Абай мұрасын зерттеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ ұлы классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірбаянын толығырақ білу тілегі мен қажеттілігі ойшыл ақын қайтыс болған соң-ак, көп ұзамай қолға алынды. Жалпы қазақ ақындарының арасында тұңғыш рет Абайға ғана баспасөзде арнайы өмірбаяндық деректер беріле бастады.
Бұл салада Абайдың тұңғыш биографы -- Қәкітай Ысқақұлы. Қәкітай ұлы ақынның немере інісі болуы себепті 12 жасынан бастап тікелей Абай тәрбиесінде өсті. Ес біліп есейген шағынан бастап Абай өмір сүрген ортаның сыры мен қырын танып, ақын өмірінде орын алған елеулі оқиғалардың бәріне де тікелей араласты. Қөптеген Абай шығармаларының дүниеге келу сыры мен жазылу себептерін де өз ортасында кімнен болса да анағұрлым жетік білді. Абай өлеңдерінің қай жылы жазылғанын анықтау жолында да көп еңбек сіңірді.
Қәкітай ЬІсқақұлы жазған Абайдың тұңғыш қысқа түрдегі өмірбаяны өз заманында елеулі қызмет атқарып, соңыра абайтану тарихынан лайықты орны мен бағасын алды да.
Абай шығармалары Қазақстанда қазақ халқының рухани мұрасы ретінде қоғамдық ой-санада өрісті де өскелең орын алуына сай дәрежеде танылу міндеті алға қойылды. Қалам қайраткерлерінің көпшілігі Абай мұрасын зерттеу,. бағалау ісіне әрқайсысы өз шама-шарқына қарай ат салысты. Бірде адасып, бірде табысты боп зерттеу процесі үздіксіз жүріп жатты.
20-30-жылдардағы абайтану саласында жазылған ірілі-ұсақты еңбектердің дені, негізінен, ақын шығармаларының әлеуметтік төркіні мен мұрагерлік жағына көп аялдады. Осымен қатар кейбір мақалаларда алғаш рет Абай өмірбаянын жаңа деректер негізіне сүйеніп, толықтырып қайтадан жазу талабы да көтеріледі. Бірақ ұлы ақын өмірбаянын бірден есілтіп жазып кетуге нақтылы деректердің қалмауы үлкен қол байлау болғанын М. Әуезов: Биография -- оның олқылықтары, Кәкітай (күнделік, хат, мемуарлардың болмауы, тіпті оның кезінде мерзімді баспасөздердің жоқтығы) ауызша естеліктер, -- деп тезис ретінде атап өтуі жай нәрсе емес еді.
20-жылдардың басында Абай мұрасын зерттеу саласында талантты көркем шығармалары мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектерімен үздік таныла бастаған М.О. Әуезовтің араласуы абайтануға үлкен зерттеушінің келіп қосылғанын бірден аңғартты. Жас таланттың ерте қанаттанып, өз ортасында даралана бастаған қазақ әдебиеті тарихына байланысты зерттеушілік қадамын жете тани білген Семей губерниялық Атқару Қомитетінің 1925 жылы 20 июньдегі Ленинград университетіне жолдаған ресми қатынасында ... ж. Әуезов қазақ әдебиетіне қызығуы мен осы саладағы өз бетінше жүргізген зерттеулері арқылы техникумда қазақ әдебиетін оқытатын лектор ретінде бірден-бір кандидатура болып табылады, -- деп көрсетуі шындық еді. 1924-1925 жылдар аралығында Семейдегі оқу орындарында Абай мұрасынан дәріс оқып, Таң журналында ақын шығармаларын жариялап, Абайдың өмірбаяны жайлы деректер мен шығармаларын толықтыра түсу жолында тынымсыз әрекет етіп жүрген М. Әуезовті көреміз. Ол бұл кезде көлемді монографиялық еңбегін жазу үстінде болатын. Абайды көзі керген ақын замандастарына естелік жаздырып, ел аузынан Абай өмірбаяны мен сол заман шындығы жайлы деректерді қағаз бетіне түсіріп қалуға асыға кірісті.
Ақын мұрасын зерттеу жолындағы алғашқы белсенді әрекеті Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу үшін жаңа деректер жинап, ақын шығармаларының тұңғыш толық жинағын құрастыру жолындағы күрделі де қиын жұмысқа бағытталды. Әдеби қауымға М. Әуезов сол кезде-ақ Абай өмірі мен шығармаларының аса жетік білгірі ретінде танылып қалған еді.
М. Әуезов 1922-1923-жылдары Ташкент оқу орындарында дәріс беріп жүріп те Абай өмірбаяны мен ақын шығармаларын таныту ісімен айналысады. Ол 1923 жылы күзде Ленинград университетінде оқуға түсіп, соңыра ұстаздық, творчестволық жұмыспен айналысқан кезінде де Абай мұрасын зерттеуден, өмірбаяны жайлы деректер жинастырудан қол үзбейді. 1924 жылы Семейде Абайдың қайтыс болуының жиырма жылдығына арналған әдеби кешті ұйымдастырды. М. Әуезов жетекшілік еткен осы әдеби кеште ерекше сипат алған нәрсе -- ақын замандастарына Абай туралы естелік айттыруға төтенше мән берілді. Кейін Абай еліне деректер іздестіру мақсатымен дүркін-дүркін соғып отырған. Тек баспасөзде жарияланған деректерге ғана сүйенгеннің өзінде: 1936 жылы Абай туралы жаңа деректер жию мақсатымен барса, 1943 жылы арнайы ұйымдастырылған экспедицияны өзі басқарып барады. 1944 жылы Е. Ысмайылов бастаған экспедицияны ұйымдастыруға ат салысса, 1945 жылы Абайдың жүз жылдық юбилейі қарсаңында Семей өңірінен басқа Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан тарапынан да арнайы экспедиция шығару мәселесін юбилей комиссиясы алдына қояды. Абайдың жүз жылдық юбилейі қарсаңында жазылған Абай өмірбаянының үшінші нұсқасын даярлау үстінде Тіл-әдебиет институты Абайдың өмірін, шығармаларын зерттеу жөнінде екі экспедиция ұйымдастырып (1943 ж. М. Әуезов басқаруымен, 1944 ж. Е. Ысмайыловтың басқаруымен) Абайдың өміріне, шығармаларына байланысты жаңа материалдар тапты. Бұл осы жинаққа кіріп отырған жаңадан жазылған ғылыми өмірбаян, естегі сөз, ескертулерде толық пайдаланылды, -- деп хабарлайды. Әрі Абаймен бірге болған, ақын өмірінің ең жемісті тұсында жазылған шығармаларының дүниеге келу сыры мен көп оқиғаларға куәгер болған тірі архив иелерінің естеліктерін дер кезінде түгел, сарқа жазып ала алмай, көз жазып қалғанына, соңыра қатты өкініш те білдірген еді.
1924 жыл -- М. Әуезовтің Абай өмірі мен шығармаларын зерттеп, жинастыруда ерекше орны бар тарихи кезең. Осы тұста алғаш рет Абайдың толық басылымының тұңғыш нұсқасын жасауға кірісіп, ақын шығармаларының толық жинағын жариялауды тиісті ресми орындар алдына қоюы мен Абайдың тарихи орнын анықтауға ұмтылуы -- абайтану негізінің 20-жылдар басында-ақ қаланғанын көрсетті. Әсіресе осы жылдардан бастап ақын жайлы деректерді ел аузынан жинастырғанда, алдымен Абай өмірін зерттеуді тарихшы ретінде бастағанын ескертеді де. Жас ғалымның мәселені әуелі тікелей тарихшы ретінде Абайдың өмірбаянын зерттеуден бастауы да жай нәрсе емес-ті. Өйткені тұңғыш рет жазылған Абай өмірбаяны абайтану мен Абай жолы эпопеясының да тарихи желісінің ірге тасына айналғаны -- жұртшылыққа танымал нәрсе.
Абай өмірбаянын жазып, тұңғыш толық жинағын даярлаумен қатар М. Әуезовтің монографиялық еңбегі, автордың көрсетуінше, 1925 жылы Ленинградта аяқталған. Осы еңбектен М. Әуезов жалпы қазақ ақындары өмірін жете білмей тұрып, бұл ақындар шығармаларының табиғатын толық танып білу ісі қиынға түсетінін өз тәжірибесінде мықтап ұғынған, осы себептен де: ... ақындардың өмір тарихын білсек, соның әр қайсысы өмір сүрген заманның тірі пішінді белгісін тауып алғандай боламыз, -- деп ескертеді. Яғни зерттеуші әрбір ақын өмірін терең білу -- сол ақын шығармасын талдауда ол өмір сүрген кезеңнің әлеуметтік болмысын танудың өзекті желісін, кілтін тапқандай пікір білдіреді. Демек, Абайға дейінгі қазақ ақындарының өмірбаянын зерттеу ісін қолға алғанда, оны қай тұрғыдан зерттеу мәселесі жайлы өзіндік ой тұжырымы мен дербес пікірін біршама қалыптастырып қалған қалпын танытады. Бұл болашақ ғұлама ғалымның бойындағы ғылыми зерттеу ісіне даярлықтың сол тұста-ақ биік деңгейде болғандығын аңғартады да.
Қазақ әдебиетін жинау, зерттеу жолында 20-жылдардағы елеулі орын тепкен кемшіліктердің бірі: ... бізде бұл уақытқа дейін Абайдан арғы ақынның өмірі туралы жиналған мағлұмат жоқ. Бүгінде қазақ ескілігіне көз салып, жинастырып жүрген азаматтардың қатты ескеретін бір жұмысы осы болу керек, -- деп жазу арқылы М. Әуезов Абай өмірбаяны жайлы деректердің біршама жиналғанынан хабар беріп тұр. Қелешекте қазақ ақындары шығармаларын зерттеуде алдымен қолға алар жұмыстың бірі -- ақындар өмірбаяны болу керектігіне ерекше назар аудартады да, енді Абайға көшеміз деп, болашақ зерттеу жұмысының ғылыми нысанасы неден басталарына меңзейді. Абай өмірбаянын жазуды алдымен қолға алып, ол жайлы деректерді ел аузынан жинап, естеліктер берген тірі архив иелеріне көп көңіл бөлгенін: ...Менің жұмысым жинастыру сияқты. Әуелі оның өмірін зерттедім... Қөптеген деректер тобын жинастырдым. Қөкбаймен, атаммен, Ділдамен, ақынның достары, жауларымен жеке-жеке кездестім. ... Қөкбай, Ділда, Әйгерім, Нұрғаным... оларды көрдім, әңгімелестім, -- деп еске алып өтеді.
Ленинград университетінде оқып жүргенде, Абай өмірі мен мұрасын бүкіл Одақ халқына танытып, насихаттау ісіне ерекше мән береді. Университеттегі ұстаздары профессор В.В. Сиповский, Р. Куллэлермен етене араласып, оларды Абай емірі мен шығармалары туралы деректер көзімен қызықтырады. Бұл профессорлар А.С. Пушкин мұрасын зерттеумен айналысатындықтан, Пушкинді қазақ сахарасында терең танып аударған Абай творчествосына қызығуы да заңды еді. Олар М. Әуезов арқылы Абай өмірбаяны мен шығармаларын танып біле келе, кейін университет қабырғасында Абай мұрасына арналған Абай сағаты деген атпен лекциялар циклін оқып, мақала да жазады.
1922 жылдан бастап Мұхтар Әуезов Абай шығармаларының толық жинағын құрастыру, Абай өмірбаянынан деректер жинау, ақын мұрасы жайлы ғылыми мақалалар жазып, Абай өмірі мен творчествосын баспасөз бен дәріс оқу орны арқылы насихаттау жұмыстарын қатар жүргізеді. Осы көп салалы күрделі жұмыстар арасында, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуда әуелі қандай жол ұстанатынын жан-жакты ойластырып, анықтап алады. Соңыра Абай өмірбаянын сан рет қайта жазу үстінде осы ұстанған жолдарын дамыта отырып, өз танымының өзгеру, жетілу деңгейіне сәйкес үнемі қолданып отырғаны М.О. Әуезовтің әдеби-мемориалды музейінің (ЛММА) архив деректерімен салыстыра қарағанда барынша айқындалып отыр. Оларды саралай қарағанда, төмендегідей мағыналы жіктерге бөлінеді:
1) М. Әуезов Абайдың бастан кешкен қайталанбас өмір жолындағы ақын санасына өз таңбасын қалдырған әр турлі әлеуметтік ірі оқиғалар тарихымен тереңірек танысқан сайын, олардың ақын шығармаларындағы көрінісін аша түсуге ерекше ден қояды. Абай жасаған әлеуметтік ортаның шындығы мен ақын өлеңдеріндегі басты сарындардың үндесуін, байланысын ашып отыруды -- биограф өзінің зерттеуінде шешуші тетік ретінде ұстанған. Осы ерекшелік, әсіресе, өзінің көп жылға созылған зерттеулерінен соң жазылған Абай жолы эпопеясын жазу үстінде Абай шығармаларын эпопеяның іргелі өзегі етіп: Әрбір көркем терең ойлы шығармасы әлеуметтік тартыстың үлкен бір құралы, тарихтық акт есебінде туып, қалыптасып отырады13. Эпопеяда Абай өлеңдерінің жазылу, туу себептерін суреттеген жерлерінде де Абай шығармаларының нәр алар әлеуметтік басты сарындары тікелей ақын өмірімен, ол араласқан әрқилы әлеуметтік оқиғалармен іліктес туындап жататын құбылыстар екеніне айрықша мән беріліп отырған.
Абай өлеңдеріндегі белгі берер басты әлеуметтік сарындардың негізін, ақын өмір сүрген заман шындығымен, онда орын алған тарихи оқиғалармен сабақтастыра отырып ашуды, Абай емірбаянының 1924-1927 жылдары жазылған нұсқасында-ақ қолданған болатын-ды. Бұл процесс соңыра қайта жазылған Абай өмірбаянының жаңа нұсқаларында молығып, қоюлана түскен.
Алғаш, 1933 жылы жарияланған Абай өмірбаянының тұңғыш нұсқасында биограф ақынның творчестволық өнерпаздық жолының басталуы мен соңыра бастан кешкен түрлі әлеуметтік оқиғаларға араласқан өмір жолына байланысты 13 өлеңіне сүйенген (9 өлең-үзінді ретінде алынып,4 өлең аты аталады). Бұл өлең-үзінділер жай алына салмай, олардың аталу себебі Абай араласқан әрқилы оқиғалар желісімен ұштасып, кейбіреулерінің жазылу себептері де ашыла түскендей. Мысалы, Науаи, Сағди, Фирдоуси атты өлеңі еліктеу жолындағы алғашқы ақындық талпынысты сездірсе, 1898 жылы жазылған Болды да партия өлеңі Оспан, Оразбай дауынан соңғы Абай араласып, әділет, тыныштық үшін алысқан өмір жолының көрінісін береді. Немесе 1886 ж. жазылған Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да өлеңінен Абаймен дос жар бола жүріп, Малға достың мұңы жоқ малдан басқа деп ақын мансұқтаған жолға түсіп, Абайға сырт беріп, жауласатын Күнту болыс болудағы достарының қиянатшыл әрекетіне ашынудан туған ақын жанының азалы сарыны естілгендей. Әрине, бұл іспеттес өлеңдердің туу, жазылу себебі мен ондағы әлеуметтік сарынның ақынды қоршаған емір шындығынан туындап жатқан сабақтастықтың сырын ашу -- Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасында әлі де сонша тереңдеп ашыла бермесе де, биограф осы бағытын келешекте мықтап ұстанып, дамыта беруге бет алғаны сезіліп тұр.
1940 жылғы Абай өмірбаянында және осыған қосымша ретінде берілген деректерінде жалпы саны 24 өлең (13 өлең-үзінді, бір естелік сөз, 11 өлең аты аталған) қамтылған. Алғашқы өмірбаянмен салыстырғанда бұл жолы да 8 өлең аты жаңадан қосылып, Құлақтан кіріп бойды алар өлеңі Абайдың композиторлық өнерін сөз етуге байланысты берілген. Абай әндері негізінен өз тарапынан қазақ өлең құрылысына ендірген жаңа түрлердің тыңдаушысына тосырқаусыз жетуін ойластырудан туған әрекет екенін көрсетеді. Осымен қатар Абай өлеңдерінің жазылу жылына да жіті назар аударады. Әрі кейбір өлеңнің пайда болу, жазылу себебімен онда айтылар ойдың төркіні Абай өмір сүрген заман шындығында, ақын араласқан белгілі әлеуметтік оқиғаларда жатқанын ашуға көп көңіл бөлген. Мысалы: Оспан, Оразбай тартысының басталып, Оспан өлімінен кейін Абай басына ауысуы, Мұқыр сайлауындағы қайғылы жай тұтаса келіп бұрыннан рухани ішкі дүниесінде бұлқынған сезім Өлсем орным қара жер сыз болмай ма? деген атақты өлеңінде басты ой сарынына айналғанын айтады.
1945 жылы жазылған, бірақ әлі күнге дейін жарияланбаған Абай өмірбаянының үшінші нұсқасында ақын шығармаларын қамту сан жағынан да, сапа жағынан да молыға түскен. Абайдың 30 шығармасы қамтылып, аты аталады (17 өлең-үзінді, бір қара сөз, 12 өлең аты аталған). Бұрынғы нұсқаларға қарағанда мұнда тыңнан 8 өлең үзіндісі, бір қарасөз қосылып, олардың Абай өмірінде орын алған қандай оқиғаларға байланысты айтылған сабақтастығы да ашыла түскен. Абай өмірінің әрқилы кезеңінде бастан кешкен оқиғалар -- ақын жанын тебірентуден туған өлеңдеріне өшпес із қалдырып отырғаны тереңірек байқалады. Биографтың Абай өмірі жайлы танымы кеңейіп, деректер сырына қаныққан сайын ақын шығармаларының өмір шындығынан туындап, негіз алған идеялық көздерін дөп басып тануы да тереңдей береді. М. Әуезов енді Абай ұстанған гуманистік ағартушылық, ұстаздық жолмен айналысқан кезеңдерінде пайда болған шығармаларының өзекті сарынын да ақын араласқан оқиғалар шындығымен жалғастыра отырып табуға ұмтылады.
Абай өмірбаянының ең соңғы рет қайта жазылған төртінші нұсқасында (1950 ж.) ақын өлеңдерін қамту күрт кеміп, 19 өлеңге (16 өлеңнен үзінді алынады, 3 өлеңнің аты беріледі) түсірілген. Себебі ақын өмірбаянына тән кептеген деректер, немесе кейбір өлеңдердің жазылу тарихы Абай жолы эпопеясы желісінде айтылғандықтан әрі соңғы жазылған өмірбаянды тағы да тың редакциядан өткізіп, екшеуге байланысты шегерілгені байқалады. Бұдан Абай өмірбаяны ұтпаса ұтылмаған, қайта тұжырымдалып жұмырлана түскен. М. Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянының барлық нұсқаларында ақын өмірімен тығыз байланысы бар жеті өлеңі: Фзули, Шамси, Сейхали, Әлифби өлеңі, Сұм дүние тонап жатыр ісің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайтану ғылымы туралы
Абай Құнанбаев жайлы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Педагогика – ғылым. Абайдың педагогикалық көзқарастары
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Абай әлемі: Абайдың қара сөздері. Аудармашылық мектебі. Ақындық мектебі жөнінде көтерілген айтыс, тартыстар (М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов еңбектері). Абай мұрасының зерттелу тарихы
М.Әуезовтің Абайтануға қосқан үлесі
Қазақ газеті және Абайтану ілімі
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Пәндер