Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету: басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі. Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бар екендігі туралы ақпарат беру.
Адамдардың бір-бірімен айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар (сырт келбеті, әдеттері, түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді сезінеді). Адамның өсуі үшін қажетті шарттар - су, жарық, жылу, тағам, қозғалыс пен демалыс, күтім мен махаббат. Адамдар бірдей сезімдерді сезінеді: қуаныш, ауру, өкініш. Өзінің дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін түсінуге үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ. Отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, отбасы мүшелерін, қызметтері мен қарым-қатынастарын (немен айналысады, бір-біріне қандай қамқорлық жасайды, қайда баруы мүмкін және т.б.) атауға ынталандыру.
Ойын жағдайларында отбасы үшін бөлмені жабдықтау: жиһаздар мен ыдыс-аяқтарды орналастыру, отбасылық қарым-қатынастар мен үлкендердің еңбегін ойын әрекеттерінде көрсету. Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеуге ынталандыру. Өзінің отбасы мен бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсіну[3].
Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, аспаз, сатушы, дәрігер, құрылысшы) туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі мамандық иелері (жүргізуші, ұшқыш, машинист, капитан) әртүрлі көлік құралдарын басқаратыны туралы білім беру.
Заттарды, кабинеттерді бір-бірімен салыстыруға (кең, тар, жарық, үлкен, т.б.) үйрету. Заттардың мөлшерін (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) шартты белгілердің көмегімен салыстыруға үйрету.
Бөлме өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігі және олардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдайларын туғызу қажеттілігі туралы нақты ұғымдарын қалыптастыру.
Өсімдіктердің көптүрлілігі мен оларға әртүрлі күтім керектігі (суару, жапырақтарды сүрту) туралы білімдерін бекіту.
Тірі табиғат бұрышын мекендеушілер мен өсімдіктердің белгілерін білдіретін сөздерді қолдануға үйрету. Бейнелеу өнеріндегі қол еңбек бұрышы, көркем шығармашылық, музыка бөлмесіндегі ұлттық музыка аспаптары (домбыра, қобыз) туралы түсінік беріп, олармен таныстыру. Домбыраның сыртқы бейнесін сызуға, суретін салуға үйрету.
Алаңмен, аумақпен таныстыру. Балабақша ауласын көгалдандыру, гүлзарлар балабақша келбетін көркейтетіні туралы түсіндіру. Ағаштар, гүлдер және құстардың белгілеріне қарай анықтап және ажырату іскерліктерін дамыту. Маусымдық өзгерістерді байқауға, балабақшаның сыртқы және ішкі безендірулеріне көңіл аударуға үйрету[4].
Ұлттық педагогика негіздеріне сүйене отырып өзін-өзі ұстау мәдениеті дағдыларын меңгерту. Құрдастарымен келіспеушілік болған жағдайда, татуласуға, өзіне ұнамайтын теріс қылықты өзгеге жасамау керектігін түсіндіру, ортақ шешімге келіп, бір-бірімен татуласу дағдыларын үйрету. Әрқашан ізеттілік көрсетіп, сәлемдесу, алғыс білдіру, көмегін ұсыну сияқты жағымды әрекеттер жасауға дағдыландыру. Қарапайым әдептілікті сақтауға әдеттендіру. Үлкеннің алдын кеспеу, сөзін бөлмеу, кішілерге қамқор болу, ойыншыққа таласпау, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау, т.б. Кішіге - ізет, үлкенге - құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Өзінің тегінің шежіресіне қызығушылығын ояту. Ата-анасы, отбасы мүшелері мен өзінің аты-жөнін дұрыс айтуға үйрету. Отбасылық мерекелер мен оны өткізуге дайындыққа белсенділігін мадақтау. Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бағалауға, кім кіммен жақын дос, олар не үшін бір-біріне жақын деген мәселелер туралы көзқарастарын білу дағдыларын қалыптастыру. Әрқашан, қандай жағдай болмасын өз-өзін мәдениетті ұстау керек екендігін ұғындыру. Өзінің жақындарына, балабақшасына, еліне, жеріне, достарына, елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігі мен сыйластығын қалыптастыру. Өзін, өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу. Ересектердің балаға әрі - сыншы, әрі - қолдаушы екендігін ұғындыру. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі. Қоршаған ортамен танысу арқылы баланың тілі дамиды. Қоршаған ортаны таныстыру бойынша балалар өздерінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілер мен топтағы балалардың аты - жөнін тани бастайды.
Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т.б. айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасалғаны, қайда? кімде? қандай? кім не істейді? деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді[5].
Балалар, әсіресе ұл балалар жағының қызығы көлік түрлері, яғни ұшақ, поезд, жеңіл, жүк машиналардың түрлі көлік түрлерінің міндеттерін жақсы біледі. Балалар бос уақыттарында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған ортамен таныса отырып, танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады.
Таным білім беру саласының базалық мазмұнында үш жастағы бала ересектерге еліктей отырып ойын образдарын жасай келе, белсенді түрде қимылдап, қоршаған әлемімен танысады. Айналысында болып жатқан барлық оқиғаларға назар аударып, мән беріп, ересектің соңынан сөйлемдер мен сөздер қайталап отырады. Мысалы: заттардың қасиеттеріне, табиғатқа, жан - жануарлар әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Мазмұны: заттардың температурасын сезіне білуге: қар суық, салқын, шай ыстық. Сыртқы белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға үйрету. Заттармен іс-әрекеттерді орындау: қуыршақты киіндіру, ойыншықтарды жинастыру, киімін тазалау, қоршаған ортадағы тәртіпсіздікті бақылау. Киімдердің атауын атай білуін жетілдіру. Заттардың не үшін, неге арналғандықтарын түсіну.
Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғат пен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат күн тізбесіндегі ауа-райы жағдайын бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу[6].
Біріншіден, арнайы бағдарламаны пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.
Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір - біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:
Сәлеметсіз бе балақайлар!, Қайырлы таң, балалар!, Бүгін күн қандай тамаша!
-деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп, көңіл-күйін бір сергітіп тастайды.
Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан басталады. Ертеңгілік балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргізеді. Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін, ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелейді.
Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазды күндері жердегі құрт-құмырсқаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны
Балалардың ойындар арқылы табиғатпен таныстыру ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие берудің формаларын жас және дербес ерекшеліктеріне қарай топтастырып, дұрыс пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесінің мазмұны
«ЗЕРЕК БАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәндер