Көлемді батырмалар құру


Көлемді батырмалар құру
- -әдіс. Жаңа файл құрыңыз (фонның түсі - ақ) .
Шеңбер салыңыз. Фон түсі - қызыл, ал алдыңғы түс - қара қылып алдын-ала таңдап алып, бөліп алынған шеңберге градиентті құюды қолданыңыз.
Мәзірден Выделение → Модифицировать → Сжать командасын таңдаңыз. Қарама-қарсы бағытта жаңа шеңберге градиентті құюды қолданыңыз.
Батырмаға әріп, сан немесе сөз енгізіңіз. Көлеңкемен толықтырыңыз (1-сурет) .
1-сурет (нәтиже)
- -әдіс. Ең бірінші, дайындаманы салып алу керек. Ол үшін Rounded Rectangle (Бұрыштары дөңгелектелген тіктөртбұрыш, Скругленный прямоугольник) құралын немесе ерекшелеу құралдарының бірігуін пайдалануға болады. Біз екіншісін таңдайық, себебі, оны Photoshop-тың ескі версияларын пайдаланушылар да қолдана алады.
Rectangle Marquee (Тіктөртбұрышты ерекшелеу, Прямоугольное выделение) құралын алып өлшемі батырмаға сәйкес келетіндей аймақты ерекшелеп алыңыз. Содан кейін Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение) құралын алыңыз және мәндер панеліндегі Add to Selection (Ерекшеленгенге қосу, Добавить к выделению) батырмасын шертіп, 2- суреттегіге сәйкес ерекшелеуді құрыңыз.
Ерекшеленген аймақты ақ түске бояп, оның көшірмесін алыңыз (Ctrl+C) және оны қойып (Ctrl+V), Free Transform (Еркін тасымалдау, Свободное трансформирование) құралының көмегімен оны айналдырыңыз. Нәтижесінде батырманың дайындамасын аламыз (3-сурет) . Сосын батырма бөліктері орналасқан қабаттарды біріктіріңіз.
2-сурет
3-сурет
Сосын Paint Bucket (Құю, Заливка) құралының көмегімен батырманы басқа түске бояйық. Мысалы көк түс (R 85, G 140, B 187) . Алайда ақ пен қарадан басқа кез келген түсті таңдай аласыз.
Дайындамаға қабаттың Bevel and Emboss (Скос және рельеф) стилін қолданайық: Layer → Layer Style → Bevel and Emboss (Қабат → Қабат стилі → Скос және рельеф) . Оның баптаулары 4-суретте көрсетілген. Осы әрекеттің нәтижесі 5-суретте көрсетілген.
![]()
4-сурет 5-сурет
Осыдан кейін Layer Style (Қабат стилі) терезесін жаппай тұрып, құрылған стильге 6-суреттегі баптауларды бере отырып Gradient Overlay (Градиентті орнату, Наложение градиента) әсерін қосыңыз. Егер барлығы дұрыс орындалса, онда нәтижесі 7-суреттегіге сәйкес келуі керек.
![]()
6-сурет 7-сурет
Алдыңғы екі әсерге Inner Shadow (Ішкі көлеңке, Внутренняя тень) әсерін қосыңыз (8-сурет) . Inner Shadow (Ішкі көлеңке, Внутренняя тень) әсерін қосқаннан кейінгі нәтиже 9-суретте көрсетілген.
![]()
8-сурет 9-сурет
Жаңа қабат құрыңыз (Shift+Ctrl+N) . Жаңадан ерекшелеу енгізіңіз және оны басқа түске бояңыз (мысалы, R 111, G 176, B 225) . Жаңа элементтің өлшемі мен формасын 10-суреттен көре аласыз.
Оны Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю) сүзгісінің көмегімен шайыңыз: Filter
→ Blur → Gaussian Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс бойынша шаю, Фильтр →
Размытие → Размытие по Гауссу) (11-сурет) .
![]()
10-сурет 11-сурет
Нәтижесінде 12-суреттегідей батырма аласыз.
Қайтадан жаңа қабат құрыңыз. Бірақ осы жолы ерекшелеуді батырманың жоғарғы бөлігіне орнатыңыз (13-сурет) . Gradient (Градиент) құралын алып, ерекшеленгенді қарадан ақ түске өтетін стандартты сызықтық градиентпен бояңыз (14-сурет) .
12-сурет 13-сурет
Layers (Қабаттар) палитрасын ашып градиенті бар қабат үшін Blending Options (Орналастыру мәндері, Параметры наложения) мәнін - Screen (Экран), ал Opacity (Мөлдір еместік, Непрозрачность) мәнін - 75% деп алыңыз. Нәтижесі 14-суретте көрсетілген.
Кез келген мәтін жазып, қабаттың Drop Shadow (Сыртқы көлеңке, Внешняя тень) стилінің көмегімен оған аздап көлеңке қосыңыз. Layers палитрасындағы мәтіні бар қабатты градиенті бар қабаттан төмен орналастырыңыз. Соңғы нәтиже 15-суретте көрсетілген.
... жалғасы14-сурет 15-сурет (нәтиже)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz