпінде көрініс тапты. Мифологизмді енді қазақ жазушылары болмыс жұмбақтары мен өмірдің мəнісі туралы философиялық ой айтудың тəсілі тұрғысынан өрістетті. Бір сөзбен айтқанда, неомифологизм құбылысы аталмыш кезеңнің модернистік сипатын толықтыра түскен тəуелсіз əдеби ағымдардың біріне айналды.

Əлемдік əдебиетте мифтің, мифтік сарынның басқа сюжеттік-образдық формаларына, оның ішінде əдебиетке мифологияланған жарқын образдар бере алғандығын, ол желінің Эсхилдің «Орестеясынан» Булгаковтың «Мастер и Маргаритасына» дейін тартылып, əлі үзілмегендігін айтатын Н. Будур мен И. Панкеевтердің: «Миф, өзіндік құндылық ретінде, толық қалыптасқан жүйе ретінде өмір сүруін жалғастырып қана қоймай, толыса түсу жəне басқа құрылымдарды байыта түсу арқылы өмір сүру кеңістігін ұлғайтып келе жатыр», - дегеніне келісеміз [4] . Ал неомифологизмді таза модернистік əдебиеттің еншісіндегі құбылыс екенін айтатын Е. Мелетинский, З. Минц, Ю. Лотман тұжырымдары дау туғызбайды [5] . Мифологияға жаңаша интеллектуалдық қатыныс тұрғысынан үңіліп, мифтік қолданыстарға жаңаша эстетикалық қуат дарыту айнала келгенде мифологизмді дүниетанымның өзегіне айналдырудан туындайды. Қазақ прозасының аса айқын түрде көрінген «мифологиялану» үдерісі туынды құрылымы мен бейнелеу, баяндау сипаттарына ірі өзгерістер ала келгенін өзіміздің ғалымдар да айта бастады [6] . Зерттеуші А. Жақсылықов Р. Сейсенбаевтің шығармашылығын талдай отырып айтқан: «Шайтанның тағы» романындағы мифтің, аңыздың рухани энергиясын пайдалану арқылы адамды психологиялық ракурсте терең ашу - соңғы он жылдағы əдеби техника мен поэтиканың белгілі стильдік тенденцияларынан хабар береді», - деген ойы да осы өзгерістердің жекеліктен гөрі жалпылық сипат алғандығын танудан туындағаны анық [7] . Ə. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», «Күй», «Ханша-дария хикаясы», О. Бөкейдің «Айпара-ана», «Жасын», «Құм мінезі», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жетім бота», Р. Сейсенбаевтың «Шайтанның тағы», «Өлілер құмды кезіп жүр», С. Санбаевтың «Ақ аруана», Т. Əбдіковтің «Тозақ оттары жымыңдайды», М. Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз», «Ғажайып бала» т. б. туындыларында мифологиялық жүйелер мен аңыздық құрылымдар арқылы адамзаттың мəңгілік рухани құндылықтары турасында философиялық жинақтаулар жасалып отырды.

Ə. Кекілбаевтың «Күй» повесі мен «Аңыздың ақыры» романындағы асқан дəулет пен мансапқа қол жеткізген, айналасын қаһарлы зəрімен билеп-төстеген тиран-кейіпкерлердің шексіз трагедиясы өткен ғұмырдың баянсыздығы мен тіршілік тұрлаусыздығын саналаудан туады. «Бірін-бірі жалмап жатқан бір дүние. Үлкені кішісін жоқ қылады; күштісі əлсізін жоқ қылады. Ертең ол үлкенге одан да үлкен, ол күштіге одан да күшті жолығады. Сөйтіп, шеті жоқ, шегі жоқ бірінің басын бірі алып жатқан аласапыран тірлік. Сонда мынау мігірсіз қимыл-қыбырдың, итжығыс алыс-жұлыстың мəні не?» деген сипаттағы тұйық ситуация - Жөнейіттің психологиялық-мінездік бітімін бүткіл қалтарыстарымен ашылуының кепілі [8; 254] . Қаһарманның жан-дүние қозғалыстарының психологиялық дəйектемесі шебер үйлесіп жатқанымен, Жөнейіттің қарама-қайшылықты тұлғасына «логикалық дəлелдеме жетіспей жатқандай əсер етеніні» де рас [9] . Алайда модернистік əдебиетте өмір шындығын бейнелеу дəлдігі, уақыт пен кеңістік теңдігі негізгі шарт емес-ті. Жазушы сюжет, образ логикасынан тыс монологтық формалар арқылы өзінің эстетикалық концепциясын айғақтай алады. Осындайлық көркемдік модель «Аңыздың ақыры» романында да іске асады. Романда сюжет доминанты мүлде сезілмейді. Нақты шындықтан қол үзуге дейін баратын сана ағымы көрінісі туындының желке-жұлынын ұстап тұратын басты тəсілге айналады. Бұл шығармалардағы сана ағымы эгоцентристік тұлғаның психикалық үдерістері түрінде беріледі. (М. Мағауиннің «Көк мұнар», Д. Исабековтың «Қарғын» романдарында да осындай тəсіл жүзеге асады) . Ой толқындары көркем бейненің өткендегіні таразылау, яғни жадыда қатталып қалған мəліметтерді ояту, сол арқылы жаңа ақиқаттарға (ол абсурдты болса да) көз жеткізу күйінде бейнеленеді. Бұл жердегі «сана ағымы» «өзіндік сана ағымына» айналады. Жер-жаһанның жартысын тітіренткен Алмас ханның өткен күн мен бүгінгі халді салыстырудан тапқан жаңалығы - «аспан мен жердің арасындағы баянсыздықтан басқаның» болмауы. «Мынау көл-дария аспанның астында кімнің болмасын мəңгі серігі құлазыған жалғыздық екенін де енді ғана ұққан сияқты» [8; 44] .

Қазақ прозасындағы неомифологизм үрдісінде айрықша бөліп айтуға тұратын тəсілдердің бірі - мифтік құбылушылық. Адамзаттың балаң санасы тудырған архаикалық мифтердегі адамның басқа заттардың кейпіне ене алуы турасындағы сенімдері кейінгі жылдар прозасында жаңа стилизацияға түсті. Адам мен табиғат, адам мен жануарларды тұтастандыра қарайтын сарынның жаңа уақыт өңдеуіне, интеллектуалдық сүзгіге түсуі қазақ əдебиетінде анималистік прозаның өрістеуіне де мұрындық болды. О. Бөкейдің «Бурасы», «Кербұғысы», М. Мағауиннің «Тазының өлімі», «Жүйрігі», Ə. Кекілбаевтың «Бəйгеторысы», С. Санбаевтың «Ақ аруанасындағы» хайуанаттарға адами сипаттар берудің өткір философиялық-эстетикалық астарлары болды. Мифологизмнен тамыр тартатын анималистік образдар адамның болмыспен қарым-қатынасын тереңдей зерделеудің ұтымды тəсіліне айналды. (Бұл жерде дидактикалық сипаты бар, балалар санасына лайықталып жазылатын анималистік шығармалар мен анималистік-философиялық туындыларды шатастыруға да болмайды) . Өмір құбылыстарының мəнісіне тереңдеу арқасында туған анималистік проза баяндау үдерісіне «төртінші жақты» əкелді. Авторға айналадағы ақиқатқа бірнеше позициялардан үңілу мүмкіндігі туды. «Анималистік персонаждың көркемдік қызметінің бірі адам өмірі мен оның мəңгілік құндылықтарға деген қатынасының табиғилығын хайуанаттың «бұзылмаған, таза» көзқарасы арқылы тексеріп көру қабілетіне байланысты», - дейді осы мəселемен айналысып жүрген зерттеуші Г. Алтаева [10] .

Əлемдік модернистік əдебиеттегі мифтік құбылушылықтың классикалық үлгісін көрсеткен жазушылардың бірі - Ф. Кафка. Əсіресе оның «Басқаға айналу» («Превращение». Ғалымдарымыз бұл шығарма атауын «Құбылушылық» деп аударып жүр. Алайда бұл шығарма логикасына тым үйлеспейтін сəтсіздеу аударма деп білеміз. «Құбылу» ұғымына бір ахуалдан басқа ахуалға ауысып тұрудағы циклдық тəн) . Ш. Айтматов та «Боранды бекеті» мен «Ақ кемесіндегі» мифтік құбылушылықты өзінің философиялық концепциясына сай дамытты. Ал қазақ прозасындағы бұл тəсілдің ең үздік көрінісі О. Бөкейдің «Атау-кересі» болды. Ж. Аймұхамбетова «Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мəселесі» зерттеуінде мұндайлық ұқсас тəсілдерді жəне қазақ жазушысының өзіндік ізденістерін нақты түрде айқындап көрсетті деп ойлаймыз [2] . Қазақ халқының байырғы мифтік сюжеттерінде адамды басқаға айналдыру жаза түрінде қолданылғаны белгілі. Оралхан танымында да архаикалық мазмұн іздері жоқ емес. Ерікті сонаға айналдыру - оны шексіз жалғыздыққа тастау. Модернистік əдебиеттегі трагедиялық санаға бастайтын жай - адамның абсолютті жалғыздығы. Кафка шығармасында Грегор Замзаның жəндікке айналуы детальды тұрғыда суреттеледі. Новелладағы Замзаның бұл халіне қатты қайғырған қалпын көрмейміз. Қырқаяқ жəндігіне тəн тықырмен бөлме кезіп жүрген Замза оқырманға тітіркеніс сезім тудырады. Алайда жазушы сентименталистік сарыннан мүлде алшақ. Бұл метаморфозаны ғалымдар əр түрлі түсіндіреді. Соның ішінде көңілге қонымдысы Д. Затонскийдің пікірі деп білеміз. Ғалым: «Грегор Замзаны қырқаяққа айналдыру арқылы жазушы адамның əлемдегі нақты алатын орны оның трагедиялы əрі жеңіп шыға алмайтын жалғыздығымен белгіленетінін көрсетуге ұмтылатындай. Индивид белгілі бір ортада, қоғамда өмір сүреді . . . Бірақ мұның бəрі - алдамшы, ақылға сыймайтын иллюзия. Шындығында адам нағыз шөлде, дəлірек айтқанда вакуумда, жылтыр колбаның ішінде өмір сүреді, сондықтан да ол өзінің қорқынышты түрмесінің қабырғаларын көрмейді, - дей отырып, пікірін былай түйіндейді. - Кафка үшін жалғыз жол нақты шындықты «қиратып бұзу» болды, сонымен бірге оның шегінен шықпауға тиіс. Ол дəл солай жасады: Замзаны əлеммен байланыстырып тұрған барлық жіпті үзді (қаһарманды жəндікке айналдырды), бірақ оны өз отбасынды қалдырды» [11] . Реалды шындық шекарасын аттап өтпей-ақ, сол шындықты «бөлшектеу» - «Атау-кере» финалына да тəн жағдай.

Натурализм

Натурализм (француздың naturalism; латынның naturalis-табиғи, natura-табиғат) - өмір құбылыстарын табиғи қалпында айтып баяндауды мақсат ететін бейнелеу тәсілі [1, 240] . Қазақ энциклопедиясында - бағыт, әдебиеттану сөздігінде ағым деп берілген натурализм қазақ әдебиетінде әлі күнге дейін нақтыланып болмаған. Орыс әдебиетінде бағыт деп қолданса, ал бізде әдебиет сөздігіне сүйеніп ағым деп қолданылады.

Жалпы ХІХ ғасырдың аяғында Еуропа және ағылшын әдебиеті мен өнерінде пайда болған бағыт. Натурализм өмірді тексеріске, зерттеуге салмай, бар көрген-білгенді тек сол қалпында айтып беруді талап етеді. Бір затты не адамды суреттегенде оның жалпы бейнесін, не қимылын жеріне жеткізе, майда-шүйде, елеусіз тастауға болатын бөлшектеріне дейін жеткізуді мақсат тұтады.

Француз әдебиетінде бұл тәсілді еңгізіп, дұрыс қолдана білген Анатоль Франс, Эмиль Золя болды. Ал неміс әдебиетіндегі натурализмнің тууын ең алғаш байқаған - Теодор Фонтане. Ол неміс әдебиетіндегі ХІХ ғасырдағы белгілі сыншыларының бірі болатын. 1886 жылы туып келе жатқан жаңа мектепті көріп, өздерін театр, газет пен журналдарда кеңінен танытып жатқан жас жазушыларды құшағын жая қарсы алды. Ал Ресейдегі натурализмнің жағдайы қандай екен? Орыс жазушылары Достоевский, Тургенев, Толстой шығармаларында натурализм көрніс тапты. Орыс әдебиетінде «натуралдық мектептің» негізін қалаушы Гоголь, идеялық дем беруші Белинский болған. Натуралдық мектептің орыс әдебиетінде алар орны зор. Орыс натурализмі жан-жақты зерттеліп қомақты еңбектер жазылған. Ал қазақ әдебиетіндегі натурализм әлі толық зерттеле қоймаған құбылыс. Сондықтан да болар бұл ағым жөнінде осы кезге дейін бірде бір еңбек жазылмаған. Кейде сыншы ғалымдардың монографиялары, еңбектерінде шолу түрінде берілгенімен, оны бетке ұстар зерттеу деп айта алмаймыз.

Қазақ әдебиеттану ғылымындағы «Натурализмнің» зерттелу тарихына көз жіберсек, оларда белгілі бір жүйелілік жоқ. Бірде ағым, бірде бағыт болып қолданылады. Белгілі әдебиет зерттеушісі З. Қабдолов натурализмде бағыттық белгілерден гөрі ағымдық ерекшеліктердің басым екенін айтады [2, 343] .

Бұл ағым қазақ әдебиетіне қанатын жайып, тамыр тастаған құбылыс емес. Бұның себебі қазақ халқы жалаң табиғаттан гөрі әдемілік, арманқиялға көп берілгендігінен болар. Романтизм халықтың арман-мақсатын, тілек-ниетін білдіріп аңыздар, қиял-ғажайып ертегілер бойынан көрініс берсе, натурализм адам өмірінің жалаң физиологиялық жақтарын көрсетуге талпынып, қазақ әдебиетіне «өзгешелеу» ағым ретінде ене бастады. Тамырын тереңге жая алмағанымен қазақ әдебиетінде натурализм жоқ деуге болмайды. Қазақ баласы тумасынан романтик болғандықтан, романтизм құбылысы ұлттық әдебиетімізге сіңіп, етене жақын болып кетті. Ал натурализмнің жайы бөлек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық, әдеби ой- пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Өлең мен оның құрылысы (таныстырылым).Лирикадағы сюжет мәселесі (конспект).Көркемдік әдіс. Әдеби бағыттар мен ағымдар (конспект). Образдың жасалу тәсілдері мен түрлері. (кесте)
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
ХХ ғасырдағы әлемдік әдебиеттің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері
Қазақ өлеңдерінің құрылысы. Әдебиеттің тегі мен түрі. Әдеби үдеріс, әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz