Алматы қаласының киелі жерлер географиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Алматы қаласының киелі жерлер географиясы

Райымбек Батыр кесенесі - киелі мекен

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің қалалары мен ауылдарының көшелері мен алаңдары жұртшылықтың талап-тілегіне орай жаңаша атауға ие болып, халқымызды ғасырлар бойы езгіге салып келген патшалық Ресей мен коммунистік партия қайраткерлерінің ескерткіштерінен тазарып, ұлтымыздың батырлары мен билерінің және өзге де ұлылардың ескерткіштері мен кесенелері орнатылуымен жаңаша сипат алды. Қазіргі уақытта жастар бұрын есімдері атауға тыйым салынған ұлылардың есімдеріне, еліміздің тәуелсіздігі жолында күрескен қаһармандардың ерліктеріне, даналарымыздың кемеңгерлеріне қанық бола бастады.
Азаматтық үшін алысқан Райымбек батыр кесенесі Алматының қақ ортасы Райымбек даңғылы бойында орналасқан. Қазақтың даңқты батыры тоғыз жолдың торабында, ұрпақтарының бақытты ғұмырына куә болып жататындығын білсе керек. Ғұмырының соңында баһадүр Денемді түйеге артып жіберіңдер де, жануардың күші таусылып, шөккен жеріне мені жерлеңдер, - деп өсиет айтқан екен. Қайтқанша қолының қарымы қайтпаған Райымбек батырдың сүйегі жатқан жер еліміз үшін киелі саналады. 1981 жылы бұл жерге мәрмәр тастан ескерткіш орнатылған болса, 1994 жылы Райымбек тарихи-этнографиялық бірлестігінің бастамасымен атан жілік батырдың басына мазар орнатылды. Кесененің алдында ақ бураның шөгіп отырған мүсіні тұр.
Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әпсана кең тараған. Кеңес заманында батыр жатқан зиратты суруге келген бульдозер өшіп қалады. Кері бұрылса техника жүріп кетеді. Ал зиратқа қайтадан беттесе өшіп қала береді. Осылайша, Райымбек рухы темір техниканы бөгеп, қасиетіне бас имеген құрылыс иелерін мойындатады. Бұдан кейін бұл жерге қандай да бір нысан салуға ешкімнің батылы бармаған.
1991 жылы ержүрек бабамыз жатқан көшенің атауы да батыр құрметіне Райымбек даңғылы болып өзгертілді. Көзі тірісінде қол бастар батыр ғана емеси, көріпкел, әулие атанған баба басына келіп, мұң - мұқтажын айтып, тілек тілейтін, құран бағыштап, дертіне дауа іздейтін жандар мұнда жиі келеді. Міне, осылайша ерлігі мен өрлігі ел ауызында қалған батыр рухы ұрпағымен мәңгі жасай бермек.(толықтыру бар)

Боралдай сақ қорғандар қорымы
Алматы қаласы археологиялық ескерткіштерге бай тарихи қалалардың қатарына жатады. Алматы қаласының тарихы бүкіл әлем тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, мәдениет және сәулеттік стиль қала бірлестігі қала өмірінің қайталанбас жеке дара бейнесін жасақтауға әсер етуде. Алматы - Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, қазіргі таңда ол - Орта Азиядағы ірі мегаполистердің бірі, еліміздің қаржы-экономикалық және мәдени орталығы болып саналады. Көшпенділердің мәдениеті мен дәстүрін және отырықшы жер шаруашылығын өнбойына сіңірген қаламыздың мыңжылдық тарихы елшеусіз тереңде жатыр, әрі алуан қырлы. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде алғашқы тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтады. Олардың ішінде көшпелі элитаның ең үлкен қорығы - Боралдай. Жан-жағын Үлкен Алматы өзені шатқалы, терең жыралар қоршаған Боралдай обаларының орталық бөлігі жақсы сақталған. Өзеннің солтүстік жағалауында орналасқан Боралдай қорған обалары ұзындығы 3 шаршы шақырым, ал ені 800 метрге дейін аумақты алып жатыр. Обаның солтүстік бөлігі кірпіш зауыты карьері зардабынан жойылып кеткен. Оңтүстігінде обалар Үлкен Алматы каналына дейін созылған. 47 қорғаннан және 6 жер асты топырағын өндіруге арналған ойлы жер - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды облысының географиясы
Рухани жаңғыру бағдарламаның үлгісінде елімізде мәдениет саласындағы бағдарламалардың тиімділігін бағалау
Қазақстанның батыс өңіріндегі киелі нысандарға жалпы шолу және Орал қаласындағы тарихи орындар
Қостанай облысының мәдени жерлері
Рухани жаңғыру бағдарламасын Қазақстан Республикасының өңірлерінде іске асыру жобасын дайындау
Алматы қаласы бойынша киелі жерлер кешендері
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІНДЕГІ ТУҒАН ЖЕР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР ГЕОГРАФИЯСЫ ЖОБАЛАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАЗЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАРҒА ТАЛДАУ
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін қандай рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағының экономикалық географиялық жағдайы
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Пәндер