Ұйымдастырушылық басқару ақпараттық жүйелері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1. Әншілерге концерт жұмыс процесін ұйымдастыруда автоматтандыру құралдарын қолдану 5
0.1 Ақпараттық жүйелерді автоматтандыру құралы ретінде қолдану5
1.2 Ақпараттық жүйелердің классификациясы 6
1.3 Ақпараттық жүйелердің қолдану салалары 11
2. Әншілер туралы мәліметтерді автоматтандырылған жүйесін жобалау 13
0.2 Xampp-server веб-сервері 13
2.2 IDE NetBeans интегралданған жасақтама ортасы27
2.3 Notepad++ текстілік редакторы28
3. Жобаны іске асыру нәтижелері29
2.1 MySQL ДҚБЖ29
Қорытынды34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі35
Кіріспе
Адамзат өмірінің қазіргі даму кезеңі ақпараттық қоғамға өтумен сипатталады, мұнда ақпараттандыру мен компьютерлендіру процесстерінің нәтижесінде барлық салаларда ақпараттық технологиялар маңызды роль атқарады. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының арқасында қазіргі заманғы қауым әртүрлі қоғамдық өндіріс деңгейлері арасындағы байланыстың күрделене түсуіне техникалық, ғылыми, саяси, мәдени, тұрмыстық және басқа да қоғамдық қызмет көрсету орталарында өзара жүретін ақпараттық ағындардың көбеюін талап етеді. Қазіргі кезде қоғам арасындағы ешбір процесті ақпарат алмасуынсыз елестету мүмкін емес. Ал осы байланысты жүзеге өз уақытында, дер кезінде жеткізу үшін әртүрлі құралдар мен байланыс жүйелері қолданылады.
Осыған байланысты адамның практикалық қызметінде ақпаратты өңдеу құралдарын және қазіргі перспективті әдістерді рационалды пайдалану қиындықтарының шешімі жоғары дәрежелі мағынаға ие болады. Сондықтан да адам өмірінің барлық салаларын автоматтандыру қажеттілігі туады.
Курстық жұмыстың мақсаты - кез келген елді алға сүйреп, оның келешекке қадам басып дамуын жалғастыратын бүгінгі күннің жастары екені сөзсіз. Осыған орай бұл жобадағы алға қойылған мақсат - ақпараттар технологиялардың соңғы жетістіктерін қолдана отырып, Астана қаласы жастар саясаты бөлімінің автоматтандырылған жүйесін құру болып табылады.
Курстық жұмысының өзектілігі - кез келген мемлекеттің болашағы - сол елдің жастары екені белгілі, соған байланысты жастарға қатысты жүргізілетін саясат та ерекше назарда болуы керек. Бұл жобаның өзектілігі - ел ордамыздағы жастармен жүргізілетін саясат барысында олармен жасалатын шараларды жүзеге асыруға көмектесетін, әртүрлі жастар ұйымдарымен әрдайым тығыз байланыста жұмыс жасауды ұйымдастыратын және оларды дер кезінде қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыратын автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасау.
Курстық жұмыстың деректік негіздері. Жасалынған web қосымша бағдарламасы динамикалық болғандықтан, міндетті түрде деректер қоры қолданылады. Web қосымшаны жасау үшін серверлі деректер қоры ретінде MySQL, ал скрипт тілі ретінде РНР алынды. Ал оған қосымша ретінде HTML, DHTML тегтері, бетін көркемдеу үшін CSS стилдері, Java Script, Notepad++ кодтау редакторы қолданылған.
Курстық жұмысты орындау барысында қазіргі таңдағы заманауи Denwer web-сервері мен MySQL сияқты деректер қорын басқару жүйелері технологияларының пайдаланылуы жұмыстың қазіргі заман талабына сай орындалғанын көрсетеді.
Қазіргі уақытта өмірді компьютер және оның күшті есептеу жүйесі орындайтын көптеген артықшылықтары мен басымдықтарынсыз елестету қиын. Барлық құрылымдық ұйымдарды, мекемелерді және кәсіпорынды орталықтан басқаруға көшуге тырысуда.
Бұл Курстық жобада Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асыруға қызмет көрсететін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
XXI ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Сондықтан жастармен жасалатын жұмыстар тыс қалып қалмауы керек. Бұған қоса жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, олардың ашылмай жатқан таланттарының оянуына түрткі бола білуіміз керек. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруды орындауда жастардың алар орны ерекше болып отыр.
Еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Біздің бүгінгі күннің талабына сай еліміздің әрбір азаматы, соның ішінде әсіресе жастарымыз айналамызда болып жатқан саяси процестерден жан-жақты хабардар болып отыруы тиіс.
Саяси білім - қазіргі қоғамдық және саяси құбылыстың мән-мағынасын терең түсініп білуге, адамдар өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады. Жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Саясаттан хабардар болу адамдарға саяси қажеттіліктерін мемлекет тарапынан іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол саяси төзімділікті, келісімге, серіктестікке, мәмілеге келе білуді, саяси шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешуді, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезіне білуге өз ықпалын тигізеді [13].
Адамдардың саясатқа қатысып, салихалы шешім қабылдауы өзінен-өзі туындамайды. Ол үшін күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы жан-жақты хабардар болып, өзін дамытып отыруы тиіс.
1 Әншілерге концерт жұмыс процесін ұйымдастыруда автоматтандыру құралдарын қолдану
0.1 Ақпараттық жүйелерді автоматтандыру құралы ретінде қолдану
Қоғамның қазіргі заман дәуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің дамынуа байланысты адам іс-әрекетінің барлық саласында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамның барлық саласын компьютерлендіру арқылы адам жұмысын жеңілдетіп, соның негізінде оның жұмыс барысын автоматтандыру жүйесіне көшіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ол міндеттер мекеменің жұмыс процесінің тиімділігін жоғарылатуда, соның ішінде жүйеленген және уақытылы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы компьютерді және кез келген интернетке шығу мүмкіндігі бар есептеуіш құралдарды пайдаланып, ел болашағы жастармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін ұйымдастыруға пайдалану өте тиімді болары сөзсіз.
Ақпараттық технологиялар - ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдері мен оларды іске асырудың техникалық құралдарын қолдану мәселелері кіретін кең ауқымды анықтама. Әдетте адамдар ақпаратпен жұмыс істеу барысында реттелген және өзара байланысты техникалық құралдарға жүгінеді. Уақытқа және іс-әрекеттің масштабына байланысты әр түрлі қарым-қатынастар мен реттелген іс-әрекеттер және оларды басқарудың көптеген тәсілдері тандалады [1].
Іске асыру тәсілдері алгоритмдеу және рационализациялау деңгейі бойынша анықталады. Бәрінен дұрысы, рационалды алгоритмизацияланған әдіс-тәсілдермен және ақпаратпен жұмыс істеу құралдары бұл - ақпараттық жүйелер.
Ақпараттық жүйелер дегеніміз - ақпаратты сақтауға, қайтадан өңдеуге, басқа қолданушыға беруге, ұсынуға және деректер алмасуға мүмкіндік жасайтын, қызметкерлердің, әдіс-тәсілдердің өзара байланысқан жиынтығы [3]. Қазіргі таңда, олар адам өмірінің кез келген саласында қолданысқа еніп, жұмыс барысында көп қолданатын құрал ретінде қызмет көрсетуде. Оны жұмыс кезінде қолдану арқылы автоматтандыру құралы ретінде пайдаланылып, көптеген тиімді нәтижелер беріп жатыр. Мемлекеттік қызмет саласында да жұмыс процесін ұйымдастыруда да бұдан тыс қалмау керек.
Ақпараттық жүйелерді мекеменің қызмет көрсету саласының аясы бойынша жіктейді. Бірақ, барлық ақпараттық жүйелерге тән ортақ қасиеттері де бар:
Ақпараттық жүйелер ақпаратты сақтауға және өңдеуге арналғандықтан кез келген ақпараттық жүйе негізінде сақтау мен ақпаратқа қол жеткізу құралы жатыр;
Электронды есептеуіш машина саласынан хабары аз пайдаланушыға арналған ақпараттық жүйелер.
Осыдан келіп шығатыны, ақпараттық жүйелерде пайдаланушы қиындықсыз түсінетін интерфейсі бар клиенттік қосымшалар болу керек.
Келесі бөлімшелерде ақпараттық жүйелердің жіктелуіне кеңірек тоқталып, оның жан-жақты және кең ауқымдылығы қарастырылады.
1.1 Ақпараттық жүйелердің классификациясы
Ақпараттық жүйелер әр түрлі белгілері бойынша классификацияланады. Ақпараттық жүйелер классификацияларының орындалатын маңызды белгілер ретінде мыналарды атап айтуға болады.
Берілгендерді басқару жүйесіне қатысты, яғни хабарды ішкі, кіріс, шығыс ақпараты деп бөлу мүмкіндігі;
Уақыт белгісі хабарды уақытқа байланысты перспективті және ретроспективті болуы;
Функционалдық белгілері орындайтын қызметіне байланысты.
Ақпараттық жүйенің құрылымын ішкі жүйелер деп аталатын жекеленген бөліктер құрайды. Қолдану саласына тәуелсіз ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын ішкі жүйенің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісін қарастырып, ал ішкі жүйелерді қамсыздандырушы ішкі жүйелер деп аталады. Жүйенің жалпы құрылымын мынадай қамсыздандырушы ішкі жүйелер құрайды: ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, ұйымдастырушылық және құқықтық.
1. Ақпараттық қамсыздандыру ішкі жүйесінің негізгі міндеті - басқарудағы шешімдерді қабылдау үшін шынайы ақпаратты дер кезінде ұсыну. Көптеген ұйымдар жұмысын талдау кезінде ондағы құжаттарды жүргізу ісінде бірқатар кемшіліктер байқалды:
Қолмен өңдеуге арналған құжаттың шамадан тыс үлкен көлемі;
Бірдей көрсеткіштердің түрлі құжаттарда қайталануы;
Құжаттың үлкен көлемімен жұмыс істеу мамандардың негізгі жұмысын орындауына кедергі болуы;
Жасалған көрсеткіштің қолданылуы.
Аталған кемшіліктерді жою ақпараттық қамсыздандыру алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Ақпарат ағымдарының схемасын жасау ақпараттың қозғалыс маршруттарын сипаттайды. Осындай схемаларды талдау нәтижесінде басқару жүйесін толығымен жетілдірудің іс-шараларын жасап шығаруға болады. Ақпараттың көлемін анықтау және оны бөлшектеп талдау мүмкіндіктерін беретін ақпараттық ағымдардың схемалары қайталанатын және қолданылмайтын ақпаратты жоюды ақпаратты тиімді түрде сипаттау және жіктеуді қамсыздандырады. Сонымен қатар ақпараттың басқару деңгейлеріне сәйкес өзара байланыс қозғалысын қарастырған жөн. Басқару шешімін қабылдау үшін қандай көрсеткіштің қажет немесе қажет еместігін анықтау қажет. Орындаушының әрқайсысына оның қолданатын ақпараты ғана келіп тұруы тиіс. Деректер қоймасын құру методологиясы оны жобалаудың теориялық негіздеріне негізделеді. Методологияның негіздерін тәжірибеде тізбектей жүзеге асырылатын екі кезең түрінде атап өтейік.
1-кезең: ұйымның барлық функционалды бөлімшелерін зерттеу мақсаттары:
Оның іс-әрекетінің құрылымы мен спецификасын түсіну;
Ақпарат ағымдарының схемасын жасау;
Ондағы құжат айналымы жүйесіне талдау жасау;
Ақпараттық объектілерді және олардың қасиеттері мен міндеттерін сипаттайтын реквизиттің құрамын анықтау.
2-кезең: 1-кезеңде зерттелген іс-әрекет саласына арналған концептуалды ақпараттық-логикалық деректер моделін жасау. Бұл модельде объектілер мен олардың реквизиттерінің арасындағы барлық байланыстар орнатылып, оңтайландырылуы тиіс. Ақпараттық-логикалық модель деректер қорын жасаудың негізі болып табылады.
Ақпараттық қамсыздандыруды жасау үшін:
Ұйымды басқарудың толық жүйесінің функцияларын, мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
Талдау үшін ақпараттық ағымдар схемасы түрінде ұсынылған ақпараттың пайда болуынан бастап басқарудың түрлі деңгейлерінде қолданылуына дейінгі ақпарат қозғалыстарын анықтау;
Құжат айналымы жүйесін жетілдіру;
Жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру;
Ақпараттың өзара байланысын сипаттайтын ақпараттық-логикалық моделді жасау методологиясын меңгеру;
Қазіргі заманғы техникалық құралдың көмегімен ақпараттың массивтерін тасымалдаушыларға жазу.
1. Техникалық құралдардың кешенін мыналар құрайды:
Кез келген модельді компьютерлер;
Ақпаратты жинау, өңдеу, тасымалдау және шығару құралдары;
Байланыс құралдары;
Ұйымдастыру техникасы;
Ақпаратты автоматты түрде алу құралдары;
Эксплуатациялық материалдар.
Қазіргі кезде техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудың негізгі екі формасы қалыптасқан: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған.
Ақпараттық жүйенің әрекет ету этаптарының құқықтық қамсыздандырылуы мынадан тұрады:
Ақпараттық жүйенің статусы;
Мамандардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;
Басқару процесінің жекеленген түрлерінің құқықтық реттелуі;
Ақпаратты жасау және қолдану тәртібі [2].
Ақпараттық жүйелердің масштабы бойынша классификациялау
Масштабы бойынша ақпараттық жүйелерлер төмендегі топқа бөлінеді (Сурет 1):
Бірлік
Топтық
Корпоративтік
Сурет 1 Масштабы бойынша ақпараттық жүйелердің жіктелуі
Бірлік ақпараттық жүйелер. Бірлік ақпараттық жүйелер ереже бойынша автономды дербес компьютерде орындалды. Мұндай жүйе өзінде бір бірімен ортақ ақпараттық қормен байланысқан бірнеше қарапайым қосымшалардан тұруы мүмкін және бір қолданушы немесе қолдаушылар тобына орнатылған, уақыт бойынша бір жұмыс орнын бөлісетін жұмысқа есептелген. Осыған ұқсас қосымшалар столды немесе локальді деректер қорын басқару жүйесі ДҚБЖ көмегімен жасалады. Локальді ДҚБЖ лар арасында ең белгілері PoxPro, Paradox, Dbase, Clarion, Ceipper MicrosoftAccses болып табылады.
Топтық ақпараттық жүйелер. Топтық ақпарат жүйелер жұмыс істеуші топтық мүшелерінің ақпараттық ұжымдық түрді қолдануына бағытталған және көп жағдайларда локальді есептеуіш желі базасында тұрғызылады. Мұндай қосымшаларды өңдегенде жұмысшы топтарға арналған берілгендер базасының серверлері, сонымен қатар, SQL сервелері қолданылады. Әр түрлі SQL серверлердің көптеген комерциялық сонымен қатар еркін таралатын көп көлемді түрлері бар. Солардың ішінде мынадай ДҚ ның серверлері кең таралған: Oracle, DB2, MicrosoftSQL Server, InterBase, SyBase, Inforgix.
Корпоративті ақпараттық жүйелер. Корпаративті ақпараттық жүйелер жұмысшы топтар үшін жүйелерді жетілдіру болып табылады. Олар өте үлкен компанияларға бағытталған және территориялық алшақ түйіндер мен желілерді сүйемелдей алады. Негізі олар бірнеше дәреже иерархиялық қосымшасынан тұрады. Мұндай жүйеге сервер бойынша мамандандырылған немесе көпдеңгейлі архитектура тән болады. Топтық ақпараттық жүйелерді өңдеудегі сияқты мұндай жүйелерді өңдегенде сонымен қатар деректер базасының серверлері қолданылуы мүмкін. Бірақ ауқымды ақпараттық жүйелерде көп тараған серверлерге Oracle, DB2, MicrosoftSQL Server жататын болады.
Ақпараттық жүйелердің ұйымдастыру әдісіне қарай класcификациялау
Топтық және корпаративтік ақпараттық жүйелер ұйымдастыру әдісіне қарай төмендегідей бөлінеді (Сурет 2):
Клиент-сервер
Көпдеңгейлі архитектура
Интернет,интранет технологияларға негізделген жүйелер;
Файл-сервер архитектурасы
Сурет 2 Ақпараттық жүйелердің ұйымдастыру әдісіне қарай жіктелуі
Файл-сервер архитектурасы PS және PL диалогтарының компоненттерінің жиілік бөлшектенуінсіз болып, компоненттерді графикалық интерфейсті тұрғызуды жеңілдету үшін бейнелеу функциясында қолданылады. Файл-сервер файлдан тек алады, сол себептен қосымша қолданушылар мен қосымшалар орталық процесорға болмашы ғана күш түсіреді. Әрбір жаңа клиент желіге есептеуіш қуат қосады.
Ақпараттық жүйелерді қолдану саласы бойынша классификациялау
Қолдануына байланысты ақпараттық жүйелер мынадай төртке типке бөлінеді (Сурет 3):
Транзакцияларды өңдеу жүйесі
Шешім қабылдау жүйелері
Ақпараттық анықтамалық жүйелер
Офистік ақпараттық жүйелер
Сурет 3 Ақпараттық жүйелердің қолдануына байланысты жіктелуі
Транзакцияларды өңдеу жүйелері кез келгенде пакеттік АЖ және оперативті АЖ болып бөлінеді. Басқаруды ұйымдастыру жүйелерінде оперативті өңдеу жүйелері - OLTP(Online Transaction Proccessing) басымдылыққа ие, бұл кез келген бөлікті алады. OLTP жүйесіне қалыпты барынша қарапайым транзакциялар ағымы тән. Олар үшін маңызды талаптар болып төмендегілер болып табылады.
Транзакцияларды өңдеудің жоғарғы жұмыс істеу қажеті, қабілеті ДБ на рұқсат жасағанда телекомуникациялар арқылы ақпараттық жеткізуінің кепілі.
Шешім қабылдауларды сүйемелдеу жүйелері DSS (Decision Support System) АЖ лердің басқа бір типін ұсынады, яғни мұнда айтарлықтай күрделі сұраныстар бойынша деректердің уақыттық, географиялық және тағы басқа көрсеткіштер бойынша таңдау мен талдау жасалады.
Ақпаратық анықтамалық жүйелердің кең класы гиперсілтемелік құжаттар мен мультимедияға негізделген Мұндай АЖ лер осындай кеңінен дамуын интернет желілерінде жетілдірген.
Офистік ақпараттық жүйелер қағаз құжаттарды электронды түрге аударуға бағытталған яғни іс жүргізулерді автоматтандыру және құжат айналымдарын басқару [2].
Ақпараттық жүйелерді қолдану саласы бойынша классификациялау туралы мәліметке сүйене отырып, жобаланған Жастар саясаты бөлімінің автоматтандырылған жүйесі офистік ақпараттық жүйеге жататынына көз жеткізуімізге болады.
3.1 Ақпараттық жүйелердің қолдану салалары
Соңғы жылдарда компьютерлер кәсіпорындардың басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып қалыптасып келеді. Бірақ басқаруға жаңашыл заман талаптарына сай түрін ақпараттық жүйелерге ақша салуды бақылайды. Кәсіпорындар қаншалықты үлкен болса сонша ақша салымдары болуы керек.
Ақпараттық технологиялардың мақсатты түрде дамуы олардың қолдану аймақтарында да кеңейте түсуде. Бұрын ақпараттың жүйелер тек бухгалтерлік есептерді автоматизациялау кезінде қолданылса қазір бірнеше салаларда жиі қолданылып жүр [3].
Қолдану салалары:
Бухгалтерлік есеп. Бұл ақпараттық технологияларды қолданудың классикалық аймағы Бухгалтерлік есеп жүзеге асырушы бүгінгі күні негізгі мақсат болып табылады.
Біріншіден бухгалтерлердің қатесі үлкен көп шығынға әкелуі мүмкін, сондықтан бухгалтерия мүмкіндіктерін автоматизациялауды қолдану керек. Екіншіден бухгалтерлік есеп өте оңай формальданғандықтан бухгалтерлік есептерді автоматизациялауды жасау техникалық қиындық туғызбайды.
Қаржылық ағымдарды басқару. Бұл да кәсіпорындардың қателіктерге басқаруларының алдын алу үшін жасалған. Қоюшылардың есептеу жүйелерін және тұтынушылар жүйелерін дұрыс ұйымдастырмау кеселінен сатып алу жақсы маркетинг жағдайларының өзінде кризисті қолдан еріксіз жасап алу қаупі бар. Керісінше, нақты есептелген және қатты бақылаудағы финанстік есептеулер фирма айналым құралдарын айтарлықтай көбейту мүмкін.
Кәсіпорынды оперативті басқару. Мұндай ақпараттық жүйелер кәсіпорынның ДҚ негізінде барлық мүмкін ақпараттар фиксациялануынан құрылады. Мұндай ақпараттық жүйелер бизнесті басқару құрамы болып табылып, корпаративті ақпараттық жүйелер деп аталады.
Кәсіпорынды оперативті басқару ақпараттық жүйелер нақты кәсіпорындарда орналасқан бизнес процестердің шешімдерін автоматтандыратын көп программаларды қосады. Осы ақпараттық жүйелерге қойылатын негізгі талап икемділік, адаптациялану және әрі қарай даму мүмкіндіктерінің болуы.
Құжат айналымы кез келген кәсіпорын үшін маңызды процесс. Құжат айналымы жақсы қамтылған жүйесі өндірістік ағымдағы өнімділігін бейнелеп басқарушыларға оған әсер ету мүмкіндіктерін бере алады. Сондықтан қаржы айналымы автоматтандырылуы басқару эффективтілігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандармен қоса қолдану саласы бойынша ақпараттық жүйелерді төмендегідей жіктеуге болады:
Ұйымдастырушылық басқару ақпараттық жүйелері;
Техникалық үдерістерді басқарушы ақпараттық жүйелері;
Ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйелері;
Автоматтандырылған жобалау ақпараттық жүйелері;
Автоматтандырылған оқыту жүйелері;
Кіріктірілген ақпараттық жүйелер;
Экономикалық ақпараттық жүйелер;
Медициналық ақпараттық жүйелер;
Географиялық ақпараттық жүйелер.
Жастар саясаты қызметінің қоғамдағы ролі
Қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенетіндігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Саяси жүйе қоғамда көптеген қызметтер атқарады.
Бүгіндері қасиетті отанымыздың топырағында тәуелсіз, бостандықта өмір сүріп жатсақ, содан кейін тарихымыздағы ұлы адамдарға борыштымыз. Егер, олар болмағанда бүгінгідей тыныш та, бақытты өмір сүре алмаған болар едік. Сол тәуелсіздікті аңсап өткен ата-бабаларымыздың арманы XX ғасырдың аяғында орындалып, қазір тәуелсіз ел болып елтаңбамызды белгілеп, өзіміздің төл теңгемізді шығардық. Ән-ұранымызды шырқап, туымызды көкке желбіреттік. (Бұрын ата-бабаларымыз туды жау тылында желбіретсе қазір саңлақ спортшыларымыз дүбірлі додаларда туымызды желбіретіп жүр, ылайым солай болғай.) сыртқы елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға да міне жиырма бес жылдың жүзі болды. Кеше ғана тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығын бүкіл халық болып атап өттік. Осы тәуелсіз мемлекетіміздің ертенгі болашағы, мемлекетіміздің тірегі болып есептелетің жастарымыздың қазіргі аяқ алысы көңіл қуантарлық. Ия, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын ойлайтың, өзіне сенім артатын оқыған, халқының адал перзенті болуға лайықты жастар баршылық. Бірақ, жастардың көпшілігін олай деп айта алмаймыз.
2 Әншілер туралы мәліметтердің автоматтандырылған жүйесі
2.1 Xampp-server веб-сервері
XAMPP ([ˈzæmp] немесе [ˈɛksæmp]) -- вэб-сервердің Apache, MySQL, PHP скрипттерінің интерпретарорынан тұратын кроссплатформалық жиынтығы. Сонымен қатар Perl программалау тілі және қосымша кітапханалардың кең таңдауы толық веб сервердің жұмысын қамтамасыз етеді. Этимологиялық тұрғыдан XAMPP -- акроним, яғни, сқздердің бас әріптерінен құралған сөз [18].
X (төрт операциялық жүйенің кез келгені);
Apache;
MySQL;
PHP;
Perl;
XAMPP көбінесе ағылшын тілді халықтарда кеңінен таралған, ал орыс тілділер әлі ден болса джентеллмендік жиынтық Denwerді дұрыс көреді. XAMPP ты жасаушылар оның құрамындаңы кітапханалардың жаңа нұсқалары пайда болғанын бақылап, сәйкес Web-сервердің де жаңартылғанын қадағалап отырады. XAMPP қосымша диск жасамайды және кітапханалардың кең ауқымын ұсынады. Оның мынадай пакеттері бар:
SSL қолдауы бар Apache Web-сервері
MySQL ДҚБЖ
PHP
Perl
FTP-сервер FileZilla
POP3SMTP сервер
phpMyAdmin утилитасы.
XAMPP 32-х разрядты ОС Microsoft (982000XP2003Vista7) жұмыс істейді, сонымен қатар Linux, Mac OS X және Solaris. Программа GNU General Public License лицензиясына сәйкес тегін таратылады. XAMPP ты орнату үшін zip, tar немесе exe форматындағы файлды жүктеу керек, программаның компонеттері туралауды қажет етпейді. Сонымен қатар XAMPP көптеген басқа да OpenSSL және phpMyAdmin модульдерінен тұрады. Оның интерфэйсі қате қарапайым. XAMPP ты орнату, оның әр компонентін жеке орнатудан аз уақыт алады. Бұл web-сервер толық, стандартты және азайтылған нұсқада таратылады (XAMPP Lite ретінде танымал). Барлық қосымша модульдерді де оңай жүктеуге болады. Қосымша мүмкіндігі ретінде компанияның өзі zip, 7-zip, tar немесе exe түрінде жаңару пакеттерін таратады.
Linux-ке орнатылатын XAMPP. Linux ке арналған пакет Ubuntu, SuSE, RedHat, Mandriva, Debian да тестіленген және мыналардан тұрады: Apache, MySQL, PHP 5+PHP4& PEAR, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, GD, Freetype2, libjpeg, libpng, gdbm, zlib, expat, Sablotron, libxml, Ming, Webalizer, pdf class, ncurses, mod_perl, FreeTDS, gettext, mcrypt, mhash, eAccelerator, SQLite және IMAP C-Client, FPDF.
Mac OS X-ке арналған XAMPP. Mac OS X ке арналған пакет мыналардан тұрады: Apache, MySQL, PHP & PEAR, SQLite, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, GD, Freetype2, libjpeg, libpng, zlib, Ming, Webalizer, mod_perl, eAccelerator, phpSQLiteAdmin.
Solaris- ке арналған XAMPP. Solaris ке арналған пакет Solaris 8 және Solaris 9 да тестіленген және мыналардан тұрады: Apache, MySQL, PHP & PEAR, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, Freetype2, libjpeg, libpng, zlib, expat, Ming, Webalizer, pdf class.
Әуелде XAMPP жасақтаушылардың, программисттердің және веб-дизайнерлерге өз жұмыстарын Интернетті қолданбай тестілеуге арналған құрал ретінде жасалды. Жұмысты жеңілдету үшін қауіпсіздіктің кейбір мүмкіндіктері және туралаулары үнсіздік бойынша өшірілген. Сонымен қатар программа деректер қорын құру мен оны басқаруға мүмкіндік беретін MySQL және SQLite ті сүйемелдейді.
Курстық жұмыста ОС Windows те жасалғандықтан,осы опреациялық жүйеде орнату мен жұмыс істеуін қарастырамыз. Мұнда екі нұсқа бар XAMPP Windows және XAMPP Lite. Олар тек пакеттердің мазмұнымен ерекшеленеді, Lite нұсқасында әртүрлі кітапханалар аз. XAMPP Windows 1.7.3 [Basic package]
Бұл нұсқа мынадай кітапханалардан тұрады:
Apache 2.2.14 (IPV6 enabled)
MySQL 5.1.41 (Community Server) with PBXT engine 1.0.09-rc
PHP 5.3.1 (PEAR, Mail_Mime, MDB2, Zend)
Perl 5.10.1 (Bundle::Apache2, Apache2::Request, Bundle::Apache::ASP, Bundle::Email, Bundle::DBD::mysql, DBD::Sqlite, Randy Kobes PPM)
XAMPP Control Version 2.5.8 (ApacheFriends Edition)
XAMPP CLI Bundle 1.6
XAMPP Port Check 1.5
XAMPP Security 1.1
SQLite 2.8.17
SQLite 3.6.20
OpenSSL 0.9.8l
phpMyAdmin 3.2.4
ADOdb v5.10
FPDF v1.6
Zend Framework 1.9.6 Minimal Package (via PEAR)
Mercury Mail Transport System v4.72
msmtp 1.4.19 (a sendmail compatible SMTP client)
FileZilla FTP Server 0.9.33
Webalizer 2.21-02 (with GeoIP lite)
apc 3.1.3p1 for PHP
eAccelerator 0.9.6-rc1 for PHP
Ming 0.4.3 for PHP
PDF with pdflib lite v7.0.4p4 for PHP
rar 2.0.0-dev for PHP
Xdebug 2.0.6-dev for PHP
libapreq2 v2.12 (mod_apreq2) for Apache
Жүйеге қойылатын талаптар:
128 MB RAM
320 MB қатыл дисктен алатын орны
Windows 2000, XP (Server 2003), Vista (Server 2008), 7
барлық 32 bit Остар (64 те де жұмыс істеуі тиіс)
Жоғарыда аталғандай Lite нұсқасында кейбір кітапханалар жоқ, сондықтан салмағы да аз болады. Жасақтаушылардың айтуынша, Lite нұсқасы толық нұсқа сияқты жиі жаңартылып отырмайды.
XAMPP Lite 1.7.3 [Basic package]

PHP 5.3.1 (PEAR)
Miniperl 5.10.1

28 MB RAM
192 MB қатты дисктен алатын орны

Барлық 32 bit ОС (64 жұмыс істеу керек)
XAMPP Windows 1.7.3 [Basic package] толық нұсқасының орнатылуын қарастырайық.
Программаның файлын жүктеу үшін - http:www.apachefriends.orgdownlo ad.php?xampp-win32-1.7.3.exe интернет адресінде орналасқан бетке өтіп, жүктейміз. Орнату процесін бастау үшін Install батырмасында басып, үнсіздік бойынша жолын қалдырамыз немесе өзіміз қалаған жол бере аламыз. Үнсіздік бойынша XAMPP-тың орнау жолы - C:\xampp (Сурет 5).
Сурет 5 XAMPP-тың орнау жолы
Жалпы бұл өзі ашылатын архив, сондықтан әзірге тек күте тұрамыз (Сурет 6).
Сурет 6 XAMPP-тың жүктелу процесі
Бұдан кейін setup_xampp.bat файлы автоматты түрде қосылады, XAMPP-ты орнату процесі әрі қарай бұйрықтар жолында жалғасады. Мұнда жұмыс үстелінде программаның белгілерін жасаужасамау туралы сұрап тұр, сәйкесінше y n басып Enter батырмасында шертеміз (Сурет 7).
Сурет 7 setup_xampp.bat файлы
Әрі қарай бізден XAMPP-қа жолдың дұрыс көрсетілгендігі туралы сұрайды. Егер C:\xampp орналасатынына келісетін болсаңыз y басыңыз, егер келіспесеңіз x басып, барін қайтадан бастаймыз. Келіскен жағдайда y және одан кейін Enter батырмасын басамыз (Сурет 8).
Сурет 8 XAMPP-тың орнау процесі
Келесі терезеде XAMPP-ты орнатудың портативті нұсқасын таңдауға болады, ол үшін y таңдау керек, бізің жағдайда, n таңдап, Enter батырмасында шертеміз, яғни, қатты дискке орнатамыз (Сурет 9).
Сурет 9 Орнатудың портативті нұсқасы
Келесі терезеде орнатылғандардың тізімі шығады, оның ішінде бізге керекті PHP, MySQL, Apache. Мұнда Enter батырмасын басамыз(Сурет 10).
Сурет 10 Орнатылған құралдар тізімі
Келесі терезеде автоматты түрде анықталған сағаттыққ белдеу php.ini және my.ini файлдарға орнатылғандығы көрсетіледі. Enter батырмасында шертеміз (Сурет 11).
Сурет 11 Сағаттық белдеудің анықталуы
Біздің Web-сервер кешеніміз XAMPP орнатылды. Бұл кезеңде бұйрықтар жолында бірнеше әрекеттер көрсетіледі, атап айтқанда:
XAMPP Control Panel қосу
XAMPPорнын ауыстыру (қазіргі орны: C:\xampp)
HTTPS (SSL) өшіру
Server Side Includes (SSI) өшіру
Тек Ipv4 қосу (қазіргі: Ipv46 (автоматты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz