АБАЙДЫ БІЛМЕК ПАРЫЗ - ОЙЛЫ ЖАСҚА


АБАЙДЫ БІЛМЕК ПАРЫЗ - ОЙЛЫ ЖАСҚА
МАҚСАТЫ: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өнегелі өмірімен таныстыру, Абай туралы тереңірек меңгеру, шығармашылығын таныту. Абай ақынның даналығын, рұхани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр - сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, шәкірттерді адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
1 - жүргізуші.
Сәлем бердім халқыма,
Сәлем бердім жалпыға!
Сәлемдесу кіреді,
Ата дәстүр салтына.
2 - жүргізуші.
Бар ғұмырын әдебиетке арнаған,
Ақиқаттың ақ жолынан таймаған.
Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,
Жас ұрпақтың ар намысын қайраған!
1 - жүргізуші.
Құрметті әдебиет сүйер, өнер сүйер көпшілік қауым. Ұлағатты ұстаздар, оқушылар. Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан, ойшыл, философ, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абайды білмек парыз-ойлы жасқа» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер. Бүгінгі әдеби кешті ашып беру үшін сөз береміз.
2 - жүргізуші.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деп жырлайды ақын өз өлеңінде.
1 - жүргізуші.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
2 - жүргізуші.
2018 жыл 13 март күні Президентіміз Шавкат Мырзияевтың «Ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен үйрену және насихаттау» туралы қаулысы Өзбекстандағы барша қазақ халқының сонымен қатар әдебиет сүйер жастардың көңілінен шықты десек орынды болатын . Назарларыңызды Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы __ - сынып оқушысы дайындаған баяндамасына қаратамыз.
1 - жүргізуші.
Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай -лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2 - жүргізуші.
Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен . . . дей отырып, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін өлең оқитын оқушыларға берейік:
1 - жүргізуші.
Абай айтпақшы
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті кү»
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй, демекші ендігі кезек Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әні, орындаушы __-сынып оқушысы және 5-сынып қыздарының орындауында «Көзімнің қарасы» әніне би.
2 - жүргізуші.
Абай атамыз жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірибесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілікке, парасаттылыққа, еңбексүйгіштікке, адал достыққа үгіттейді. Кезекті біздерге қалдырған Абай атамыздың құнды үгіт насихаттарына.
(Оқушылар насихаттарды айтады)
1 - жүргізуші.
Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі - ол, Абай атамыздың қара сөздері. Абайдың қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Қара сөздер саны 45, 46 шысы аяқталмай қалған. Абай атамыздың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін күнде де бағасы зор. Кезек оқушылар орындауында он жетінші қара сөзіне дайындалған сахналық көрініске.
2 - жүргізуші.
Кезекті әсем қыздарымыздың орындауында би тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
Кезекті оқушыларымыз орындауында Абай өмірінен алынған Сахналық көрініс.
2 - жүргізуші.
Кезекті оқушыларымыз орындауында Абайдың қара сөздеріне берсек
1 - жүргізуші
Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар,
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі.
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, -
деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды. Ендігі кезек __ -сынып оқушылары орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні
2 - жүргізуші
Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін -Шекспир, грузиндер үшін - Руставели . . . қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдесіз құбылыс.
Қайсын Кулиев. Кезекті Абай туралы айтқан ғалымдарымыздың жылы лебіздеріне береміз. (Абай Құнанбаев туралы қанатты сөздер)
1 - жүргізуші.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz