Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің негізгі сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің негізгі сипаттамасы. Табиғатты тануға және балалардың әр-түрлі дағдылармен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады. Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағы табиғатқа бақылау орнына, объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты болмақ. Дидактикалық ойы н, көрнекіліктерді, ойыншықтарды көрсету -балалардың табиғатты тануына үлкен роль атқарады.

Естиярлар топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияда, серуендерде, ойында және баулу жолымен жүргізіледі.

Тәрбиешінің табиғаттың түрлі құбылыстары және заттар жайындағы әңгімесі балалардың білімін едәуір молайтады[16] .

Тәрбиешінің әңгімесі сәбилер тобына қарағанда естияр, ересек және мектепке даярлық топтарында көбірек орын алады.

Тәрбиеші балалардың бақылағандарын толықтырып отырулары керек және қабылдауға болмайтын объектілермен құбылыстармен таныстыруы жөн. Кейде бақылағандарды әңгімемен толықтыру қажеттігі туады. Мысалы: балалар серуен кезінде құмырсқалардың илеуін көрді. «Олар не істеп жатыр?»-деп сұрады балалар. «Кәнеки, байқап көрелік»-деп тәрбиеші, бақылау процесінде құмырсқаның қайда жорғалап бара жатқанын түсіндірді. Құмырсқаларды аз уақыт бақылағаннан соң, тәрбиеші құмырсқалардың тіршілігі жөнінде әңгімелеп беруі тиіс.

Балалар балабақшадағы тірі табиғат мүйісі- мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат пен көрнекі және әрекетті түрде таныстырудың ең қажетті жағдайларының бірі. Балалардың табиғат туралы нақтылы білім молаяды. Тірі объектімен танысқан кезде олардың бақылағыштығы, табиғатқа деген қызығушылығы арта түседі. Табиғат мүйісін күтіп баптаған кезде еңбекке бейімденудің және еңбексүйгіштік, тірі затқа аялай қарау көзқарасы, тапсырылған іске деген жауапкершілік сияқты бала бойында бағалы қасиеттер қалыптасады. .

Бөлмеде өсетін өсімдіктер үйдің ішін көріктендіреді, сонымен бірге білімі және тәрбиелік міндеттерді іске асыруға өте қолайлы. Бөлме өсімдіктері арқылы балалар өсімдіктермен жалпы танысады, бағып - күту, оларды түптеп және қайта отырғызу арқылы еңбекке дағдыланады.

Сәбилердің екінші тобындағы балалар ағаштың жапырақтары жасыл және сары болатынын білуі тиіс. Сары жапырақтардың ағаштан үзіліп түсетінін білу керек.

Екінші топтағы балаларды еңбекке баулу. Олар тәрбиешілерімен бірге құстар мен балықтарға жем береді, гүлдердің жапырақтарын сүртеді. Өз участіктерін жинауға көмектеседі. Тәрбиешінің тапсыруы бойынша, балалар жапырақ түсе бастаған кезде, өздері білетін ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, өзара түсі, пішіні жағынан салыстырады. «Ағаштың жапырағына қарап ажырат» ойындарын ойнайды.

Мектепке даярлық тобы.

Табиғаттағы күзгі құбылыстар туралы нақты білімді жинақтау және кеңейте түсу, жазғы құбылыстардан күзгі құбылыстардың айырмашылығын, өлі және олардың өзара байланысының бірізділігін анықтау.

Балалардың өздері білетін өсімдіктердің өзіне тән ерекшеліктерін бөліп көрсету және сипаттау, жапырақтары мен жемістеріне қарай отырғызып, ағаштарды айыра білу ептілігіне жаттығу жүргізу, еңбек дағдыларын, ауыл шаруашылық еңбегіне қызығушылық пен тәрбиелеу жалғастырыла білуі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыту іс-әрекеттері ойын, еңбек, сабақ арқылы жүзеге асырылады. Баланың кез келген іс-әрекетінің негізі- оның қоршаған нәрселермен, атап айтқанда, табиғатпен танысу кезінде пайда болатын білімдер мен іскерліктерден тұрады. Балаларды табиғатпен таныстыру кезінде ойын басты құралдарының бірі. Бақылау барысында балалардың қоршаған ортадағы бағдарлаушылығы молаяды, танымдық қабілеті қалыптасады, табиғат пен тиісті қарым-қатынас жасауға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру-оларға заттар өлі және тірі табиғат құбылыстары, балалардың табиғатқа деген ықыласы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу жөнінде белгілі бір көлемде білім беруді алдын-ала көздейді[17] .

Әр-түрлі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру міндеттерінің ерекшеліктері. Әрбір жас топтарында балаларды табиғатпен таныстыру белгілі бір программалық міндеттерге сай жүзеге асырылады. Екі жастан үш жасқа қараған балаларды өсімдіктермен, жануарлармен, тірі табиғат құбылыстарымен таныстырады, балаларды кеңістікті ажырата білуге және өсімдіктердің (жапырқтардың, гүлдердің) түсін кейбір белгілерін, жануарлардың қимылы мен дауысын ерекшелеп, дұрыс атауға алғашқы көрнекі байланыстар мен жалпылауларға сүйенуге үйретеді. Сөйтіп балалардың талдағыштығы, көру, естулері жетіле түседі. Бақылаған объектілерге деген назары мен ықыласы артады, табиғатқа деген сүйіспеншілігі қалыптасады.

Төрт жасқа қараған балаларда олардың өмірде үнемі кездесіп отырған табиғаттағы заттар мен құбылыстар жөніндегі түсініктері қалыптасады. Сабақтардағы, ойындардағы заттық сезімдік іс-әрекеттер процесінде тани алатын байланыстарды орнатуға және оларды нақтылы түсініктер формасында көрсетуге қол жеткізеді.

Табиғат мүйісінде жұмыс істеу күн сайынғы еңбекке бөлінген сағаттарда жүргізіліп отырады. Балалар өсімдіктер мен жануарларды бақылайды, оларды ұқыпты қарауға үйретеді, еңбектің ең қарапайым дағдыларын меңгереді, үлкен адамдармен бірлесіп еңбектенуге, сонан кейін өз беттерімен еңбектенуге үйренеді[18] .

Балалардың түсініктерін қалыптастырудың және олардың сөз байлығын молайту бір уақытта жүзеге асырылады.

Қабылдаудың дамуы бөлшектенбеген әсерлерден заттар мен құбылыстардың сапасына және қасиетіне сәйкес ажырату, байланыстыру негізінде жалпылауға келеді. Әрбір түсінікте жалпылаудың бір кезі болады.

Түсінік-мидың анализдік-синтездік іс-әрекеттінің нәтижесі. Олар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттерін бірнеше рет сезініп қабылдау, олардың ішінен айтарлықтай белгілерді және ол белгілерінің сөзбен берілуін ажырата отырып, оларды басқалармен салыстыру нәтижесінде жасалады. Түсінікткер іс-әрекетте- балалардың ойыны мен енбегінде-меңгеріледі және тексеріледі.

Түсініктер балалардың санасына сезіну жолымен алынған қабылдаулардың негізінде болғанда ғана дұрыс дамиды. Түсініктің жасалуы-ұзақ процесс.

Балаларды табиғатпен таныстырудың сан алуан құралдары бар. Олардың таңдау-тәрбиелік-білімдік міндеттерге, программалық материалдық мазмұнына және балалардың жас ерекшелігіне байланысты. Алға қойылған міндеттерді іске асыруды анықтайтын жолдардың негізгі принциптері-тәрбиелеу білім берудің көрнекілігінде, танымда, балалардың белсенділігінің және тәрбиешінің жетекшілік ролінің бірлігінде.

Балалардың еңбегін ұйымдастыру олардың жасына байланысты. Сәбилердің бірінші тобында балалар тек тәрбиешінің өсімдіктерді қалай күтуін бақылайды, ал сәбилердің екінші тобында бұл жұмысқа олардың өздері қатысады. Естияр топта барлығын тәрбиешінің бақылауымен кезекшілер орындайды. Мектепке даярлық тобында кезекшілерден басқа балалар өсімдіктермен жануарларды күтуде жеке дара бақылаулар жүргізеді. Бақылау-мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процес. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі. Табиғатқа деген көзқарастары ынта-ықыластары сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді. Тәрбиешінің табиғи объектілермен табиғат құбылыстарын бақылау ұйымдастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі тәсілі болып табылады. Объектіге және балаларды жасына байланысты бақылаулар бірнеше минутқа созылатын мезгілдік және бірнеше күнге, бір аптаға дейін созылатын ұзақ болуы да мүмкін.

Еңбектің маңызы. Еңбек- балалар бақшасында тәрбиелік- білімдік жұмыстың әдісі ретінде маңызды орын алады. Балалар заттармен және табиғат құбылыстарымен тікелей араласа отырып, ол жөнінде нақтылы білім алады. Өсімдіктің өсіп жетілуі мен оларды адамның күтуінің арасындағы кейбір байланыстарды анықтайды. Мұның бәрі олардың жетілуіне жағымды әсер етеді, дүниені материалистік тұрғыдан тануларына негіз жасайды. Еңбек балалар бақшасында жер участкесіндегі және табиғат мүйісіндегі кейде сабақтардағы өсімдіктер мен жануарларды күнделікті күтуде қолданылады. Бірақ балалардың еңбегін өз мақсатына айналдырып қолдануға болмайды. Қандай да болмасын бір еңбек дағдыға тәрбиелей отырып, табиғат жөніндегі білімдерді бір мезгілде кеңейте және бекіте түскен жөн[19] .

2. 2. Балаларды табиғат аясымен таныстыруды ұйымдастыру формалары

Балаларды табиғатпен таныстырған кездегі олардың іс-әрекетін ұйымдастыру формалары-сабақтар, экскурсиялар, серуендер, табиғат мүйісіндегі жұмыстар болып табылады.

Сабақтар. Бұл- балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі форма. Сабақтар программаға сәйкес, күні бұрын белгіленген жоспар бойынша белгілі бір сағатта өтіледі. Сабақтарда тәрбиеші балаларға жаңа мәліметтерді хабарлап қана қоймайды, сонымен бірге оларда бұрыннан бар білімдерді нақтылайды және бекітеді. Сабақтар балаларды табиғатпен таныстыру процесінде танымдық қабілеттерінің(бақылағыштығы, ойлағыштығы) және тілдерінің дамуы, олардың сөзік қорларының молаюы, табиғатқа ықыластылық пен сүйіспеншілікте болуға тәрбиелеу жүзеге асатындай етіп құрылады. Сабақтағы ең басты нәрсе-барлық балалардың програмалық материалды менгеруі. Бұл үшін әр алуан методтар: нақтылы объектілерді бақылау, үлкендердің еңбегі, дидактикалық ойындар, картиналармен жұмыс, көркем шығармаларды оқу, әңгімелесулер т. б. қолданылады.

Сабақтар жұмыстың басқа түрлерімен тығыз байланысты. Мысалы, сабақтардан алған білімдері мен іскерлігін балалар күнделікті іс-әрекетіне(ойында, еңбекте) қолданады, ал серуендер кезінде жиналған түсініктер, учаскедегі жұмыстар мен бақылаулар сабақтарда нақтыланады, жүктелінеді[21] .

Сабақтарға әзірленгенде тәрбиеші программа бойынша балаларға таныстыратын объектіні белгілейді, мұнан кейін қандай методтар мен тәсілдерді қолданудың тиімділігін, қандай көрнекі құралдарды пайдалану керектігін анықтайды, көрнекі құралдарың ішінен сабақтарда табиғи объектілерді(картиналарды, диафильмдерді, кинофильмдерді, ойыншықтарды т. б. ) қолданады. Бөбектік жастағы топтарда сабақтарды жеке-дара немесе 4-6 баламен өткізеді. Сәбилердің бірінші тобында топтың жартысымен, ал басқа топтарда бүкіл топпен сабақ өткізуге болады.

Экскурсия- балалар табиғи жағдайларда:орманда, көгдала, бақшада, су қоймасында т. б. табиғатпен танысатын сабақ. Экскурсиялар сабаққа арналып бөлінген сағаттарда жасалады.

Экскурсияларда белгілі бір программалық мазмұны бар, мұны барлық топтың балалары меңгеруге міндетті(экскурсияның күнделікті серуендерден айырмасы-осы) . Экскурсиялардың тәрбиелік-білімділік маңызы өте зор, өйткені олар туған табиғатқа деген ықыласты арттырады, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді[22] .

Ормандағы таза ауада немесе көгалдағы хош иісті гүлдердің арасында болу, қимыл-қозғалыс және қуанышқа бөлену, әдетте осымен байланысты, балалар денесінің дамуына да игі әсер етеді. Экскурсия жасайтын жерді таңдап алу-оның міндеттеріне, балалардың жасына байланысты.

Балалар бақшасы маңына экскурсиялар естияр, ересек және мектепке даярлық топтарымен өткізіледі. Сәбилер тобымен жылдың тек екінші жартысынан бастап, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі жер учаскесін табиғатын бақылау-көгалға паркке аз уақыт экскурсиялар жасау ұсынылады. Орын таңдағанда тіптік өрлермен құламалар кездесетін жолдардан аулағырақ болуы керек.

Эксурсияға дайындағанда тәрбиеші экскурсия жасайтын жерге алдын -ала барып келеді. Мұнда ол программа талабына сай нені көрсетуге болды, жинап алынған әр түрлі заттар үшін өзімен бірге нені алу керкек, бақылауды қалай ұйымдастырып, балаларға қандай сұрақтар, қандай тапсырмалар беру керек, қандай ойындар ойнап, қайда дем алу керек[23] .

Балалардың қайда баратынын, нені бақылайтынын, өсімдіктермен жануарларды жинақтау және алып жүру үшін өзімен бірге нені алу керек, қалай киіну керек дегендерді хабарлай отырып, оларға алда тұрған экскурсия жөнінде бір күн бұрын ескертеді. Мұндай алдын ала қысқаша хабарлама балалардың көңілін жадыратып, ынтасын арттырады, белгіленген экскурсияға олардың көңілін аударады.

Экскурсияны жасауда балаларды ұйымдастыру зор роль атқарады. Шығар алдында олар барлық керекті заттарды алды ма, соны тексереді. Содан кейін балалар өздерін қалай алып жүрулері керектігін естеріне салады.

Серуендер. Бүкіл жас топтардың балаларын табиғатпен таныстыру үшін күн сайынғы серуендерді кеңінен пайдаланады. Олар аздаған экскурция-мақсатты серуендер, олардың өткізген кезде тәрбиеші учаскені қарап шығады, ауа райын, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді бақылауды ұйымдастырады.

Серуендеулер кезінде балалар табиғатпен программаға негізделіп және жергілікті жердің жағдайларын ескере отырып, алдын ала жасалынған жоспар бойынша танысады. Серуендерде табиғаттың қандай да болсын жоспар бойынша танысады. Серуендерде табиғаттың қандайда болсын бір құбылысы көрінген кезде жоспар жүзеге асырылады[24] .

Жер учаскесіндегі жұмыс. Жер учаскесінде балалар көбіне күндізгі ұйқыдан кейін жұмыс істейді. Бұл жұмыс табиғат мүйісіндегі сияқты бақылау жасаумен ұштасып жатады және олардың өсімдікпен жануарлар жөніндегі білімдерінің қорлануына еңбек дағдыларының жетіле түсуіне ықпал етеді. Еңбекті ұйымдастыру түріне балалардың жасына және жыл маусымдарына байланыстыЖер учаскесіндегі кейбір жұмыстың барлық топтарда сабақ түрінде жүргізуге болады, бірақ еңбектік шеберліктер мен дағдылардың қалыптасуын балалардың күнделікті еңбектерінде жүзеге асырылуға тиіс. Әр түрлі тапсырмаларды мезгіл-мезгіл жеке балаларға олардың кішкене топтарында немесе бүкіл топқа беріледі. Ересек және мектепке даярлық топтарында бақшаға және гүлзарға кезекшілік қояды.

Табиғат мүйісіндегі жұмыс. Табиғат мүйісінде жұмыс істеу күн сайынғы еңбекке бөлінген сағаттарда жүргізіліп отырады. Балалар есімдіктер мен жануарларды бақылайды, оларды ұқыпты қарауға үйренеді, еңбектің ең қарапайым дағдыларын меңгереді, үлкен адамдармен бірлесіп еңбектенуге, ал сонан кейін өз беттерімен еңбектенуге үйренеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдістері
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz