Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері



Кіріспе.

I . Тарау. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
теориялық негіздері.

1.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ұғым.

1.2. Қазакстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы
жүйесін ендірудегі қабылданған модель.

1.3 Зейнетақы жүйесінің басынан кешіріп отырған
қиындықтары.

II . Тарау. Нарықтық қатынастар жағдайындағы
жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

2.1. Нарықтық қатынастар жағдайында зейнетақымен
қамтамассыздандыру.

2.2. Зейнетақы жүйесі экономиканың жеке саласы
ретінде.

2.3. Зейнетақы активі.

III . Тарау. Зейнетақы нарығының жағдайы.

3.1. 2004 жылғы зейнетақы нарығының жағдайы.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.

Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы әр-түрлі мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдынғы қатарына жатады сол 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды:
1 мемлекетте қарттардын көбеюі
2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы.
3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы
4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы
5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б.
1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай еңбек етерлі тұлғалар өздерінің жеке зейнетақы шоттарын ашып, қаражат жинақтау мүмкіндігіне ие болды.
Активтер басқаратын компанияның жұмысы дұрыс көрсетілмей жатыр деп агенттік зейнетақы қорына айтса, онда қор басқа компанияны тандауына болады. Зейнетақының белгілі бір бөлігі депозит түрінде болады. Ал, көп бөлігі бағалы қағаздарға салынады. Көбінесе мемлекет бағалы қағаздарды сатып алуға жүмсалады, қандайда компанияның банкроттыққа үшырауынан тек 10 % -ды жоғалтады. Ал, 90 % қолда қалады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1 О внешним изменений и дополнений в закон РК о пенсионном
обеспечений 2003 год

2 «ҚР зейнетақымен қамтамассыздандыру туралы» Егемен
Қазақстаң 28 маусым 1997 жыл

3 Вестник КАЗЭУ 2001 № 1 стр. 30

4 Труд в Казахстане 2004 № 4 стр 44

5 Труд в Казахстане 2002 №7 стр 40

6 Саясат 2002 №11 83 бет

7 РЦБК 2002 №5 стр 4

8 РЦБК 2003 №1 стр 23

9 РЦБК 2003 №11 стр 56

10 РЦБК 2004 №2 стр 28

11 Банки Казахстана 2002 №10 стр 56

12 Банки Казахстана 2003 №5 стр 58

13 Банки Казахстана 2004 №4 стр 58

14 Деловая неделя 2003 № 12 стр 4

15 Деловая неделя 2004 № 38 стр 5

16 Континент 2003 №15 стр 19

17 Финансы и кредит 2004 № 7 стр 46

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.

I – Тарау. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
теориялық негіздері.

1.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ұғым.

1.2. Қазакстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы
жүйесін ендірудегі қабылданған модель.

3. Зейнетақы жүйесінің басынан кешіріп отырған
қиындықтары.

II – Тарау. Нарықтық қатынастар жағдайындағы
жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

2.1. Нарықтық қатынастар жағдайында зейнетақымен
қамтамассыздандыру.

2.2. Зейнетақы жүйесі экономиканың жеке саласы
ретінде.

2.3. Зейнетақы активі.

III – Тарау. Зейнетақы нарығының жағдайы.

3.1. 2004 жылғы зейнетақы нарығының жағдайы.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен
әр-түрлі туындай бастады. Осы әр-түрлі мәселенің ішінде
зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені
зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың
алдынғы қатарына жатады сол 1990 жылдардың басты кезендерінде
зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың
болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді.
Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты
болды:
1. мемлекетте қарттардын көбеюі
2. зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның
болмауы.
3. өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын
болмауы
4. Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы
5. әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен
ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б.
1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі
өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық
көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету
туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке
шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу
орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды. Ал
1998 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай еңбек етерлі тұлғалар
өздерінің жеке зейнетақы шоттарын ашып, қаражат жинақтау
мүмкіндігіне ие болды.
Активтер басқаратын компанияның жұмысы дұрыс көрсетілмей
жатыр деп агенттік зейнетақы қорына айтса, онда қор басқа компанияны
тандауына болады. Зейнетақының белгілі бір бөлігі депозит түрінде
болады. Ал, көп бөлігі бағалы қағаздарға салынады. Көбінесе мемлекет
бағалы қағаздарды сатып алуға жүмсалады, қандайда компанияның банкроттыққа
үшырауынан тек 10 % -ды жоғалтады. Ал, 90 % қолда қалады.

I – Тарау. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері.

1.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы түсінік.

Зейнетақы реформасының байы мақсаты-экономикалық тұрақтылықты ескеріп
тұратын қаржылық жағынан тұрақты және әділетті жүйені қүру. Осы
мақсатқа жету үшін Қазақстан Чили мемлекетінің моделін негіз етіп алды.
1997 жылы үкімет зейнетақы жүйесің реформалау басталды, оның басты
мақсаты әлеуметтік (салидарная) жүйеден жинақтаушы жүйеге біртіндеп көшу
болып табылады.
1998 жылы “Зейнетақы жүйесі туралы” заң қабылданды. Бұл заң бойынша
зейнетақы жүйесі 2-ге бөлінеді:
1 Ынтымақтастық
2 Жинақтаушы
Зейнетақы дегеніміз- орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал
әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен
Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді
ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің
жиынтығы.
Ыңтымақтастық жүйенін құрамына әлеуметтік салықтар және республикалық
бюджетке түсетін басқа да салымдар жатады. Ал, жинақтаушы жүйенің
қүрамына әрбір азаматтың еңбек ақысының 10 % , мен еркін салымдар кіреді.
Жинақтаушы жүйеге көшу ұзақ уақытты қажет етеді, сондықтан біздін
жағдайда толығымен бұл жүйеге көшу 2040 жылға дейін жалғасады. Жинақтаушы
жүйеге көшкен кезде мемлекет толығымен зейнеткерлердің зейнетақыларын
алатынына уәде береді.
Сонымен қоса мемлекет зейнетақы жүйесінің субектілерін үнемі
қадағалаумен айналысады. Олар: жинақтаушы зейнетақы қорлары, банк-кастадиан
және зейнетақы активтерін басқаратын үйымдар.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары- мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары.
Банк-кастодиан – клинттердін сеніп тапсырған бағалы қағаздарымен
ақша қаражаттарын жауапкершілікпен сақтау және есепке алу жөнінде қызымет
көрсететін банк.
Жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания -
мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардын міндеті
зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгіленген тәртіппен зейнетақы төлейтін, сондай-ақ зейнетақы
активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті жүзеге асыратын және оларды
мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банкілердің депозиттеріне,
халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды
түлға.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардын
міндеті және ерікті зейнетақы жарналарын жинауды және алушыларға зейнетақы
төлеуді, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті және
осы заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы активтерін басқару
жөніндегі компания арқылы инвестициялайды асыратың заңды түлға.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері :

1 Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) ашық
2) корпоротивтік болуы мүмкін.
2 Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жүмыс істейтін
және түратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын
қабылдауды жүзеге асырады.
3 Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол кордың
құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды
түлғалардың алушы-қызметкерлері үшін құрылады.
4 Алушынын заңды тұлғамен – акционермен еңбек шартын бұзуы
Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорымен Корпоративтік жинақтаушы
зейнетақы шартын бұзу үшін негіз болды .

Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары, міндеттері және
қызыметін жүзеге асыру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
1) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға
2) өзінің қызыметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға
3) зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзгеде қүқықтарды жүзеге
асыруға қүқығы бар.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
1) алушыларға Қазакстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен
зейнетақы төлеуге
2) Жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке
алуды жүзеге асыруға
3) Салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сүрау
салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі
туралы ақпарат беруге
4) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы
ақпараттың қүпиялығын қамтамассыз етуге
5) Қазакстан Республикасының зандарына сәйкес зейнетақы заңдарымен
зейнетақы шартынын ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге
6) Алушынын қарызы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір
жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуға
7) Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниямен (мемлекеттiк
бiр жинақтаушы қорын қоспағанда) зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруға шарттар жасасуға
8) Бір, үш, бес, он күнтүзбелік жылғы стандарттық уақыт кезендеріндегі
өз қызметі туралы статистикалық және өзге де ақпаратты жариялауға
міндетті, бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қорларына салымдар
бойынша табыстарға кепілдікті немесе уәдені қамтитын ақпаратты
жариялауға жол берілмейді
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға
тең жағдайларды қамтамассыз етуге
10) Қазакстан Республикасының зандарына сәйкес басқа да міндеттерді
атқаруға міндетті.

1.2. Қазакстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесін ендірудегі
қабылданған модель.

2002 жылы 12 мамырда “Қазакстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін
реформалау концепциясына ” 5 жыл толды. Бұл зейнетақы жүйесінін
стратегиялық бағыттарын анықтап , Қазақстан азаматтарының зейнетақымен
қамтамассыздандыру жүйесін реформалаудың басы болды.
Әрине, халықтын қартаю мәселесі және оларды зейнетақымен
қамтамассыздандыру біздін жас мемлекетіміз үшін көкейтестілік, сондықтан
Қазақстан, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, 20 ғасырдын аяғында
сапалы жаңа зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесіне көшті-жеке жинақтаушы
және арнайы сипатты жүйелерге Қазақстандағы зейнетақы реформасы 20 ғасырдын
80 жылдын басында Чилиде жүрген реформаға ұқсас “Чилидағы зейнетақы ғажабы
” туралы бүл елде жүргізілген зейнетақы реформасы жүргүзілгеннен 14 жыл
өткен соң айта бастады. 1995 жылы 21 зейнетақы қоры жүмыс істеді, қордағы
жалпы сома 23,0 млрд. доллар мемлекеттің жалпы ішкі өнімнің жартысын
қүрады. Егер Чилидін мысалына ілесуіне керек, зейнетақы жүйесін
реформалауда “Қазакстандық ғажап” жайлы айту әлі ерте: ол үшін әлі 10
жылдай уақыт керек. Негізінен Қазакстандық зейнетақы жүйесі 40 жылға
негізделген, яғни ағымдағы ғасырдың 30 жылдын аяғына дейін.
2002 жылдын басында Қазакстанның жана зейнетақы жүйесінде 15
жинақтаушы зейнетақы қорлары қызмет жасады және олрдың қорлары қызмет
жасады және олардын қорлары 1,2 млрд. доллар, яғни мемлекеттін жалпы ішкі
өнімнің 5,5% қүрады. Олай болса, Қазакстанға, 1995 жылғы Чилидің
стандартына жету үшін алғашқы 10 жылдықта зейнетақы қорларының санын тағы 6-
ға арттыру керек және де зейнетақы активтерін жыл сайын орташа шамамен 2,0
млрд. доллар өсіру керек.
1995 жылы Чилидің жалпы ішкі өнім 50,0 млрд, доллар құрада, ал
Қазакстанға бұл дәрежеге жету үшін 10 жыл бойы жалпы ішкі өнімге тұрақты 8-
9 % қосымша алу керек, бұкіл біздін қатан экономикалық жағдайында қиынға
түседі. Дөрері санауымыз бойынша, ең оптимистік болжам, егер Қазакстанға
әр жыл сайын жалпы ішкі өнім-5 % арттыра алса, онда 2011 жылдын сонында
36,0-37,0 млрд. доллар жетеді. Бірақ бұл шаманын жартысын зейнетақы
активтері құрайды дегенге сенушілік аз, мүмкін, жалпы ішкі өнім-20 %
зейнетақы активтері құрайтын шығар, онда бұл 7,5-8,0 млрд. доллар соманы
құрайды. Себебі қарқынды дамып жатқан Қазакстанның банк жүйесіне жалпы
ішкі өнімнің-20 % қүру үшін 10 жыл қажет болды.
Қазакстан және Чили арасында үқсастық өте көп. Бұл елдердін халық саны
бірдей, табиғи ресурстарына бай, әсіресе түсті метал рудасы, экономика
ресурсынның негізін тау-кең өндірісі қүрайды. Бірақ бүған қарамастан,
Қазакстан және Чилидін көптеген әлеуметтік- экономикалық айырмашылықтары
зейнетақы жүйесін қүруға үлкен әсер етті. Мысалы, 80 жылдардын басында
Чили түрғындарынын 85 % қалаларда түрды, яғни бүл мемлекеттін урбанизация
көрсеткіші өте үлкен. Бұл кезде Қазакстанның қалаларындағы тұрғындар
халықтын тек жартысын қүраған .
80 жылдарда экономикалық өсу кезені зейнетақы реформасымен сай келді де
қысқа уақыт мерзімінде зейнетақы жүйесіне қажетті активтер жиналыды.
Чили зейнетақы реформасының 1-ші жылында экономикалық өсуден өтіп жатқан.
реформасының 1-ші 10 жылдығында жылдық , жалпы ішкі өнім орташа шамамен 7
% -ке өсті. Бұл кезде сонымен қатар Чилидін қор нарығы кенейіп жатты. Осы
фактілер арқылы Чилидін зейнетақы қорларына үлкен табыс алғандары
түсініледі. 1981-1995 жылдар аралығында жыл сайынғы зейнетақы активтеріне
түсеті табыс, инфляцияны ескергенде 13 % -ті құрады.
Зейнетақы реформасынын 1-ші жылы экономиканың құлдырауы байқалды. Халықтын
жартысын ауыл түрғындары қүрады, ал ауыл шаруашылығы 90 жылдары құлдырады.
Өндіріс кәсіпорындары өз жүмыстарын тоқтатты немесе банкроттыққа үшырады.
Халықтын жүмысқа жарамды түрғындары жүмыссыз жүрді. Мемлекеттін
зейнеткерлер алдындағы қарызы қиын қыстау болды қор нарығы мүлдем жоқ
еді. Осындай қиындықтар кезінде Қазакстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі
өзінің қалыптасуын бастады.
Чили Латын Америкасы елдерінің ішінде бірінші болып 20 ғасырдын 20
жылдын ағымдағы табыстарда зейнетақына төлейтын мемлекеттік жүйені
қолданды. Қызмет етіп жүрген 52 қор арасындағы ұқсастық, олардың барлығы
бөліп алу қағидасы бойынша жүмыс істеді. Яғни, жұмыссыздардың зейнетақы
жүмыс істеп жүргендердің салымдарынына төленді және жүйенін қызметі
мемлекеттегі актив және пассив жүмысшылардын қатынасына байланысты болды.
Чили мен Қазакстанның зейнетақы жүйелерінің басты айырмашылығы,
Чилидің әлеуметтік қамтамасыздандыру қорларында жұмысшылардың салымдарына
учет жүргізілді, яғни ағымдағы зейнетақы төлемдері мен болашаққа салынатын
салымдар арасында тікелей байланыс болған. Ал, Қазақстандың қорларда
салымдарға учет жүргізіледі. Сондықтан салымдар мен төленетін зейнетақы
арасында байланыс болмады. Осылайша, Чили мен біздін мемлекеттің кассаларын
байланыстыруға болмайды, себебі олар қызметтері жағынан бір-бірінен
еркшеленеді.
Жарты ғасыр өмір сүрген Чилидің жүйесі келесідей кемшіліктерге ие
болды: әрбір салада зейнетақынын түрлі мөлшерлері тағайындалады,
бюрократизм кең дамыды, зейнетақыны саяси тағайындау мөлшерлері
салымдардың жоғарлауына әкелді. Сондықтан мемлекеттін барлық шығындарының
28 % -ін мемлекет тарапынан әлеуметтік және зейнетақымен
қамтамассыздандыруды қаржыландыруды қүрайды. Сонымен қатар мемлекет
қажетті қаржыларының жоқтығына қарамастан арнайы пособияларды берді.
Осыған байланысты Чили мемлекеті зейнетақы салымдарынын мөлшерін
үлкейтуге мәжбүр болды, осы себептен халық зейнетақылық салымдардан бас
тарта бастады және т.с.с.
1981 жылдын мамырында экономика түрақты сатыға көтерілген кейін және
мемлекттін қаржысы өскенең кейін, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің
реформасы заңға 1980 жылы қабылданған сай жасалды. Мемлекеттік
зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесі міндетті жекеге ауыстырылды
Жаңа Қазакстанның зейнетақы жүйесі, жинақтаушы деп аталғанымен де,
арнайы жекені білдіреді. Чилиге қарағанда, бүл жерде басынан бастап жеке
зейнетақы жүйесі қалыптасты, Қазақстанда жеке жинақтаушы жүйемен қоса ескі
ниеттілік жүйесі де қызмет етіп жатыр.
Осылайша, Чилидағы зейнетақы реформасы 10 жылдай дайындалды. Қоғам жаңа
зейнетақы жүйесін қабылдауға дайын болғанда және экономика өскен кезде
Чили үкіметі зейнетақы қабылдауға реформасын жасауға кірісті.
Макроэкономиканың көз қарасынан, Чилимен салыстырғанда, 1997-1998 жылдары
басталған Қазақстандық зейнетақы реформасы үшін біздін елде экономикалық
және әлеуметтік түрақтылық бар болды. Әрине, 5 жылдан кейін реформаны
талқылау жеңілдірек, бірақ сол кезде зейнетақы жүйесіне көшу дүрыс
шешім болған. Егер Чили зейнетақы рефармасына 10 жыл дайындалса, онда
біздің жағдайда дайындық бірнеше айда ғана алды. Бұл факт Қазақстандағы
зейнетақы реформасының белсенді дайындалғаның дәлелдейді. Бірақ кейбір
чиновниктердің ойынша, зейнетақы жүйесінің басты мәні мемлекеттік емес
зейнетақы қорының пайда болуы. Ол көптеген нарық қатысушыларымен дүрыс
қабылданбады. Осылайша, қазіргі кездегі Рессейде ендіріліп жатқан сызба
бойынша жоспарланды, яғни еркін мемлекеттік емес зейнетақымен
қамтамассыздандыру негізінде. Мүмкін, еркін зейнетақы жүйесін жүргізуге
біздін мемлекетте уақыт болмады, осыған байланысты арнайы зейнетақы
жүйесіне лезде көшу туралы шешім қабылданды. Біздің мемлекет Чили моделін
кейбір өзгертулер мен қолданды. Өзгерулер МЖЗҚ құру мен ескі құйымақтастық
зейнетақы жүйесін құруда болды. Осылайша, Қазақстандық зейнетақы
жүйесі болып табылмайды, ол Аргентина және Колумбия модельдеріне
негізделіп жасалған. Сондықтан Қазақстандық зейнетақы реформасы
Латын Американдық жолмен жүріп жатыр деп атауға болады, бірақ оның
негізінде қайткенменде Чили моделі жатыр.

1.3. Зейнетақы жүйесінің басынан кешіріп отырған қиындықтары.

Қазақстанның зейнетақы реформасын бағалаған шетелдік эксперттердің ойлары
бойынша оның артықшылықтарына қүрағанда кемшіліктері өте көп. Олардын
ішінде ең негізгісі жүйенің тез арада қалыптасуы мен енгізілуі болып
табылады. Ескі жүйені жанаға ауыстыру шынында да қажет болды, бірақ бұған
аз уақыт жүмсалғандықтан кері әсер етті. Жүйенің бөліктері түрмақ негізгі
баптарын қарастырып, талқылауға уақыт жетпеді. Сонымен қатар,
эксперементтердің айтулары бойынша өтелі экономикасы бар жалпы ішкі
өнімімі, аз капитал нарығы дамыған және мемлекеттік бюджетінің
жетіспеушілігі бар мемлекетке, яғни Қазақстан Чилидің моделін қолдану
мүлдем мүмкін емес.
Бірақ Қазақстан үкіметі жинақтаушы зейнетақы жүйесін құрып,
приватизация, капитал нарығынын дамуы және зейнетақымен қамтамассыздандыру
реформасын бір жүйеге біріктіргілері келді. Бұл жүйемен жинақталған
қаржылар, Қор биржасында Қазақстанның ірі компанияларының акцияларын және
ашық саудаға ұсынылатын акцияларды сатып алуға жүмсалу керек болған.
Осылайша жинақталған ақшаның көлемі мен экономиканың өсуін тұрақтандыру
көзделді, сонымен қоса басқа да мәселелерді шешу.
Шетелдік эксперттер төмендегідей қиындықтарды атап көрсетті:
1) Зейнетақымен қамтамассыздандыру механизімінің негізгі ретінде
жинақтаушы жүйе қолданды, бірақ бұл төлем жалақына алатын жүмысшыларды,
стажы төмен әйелдерді және жинақтаушы қорланға аз ақша салған
адамдарды жақсы зейнетақымен қамтамассыздандырмайды
2) нормативті- қүқықтық қамтамассыздандырудың жаңа жүйесі өте тез
енгізілді
3) Зейнетақы қорларын лицензиялау процесіне саяси әсер ету
4) Мемлекеттік жинақтаушы қорын құру және оның беделін жеке қорлардын
алдында көтеру
5) Жергілікті капитал нарықтарынын болмауына қарамастан жаңа жүйені
енгізу
6) Салушылардын активтерін қорғауға жауап бере алмайтын қүқықтық жүйе
7) Әлеуметтік сақтандырудың дұрыс еместігі және т.б.

Зейнетақы жүйесін жүргізудегі жүйелерді ұйымдастыру мен емдіру, бұлар
жүйенін жүмысында тәртіппен тұрақты қамтамассыздандыру керек еді. Ал,
енді зейнетақыны төлейтін мемлекеттік орталық жайлы айтсақ. Мамандардын
бағалаулары бойынша ЗТМО-ғы өз жүмысын дүрыс істей алмады, сондықтан
жиналған салымдардын кқдемі төмендей бастады. Ал зейнетақы жүйелерінің
салымдарының тура мөлшері белгісіз болып қалды. Жеке есептеу жүйелерінде
және зейнетақы жүйесінің салымшыларын тіркеуде көптеген қателер
табылды. Арнайы зейнетақыны сақтандыру жүйесі салымшыларынын жеке есептеу
механизімінің болмауы кері әсерін тигізді. Ниеттілік жүйеден жинақтаушы
жүйеге көшудің механизімін ұйымдастыру қолға алынбады.
Шетеулік эксперттердің бір болжамдарын таңқаларлық жағдайға
жатқызуға болады. Олардын ойынша, жеке жинақтаушы зейнетақы қорларына
лицензия тексерусіз беріле берді. Бұның салдарынан қорды үйымдастыру
құқығына сенушілігі аз бірқатар ұйымдар ие болды. Сонымен қатар бұл
ұиымдардын кадорлары ешқандай стандартқа жауап бермеді. Осыған орай
“зейнетақы қорларының барлық қаржылық жүйесі 1-2 жыл ішінде құлайды”
деген болжам жасалған. Бірақ бұл болжам бір жарым жыл бұрын айтылған, ал
жүйе әлі қүлаған жоқ.
Қазақстанда ендірілген зейнетақы жүйесінің барлық қиындықтарын
талқылап, шетелддік мамандар тобы бірнеше шешулер берді. Олардың ойынша
бұлар реформадан туындаған ауырлықтарды онайлатуға көмектекседі.
Бесеуінің ішінең екеуін біздін жағдайда қолдану мүмкін емес.
Біріншіден, бүл жинақтаушы зейнетақы жүйесінін жүмысын тоқтатып, ондағы бар
қаражатты ниеттілік жүйеге көшіру. Екіншіден, әйелдер мен еркектер
зейнетақыға шығу мерзімдерін 65 жасқа көтеру. Ал, біздің елде өмір сүру
денгейі ерлерде 60 жас, әйелдерде 62 жас, болып табылады. Қалған шешімлер
соншалықты қиын емес, сондықтан оларды қолдануға болады. Олар: ниеттілік
жүйеде тіркеу және есеп беру жүйелерін ендіру, сонымен қатар бұл саланы
қатан тексеру; зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесіне өзгерістер енгізу
әкімшілік шараларды зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықта шешу.
Неліктен шетелдік мамандар бізге зейнетақы жүйесі жабуды ұсынды?
Себебі, зейнетақы жүйесінің Қазақстандық нұсқасы дұрыс жасалмаған және
осыған орай оның қателерін тез арада дүрыстауға болмайды. Мамандардын
айтулары бойынша “үкімет өз үйін фундамент пен қабырғаларсыз, төбеденг сала
бастады”. Сондықтан бұл құрылғынын астындағы милиондаған азаматтардың
үстілерін басып тастамас үшін оны тезірек алып тастау керек.
Шетелдіктердің ойларынша егер келесідей 6 шарт орындалса, онда
Қазақстанда зейнетақы жүйесін жүргізуге болады.
1) Экономиканын өсуі басталады
2) Копитал нарықтары дамыған
3) Бюджет жетіспеушілігі қатан қадағалауға алынады
4) Зейнетақы жүйесі артық қаражатты қндіре бастайды
5) Жеке зейнетақы қорларынын жүмысын қамтамассыздандыратын
құқықтық тексерушілік мжәне әкімшілік салалар толығымен жасалып,
тұрақтанғанда
6) Сәйкесінше мамндар дұрыс дайындалса. Уақыт өтіп жатыр, ал біздін
жүеде осыған байланысты ешқандай өзгерістер болып жатқан жоқ.
Барлығы, күтілгендей, өзінің ретімен жүріп жатыр. Біз өз
принциптерімізден кері қайтпаймыз.

II – Тарау. Нарықтық қатынастар жағдайындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

2.1. Нарықтық қатынастар жағдайында зейнетақымен
қамтамассыздандыру.

Халықтық тәжіребе көрсеткендей халықтың салымдары инвестициялау
мақсатпен дүрыс қолданып жатыр. Оларды тартумен мемлекеттік емес
институттар жүйесі айналысады. Олар қаржылық делдалдар және ұжымды
инвесторлар түрінде қызметтерін атқарады нарықтық экономикасы даиыған
елдердін тәжірибесі бойынша үлттық инвестицияның барлық көлеміне бұл
институттардын қосқан ұлесі зор. Бұндай институтарға, сонымен қатар
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары да жатады, олар халықты
зейнетақымен қамтамассыздандыру арқылы әлеуметтік шараларды шешумен және
үлкен инвесторлар ретінде қызметпен айналысады
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің реформасы зейнетақымен
қамтамассыздандыру жүйесін қалыптастыруға әкелді оның басты субектілері
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін
басқару мен айналысатын компаниялар және банк кастодияндар болып
табылады. Бұндай институттардын дамуынын бастапқы жылдарындағы жүмыстары
арқылы мынандай шешімге келуге болады, қажетті жағдайларды жасап және
сәйкес мемлекеттік реттеу кезінде жинақтаушы зейнетақы қорларынын
активтері экономикаға аса қажетті инвестициялар ретінде бола алады,
негізінен үзақ уақытты болады.
Әлемде 2 зейнетақы жұйесі бар: ынтымақтастық және жинақтаушы.
Біріншісінде, ынтымақтастық жүйеде бүгінгі зейнеткерлер өз
зейнетақыларын бүгінгі күнгі жұмысшылар арқасында алып жатыр. Бұл жүйе
бойынша жүмысшыларға үлкен ауырлық түседі, себебі зейнетақы қорларына
үлкен көлемде салымдар жіберілуі тиіс. Халықтын ішінде зейнеткерлер саның
өсуі бүгін үлкен қиындықтардын бірі. Бұл жүйе шығынды деп танылды.
Жинақтаушы жүйеде зейнеткер зейнетақыны өз жинақтарынан алады.
Зейнетақы жүйесін реформалау кезінде женілдіктер қысқарады, зейнетақыға
шығу уақыты өседі, жеке зейнетақы қорлары дамиды және т.с.с. Әлеуметтік
қорғаудын кепілдігінің болмауы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі
тәуекелділік.
Зейнетақы жүйесінің ұйымын тандаудын басты критериі – оның қаржылық
тұрақтылығын қамтамассыздандыру.
Қаржылық тұрақтылығын қамтамассыздандыру.
- ынтымақтастық жүйе үшін – бұл зейнеткерлер мен жүмысшылар
санының, орташа зейнетақы мен орташа енбекақынын орташа
мөлшерінің ара қатынасы, сонымен қатар салымдарды жинау
денгейі.
- жинақтаушы жүйе үшін- бұл активтерді салу, болашақтағы
зейнетақы мөлшері, өмір сұру денгейі мен жұмыс стажынын
ара қатынасы.
Өмір сүру денгеінің үзақтығы және өте жоғары зейнетақылар үшін екі
жүйеденде салымдардын жоғары мөлшерін қажет етеді.
Реформалаудын мақсаты біреу- кәрі адамдарды қорғау және экономикалық
өсуге үлесін қосу.
Қазақстанда жұмыс істеген зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесі жұмыс
істеуге жарамсыз халықты қамтамассыздандыруда өзінің тиімділігін
көрсетті. Қазақстан Республикамен қабылданған зейнетақы жүйесінің 3
денгейінің қалыптасуының қажеттігің айқындайды, оларға банктік және
сақтық компаниялардын үсынатын қызметтері және арнайы маманданған
мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы мемлекеттік емес зейнетақымен
қамтамассыздандырады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары халықтын психологиялық
қажеттіліктерін қамтамассыздандырады яғни кәрілік кезінде жүмысқа
қабілетсіз болған кезде жинаған ақша салымдарын материялдық негіздері
ретінде пайдалану. Зейнетақы қорларынын активтері кәсіпорындардын,
үйымдардын, азаматтардын салымдарымен, сонымен қатар инвестициялаудан
түсетін табыстардан құралады. Зейнетақы салымдарынын ерекшелігі олар
ұзақ уақытқа салынады, яғни салымдардын түскен уақыты мен оларды өтеу
уақыты ұзақ болып табылады. Сонымен зейнетақымен қамтамассыздандыру
жүйесі арқылы ақша қаражаттарын жинақтау ұзақ уақытты болды. Сәйкесінше,
бұл уақыт аралығында инфляция жағдайында өз құнын сақтау мақсатымен,
олар қысқа мерзімді қаржылық құралдарға, сонымен қатар үзақ мерзімді
активтерге және инвестициялық бағдарламаларға салынуы мүмкін.
Қор нарығының дамуына жинақтаушы зейнетақы қорлары үлкен үлес қосуда,
себебі өзінің ісінің ерекшклігіне байланысты ұзақ мерзімді
инвестициялаумен айналысады және осыдан қаржы нарығынын ұзақ мерзімді
секторының қатысушы болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде зейнетақы қорлары ең
мықты, сенімді және тұрақты жүмыс істейтін әлеуметтік қаржылық
институттар болып келеді. Осыдан, ұзақ уақыт жүмыс істейтін зейнетақы
қорларында ауқымды мөлшерде қаражатар жинақталады.
Қаржы нарығында мемлекеттік емес зейнетақы қорынын инвестор ретінде
үлесі зор және активтерінің қарқыны өте жоғары, сонымен қатар кейбір
мемлекеттерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері мен
инвестициялаудын түсетін табыстарына салық төлеуде женілдіктер беріледі.
Осыған байланысты қорлардын жұмыстарына батыс елдерінің қызығушылығы
туып жатыр. Бұл құбылысты онай түсіндіруге болады, себебі:
1) Қосымша, зейнетақымен қамтамассыздандыру саласынын институттар
жүйесінін дамуы мемлекеттін халықты әлеуметтік қорғау ауытпалығын
төмендеуге көмектеседі
2) Мемлекет экономиканың көлемінде мемлекеттік емес зейнетақы қорларынын
қаражаттарды жүмылдыру жинақтардын қсуіне және тұтынудын қысқаруына
әкеледі.

Дамыған мемлекеттерде мемлекеттік емес зейннетақы қорларының
инвестициялық шегі 40-60 жылды құрайды. Осыцған ұқсас инвесторлар жоқ,
банктер және қаржылық корпорациялар ұзақ мерзімді инвестицияларын 12-15
жылға жоспарлайды. Сонымен бірге мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен
шоғырланған активтер үзақ мерзімге қаржылық құралдарға салынады да, осы
уақыттағы айналыстан шығарылады. Осылайша қаржы нарығында алыпсатарлық
сұраныстың төмендеуін қамтамассыздандырады. Басқа сөзбен айтқанда,
зейнетақы қорларының активтері мемлекеттің қаржы жүйесінің
стабилизаторы болып табылады.
Осылайша мынандай қорытындыға келеміз, зейнетақы қорлары қаржылық
ресурстарды шоғырландырып, оларды біздін мемлекетке бөлудін дүрыс
үйымдастыруына өз ықпалын тигізе алады. Мемлекеттік емес зейнетақы
қорларының активтері ұзақ мерзімді айналысқа негізделгендіктен, Қазақстан
экономикасына аса қажетті ұзақ мерзімді инвестицияның бір көзі, сонымен
қатар Қазақстаннын қор биржасынын өзіндік стабилизаторы бола алады.
Зейнетақы жүйесін бұрынғы күйінде сақтап қалу аның күйзелісіне және
толық құлдырауына әкелетіе еді. Оны бұлдырмас үшін 1997 жылдын 20
маусымында “Қазақстан республикасында зейнетақымен қамтамассыздандыру
туралы” заң қабылданды. Осы заң бойынша 1998 жылдын 1-ші қантарынан
бастап мемлекетте зейнетақы жүйесі енгізілді және ол нарықтық
экономиканың талаптарына жауап беретін болды. (1 сурет)
Жұмысшылардын есебінең қамтамассыздандырылған зейнетақы жүйесін
қалыптастыру үшін басқару мен бақылауға байланысты іс-
шаралар қабылданды. Бұның мақсаты зейнетақы төлемдерінің дұрыс бөлінуін,
салымдары жоғалтып алу тәуекелінен аулақ жүру үшін және зейнетақы
жинақтарын құнсызданбауын қадағалау. Мемлекет жеке түлғалардың
жинақтаушы зейнетақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін талдау
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржылық басқару мәселелері
Жинақтаушы зейнетақы қорлары - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары
Қазақстан Републикасының зейнетақы нарығына экономикалық талдау
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі
Зейнетақы жүйесі жайлы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Пәндер